Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдалануға (конкурстық процедураны қолданусыз) берілетін жер учаскесіне құқық ресімдеу
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы
Жер учаскелеріне құқық ресімдеу
жөніндегі әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасы Жер
ресурстарын басқару агенттігі
төрағасының бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ:
«14»маусым2006 ж. № 74-П
Жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органымен, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыретімен іске асырылады.
Жер учаскесiн беру туралы шешiм немесе жер учаскесiн беруден бас тарту жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. Комиссия жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары, жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органның, сәулет және қала құрылысы мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының (олар құрылған болса) өкiлдерi арасынан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың), жергілікті атқарушы органымен құрылады. Жергілікті атқарушы органдарының қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:
жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;
мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау);
жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
жер учаскесiне құқық табыстау туралы жергілікті атқарушы органның шешiм қабылдауы;
жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау және беру;
жер учаскесiне меншік құқығының мемлекеттiк тiркелуі.
Жер учаскесін жеке меншiкке немесе жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi жеке және заңды тұлғаның өтініші жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне беріледi.
Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы көрсетіледі.
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш өтінушінің қажетті құжаттарды тапсырған кезінен бастап қарастыруға қабылданады. Ұсынылатын құжаттар құрамы жер учаскесіне сұралатын пайдалану құқығына, пайдалану мақсатына, табыстау шарты мен тәртібіне байланысты. Жер учаскесіне құқықты табыстау туралы өтінішпен бірге міндетті түрде келесі құжаттар тапсырылады:
жеке тұлғалар үшін жеке куәлік (төлқұжат), салық төлеушінің куәлігі;
заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгі, статистикалық карточкасы, салық төлеу куәлiгi.
Жер учаскелері келесі мақсаттарға сұралған кезде қосымша құжаттар тапсырылады:
жеке тұрғын үй құрылысы; өзiндiк қосалқы шаруашылық; бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары қосымша жер қатынастарының уәкілетті органдары беретін жер учаскесінің тиісті мақсаты үшін бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы тапсырады;
- жеке тұрғын үй құрылысы үшін жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органдар беретін азаматтың жеке тұрғын үйі бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы тапсырады;
- объектiлер құрылысы (жеке және заңды тұлғалар) және қолданыстағы объектіні дамыту үшін қосымша жер беру үшін құрылыс объектілерін орналастырудың сызба қосымшасымен бірге сұралатын мөлшерді тұтыну негіздемесі;
- қолданыстағы жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат;
- пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шарттың көшiрмесi қоса берiледi;
- шаруа (фермер) қожалығын жүргізуде 2.3. тармағында берілген мәліметтерден басқа шаруа қожалығының басшысы немесе оны ауыстыратын адам және шаруа (фермер) қожалығының мүшелері қол қоятын шаруа (фермер) қожалығының мүшелер тізімі қоса беріледі.
Ауыл шаруашылық ұйымдары және ортақ меншікте немесе ортақ пайдаланудағы жерлерден шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алатын азаматтар белгіленген тәртіпте келісілген бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы материалдарды тапсырады (ауыл шаруашылық ұйымынан ерекшеленетін шаруа (фермер) қожалығының жалпы жиналысының бірінші басшының немесе оны ауыстырушы адамның қолы қойылған және мөр басылған хаттамасы, шаруашылық басшысының немесе оны ауыстыратын адам мен шаруа қожалығының басшысы қол қойған сұралатын жер учаскесінің орналасқан жерімен пайдалану жоспарының сәйкес бөлігінің көшірмесі).
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады. Осы уақыттың ішінде жер учаскесін беру (немесе бермеу) мүмкіндігі анықталады.
Жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша осы ұсыныстың 2.3. тармағында көрсетілген құжаттарға қоса берілген өтінімді қанағаттандыру мүмкіндігін қарастыру (алдын ала таңдалған жер учаскесін) үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган) қарастырады. Елді мекендерде жер учаскесін алдын ала таңдау және өтінімде көрсетілген пайдалану мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі жерді аймақтарға бөлуге сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарымен бірге жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган (елді мекенде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірге) өтінімде көрсетілген пайдалану мақсаты бойынша сұралған жер учаскесін қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды. Ол жер учаскесін беру немесе бермеу туралы қорытындыны дайындау және қарастыру үшін жер комиссиясына жіберіледі. Актiге әрбiр жер учаскесiн таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса берiледi.
Даулы мәселелер туындаған жағдайда уәкілетті органдардың сұранысы бойынша мамандандырылған кәсіпорын мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі-МЖК ААЖ) деректер базасында бар шектес жер учаскелерін анықтау жөнінде меншік иелері мен жер пайдаланушылардың көршілес жер учаскесінде үстеме шекаралар жоқ екендігі туралы қорытындыны береді.
Жер комиссиясы теріс қорытынды шығарған жағдайда жер учаскесіне құқық бермеу негізделіп, жергілікті атқарушы органның шешімімен ресімделеді, ал көшірме шешім қабылданғаннан кейін жеті күндік мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.
Комиссия қанағаттанарлық қорытынды шығарған жағдайда уәкілетті орган жерге орналастыру жұмыстарын ( жерге орналастыру жобасын әзірлеу және жер учаскесінің шекарасын бекіту) орындау жұмыстарына шарт жасасу үшін материалдар көшірмесін өтініш берушіге тапсырады. Өтініш беруші жерге орналастыру жобасын әзірлеушіні – жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынды (бұдан ары мамандандырылған кәсіпорын) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазы бар заңды немесе жеке тұлғаны өзі таңдайды.
Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң көршілес меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.
Егерде әзірлеуші МемжерҒӨО жүйесіне кірмеген жағдайда ол мамандандырылған кәсіпорынмен белгіленген тәртіпте жер кадастрынан қажетті мәліметтерді алуға және ҚР ЖРБА 2004 жылғы 7 қыркүйектегі №72-П-а бұйрығына сәйкес жерге орналастыру жобасын растау үшін өзара әрекет жасау туралы шарт жасасады.
Жерге орналастыру жобасының сапасы мен мәліметтердің анықтығына әзірлеуші жауап береді. Жобаға әзірлемеші қол қойып, мөр басуы керек.
Мамандандырылған кәсіпорынның жұмыстарын растауына жерге орналастыру жобасын толық тексеру, әзірлеушінің жұмыстың технологиялық процесі мен нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптарын сақтауы, МЖК ААЖ деректерін жерге орналастыру жобаларымен салыстырулар жатады.
Растау нәтижесі бойынша әзірлемешіге жұмыстың расталғаны туралы анықтама беріледі. Әзірлемеші жерге орналастыру жобасын, жұмысты растау туралы анықтамамен бірге сараптауды, жер учаскесіне құқықты табыстауды ары қарай ресімдеп, оны бекіту үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
Жер учаскесіне меншік құқығының берiлуiне мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша қажет жағдайда және өз есебінен мамандандырылған кәсіпорын жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтайды, кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін дайындайды және матералдарды бекіту үшін уәкілетті органға жібереді.
Жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі), пайдалану мақсаты, ауыртпалықтары мен сервитуттары, құқық түрі анықталып, уәкілетті орган (елді мекендерде сәулет және қала құрылысымен бірге) жерге тиiстi құқық табыстау туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және шешім қабылдау үшін жергілікті жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына жібереді.
Жер учаскесін жеке меншікке немесе өтеусіз жалға берген кезде уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның шешімі мен кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісінің негізінде өтініш берушімен жер учаскесін (жер учаскесінің жалдау құқығын) сатып алу- сату шартын жасасып, оны атқарушы органның шешімімен бірге жерде жер учаскесінің шекарасын бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жерге құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау үшін өтініш берушіге тапсырады.
Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстау кезінде уәкілетті орган уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешімдер негізінде жер пайдаланушымен жер учаскесін жалдау немес уақытша өтеусіз жер пайдалану жөнінде шарт жасасады.
Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші сұралған жер учаскесінің шекарасын анықтап, белгіленген тәртіпте ресімделген материалдарды уәкілетті органға тапсырады.
Өтініш беруші жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты дайындау үшін мамандандырылыған кәсіпорынмен шарт жасасады. Шартқа атқарушы органның жерге сәйкес құқықты табыстау туралы шешімі қоса беріледі.
Егерде мамандандырылған кәсіпорын жерге орналастыру жобасын әзірлеуші болып белгіленсе, өтініш беруші жер-кадастрлық жұмысты толық кешенді орындау үшін олармен шарт жасасады.
Мамандандырылған кәсіпорын берілетін жер учаскесіне жер-кадастрлық істі қалыптастырады, оған кадастрлық нөмір береді, жер учаскесі туралы деректерді жер-кадстрлық кітапқа және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне енгізеді, құқықты куәландыратын құжатты дайындайды және оған қол қою үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган қол қойылған құқықты куәландыратын құжатты тіркеп, оны өтініш берушіге тапсырады.
Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуді өтінуші белгіленген тәртіпте жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікті тіркейтін органдарда тіркейді.
Достарыңызбен бөлісу: |