Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды және
өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитетінің
2008 жылғы «20» тамыздағы
№ 33 бұйрығымен
келісілген
Жетек серіппелері мен парашюттердің бұзылуына байланысты адамдарды көтергіштерде апаттың алдын алу жөніндегі апатқа қарсы
әдістемелік ұсыныс
1-тарау. Жалпы талаптар
Шахта парашюттерінің мақсаты арқан үзілгенде клетті ұстап қалу және оның баяу тоқтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қауіпсіздік талаптары, пайдалану жағдайы және әрекет ету принципі бойынша қолданып жүрген парашюттердің айырмашылықтары шамалы.
Қазақстан Республикасы шахталарында қолданып жүрген парашюттер клеттерде орналасады және өздігінен итерілу принципі бойынша әрекет етеді. Үлгілік парашюттер:
1) арқан үзілгенде әсер ететін және парашюттің қосылуына күштік серпін беретін қоздырғыш серіппеден;
2) парашюттің жұмысшы органдарын қозғалмайтын тіректерге жеткенше апаратын жетек механизмінен;
3) жұмысшы органдардың қозғалмайтын тіректермен байланысын қамтамасыз ететін ұстағыштан;
4) ең шекті тежеу күшін шектейтін амортизатордан тұрады.
Жалпы ұстау және тежеу функциялары бар парашюттерде ұстағыштар мен амортизаторлар жалпы жұмысшы органға (кескіштер, алқымдар) біріккен. Оларға ағаш өткізгіштерге арналған кескіштер бар парашюттер, рельстік өткізгіштерге арналған эксцентрик алқымдары бар парашюттер жатады.
Ұстау және тежеу функциялары жеке болатын парашюттерде ұстағыштар мен амортизаторлар түрлі блокта болады. Олар арқанды (ТАП-тежегіш арқанды парашют) (әрі қарай-ТАП), ағаш (АӨП-ағаш өткізгішті парашют), рельстік (РӨП-рельсті өткізгіштік парашют, РЭК-рельсті эксцентрлі-клинді, РКЭ-рельсті клинді-эксцентрлі) өткізгіштер үшін жасалады.
Клетте бос жататын ұстағыштан, бағыттаушы муфталар арқылы өтетін және оқпанның тереңдігі бойымен ілінетін екі тежегіш арқаннан, коперде орнатылған амортизаторлардан және зумпфада орналасқан керме құрылғыдан тұратын ТАП парашюттер өте аз қолданылады. Қосылатын серіппе шток арқылы траверса мен сырғалардың көмегімен ұстағыш корпусына бекітілген осьтерінде айналып тұратын рычагтармен жалғасады.
Рычаг ұштарын қанаттары қозғайды және тежеу арқандарын ұстағыш арқасына жабыстырады.
1. Ұстағыштың бастапқыда тоқтап қалуы серіппенің күшімен мүмкін болады. Ұстағыш пен тежеу арқандары арасындағы үйкеліс күші ұстағыштың салмағына теңескенде, соңғысы клеттен шығып, арқандарда қалады, клет төмен қарай құлай береді, сосын серіппені жиырып, штокқа ілініп қалады да ұстағышты одан әрі тоқтатады. Құлап бара жатқан клеттің кинетикалық энергиясы коперде орнатылған амортизаторлар арқылы арқандарды керу жұмысына жұмсалып, басылады.
2. Көтергіш арқан үзілген жағдайда парашюттің жұмысын қиындататын жайдың бірі v жылдамдығымен төмен құлап бара жатқан клетті ұстап қалу болып табылады. Арқан үзілген сәтте клеттің кинетикалық энергиясы mv2/2 болады.
Көтергіш арқан әлсірегенде парашюттің рұқсатсыз өздігінен қосылуын болдырмау үшін Р серіппесінің күші көтеріліп бара жатқан тиелген клетті қауіпсіздік талаптары бойынша ең шекті-5 м/с дейін баяулатып, төтенше тежеуіне есептеледі.
P = Q – Q* a /g = Q (1 – a/g ) 0.5Q,
Мұндағы Q-клеттің, вагонетканың, жүктің жалпы массасы;
g-ауырлық күшінің үдеуі;
a-клетті парашютпен тежегенде баяулау шамасы.
Берілген формуладан жетек серіппесінің күші тиелген клеттің салмағының жартысына тең екені көрінеді.
2-тарау. Ұстағышты монтаждау
3. Ұстағыш клетте екі арнайы тірекке орнатылады. Тасымал жағдайында жоғарғы диск пен жетек серіппесінің тірек плитасы арасында 10 мм қуыстың болуы қамтамасыз етіледі, ол қуыс негізгі ауырлықты аспалы құрылғыға берілуіне кепіл болады. Плита мен диск арасындағы қуыс бастапқы қалыңдығы 15-20 мм болатын мырыш төсемдердің көмегімен бағаланады. Серіппе ашылған кезде олар стақан дискіне салынады да, клет көтерілгенде сығылады. Клетті жұдырықтарда қондырған соң төсемдер алынып, олардың қалыңдығы өлшенеді. Мырыш төсемдерді қалыңдығы растағандай диск пен тірек плитасы арасындағы қуыс ұстағыштың штогы жетекті серіппенің күшіне ғана әсер ететінін көрсетеді.
4. Тасымал жағдайында (клетті көтеріп-түсіргенде) жетекті серіппе көтергіш арқанның керілуімен сығылады, ұстағыштың корпусы тіректерде жатады, ал қанаттары тежеуіш арқандармен жанаспайды, мұнда арқан мен қысқыш элементтерінің арасында 6-7 мм қуыстың болуы қамтамасыз етіледі. Серіппе мен оның қабығы арасындағы қуысты бір жаққа 30 мм кем емес етіп алады.
3-тарау. Парашюттің жетекті серіппесін орнату мен пайдалану
Шахта парашюттерінің жетекті серіппелерін пайдалануда тәртіп орнату және клетпен көтеруде апаттарды болдырмау мақсатында шахта парашюттері бөлшектерінің жағдайын қатаң бақылауға алып жетекті серіппелерге ерекше назар аударылады.
Жетекті серіппелер парашют құрылғысының анағұрлым жауапты бөлігі болып табылады, сондықтан оны түзу күйде ұстап жоғары техникалық деңгейде пайдаланады.
Әрбір серіппенің маркасы болады, серіппенің жанына шығарушы зауыттың тауар белгісі мен серіппе нөмірі қойылады.
Әрбір серіппе жинағының паспорты болады, онда:
1) серіппе сол бойынша жасалған сызба нөмірі;
2) серіппе жасалған болаттың маркасы;
3) серіппелер жасалған болат шыбық диаметрі, мм;
4) серіппенің еркін күйдегі биіктігі мен диаметрі;
5) оратылу саны;
6) серіппе нөмірі;
7) шығарушы зауыттың ТББ (техникалық бақылау бөлімі) мөртабаны мен қолы.
5. Серіппенің ұстағышын монтаждау шахта парашюттерін шығарушы зауыттың ұсынысына сәйкестікте жүргізіледі.
6. Әрбір жұмыс ауысымын түсірер алдында серіппеде көзге көрінетін ақауларды-бұзылу, бекітпенің сенімділігі, серіппе мен қабық арасындағы қуыстың жеткіліктілігін анықтау үшін серіппелерді қарап отырады.
7. Жарты жылдық тексеріс кезінде серіппені шешіп алып, биіктігін өлшейді. Егер серіппе жұмыс барысында паспортта көрсетілген бастапқы биіктігімен салыстырғанда биіктігі бойынша 4 % және одан да артық отырса, оны жаңасымен ауыстырады.
8. Жаңа серіппе қойғанда оны өлшеп, паспорттағы мәліметтерімен салыстырады. Серіппе өлшегенде алынған мәліметті көтергіш құрылғыны қарау журналына жазады.
9. Бір жыл жұмыс істеген серіппе жағдайына қарамай ауыстырылады.
10. Серіппелер шығарушы зауыттың техникалық паспорты бар қосалқы серіппемен ауыстырылады.
11. Белгісіз параметрлі, паспорты жоқ өзге серіппелерді орнатуға болмайды.
12. Қосалқы серіппелерді коррозиядан сақтау үшін міндетті түрде майлап құрғақ жерде сақтайды.
13. Шахта парашюттерінің серіппе стақаны пісірілген тігістерінің жағдайын байқау мақсатында бұзбайтын бақылау әдісімен тексеріледі. Пісірілген тігісте кемістік болса немесе оның жеке бөліктері дипломы бар пісірушінің көмегімен қалпына келтіріледі.
Шахта парашюттерінің серіппелері МСТ 1377386 сәйкес жасалады.
Шахта клеттері парашюттерінің жетекті серіппелерін дайындағанда келесі шарттар сақталады:
1) серіппе оратылымдары жанасқанға дейін сығымда 10 рет сығымдалады. Қалдық деформация (серіппенің тіпті жекелеген бөлігінің) жарамсыз болып танылады;
2) әрбір үшінші серіппе вибрациялық стақанда серіппелер оратылымдар арасындағы 3,5 мм қуыс сақталып, жалпы 3000 рет сығымдалып сыналады;
3) барлық серіппелер магниттік дефектоскопта немесе люминесценттік дефектоскопия әдісімен жарықшалардың бар жоғына тексеріледі;
4) серіппені НРС (С. Роквел шкаласының қатаңдығы) 40-47 бірлікке дейін қыздырып, күйіндісін алады;
5) тірек беттері тік бұрыштан серіппе осіне қарай аспайды; ауытқуы-еркін күйдегі биіктігінің 2 %;
6) серіппе ең шекті жұмысшы ауырлығы кезінде жұмыс оратылымдары арасындағы қуыс 3-3,5 мм шегінде болады;
7) серіппе беретін күш клет салмағының шамамен жартысына сәйкес болады;
8) SO4 еркін иондар, хлор орын алатын агрессивті ортада оқпандарда жұмыс істеуге арналған серіппелерді хромдау немесе никельдеу ұсынылады.
14. Ұстағышта монтаждағанда клетке парашюттің белгіленген мерзімнен артық пайдаланылған серіппе стақанын орнатуға болмайды.
15. Серіппе стақанын жөндеуге болмайды.
16. Серіппе монтаждалған парашюттің паспортында көрсетілген нөмірмен белгіленеді.
17. Серіппенің сондай үлгі-көлемдегі жинағынан алынған серіппенің жарамдылығын анықтау үшін сынаудың екі кезеңі жүргізіледі: парашюттің зауыттық нұсқаулығында көзделген алдын ала статистикалық және стандарттық сынау.
18. Алдын ала статистикалық сынау келесі тәртіпте жүргізіледі:
1) серіппе оратылымдары арасындағы, сондай-ақ сауыт көтеріліп тұрғанда тірек плитасы мен стақан дискі арасындағы қуыстардың парашютті пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкестігі тексеріледі. Сауыттың екі жағынан тежеу арқандары мен арқасы арасындағы, тежеу арқандары мен қанат арасындағы қуыстар өлшенеді;
2) көтергіш сауыт жұдырықтарға немесе балкаларға арқан босатылып түсіріледі, шток барысы мен қанаттар шығысының нормаларға сәйкестігі тексеріледі;
3) ожау саусағы алынады, ұстағыш аспадан ағытылады;
4) сауыт сақтандырғыш аспамен балкалардың үстінен 0,7-1,0 м биіктікке көтеріледі. Ұстағыштың алқымдары тежеу арқандарымен еркін сырғиды;
5) көтергіш машина тоқтайды, сосын төмен түсуге ауысады да арқанды түсіреді. Ұстағыштың тежеу арқандары бойымен төмен түсуі 50 мм-ден аспайды.
4-5 тармақшалары бойынша сынау тежеу арқандарының қамту аймағы ығыстырылып үш рет қайталанады.
19. Алдын ала статистикалық сынау аяқталғаннан кейін парашютке сондай жетекті серіппемен завод нұсқаулығымен келісілген статистикалық және динамикалық режимде стандарттық сынау өткізіледі.
20. Парашютті алдын ала және кейінгі стандарттық сынау нәтижелері оң болса, серіппе жарамды болып саналады.
4-тарау. Парашют әрекетін бақылау
21. Ұстағыш (жетекті механизм) әрекетін тексеру үшін клет жұдырықтарға орнатылады және көтергіш арқан босатылады. Серіппе ашылады, қанаттары мен арқасы тежеу арқандарымен жанасады. Шток жүрісі максималдық шаманың ¾ аспайды. Қанаттар, арқа мен тежеу арқандары арасында қуыстар болмайды. Бұл операция кеміне үш рет қайталанады. Сынау нәтижелері тиісті құжатпен ресімделеді, ал парашют паспортына оны әрі қарай пайдалануға жарамды екендігі туралы жазу енгізіледі.
Ұстағышты қарау үшін клет жабындыларға орнатылады, ұстағыштың қабығы мен жетекті серіппе шешіледі. Серіппені шешу үшін оған толық ашылуына мүмкіндік береді, ол үшін ұстағыштың арқасын алып, көтергіш арқанды баяу босатады. Барлық бөлшектер тоттан тазартылып, керосинмен жуылады.
Беріктікті жоятын жарықшалар мен деформация бар-жоғы тексеріледі, қанаты, арқасы және серіппенің биіктігі өлшенеді. Биіктігі бойынша бастапқы биіктіктен 4 % артық отырғанда серіппе жаңасымен ауыстырылады; одан басқа серіппе жағдайына қарамай жыл сайын ауыстырылады. Серіппе стақаны пісірілген тігіс жағдайын анықтау мақсатында дефектоскопия жолымен тексеріледі. Кемістіктер анықталғанда пісірілген тігіс немесе оның жеке бөліктері қалпына келтіріледі. Жиналған соң ұстағыш әрекет кезінде көтергіш арқанды керу және әлсіреу арқылы тексеріледі, мұндайда оның барлық бөліктерінің дұрыс және еркін қозғалысы тасымалдау кезінде де жұмыс кезінде де тексеріледі.
22. Әрбір жөнделген парашют осы парашют үлгі-түріне есептелген ауыртпалықтан 50 % артық статистикалық ауырлық кезінде қысу қабілеті мен механикалық беріктікке сыналады. Сынау ауырпалығы кезінде парашют кеміне 10 минут уақыт ұсталады. Сынау жасалған соң мүмкін болатын ауытқуларды анықтау мақсатында парашют мұқият қаралып, бөлшектерін өлшеу үшін бұзылады.
5-тарау. Жетекті серіппелердің жағдайын көзбен байқау регламенті
23. Шахта парашюттерінің жетекті серіппелерінің түзулігін (тұтастығын) қамтамасыз ету мақсатында келесі байқаулар, қараулар мен тексерістер регламенті орындалады:
Кезеңділігі
|
Бақылау функциялары
|
Орындаушылар
|
Жыл сайын
|
Жетекті серіппенің жағдайына қарамай оны ауыстыру
|
Слесарьлар бригадасымен
көтергіш құрылғының
механигі
|
Жарты жылда бір рет
|
Парашют бөлшектерін бұзу, тозуын өлшеу, тотты, майды сүрту, серіппе мен стақанын қарау, парашютті шығарушы зауыт нұсқаулығы бойынша статикалық және динамикалық сынау
|
Шахтаның бас механигі төрағалық ететін комиссия
|
Апта сайын
|
Серіппе мен оның қабығының жағдайын қарау, стақан дискі мен серіппенің тірек плитасы арасындағы қуысты өлшеу
|
Шахтаның бейсенбілік комиссиясының мүшелері, Слесарьлар бригадасымен
көтергіш құрылғының
механигі
|
Күн сайын
|
Серіппені қарау және оның оратымдары арасындағы қашықтықты сығылған және еркін күйде өлшеу
|
Көтергіш механигі
|
Ауысым сайын
|
Ұстағышты, бағыттаушы муфталарды, тежеу арқандарын, серіппе жағдайын қарау
|
Көтергіш құрылғының кезекші слесарлары
|
«Адамдар» түзімінде көтергіші жұмыс жасағанда клетті жұдырыққа отырғызған сайын жұмысшы ауысым кезінде
|
Серіппенің тұтастығын көзбен қарау,
Оратымдардың ығысуын анықтау (бүлінсе)
|
Оқпан кезекшісі
|
Жоспардан тыс тәртіпте:
тоқтап қалғанда клеттің оқпанда және арқанды босатқанда
|
Ұстағышты, бағыттаушы муфталарды, тежеу арқандарын, серіппе жағдайын қарау
|
Слесарьлар бригадасымен
көтергіш құрылғының
механигі
|
Ұстағышты және оның бөлшектерін жөндеген сайын
|
ұстағышты бұзу, оның бөлшектерін майлау, жетекті серіппені қарау, оның отыруын өлшеу және анықтау, парашютті толық бағдарламада кезектен тыс сынау
|
Шахтаның бас механигі төрағалық ететін комиссия
|
___________________
Достарыңызбен бөлісу: |