Жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес



Дата29.01.2022
өлшемі16.41 Kb.
#454927
Жетекші мектеп есепdocx


Жетекші мектеп ретінде, ең алдымен жетекші мектеп қызметінің бағыттары, атқаратын міндеттері және функцияларымен танысып, SWOT талдау арқылы, мектептің күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жасалды. Мектептің күшті тұстары 4 мектеп тренерінің болуы, шығармашылықпен айналысатын топтың жұмыстары және ғылыми жұмыспен айналысатын мұғалімдердің болуы. Серіктес мектепке қолдау мектеп басшылары және мектеп модераторларымен кездесуден басталды. Серіктес мектеп көшбасшыларына тиімді бірлескен жұмыс түрлері ұсынылды. Бірлесе отырып жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес:

1. Ұйымдастыру –әдістемелік кезеңінде, директор жанындағы кеңес әр тоқсанда бір рет болып отырады. Мектепішілік, аймақтық бір жағдайяттар туындаған кезде, кезектен тыс болуы да мүмкін. Осы кезеңдегі мақсатымыз серіктес мектептермен кәсіби байланыс орнату, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру, серіктес мектеп модераторларының бірлескен жұмыс сызбасын жасау еді, нәтижесінде, желілік кәсіби қоғамдастығы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастырылып және жетекші мектеп ретінде өңірдегі әдістемелік қызметтермен, ПШО және оның филиалдарымен, ынтымақтастық тетігін қамтамасыз етіп, ПШО, аудандық әдістемелік кабинет қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұдайы өткізіліп отырды. Өткізген іс-шаралар қоғамдастық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру аясында әдістемелік көмек ретінде жүзеге асырылды. Серіктес мектеп тренерлері кездесу, дөңгелек үстел, брифингке қатысып, өз ойларымен бөлісіп, өз мектептерінде бөлінген көшбасшылықты іске асыру үшін мәліметтермен танысып, жоспарлы түрде іске асыруға бағыт алды.

2. Зерттеушілік кезеңінде, серіктес мектептермен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды, кедергілер мен мүмкіндіктер (сауалнамалар, сұхбат) анықталды: жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты тиімді жоспарламауы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу қиындықтары, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алмауы. Кедергіден шығу жолдарын қарастыра келе, мұғалімдерді және мектеп модераторларын «Мектеп тәжірибесіндегі зерттеу» курсынан өткіздік. Сабақты зерттеуді жүргізу үдерісімен таныстырылды. Серіктес мектеп модераторлары зерттеу сабақтарын қалай сапалы жүргізуге болатыны, ай сайын, әр циклде қандай деректер жинау, нәтижені талдау, алдыңғы іс-шараларды жоспарлау жолдарымен танысты.

3. Оқу-әдістемелік кезеңінде, аймақ модераторы мен мектеп модераторлары бірлесіп, біліктілікті арттыру және кәсіби даму мақсатында семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары және т.б. ұйымдастырылды.

Серіктес мектеп басшылығымен келісе отырып, аймақтық семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорлары, мектеп үйлестірушілері, мектеп тренерлері және гуманитарлық, жаратылыстану пәндері мүғалімдері қатысты. Оқыту семинары болды, мектептегі белсенді топ мұғалімдері тренинг, коучинг өтті. Семинарда зерттеушілік жұмыстарды қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны айтылды. Үлестірме материалдар ПШО тренерлерінен алынды. Іс-әрекеттегі зерттеу, Сабақты зерттеуді тиімді ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік көмектер көрсетілді. Өзінің жеке практикасын зерттеу бойынша кәсіби қоғамдастық мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттырудың ішкі мектептік кеңес беру, оқыту іс-шараларын, семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары және т.б. ұйымдастырылды. Серіктес мектептерде бірлесе отырып мынадай іс-шаралар жүргізілді.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде десек, сол жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы, білімді  игертудің тиімді  әдіс-тәсілдерін  іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Дерек жинау барысында мұғалімдерде жиналған деректердің күні, ұзақтығы, тәсілі, саны көрсетілетін журнал арналып толтырылып отырды. Көбіне сұрақ-жауап немесе сауалнама алу әдісін пайдаланды. Бұл әдістің артықшылығы көп респондентті бір уақытта қамтып, содан соң бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, деректерді өңдеуге және талдауға болатынында.



Оқушылардан алынған сауалнаманың мақсаты:

оқу материалдарын терең меңгерту мен оқушының белсенділігін арттыруда мұғалімнің ролін анықтау 2021-2022 оқу жылында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің директоры Халмурзаева С.Б- ның жалпы білім беретін мектептердің басшыларына арналған курста оқуына байланысты мектептің даму жоспарына жасалған іс- шаралары бойынша 27 желтоқсан күні аудандық серіктес мектептермен өткізілген семинар туралы. Мектептің жұмыс жоспарының жоспарланған іс-шаралары көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, зерттеу дағдыларын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған және мектеп менеджментін, көшбасшылықты дамытуға қолдау көрсету, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби қасиеттерін жақсартуға бағытталған.

Жоспарда өткізілген іс – шаралар

Оқуды саралау және даралау оқушының әлеуетін дамытудың тиімділігі құралы ретінде» дөңгелек үстел

«Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытудың зерттеу әдістерін қолдану» жас мамандармен семинар

«Қазіргі сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар- дөңгелек үстел

«Қазіргі мұғалім»-Тренинг

«Батылдық-бұл жаңа форматтағы мұғалімнің бойында болуы керек қасиет»Коучинг

«Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы және олардың оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы құзыреті»

"Мен жақсы ата-анамын" -тренинг

«Мамандық таңдау»- тренинг

«Заманауи сынып жетекшісі»- дөңгелек үстел

«Сабақтағы психологиялық жайлылық»- тренинг

«Мұғалімді бағалау»- коучинг

«Психологиялық қызметпен және сынып жетекшілерімен өзара әрекеттесу кезінде мектептің тәрбие жұмысының тиімділігі» - коучинг

«Өз бейініңді қалай анықтауға және дамытуға болады»«Оқушы үні» пікіралмасу – дөңгелек үстел 9 сынып оқушыларымен.

«Мінсіз оқушы ол қандай?»- дөңгелек үстел 10 сынып оқушыларымен.

«Мамандықтар әлеміндегі табысты тұлға»- дөңгелек үстел оқушылармен

«Жаңартылған мектеп жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту»- коучинг

«Сабақты қалай бастау керек және қалай аяқтау керек?»- коучинг



«Орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы заманауи сабақ.»- дөңгелек үстел

«Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқу процесін жақсартуға қалай әсер етеді» - дөңгелек үстел тақырыптарында өткен іс- шаралармен таныстырды. Кездескен кедергілер мен шешу жолдарын көрсетіп аудан мұғалімдерінің пікірін тыңдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет