Жеткіншектердің есірткі мен психотропты заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары



Дата13.06.2016
өлшемі56 Kb.
#132995
Жеткіншектердің есірткі мен психотропты заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары
Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеі

Жаныбек Г.Ж.

Семей қаласы
Аннотация

Мақалада жеткіншектердің есірткі мен психотропты заттарды қолдануының әлеуметтік-психологиялық салдары, мәселелері қарастырылған.


Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.

Есірткі мен психотропты заттарды қолданудың әлеуметік-психологиялық салдары:


  • Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы;

  • Интелектінің төмендеуі (ойлау, ес, қабылдау, зейін процестерінің бұзылуы);

  • Иммунды және жыныстық жүйенің зақымдануы;

  • Бұйрек және бауырдың бұзылуы;

  • Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы;

  • өкпе рагінің және мидың қатерлі ісікке шалдығуы;

  • невродың пайда болуы;

  • көңіл-күйдің өзгермелілігі, алаңдаушылық;

  • ұйқының бұзылуы;

  • қан қысымының көтерілуі;

  • галлюцинациялар, сандырақтар;

  • организмге су жетіспеуі, жүрек айнуы, апатия, депрессия.

  • әлеуметтік шеттетілу;

  • өз-өзіне қол жұмсау;

Есірткі немесе психотропты зат қолданған жеткіншек сырт көзбен қарағанда масайған адамға ұқсайды, дегенмен бір ерекшелік – шараптың иісінің болмауы.

Сананың өзгеруі: таяздануы, жанамалануы, қараюы.

Көңіл-күдің өзгеруі: себепсіз қуану, шаттану, көп сөйлеу, қайғыру, орынсыз агрессивтілік;

Қозғалыс белсенділігінің өзгеруі: жоғары жестикуляция, қозғалыстың тежелуі, тынымсыздық, баяушылық, дем алуға үнемі ұмтылу;

Қозғалыс коррдинацисының бұзылуы: жылдамдығы, баяулығы, жүру кезіндегі өзін-өзі ұстай алмаушылық, жазудың бұзылуы.

Терісінің өзгеруі: денесінің өңінің жоғалуы немесе керісінше қызаруы.

Көзінің өзгеруі: қатты жылтылдауы, қарашығының үлкеюі, жарыққа жауап қайтара алмауы.

Сөйлеуінің бұзылуы: жылдамдығы, анық сөйлей алмауы.

Есірткі әдетте адамның көңіл – күйін күшейте түседі. Қанағаттанбағандық депрессияға, қорқыныш дүрбеленге айналуы мүмкін. Кейде есірткіні адам ағзасы қабылдамай да қояды, ондай жағдайда жүрегі айнып, құсып жіберуі мүмкін.

Тыныштандыртын есірткілер адамды маужыратып, ұйқы шақырады, оның салдарынан оқыс оқиғалар болады.

Есірткі – адамның мынандай психикасын өзгертетін құрал:



  • сезім;

  • сана;

  • қоршаған айналаны қабылдау;

  • іс-әрекеті;

Есірткіні қолдану заңмен реттеледі, есірткіні заңсыз қорғау және қолдану қылмыстық жауапкершілікті талап етеді.

Көп тараған есірткі түрлері:



  • апиын;

  • гашиш;

  • анаша;

  • экстази.

Есірткіге жатпайтын, бірақ үйреншікті әдетке айналдыратын заттар бар:

- ұйқы шақыратын және тыныштандыратын препараттар (дәрігер айтуынсыз қабылдау);

- әртүрлі тұрмыста қолданатын химиялық заттар.

Бір рет қолданған есірткінің тигізетін залалы:



  • тыныстың білуі мен жүрек қағысының тоқтауынан, ми мен бауырдың ауыр жарақат алуынан болатын өлім және есірткіні шамадан тыс қолдану;

  • өлімге дейін апаратын аллергиялық жағдай;

  • психикалық тәуелділіктің өсуі;

  • созылмалы аурудың асқынуы;

  • СПИД және гепатит ауруын жұқтыру қаупі;

  • Заңға байланысты туындайтын қиындықтар.

  • Ұзақ мерзімде қолданған есірткінің залалы:

  • әлеуметтік байланыстың бұзылуы (оқуға, жұмысқа байланысты проблемалар, достарын жоғалтып алу, отбасындағы кикілжің және т.б.);

  • заңға байланысты туындайтын тұрақты проблемалар;

  • Адамның ақыл-есінің ауысуына дейін өзгеруі;

  • Психикалық және физикалық тәуелділік;

  • Созылмалы аурудың қозуы (туберкулез, бауыр, бүйрек, жүрек қызметінің бұзылуы, иммунитеттің бұзылуы);

  • Жыныс жолдары арқылы берілетін қауіпті жұқпалы аурулар;

Тұқым қуалаушылыққа әсері;

  • Шамадан тыс қолдану өлімге әкеледі.

Есірткі қолданған жеткіншектің өмірге деген көзқарасы өзгереді, оның бұрынғы араласқан достары өзереді, ендігі жерде ол өзіне ұқсас балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Оның өмірлік жоспарлары болмайды, дүниеге деген көзқарас, өмір жайлы пікірлері тарыла бастайды. Есірткіге тәуелді болған жеткіншек тек бір ғана күнмен өмір сүреді, оның мақсаты сол бір күнін ақша, есірткі табуға кетіру. Жеткіншектің отбасындағы ата-анасымен қатынасы өзгереді, ол үйден жиі қашып, ата-ананың айтқанын тыңдамайды. Үйден ақша ұрлап, есіркі табу жолын ғана іздейді. Мектептегі жағдай да өзгереді, бала сабақтан көп қалады, кейін сабаққа мүлде қатыспайды. Оның уақыты нашақорлар тобында өтеді.

Психотропты заттардан жеткіншектер әр түрлі улану қалпына келеді. Бұл жеткіншектің физиологиялық және психологиялық ерекшелігіне байланысты. Психотропты заттардан масаю кезінде жеткіншектің өз әрекетін қадағалуы әлсірейді, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайды, мінез-құлық мотиві өзгереді, ермек пен ләзатқа ұмтылу байқалады. Психотропты затқа уланған жеткіншек өзінің қалауын сол сәтте орындағысы келеді. Әрине, мұның нәтижесі жағымсыз болады. Психотропты затқа масайған жеткіншек көп сөйлейді, қимыл әрекеті тежелуі мүмкін, сыртқы келбетінен көрінеді.

Сонымен қатар, ішімдіктен уланған жеткіншек артикуляциясы, сөздері анық естіелмейді, қозғалыстары тепе-теңдікті ұстамайды, бет әлпеті бозарады, сөздері қайталанады. Мұндай күйде жеткіншектер қылмысқа баруы мүмкін.

Есірткі затты қабылдаған жеткіншектің көз алдына әр түрлі елестер көрінеді. Жүйелі түрде психотропты заттарды қабылдаған кезде, жеткіншектің соматикалық өзгерістері пайда болады. Жеткіншектің физиологиялық тәуелділігі пайда болады. Оның жұмысқа қабілеттілігі азаяды. Баланың интеллектуалды қабілеттілігі төмендейді, ұйқысыздық, мазасыздық пайда болады. Жеткіншек жастағы баланың зейіні шашыраңқы бола бастайды. Мұндай кезде өзбетімен болуға ұмтылу, отбасылық қамқорлықтан бас тарту жеткіншек тарапынан қарқынды көріне бастайды. Жиі жеткіншек ата-анасына қарсылық білдіру үшін өзінің қызығушылығына сейкес болмаса да, мінез-құлықты көрсете бастайды. Психотропты заттардан жеткіншектің денсаулығы және өзін-өзі сезінуі әлсірейді. Жоғарыда аталған психикалық бұзылыстармен бірге, әр түрлі галюцинациялар пайда болады. Жеткіншектер сандырақтайды, жалған елестер көз алдына көрінеді.

Физиологиялық тәуелділік психобелсенді және психотропты заттарды қабылдау кезінде пайда болатын соматикалық бұзылыс. Бұл бұзылыстарды абстинентті синдром деп атайды. Бұл кезде жеткіншек ағзасының зат алмасу үрдісінде өзгерістер пайда болады. Психотропты заттарды қабылдауды тоқтатқан кезде ағзаның өздігінен қызмет етуі әлсірейді. Себебі, психотропты заттар ағзаның қызмет етуін жақсартады, белсендіреді. Сондықтан, физиологиялық тәуелділік туады. Физиологиялық тәуелділіктің нәтижесінде жеткіншек психотропты заттарды үнемі қабылдауға тырысады. Ересектерге қарағанда, жеткіншектерде психотропты заттарға физиологиялық тәуелділік өте қысқа мерзімде қалыптасады. Мысалы, жеткіншектің ішімдікті үнемі қабылдау нәтижесінде алкогольдік ауруы екі-үш жылда қалыптасады.

Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер бойынша психотропты және психобелсенді заттарды жүйелі қабылдау нәтижесінде букіл ағза жүйесі бұзылады. Мұнымен байланысты туған ауытқушылықты полижүйелі ауру деп атайды. Психотропты және басқа да психобелсенді заттарды қабылдайтын адамдардың миын томографияға түсіргенде, олардың миында өзгерістер анықталды.

Психотропты заттарды қабылдайтын жеткіншектердің көбінде самото-жыныстық бұзылыстары пайда болады. Психотропты заттардың токсиндік әсері жеткіншектің қалқанша безінің қвзметін бұзады және денесінің өсіп жетілуіне зиянды әсер етеді. Ұл балалардың иықтары кішкентай, денесі толады. Әсіресе, спирттік ішімдікті жүйелі түрде қабылдаған кезде, ұл балаларда әйел гормондары қарқынды артады.

Жиі жеткіншектер психотропты заттарға қол жеткізбегендіктен, психикаға әсер ететін басқа да токсинді (клей, жанар май және т.с.с.) заттады қабылдауға тырысады. Жеткіншектер психотропты заттардан ләззат алу үшін оларды спирттік сусындармен араластырып қабылдайды.

Жеткіншек психотропты заттарға ерте үйір болудың келешекте өзінің жыныстық қабілетіне зор зиян келтіретінін ойламайды. Психотропты заттар жыныстық гормондар мен Е витаминінің деңгейін төмендетеді, әлі беки қоймаған жыныстық жасушаларды бұзады, сөйтіп ерте белгісіздік пен ұрықсыздыққа ұрынады. Психотропты заттарды қабылдаушы қыз балаларда етеккірдің тежелуі және жүкті болу мүмкіндігін ерте жоғалту жиі кездеседі. Бала көтере алмау психобелсенді заттарды қабылтайтын әйелдер арасында 8 есе артық кездеседі.

Психотропты заттарға физиологиялық реакция әр түрлі және психологиялық реакцияның нәтижесінде ретінде талданады. Психотропты заттарды қабылдауға физиологиялық реакцияны көптеген жылдар бойы анықтау мүмкін емес болды. Психотропты заттарды қабылдау нәтижесінде дене температурасы жоғарылайды, қандағы қант мөлшері көбейеді, тері бұдырланады, аритмия, бруксизм (тісін қытырлатады) пайда болады, терлеу, мидриаз (көз қарашығы үлкейеді), сілекей бөлінеді, құсады, бұлшықет ауырады, ұйқысыздық, перестезия, эмоционалды эйфория, гиперрефлексия, діріл және синестезия пайда болады.

Физиологиялық жағынан психотрпоты заттарға ағза төзімді болады. психотропты заттар адамның миына және басқа да мүшелеріне көп уақытта әсер етпейді. Психотропты заттарды жүйелі түрде қабылдап, оның әсерін сезіну үшін жеткіншек олардың мөлшерін көбейтіп отырады. Әрине мұның нәтижесінде психикалық тәуелділік пайда болады.

Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.

Бұның нәтижесінде есірткілерді тұтыну ауруды азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға құштарлық нашақорлық деп аталады. Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер мен қылмыс бойынша Басқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді салына тұтынады және 25 млн. адам есірткілерге тәуелділіктен зардап шегеді. Нашақорлық таралуының қауіпі оның қайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты оның медициналық және әлеуметтік салдарының маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық істер, қайғылы оқиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер мен өзі өзіне қол


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Алемаскин М. А. Психологическая характеристика личности подростков-

правонарушителей "Вопросы изучения детей с отклонениями в поведении". -М., 1968г.

  1. Ваисов С.Б.- Наркомания и алкогольная зависимость, практическое руководство по реабилитации детей и подростков. Изд: Спб. Наука и техника, 2008-272с.

  2. Клейберг Психология девиантного (отклоняющегося) поведения//

    1. Вопросы психологии. № 2, 1998. С.141-146.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет