Жетписбаев батыр адамович


§. 4. “Қасым ханның қасқа жолы”



Pdf көрінісі
бет14/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
235556 (1)

§. 4. “Қасым ханның қасқа жолы”
 
Бірнеше мың жыл бойы Евразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының астында болған
қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХV ғасырдың ортасы. Керей жəне Жəнібек 
хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршендігі үшін күрескен қазақ рулары Жəнібек баласы
Қасым хан кезінде мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа келтіру, ішкі жəне сыртқы 
саяси ахуалға зандарды ыңғайлау мəселесіне кіріскенге ұқсайды. 
Қазақ шежіресінде бұл кезең “Əз Жəнібектің тоғыз ұлы болыпты. Оның бірі - Қасым хан. Бұл 
тақты Сарайшықтан көшіріп Ұлытауға орнатыпты. Қазақты қатарға қосып кеткен осы Қасым хан. 
Қазақ ортасында “Қасым ханның касқа жолы” делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды” (45, б.7) –
деп суреттеледі. 
“Қасым ханның қасқа жолы” туралы қазақтың ауыз екі əңгімелерінде аздаған мəліметтер кездесіп
қалады. Академик Ə.Марғұлан “Қасым ханның қасқа жолы” заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, 
Шағатай ұлыстарында қолданылған “Ярғу” заңынан алынған, қазақша “Жарғы” деген ұғым береді 
деп есептеді. Бұл ұғымның түпкі мəні жару, нəрсенің салмаған бір жағына аудармай, дəл, əділ 
айтудан шыққан: “Дауды əділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап “қара қылды қақ 
жарған” деп мақтаған. Өзінің мазмұны бойынша, бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі əскери-
демократия арнасына барып тіреледі. ХҮ ғ. соңында – ХҮІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары 
қазақ өлкесіне діни үгіт таратып, “ежелгі Жарғы заңын қалдырыңдар. Ол көкке табынған 
дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде “көк соқсын” деп 
айтпаңдар, “құран соқсын” деп, құранды бастарыңа көтеріңдер” – деп үгіттейді. Бірақ, халық 
бұқарасы оған селқос қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Уақыттың көбін мал 
бағумен өткізген халық бұқарасы шариғат қағидаларын өте қиын деп ойлады” (56, б.541-542). 
Ə. Марғұланның айтуы бойынша саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде қалың қазақтың, оның 
басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің, ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері 
көшпелілер мойындап келген “Жарғы” заңын күшейтті. Осындай себепке байланысты “халық 
Қасымның шириғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – “Жарғыны” жанадан көтергенін 
қатты ұнатып оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті”. 
Қасым хан заманында қазақ елі хан ордасын Евразия көшпелілерінің ежелгі саяси-этникалық 
орталығы Ұлытауға көшіріп, Алаша хан атын қайта жаңғыртты. Қазақ елінің ұлттық идеясының 
мықты ірге тасы, қазақ қауымына біріккен сан алуан тайпалардың басын құрап отырған ортақ
тамыр Алаша ханға арнап Ұлытауда Қасым хан биік күмбез орнатты. Олай болса “Қасым ханның 
қасқа жолы” тек құқықтық көзқарастардың жинағы ғана емес, ол ең алдымен қазақтың ел болу 
үшін, жұрт болу үшін күрес жолы. 
Қазақтың басын құрап, өз бетімен ел қылып, найзамен шекарасын сызып кеткен Қасым ханнан
қазасынан кейін хан билігі ұзақ уақытқа созылған дағдарысқа түсті. Осындай қысылтаяң кезде 
мемлекет билігін түзеу міндеті Шығай ханның ұлы, Тəуекел ханның інісі Есім хан иығына түсті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет