Жезкент кенттік округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата27.02.2016
өлшемі35.22 Kb.
#28703
Жезкент кенттік округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Жезкент кенттік округіне аумағы 90,5 га құрайтын 1 тұрғылықты жер- Жезкент кенті кіреді. Жергілікті халқының саны 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8 161 адамды құрайды.

Жезкент кентінде 6 қайта өңдеу өндірістік орындар бар: 3 наубайхана, 1 шағын сүт зауыты, шұжық өндіру цехі және 2014 жылы жаңадан ашылған шағын асхана, наубайхана «Береке». Аталған өндірістік орындар 2013 жылы 164 971,2 мың теңгені құрайтын 718,04 тонна өнім өндірсе, 2014 жылғы бұл көрсеткіш 700,54 тонна, яғни теңгеге шаққанда 150 143,4 мың теңгені құрайды.

Жезкент кентінде әрбір аптаның сенбісінде ауылшаруашылық жәрменкелер өткізіліп тұрады.

Қала типтес кәсіпорын мен кент кәсіпкерлері 2013 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне 57 666 411 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетсе, 2014 жылы «Қазақмыс» ЖШС меморандум бекітілмегендіктен, тек қана кент кәсіпкерлерінің бизнестің әлеуметтік жауапкершіліне көрсеткен демеушілік көмектері 1 590 000 теңгені құрайды. Жезкент кентіне 2014 жылы іске қосылған 10 жаңа объектілер жергілікті бюджетті қосымша 3 925 651 теңге көлемінде түсіммен қамтамасыз етті. 2015 жылы «Қазақмыс» ЖШС келесі объектілерді мемлекеттің қарамағына өткізеді, олар: «Металлург» мәдениет үйі, «Юбилейный» сумен сауықтыру кешені, санатория-профилактория. «Солнышко» және «Тополек» балалар бағы мемлекеттің меншігіне өтті.

Кентте 2 мектеп -лицейлері, музыка мектебі, ауылдық учаскелік ауырухана, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету, кенттік полиция бөлімі, 52 өрт сөндіру бөлімі, әскерилендірілген тау-құтқару взводы бар. Округте оқушылар 100 % ыстық тамақпен қамтылған.

2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 12 ұстазға тұрғын үй алуға 30 824 719 теңге несие бөлінсе, ал 8 маман 1 037 120 теңге көлемінде көтерме алды.

2014 жылы жиналған салықтың мөлшері барлығы 17 789 430 теңгені құрайды.

Спорттың 17 түрінен 57 секция жұмыс істеуде, 5 спорт зал, 1 хоккей корты, 1 теннис алаңы, 1 ашық жаттығу алаңы, 1 шағын футбол алаңы және 1 футбол стадионы бар. 280 бала келетін«Шахтер» аулалық жасөспірімдер клубы өз қызметін атқаруда.

Жезкент кентінің аумағында ауыл шаруашылық жоқ. Жеке сектор 210 аула құрайды. Округ аумағында жалпы алаңы 73,1 га құрайтын, 700 саяжай учаскесінен тұратын «Сад» саяжайлық кооперативі орналасқан. Кенттің кіші және орта бизнесі белсенді дамып келеді. Әртүрлі профильді 80 дүкен, тұрғындарды қоғамдық тағаммен қамтамасыз ететін 7 дәмхана, 1 ресторан, 15 сату орындары бар «Көктем» базары, 6 шаштараз жұмыс істеуд. Округ аумағында 2 ЖҚС жеке кәсіпкер Цыберт В.В., 3 ТҚС, 2 автокөлік жуу орындары халыққа өз қызметтерін көрсетуде. Кабельдік телевидение жұмыс істеуде. ҰОС ардагерлері мен аз қамтылған отбасыларға арналған «Ардагер» дүкені қызмет атқаруда.

2015 жылдың қаңтар айына дейін құрамына 2 бала бақша: 208 бала баратын «Тополек» және 221 бала баратын «Солнышко» бала бақшалары кіретін «Дошкольник» меншіктік мекемесі жұмыс атқарды және 2015 жылғы 1 қаңтарда барлығы 429 бала балабақшаға барған. Мемлекеттік тілді топтар жұмыс істеген. 2015 жылдың қаңтар айынан екі балабақша «Қазақмыс» ЖШС балансынан коммуналдық меншікке өткізілді.

Тұрғындармен жұмыс жасауда үлкен практикалық көмекті қоғамдық ұйымдар көрсетеді.

2014 жылы жұмыспен қамту бөліміне 257 адам жүгінген, олардың 237 жұмысқа орналасып, 5 –і «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасса, 30 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 3 адам жастар іс-тәжірибесі бойынша жұмысқа жіберілсе, қайта даярлау курстарынан өтсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам, біліктілікті арттыруға 1 адам жіберілді.

Әкімшілікте 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олардың 4 –і жалғыз басты қарттарға қызмет істесе, 2-і мүгедек балаларға қызмет жасайды. Мүгедек балаларға «Металлург» мәдениет үйінен түзету кабинеті ашылған.

ҚР «Жалпы әскери міндет туралы» Заңына сәйкес әуелі жазылғанға қосымшаға жататын 28 жеке іс құжаттарын толтыру жұмыстары жүргізілді. Күнсайын әскериміндеттілерді есепке тұрғызу және шығару жұмыстары жүргізіледі.

Біздің кентіміздің басты мәселесі жолдар болып табылады. 2013 жылы «ШығысОблЖол» ЖШС бюджеттік қаражатынан жолдың үстіңгі қабатын тегістеу жұмыстары жүргізілді, 2014 жылы 1 ден 37 км дейін 19 236 шаршы м. көлемінде шұңқырлы жөндеу жұмыстары атқарылды, қазіргі уақытта Жезкент Бородулиха 27 км ден 49 км-ге дейінгі жолға толық жөндеу жұмыстарынжүргізу үшін ЖСҚ жасауға қажетті қаражат бөлінуі туралы сұрақтар шешілуде, егер шешім оң болса, жөндеу жұмыстары басталады. Кенттің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары «Қазақмыс» ЖШС балансынан коммуналдық меншікке өткізілген соң басталады.

Сонымен қатар, күрделі мәселе болып кенттің тұрғындары бос уақыттарын өткізуге және денсаулықтарын түзету мүмкіндігінен айырған сумен сауықтыру кешенінің жабық тұруы. Оның коммуналдық меншікке өтуіне және толық жөндеу жұмыстарынан өткізу мәселелері қарастырылуда.

2014 жылы Жезкент ауылдық учаскелік ауыруханасының толық жөндеу жұмыстарынан өткізуге ЖСҚ жасалды, жөндеу жұмыстары 46 млн теңге 2015 жылы іске асырылады.

Сонымен қатар, 2015 жылы жоспарда: жақын жердегі мемлекет - Ресей Федерациясымен мәдени шаралар төңірегінде, сауда, спорт төңірегінде дамытуға байланыс орнату; 9 204 000 теңгеге 4 аулалық балалар ойын алаңдарын орнату, қоғамдық монша құрылысы, «Металлург» МҮ маңынан жазғы сахна мен би алаңдарын тұрғызу.


Ш.Ә.Галиев, Жезкент кенттік округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет