Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
2
Мәтіндердің стилін анықтайды;
2
Мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
2
Мәтіндердің тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетеді.
2
Барлығы
8
«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетуде қателеседі
Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді
Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
Мәтіндерді стилі, жанры, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қиналады
Мәтіндерді стилі, жанры, тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстыруда қателеседі
Мәтіндерді стилі, жанры, тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстырады
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология»
Оқу мақсаты
6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды
Дайын тіркестерді қолданып диалогте ойын анық жеткізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
Акцияның мақсаты неде?
Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?
Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратын негізге алыңыз.
Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?
Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не істеуге болады?
С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні» акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді, қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды оқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың басты мақсаты болып табылады.
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты.
Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын сынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
«Бүгінгі таңда кітапханалар қоғамға аса қажет емес, себебі барлық ақпаратты интернеттен табуға болады» деген пікірге жұпта келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз. Ойыңызды айтуда төмендегі тіркестерді қолданыңыз.
Меніңше, менің ойымша, қалай болғанда да, демек, соған қарамастан, өкінішке орай, менің айтпағым, қорытындылай келе...
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды
Дайын тіркестерді қолданып диалогте ойын анық жеткізеді
1
Сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ;
2-сұрақ;
3-сұрақ;
4-сұрақ;
5-сұрақ;
«Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Оқу жетістігі деңгейі
Бағалау критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды
Дайын тіркестерді қолданып диалогте ойын анық жеткізеді
Мәтін ақпаратын негізге алып, сұрақтарға жауап беруде және берілген пікірге өз көзқарасын жүйелі білдіруде қиналады
Мәтін ақпаратын негізге алып, сұрақтарға жауап беруде және берілген пікірге өз көзқарасын жүйелі білдіруде қателеседі
Мәтін ақпаратын негізге алып, сұрақтарға жауап беруде және берілген пікірге өз көзқарасын жүйелі білдіреді
Бөлім «Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация»
Оқу мақсаты
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады
Мәтін ақпаратын графиктік мәтін (кесте, сызба) түрінде құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселе мен ондағы негізгі, қосымша қапараттарға байланысты нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.
IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады
Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын. 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.
Сұрақтар
Жалпы мазмұнға байланысты
Нақты ақпараттарға байланысты
Қосымша ақпараттарға байланысты
1)
1)
1)
2)
2)
2)
Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін ақпараттарды іріктей отырып, кесте, сызба түрінде құрастырыңыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады
1
Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ құрастырады;
Негізгі ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырады;
Қосымша ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырады;
2
2
2
Мәтін ақпаратын графиктік мәтін (кесте, сызба) түрінде құрастырады
2
Өз ойын жеткізеді;
Дайын тіркестерді қолданады.
1
1
Барлығы
7
«Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Негізгі, қосымша ақпаратты,
көтерілген мәселені анықтайды,
сұрақтар құрастырады
Мәтіннің жалпы мазмұны, негізгі және қосымша ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастыруда қиналады
Мәтіннің жалпы мазмұны, негізгі және қосымша ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастыруда қателеседі
Мәтіннің жалпы мазмұны, негізгі және қосымша ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастыруда
Мәтін ақпаратын графиктік мәтін (кесте, сызба) түрінде құрастырады
Мәтін ақпаратын графиктік мәтін түрінде құрылымдауда қиналады
Мәтін ақпаратын графиктік мәтін түрінде құрылымдауда қателеседі
Мәтін ақпаратын графиктік мәтін түрінде құрылымдайды