«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
Болат нені әдетке айналдырды?
Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған күн/...
|
1
|
Білім алушының сұрақтардың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптары қабылданады.
|
Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе үйренбей өткізген күні/Ешқандай пайда келтірмей, жаңа нәрсе үйренбеген күнді
жоғалған күн дейді/...
|
1
|
Ағасына күні бойы жасаған әрекеттерін
айтуды/ Ағасына сұрақ қоюды/...
|
1
|
Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз заттарымды жинастырып қойдым/...
|
1
|
Сұраққа сәйкес
дәлелді ой айтады.
|
1
|
Өз ойын жүйелі
жеткізеді.
|
1
|
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
|
Барлығы
|
6
|
|
25
Оқылым
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Қаланың орналасқан жері
|
Халқының кәсібі
|
Тарихы
|
|
|
|
Отырар қаласына басқалардың назары неліктен көп түсетін?
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
2
|
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Арыс өзенінің жағасында/Арыс өзенінің оң жағында/...
|
1
|
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
|
Саудамен шұғылданған/ отырықшылықпен айналысқан/ күріш,
тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды/...
|
1
|
Қайырханның әскері алты ай бойы жаудан қорғаған/ Жаулар қаланы толық өртеп жіберген/Қазір
қаланың орны ғана бар/
|
1
|
Отырар сауда жолының ортасында тұрған қала болды/ Ол ірі сауда
орталығы болды/
|
1
|
Отырар қаласының орнында қазір не бар?/Моңғолдар Отырарды неліктен басып алғысы келді деп ойлайсың? /...
|
1
|
Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар
қабылданады.
|
Барлығы__5_____Жазылым'>Барлығы
|
5
|
|
Жазылым
Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.
1.
2.
3.
[5]
Балл қою кестесі
Тапсыр ма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
|
1
|
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.
|
|
1
|
Мәтінді ретке келтіріп жазады.
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
Египетке саяхат
Алып пирамидалар
Естелік сурет
|
3
|
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады. Әр бөлікке сәйкес атауға 1 балл қойылады.
|
Барлығы
|
5
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |