Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып


36 Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



бет16/20
Дата04.03.2022
өлшемі1.03 Mb.
#455957
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
әдеб 3 сын бжб тжб

16

36

  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым және айтылым



  1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.





  • Мәтін кім туралы?




  • Ол бала күнінде немен айналысатын? 2 дұрыс ақпаратты белгіле ().









  • Оған өнер әліппесін үйреткен кім? Белгіле ().






  • Берілген жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.



Жоспар:

    1. Әбілханның ермегі

    2. Ұстаның қолдауы

    3. Өнер жолының әліппесі

[6]
Балл қою кестесі



Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


Әбілхан туралы/Әбілхан Қастеев туралы/суретші Әбілхан Қастеев туралы/

1




Тас пен құмға сурет алумен

1




Тас пен ағаштан мүсін жасаумен

1




Суретші Н.Г. Хлудов

1




Білім алушының ықтимал жауабы: Әбілхан Қастеев ата-анасынан ерте айрылған. Басқа балалар сабақ оқыған кезде, ол қой соңында жүріп тас пен құмға сурет салатын, ағаштан мүсін жасайтын. Бір күні оның жұмысын көрген Түргенбай ұста оған оқуы керектігін айтады. Ол біраз қиындықтарға жолығады. Әбілханға сурет салуды Хлудов үйреткен.

1

Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

6






Оқылым



  1. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр.





Кейіпкердің
аты-жөні

Кейіпкердің
туған жері

Мінез-құлқы

Алғашқы білімі

Бала күнгі
ермегі


















[5]
Балл қою кестесі



Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Қаныш Имантайұлы Сәтпаев/Қаныш Сәтпаев

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Баянауыл тауы/ Ақкелін

1

Өте момын, тұйық болған

1

Арабша хат таныған/араб тілі/арабша оқыған

1

Асық, топай ойнау/әдемі, жылтыр тастар жинау

1

Барлығы__5________Жазылым'>Барлығы

5






Жазылым

  1. Оқыған мәтіннің әр бөлігіне ат қойып, жоспар құр. Мәтінге сүйеніп, Қаныш Сәтпаев туралы 3-4 сөйлем жаз.

Жоспар:
1.


2.
3.


[5]
Балл қою кестесі

Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3


Ғабдулғани/Қысқарған есім

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Бала Қаныш/Қаныштың ермегі/

1

Тұңғыш ғалым/Жарқын бейне/Халықтың сүйген ұлы/Ұлт мақтанышы/

1

Білім алушының ықтимал жауабы: Қаныш Сәтпаев – қазақ халқының тұңғыш академигі. Ол Баянауыл өлкесінде туылған. Шын есімі- Ғабдулғани болған. Анасы еркелетіп
«Қаныш» деп атаған.

1

Мәтіннің негізінде кейіпкерге қатысты ақпараттарды қамтып жазады.

1

Сөйлемнің құрылымын сақтап, қатесіз жазады.

Барлығы

5




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.



  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет