Жыл мезгiлдерiне саяхат Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті



Дата25.02.2016
өлшемі41.02 Kb.
#24402
Жыл мезгiлдерiне саяхат

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды

қалыптастыру.


Кіріктірілген оқу іс - әрекеті: Шығармашылық, қатынас, денсаулық.
Мақсаты: Заттарды санау, салыстыру, іскерліктерін дамыту. Балаларды 0 - ден 10 - ке дейінгі сандарды кері және тура санауға жаттықтыру, геометриялық фигураларды ажырату.

Шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын, танымдық процестерін, саусақ маторикасын дамыту. Ақыл - ой әрекетінің тәсілдерін меңгеру. Математикалық тіл байлығын молайту.

Имандылыққа, адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үлестірмелі дидактикалық материалдар, орамалдар, билеттер,көбелектер, гүлдер,геометриялық пішіндер , күннің көзінің шуақтары,
Билингвалдық компоненттері:
Нөл - нол - zero,
Бір - один - one,
Екі - два - two,
Үш - три - three
Сәлеметсiзбе - здравствуйте - qood bay
Сау бол - досвидание - qood bye
Үйшік - домик - house
Әдіс - тәсілдері: тапсырмалар, ойын жаттығулары, логикалық есептер,.

Шаттық шеңбері:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз,
Сәлеметсiздер ме!- деп амандасамыз


  • Балалар, бүгінгі іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Көліктің қандай түрлерін білесіңдер? (поезд, машина, қайық, кеме, ұшақ). Ал поезға міну үшін бізге не керек?- деген сұраулар бере отырып, балалар жауабы тыңдалады. Билеттер алу үшін мына тапсырмаларды орындау тапсырылады.
    1. кері және тура 3тілде санату.(1-10 дейiн)
    Поезға мінуді тапсырады, балалар орындарынан тұрып қозғалады.

Қане кiмнiң бойы ұзын,

Паровоз ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды бiз құрайық.

Пш-пш бiз кеттiк

-Қандай жыл мезгiлдерiн бiлесiңдер?

-Жаз, күз, қыс, көктем

Жыл мезгiлдерiнiң тапсырмалары орындасақ, тосын сыйдың күтіп тұрғаны айтылады.


1 аялдамада: «Қай кезде болады?» ойыны

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды

Бұл қыста болады.

Зымыранмен барамыз

Тапсырма

Геометриялық қандай пішіндер білесіңдер?

Олардан құрастыруға болады ма?

Ендіше зымыран және шырша құрастырып көріңдер


Тәрбиеші:
2 аялдамада: «Қай кезде болады?» ойыны

Қар, мұз еріп ,

Су көбейіп,

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,.

Бұл көктемде болады.

-көктем мезгiлiне ұшақпен барамыз.

Моторларды қыздырамыз р-р-р ұшамыз

Печенье геометриялық пішіндері бойынша ажырату.

3 аялдама: «Қай кезде болады?» ойыны

Ыстық күнде шомылып,

Бақта гүлдер тереміз

Демалысқа шығып алып

Шаттыққа бөленеміз.

жаз мезгiлiне машинамен барамыз

Күннің көзін шуақтарын орналастыру
4 аялдама: «Қай кезде болады?» ойыны

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Денең мұздап тонады.

Бұл күзде болады

-күз мезгiлiне кемемен барамыз

Көкөністер мен жемістерді санату, пішіндерін атау

Тәрбиеші тапсырмадағы сарайға балалардың назар

аударады. Ал енді, осы сарайда неше үшбұрыштан дөңгелектен, шаршыдан құралғанын байқап көрейікші. Түстер ажыратылады.



Логикалық есептер Мысалы 1 тышқанда қанша құлақ? (2) ал 2 тышқанда(4)

Жылқыда қанша құйрық? (1) ал 2 жылқыда ше? (2)

Қоянда қанша құлақ?(2) 2 қоянда ше (4)
- Жарайсыңдар достарым
- Ой, қандай керемет достарың!?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндерді ажырату, сандарды таңбалау, 0 - 10 сандарды қосу және азайту, жылдамдыққа үйрену, саусақ мотор

икасын арқылы дамытуды білді.


Түсінеді: (геометриялық пішіндерден) айырмашылықтарды ажыратты.
Қолданады: геометриялық пішіндерді ажыратуды, тапсырмаларды тиянақты орындады

Бекітемін:_____________ Келісемін__________

МҚКК «Одуванчик» МҚКК «Одуванчик»

балабақша \ директоры балабақша әдіскері

Э.Т Алтаева Ш.С Жаркимбекова.

«__»________ 2015 ж «___»________2015ж



Ортаңғы «Қарлығаш» тобы ҚМТҚ ашық сабақ тақырыбы; «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Тәрбиеші; Ж.Е Кульгажинова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет