4. Мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар және бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
1. Бағдарламаның мақсаты
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
2. Нысаналы индикаторлар
Ескерту. 2-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
Бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу көрсеткiштердi аралық нәтижелермен салыстыру және өлшеу арқылы мынадай индикаторлар бойынша анықталатын болады:
ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қоя жеткiзудi АЕМ-нiң жалпы санының 80 %-на, шағын қалаларда - 100 % қамтамасыз ету;
ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткiзудi ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100 %-ға қамтамасыз ету;
2020 жылы 64,5 %-дан 100 %-ға дейiн тазалау құрылғыларынан еткен жалпы сарқынды сулар көлемiнде нормативтiк мәнiне дейiн тазартылған сарқынды сулар үлесiн ұлғайту;
әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiнiң мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарын құру;
пайдаланушы кәсiпорындар жұмысының тиiмдi өтемдiлiгiн қамтамасыз ету;
жеке капиталдың қатысуымен, оның iшiнде концессиялық келiсiмдер және басқа да шарттар негiзiнде су шаруашылығы кәсiпорындары санының 2015 жылға дейiн 20 бiрлiкке өсуi;
суды есептеу ЖЕҚ аспаптарымен қалаларда 100 % және АЕМ-де 80 %-ға қамту;
сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iске асыру кезiнде қазақстандық өнiм мен технологиялар көлемiн пайдалануды 60 %-ға жеткiзу;
3000-нан астам АЕМ-дi жер асты суы қорымен қамтамасыз ету;
қалалар және iрi елдi мекендер үшiн қорларды қайта бағалау мақсатында 165 кен орынына және топтық су құбырлары үшiн 15 кен орынына одан әрi барлау жүргiзу;
86 қалада және 6943 АЕМ-де сумен жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесiмен қамту;
аудандық мамандандырылған пайдаланушы кәсiпорындарға жабдықтар, машиналар мен механизмдер сатып алуға жергiлiктi бюджеттен кезең-кезеңiмен қаражат бөлу.
Алдағы жылдары машиналар мен механизмдердi сатып алу және күтiп-ұстау кәсiпорынның шаруашылық қызметi есебiнен тарифтердегi қажеттi шығындарды ескере отырып, жүзеге асырылуы қажет.
3. Бағдарламаның мiндеттерi
Ескерту. 3-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салған және қолданыстағыларды қайта жаңғыртқан кезде жүйелi тәсiлдi енгiзу.
2. Қалалық жерлерде сумен қамтамасыз ету мен су бұрудың орталықтандырылған жүйесiн және ауылдық елдi мекендерде жергiлiктi жүйелердi (септик) салу және қайта жаңарту.
3. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және оны қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.
4. Су секторын реттеу саласында нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.
5. Елдi мекендердiң сумен жабдықтау мен су бұру жүйесiн тиiмдi және рентабельдi пайдалануды қамтамасыз ету.
6. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларының әлеуетiн барынша пайдалану.
7. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн жобалау сапасын арттыру.
8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесi жай-күйiнiң мониторингi жүйесiн құру.
9. Жер асты және жер үстi сулары сапасының мониторингi жүйесiн құру.
10. Су шаруашылығы ұйымдары жұмысының өтемдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тариф белгiлеу.
11. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iске асыру кезiнде қазақстандық қамтуды дамыту.
12. Саланы кадрмен қамтамасыз ету.
4. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
Ескерту. 4-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
Р/с
№
|
Нәтиже көрсеткiштерi
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Қалалар бойынша
|
1.
|
Қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзу, %
|
83
|
84
|
85
|
86
|
87
|
88
|
90
|
93
|
97
|
100
|
2.
|
Республиканың қалаларында орталықтандырылған су бұруға қол жеткiзу, %
|
73
|
75
|
78
|
81
|
85
|
88
|
90
|
93
|
97
|
100
|
3.
|
Нормативтiк тазаланған су деңгейi
|
64
|
66
|
71
|
76
|
81
|
86
|
90
|
93
|
97
|
100
|
4.
|
Жеке капиталдың қатысуымен, оның iшiнде концессиялық келiсiмдер негiзiнде су шаруашылығы кәсiпорындарының саны, 20 бiрлiк
|
|
4
|
|
|
16
|
|
|
|
|
|
5.
|
Орта және ұзақ мерзiмдi тарифтерге өткен су арналарының саны (бiрлiк)
|
8
|
9
|
4
|
2
|
2
|
1
|
|
|
|
|
6.
|
Қалаларда халықты ауыз суды жеке есептеу аспаптарымен қамту, %
|
76
|
89
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
Сумен жабдықтау объектiлерiндегi авария, 1 километр желiге авария саны
|
0,6
|
0,5
|
0,5
|
0,5
|
0,4
|
0,4
|
0,4
|
0,4
|
0,3
|
0,3
|
8.
|
Су бұру объектiлерiндегi авария, 1 километр желiге авария саны
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
9.
|
Нормативтiк ысырап деңгейi, %
|
40
|
35
|
30
|
25
|
19
|
19
|
18
|
17
|
16
|
15
|
10.
|
Жер асты суларының барланған кен орындарының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау, жылына бiрлiк
|
|
|
35
|
35
|
35
|
35
|
35
|
5
|
|
|
АЕМ бойынша
|
1.
|
Ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзу, %
|
41,2
|
43
|
45
|
47
|
49
|
61
|
65
|
70
|
75
|
80
|
2.
|
Су бұру қызметiне қол жеткiзу, %
|
8,8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
15
|
17
|
18
|
20
|
3.
|
Әрбiр аудан орталығындағы мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарының саны, жылына бiрлiк
|
|
|
40
|
60
|
61
|
|
|
|
|
|
4.
|
АЕМ-де халықты ауыз суды есептеу аспаптарымен қамту, %
|
28
|
34
|
38
|
41
|
55
|
61
|
67
|
72
|
76
|
80
|
5.
|
Жер асты сулары қорымен қамтамасыз етiлген АЕМ-нiң қосымша саны, жылына бiрлiк
|
-
|
-
|
341
|
480
|
480
|
480
|
480
|
480
|
465
|
-
|
5. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
Ескерту. 5-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi қатысады.
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Ескерту. 5- бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
Бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиiсiнше мiндеттер шешiлетiн болады:
1 - кезең 2011 - 2015 жылдар.
ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзудi АЕМ-нiң жалпы санының 49 %-на, қалаларда - 87 %-ға қамтамасыз ету;
ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткiзудi 12 %-ға, қалаларда - 85 %-ға қамтамасыз ету;
2- кезең 2016 - 2020 жылдар.
ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзудi АЕМ-нiң жалпы санының 80 %-на, қалаларда - 100 % қамтамасыз ету;
ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 20 %-на, қалаларда - 100 %-ға қол жеткiзу.
Бюджет қаражатын тиiмсiз және үнемсiз пайдалану фактiлерiн болдырмау, Бағдарламаны iске асырудың алдағы 2011 - 2020 жылдар кезеңiне арналған халықты ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша баламалы және үнемдi шешiмдерiн iздеудi кеңейту мақсатында мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салу және қолданыстағыларды қайта жаңарту кезiнде жүйелi тәсiлдi енгiзу.
2. Сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектiлерiн қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.
3. Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiктiң экономикалық негiзделген моделiн енгiзу.
4. Қалалық және ауылдық жерлердегi сумен жабдықтау және су бұру кәсiпорындарын МЖӘ моделiне кезең-кезеңiмен көшiру.
5. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру.
6. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жай-күйiнiң мониторингi жүйесiн құру.
7. Халықты ауыз сумен жабдықтау үшiн жер асты суларының әлеуетiн барынша пайдалану.
8. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiн жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру саласында қазақстандық қамтуды дамыту.
9. Саланы кадрмен қамтамасыз ету.
1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салу және қолданыстағыларды реконструкциялау кезiнде жүйелi тәсiлдi енгiзу
Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салуға және қолданыстағыларды реконструкциялауға жұмсалатын бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында жүйелi тәсiл қолданылатын болады.
Жүйелi тәсiл ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ағымдағы жай-күйiне мiндеттi зерттеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық негiздемесi жағдайын және ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтаудың және су бұрудың келiсiлген жобалар тiзбесiн қалыптастыруды көздейдi.
2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi үшiн
Ескерту. 2-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
Қалалық жерлердегi жүйелi тәсiл мыналарды көздейдi:
1. Сумен жабдықтау және су бұру желiлерiн салуды және қайта жаңартуды талап ететiн елдi мекендердiң алдын ала тiзiмiн қалыптастыру.
2. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне (2011 жылдың екiншi жартыжылдығында аяқтай отырып) зерттеу жүргiзу. Жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша 56 қалалық сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiнiң қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне арналған инвестициялар негiздемелерiн әзiрлеу (жұмыстың 2011 жылдың екiншi жартыжылдығында бастау және 2013 жылы аяқтау).
Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткiштерi (халық саны, өнеркәсiп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне инвестициялардың негiздемелерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады, соның негiзiнде тиiстi деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемi, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).
Бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негiздемесiн бекiту жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен кемiнде 2020 жылға дейiн есептелген мерзiмге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу жоспарланып отырған жобалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiмен келiсуi.
4. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесiн зерттеу нәтижелерi болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелерi инвестицияларының негiздемесiне қатаң сәйкестiкте қалыптастыру.
5. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тiзбесiн бекiту:
1. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тiзiмiн қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың бiрiншi тоқсанында жергiлiктi атқарушы органдардың келесi қаржы жылына арналған бюджеттiк өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iрiктеудiң негiзгi өлшемi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан жобаларды мiндеттi түрде бiрлесiп қаржыландыру болуы тиiс.
Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iрiктеу және тiзбеге қосу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс:
1) электрондық және қағаз жеткiзгiштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
2) экологиялық сараптаманың болуы;
3) Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң келiсiмi, оның iшiнде пайдалану мерзiмi аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздерi бойынша уақытша қорытынды;
4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы;
5) салалық мемлекеттiк органның салалық сараптамасы;
6) түсiндiрме жазба;
7) техникалық зерттеудiң болуы;
8) жобаны бекiту туралы бұйрық
9) пайдаланушы кәсiпорынның болуы.
2. 2010 жылы басталған қалалық елдi мекендердiң (бұдан әрi – ҚЕМ) сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiне зерттеу жүргiзу жалғасады.
Зерттеу жөнiндегi iс-шаралар: диагностикалау әдiстерiн қолдана отырып, қолдағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жағдайы туралы бастапқы деректердi жинауды жер асты су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар мен жер үстi су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар жасауды қамтиды.
Орындалған iс-шаралардың нәтижесi сумен жабдықтау, су бұру жүйелерiн зерттеу актiсi және "Ғимараттар мен құрылғылардың техникалық жағдайын зерттеу және бағалау" ҚР ҚН 1.04-04-2002 сәйкес объектiлер жағдайы туралы техникалық түйiндеме болып табылады.
Зерттеудiң орындалуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi техникалық тапсырма түрiнде бекiтедi.
Зерттеулер нәтижесi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен келiсiменнен кейiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi оны есеп түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынуға тиiс.
Зерттеуден кейiн пайдаланушы кәсiпорындар негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзуге тиiс. Жүргiзiлген зерттеулер қорытындысы бойынша (iрi және орташа қалалар) 2011 – 2013 жылдары сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң инвестициялық негiздемесi әзiрленетiн болады.
Қалаларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң инвестициялық негiздемесi мыналарды қамтуы тиiс:
коммуналдық қызметтердi өндiру және тұтыну көлемiнiң, коммуналдық қызметтерге тарифтер деңгейi өсуiнiң болжамы;
инвестициялық жобаларды iрiктеу өлшемдерi және оларды iске асыру басымдылығы;
коммуналдық секторды қайта жаңғырту және дамыту жобаларын қаржыландыру көздерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
инвестициялық жобалардың жалпы тiзiмi;
жобаларды қаржыландыру көздерi бойынша ұсыныстар;
энергияны және ресурстарды үнемдейтiн технологияларды енгiзу;
қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне инвестициялардың негiздемелерiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi белгiлеуi тиiс. Сумен жабдықтау және су бұру инвестициялық жүйелерiнiң негiздемелерiн әзiрлеудi Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ведомстволық бағынысы мемлекеттiк жобалау-iздестiру ұйымы арқылы орталықтандырып жүзеге асырады.
Одан кейiн, инвестициялар негiздемелерiнiң негiзiнде сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерiнiң жекелеген учаскелерiне және объектiлерiне ЖСҚ әзiрленетiн болады.
56 қалаға инвестициялық негiздемелер әзiрлеу жөнiндегi жұмыс 2013 жылы аяқталуға тиiс, алайда бүгiнгi күнге дейiн орындалған жұмыстардың көлемi кестеден артта қалып келедi.
3. Қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыру зерттеу қорытындылары болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйесiнiң инвестициялық негiздемесiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте, қалалық жерлерде жобалар тiзбесiн қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет тарапынан бiрлесiп қаржыландыру мiндеттi шарт болады.
Бөлiнетiн қаражатты өңiрлер арасында бөлiп беру өңiрде тұратын халық санына тепе-тең жүзеге асырылады.
Өңiр iшiнде бюджет қаражаты қалалар бойынша мынадай өлшемдерге сәйкес бөлiнетiн болады:
қалалардағы халық саны;
халықтың сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтылуы;
жөндеудi қажет ететiн сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң үлесi.
Осылайша, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тiзбесiн қалыптастыруды жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiмдерi мен инвестициялар негiздемелерiнiң нәтижесi негiзiнде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi жүзеге асырады.
Жобалардың басымдылығын сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерiнiң инвестициялары негiздемелерiнiң негiзiнде жоғарыда көрсетiлген басымдылық өлшемдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi анықтайды.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi инвестицияларының негiздемелерiн әзiрлеу кезеңiнде (2011 – 2013 жылдар) қалалық жердегi сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесiне жобаларды iрiктеу осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын құрастырылатын қалалық жердегi сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесi мыналарды қамтитын болады:
ЖСҚ-ның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн инвестицияларының негiздемесiне сәйкестiгi расталған, сондай-ақ сумен жабдықтаудың расталған көздерi бар ҚЕМ жобалары;
ЖСҚ әзiрлеудi немесе түзетулердi қажет ететiн ҚЕМ жобалары;
жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету үшiн геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзудi қажет ететiн ҚЕМ жобалары;
жер асты су көздерiнiң пайдалану мерзiмi аяқталған, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi жер асты сулары қорларының бар болуы туралы уақытша қорытынды берген ҚЕМ жобалары;
Қалалық жердегi сумен жабдықтау және су бұру жобаларының түпкiлiктi қалыптастырылған бiрыңғай тiзбесi кейiннен, жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың екiншi тоқсанында Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияның қарауына шығару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және Экономикалық даму және сауда министрлiгiне алдын ала қарауға енгiзiлетiн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |