2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының мониторингі жөніндегі жалпы есеп
-
Жедел есептілікте ұсынылған ақпаратты талдау және жалпылау қорытындылары.
Бағдарламалық құжаттың деректемелері: 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) қалалық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 421/55-IV шешімімен бекітілген.
Нысаналы индикаторлар: Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштерінің жетістіктері жылдың қорытыңдысы бойынша қарастырылған, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша аралық көрсеткіштер жоқ.
2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың нысаналы индикаторлары Даму бағдарламасына бөлшектеп байланыстырылған. Сонымен бірге Бағдарламаның барлық бөлімдері орталық мемлекеттік органдармен келісілген.
Тұтастай алғанда Бағдарлама бойынша 15 мақсат, 74 нысаналы индикатор қарастырылған, оның ішінде 2011 жылдың қорытындысы бойынша 49 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 13 индикатор бойынша - статистикалық деректер жоқ, 11 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ. 348 нәтиже көрсеткіштерінің ішінен 269 нәтиже көрсеткіштері орындалды, 10 бойынша - статистикалық деректер жоқ, 69 көрсеткіш орындалған жоқ.
Стратегиялық жоспарада қарастырылған 900 нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің ішінен, 711 немесе 79% толық көлемде қол жеткізілген, 159 немесе 17,7% орындалған жоқ, қалған 29 (3,2%) көрсеткіш бойынша статистикалық деректер қалыптастырылуда.
Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 262 іс-шара қарастырылған, соның ішінде 1 «Қаланың экономикалық саласын дамыту» бағыты бойынша жалпы сомасы 15348,5 млн. теңгеге 45 іс-шараны іске асыру қарастырылған, 2 «Әлеуметтік саланы және адами капиталды дамыту» бағыты бойынша - 104820,7 млн. теңге сомаға 118 іс-шара, 3 «Инфрақұрылымдық кешенді дамыту» бағыты бойынша - 132428,1 млн. теңге сомаға 40 іс-шара, 4 «Аумақтық (кеңістіктік) дамыту» бағыты бойынша - 65350,1 млн. теңге сомаға 51 іс-шара, 5 «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» бағыты бойынша 425,4 млн. теңге сомаға 8 іс-шара қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша, барлық қаржыландыру көздері есебінен 2011 жылы 318372,8 млн. теңгені игеру жоспарланған, нақты игерілгені 308587,9 млн. теңге немесе жоспардың 96,9%.
Соның ішінде:
-
республикалық бюджет есебінен – 223256,9 млн. теңге қарастырылған, 216581,5 млн. теңге немесе жоспардың 97% игерілді;
-
жергілікті бюджет есебінен – 59319,4 млн. теңге қарастырылған, 56209,9 млн. теңге немесе жоспардың 94,8% игерілді;
-
өз қаражаты және басқа көздер есебінен - 35796,5 млн. теңге қарастырылған, 35796,5 млн. теңге немесе 100% меңгерілді.
Бағдарлама бағыттары бойынша талдау қорытындысы мынадай болды.
1-бағыт. Қаланың экономикалық саласын дамыту: 24 нысаналы индикатор қарастырылған, соның ішінде 9 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 6 индикаторға қол жеткізілген жоқ, 9 бойынша статистикалық деректер жоқ; 81 нәтиже көрсеткіші және 55 орындалды, 16 орындалмады, 10 бойынша деректер жоқ.
«1-мақсат. Жеделдетілген әртараптандыру жолымен елорданың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету» бөлімі бойынша жылына 22 нысаналы индикатор қарастырылған, соның ішінде 7 орындалып, 6 қол жеткізілген жоқ, 9 индикатор бойынша статистикалық деректер жоқ.
«2-мақсат. Бизнес-ортаны жақсарту, сауда мен кәсіпкерлікті дамыту» бөлімі бойынша 1 нысаналы индикатор «ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі» қарастырылған, ол орындалды.
«3-мақсат. Туризмді дамыту» бөлімі бойынша 1 нысаналы индикатор «Туристік қызмет саласында қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін 2015 жылы 2008 жылғы деңгейден кем дегенде 15% арттыру», 4,7% жоспарланғанда 18,9%-ды құрады.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Индустрияландыру өңірлік картасы бойынша 336,3 млрд. теңге сомаға 13 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталған болатын («АБК-Мақсат» ЖШС темір-бетон бұйымдарын жасайтын зауыты, «Кровля НС» ЖШС сэндвич-панельдер шығаратын зауыты). 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта 1 жоба енгізілген болатын - 46 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 1,4 млрд. теңге сомаға метиздік өнімдер өндірісі бойынша «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылғы 9 желтоқсанда «Тұлпар Talgo» СП ЖШС - «Talgo» жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт іске қосылды (Индустриялық саябақ аумағында іске асырылады), 2011 жылғы желтоқсанда «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жобасы бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды.
2011 жылы инновацияларды дамыту мақсатында «Astana Innovation» АҚ ашылды, ол, Астана қаласының ғаламдық бәсекеге қабылеттілігін дамытуға және жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді дамытуға көмек көрсету мақсатында, экономиканың нақты секторына, сондай-ақ елорданың әлеуметтік-қызмет көрсету инфрақұрылымына қазіргі заманғы технологиялар тартуға негізделеді.
Есептік жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 886,8 млрд. теңге сомаға өнім шығарды, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3% құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны а.ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 40 755 бірлікті құрады және 16,2% артты, жұмыспен қамтылғандардың саны - 162,3 мың адам, өсім 2 % құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде, Астана қаласы әкімдігінде құрылған жұмыс тобы жалпы сомасы 2821,8 млн. теңгеге пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 26 жобаны; 4,7 млн. теңгеге несиені кепілдендіру бойынша 2 жобаны мақұлдады; өндірістік инфрақұрылым құрылысының 6 жобасы бойынша 668,9 млн. теңге сомаға қаржылық қолдау көрсетілді.
ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қала экономикасына 789,2 млрд. теңге сомасында несиелік ресурстар бөлінді, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін 102,7 млрд. теңге. 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда несиелеу ауқымы 2 есеге артты.
Бөлшек сауда айналымының көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 4-інші орынды иеленеді, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан үшін оның көлемі 345,7 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 9,2%-ға артты.
2011 жылы қала әкімдігі туристік қызметтен түсетін түсімді, туризмнің басым түрлері (сырттан келетін және ішкі) бойынша туристік ағын ауқымын арттыру, қызмет ауқымын ұлғайту бойынша белсенді шаралар қабылданды. Осылайша, 2011 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша, сырттан келетін туризм ауқымының көрсеткіші 86,8 мың адамды құрады және 2010 жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 31,8%-ға артты, ішкі туризмнің ауқымы 306 мың адамды құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 21,1% жоғары.
Елорданың өкілдері есептік жылы Астана қаласының туристік әлеуеті 5 халықаралық және 4 республикалық көрмеде және іс-шараларда көрсетілген болатын. Астананың көз тартарлық орындарын таныстыру бойынша 400 адамнан тұратын балалар топтарын қабылдауды ұйымдастыруға көмек көрсетілді.
Жалпы алғанда, бірінші бағыт бойынша 6 индикатор орындалған жоқ:
-
Тұтынушылық бағалар индексі (жоспарланған дәлізден 0,9%-ға жоғары, бұл энергия тасуыштарға, ЖЖМ бағалардың қатты өсуімен шартталған, бұл өз кезегінде азық-түлік тауарларына бағалардың 11,7%-ға өсуіне алып келді);
-
Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, мың доллар/адам (қол еңбегін пайдаланатын ұсақ тігін ательелер санының артуымен байланысты жоғары бәсекелестік);
-
Металлургия саласындағы еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары (шойын құю қызметінің көлемін 72,6% төмендету);
-
Құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам (құрылыс ерітінділерін шығару ауқымын 39,3% төмендету);
-
Мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, жүйе түзуші кәсіпорындардың тауарлар сатып алудағы қазақстандық құрамның үлесі (тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушілердің көбісінде СТ-КZ стандарт сертификатының болмауы);
-
Жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, жүйе түзуші кәсіпорындардың қазақстандық құрамның үлесі (тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілердің көбісінде СТ-КZ стандарты сертификатының болмауы).
2-бағыт. Әлеуметтік саланы және адами капиталды дамыту.
Көзделгені:
27 мақсатты индикатор, 24 индикаторға қол жеткізілді, 2 индикаторға қол жеткізілген жоқ, 1 бойынша статистикалық деректер жоқ;
164 нәтиже көрсеткіші және 126 орындалды, 38 орындалмаған.
«1-мақсат. Білім беру сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру» бөлімі бойынша 8 мақсатты индикатор көзделген, оның ішінде 6 орындалды, 2 орындалған жоқ.
«2-мақсат. Азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын жүргізу жолымен елорданың адами капиталының сапасын арттыру» бөлімі бойынша 4 мақсатты индикатор көзделген, оның ішінде 3 орындалды, 1 мақсатты индикатор бойынша деректер жоқ.
«3-мақсат. Өнімді жұмыспен қамтуды және халықты тиімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» бөлімі бойынша барлық 3 мақсатты индикаторға қол жеткізілді.
«4-мақсат. Бұқаралық спортты, дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын және жоғары жетістіктер спортын дамыту» бөлімінде барлық 2 мақсатты индикаторға қол жеткізілді.
«5-мақсат. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту, мемлекеттік тілді және отандық мәдениетті кеңінен танымал ету, ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық отансүйгіштікты нығайту» бөлімі бойынша 9 мақсатты индикатор көзделген, олар толық көлемде орындалды.
«6-мақсат. 2020 жылға қарай тұлғаның және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауы» бөлімі бойынша «Халықтың полицияға сену деңгейі» жоспарланған индикаторы 51% жеткізілді.
Қаланың білім беру саласына 2011 жылы 21,7 млрд. теңге салынды – бұл жаңа объектілер енгізуді, ғимараттар жөндеуді және материалдық-білім беру базасын нығайтуды, кітапхана қорларын жаңартуды, 34 мыңнан астам оқушыны тамақпен қамтуды ескере отырып, білім беру қызметтерінің сапа және қолжетімділік мәселелерін шешуге ықпал етті.
Бүгінгі таңда Астана қаласының білім беру жүйесін 252 білім беру ұйымы ұсынады, онда 132 069 бала оқиды және тәрбиеленеді. Педагогикалық қызметті 10317 қызметкер жүзеге асырады, оның ішінде 5227 - білім беру мектептерінің педагогтары, жоғары және бірінші санатты педагогтардың үлесіне 54,8% (алдыңғы кезеңде 51,5%) келеді, бұл мұғалімдердің сапалы құрамын арттырудағы оң серпінді көрсетеді.
Жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың жаңа талаптарға сай әдістері қолданылады. «e-leаrning» электронды оқыту шегінде экспериментке 5 мектеп, 3 колледж және 2 кәсіби лицей енгізілді.
Елордалық білім беру жүйесі қызметінің басымды бағыты мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту және 5-6 жастағы балаларды міндетті және тегін мектепке дейінгі дайындықпен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттік меншік нысанындағы бала бақшалар саны – 63, кешендер – 5, ведомстволық – 1 және жеке – 41. Жалпы контингент – 21 819 бала.
2011 жылдағы мектепке дейінгі бiлiммен қамту – 52,2%.
Бала бақшаларда орын алу кезегінде 49 000 бала тұр, оның ішінде 2 жастан асқан балалар – 34 000 баландан астам, ал аса мұқтаж балалар (халықтың жеңілдікті және әлеуметті қорғалмаған санаты) – 18 000 - нан астам.
Денсаулық сақтау саласына 2011 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16,3 млрд. теңге бөлінді. АМСК мекемелерін қаржыландыру, дәрі – дәрмек құралдарын, вакцианалар мен өзге де иммунобиологиялық препараттар сатып алуға шығындары, сондай-ақ медицналық ұйымдарға жөндеу жүргізу және материалдық жарақтандыру басым болып табылады.
Өткізілген скринингтердің нәтижелілігін және әлеуметтік маңызды аурулар диагностикасының сапасын көтеру үшін қалада «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтауды дамыту дың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының қатары өткізілді.
2011 жылдың нәтижесі бойынша елордада ең төменгі көрсеткіші 1000 адамға 4,6 келеді (республика бойынша – 8,8), ең төменгі бала өлімі – 1000 жаңа туған балаға 8,7. 2010 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығының ең жоғары деңгейі 73,15 жас.
2011 жылы жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенділігінен 5,9% жоспарлағанда 5,8%-ге дейін төмендеді, күнкөріс минимумынан төмен кірісі бар халықтың үлесі оның жалпы санынан төмендеді.
2011 жылы 17000 жоспарлағанда 17324 жұмыс орны құрылды. Кәсіби дайындыққа және қайта даярлауға, қоғамдық жұмыстарға 2661 адам тартылды. 526 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.
2011 жылдың қорытындысы бойынша дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы халықтың үлесі 15 % құрайды. Спорт шеберлерінің саны 105 адам (13 % жоспарлағанда), халықаралық санаттағы спорт шеберлері 22 (15 адам жоспарлағанда).
Астана қаласындағы спорт ғимараттарының саны 506 бірлікті құрады. 2011 жылы 16 спорт ғимараты: спорт залдары, ашық алаңдар және спорт кешендері салынды.
Астана қаласында өткізілетін спорт - көпшілік іс-шаралар және жарыстар өсуде. Өткен жылы елордада жоғары ұйымдастыру деңгейінде ірі спорт шаралары - 7-ші қысқы Азия ойындары, велотрек және спорттық коньки тебу бойынша Әлем кубоктарының кезеңдері өтті.
Елордалық спортсмендер 2011 жылы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы, Астана қаласы бойынша халықаралық санаттағы спорт шеберлері – 22 (2010 жылы - 15); ҚР спорт шеберлері – 105 спортшы (2010 жылы - 15); ҚР спорт шеберлері – 105 спортшы (2010 жылы - 78); спорт шеберлеріне кандидаттар – 252 (2010 жылы - 180); 1 спорттық разрядқа алғандар – 127 (2010 жылы - 98).
Қазақстан Республикасының ІІІ жазғы Спартакиадасы шегінде команда үшінші орынға ие болды. Екі елордалық спортшы Лондонда өткен 2012 жылғы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға екі лицензия алды.
Астанада өнерді дамытуға танылған және жаңа фестивальдық және конкурстық жобаларды алу әсер етеді. Олардың ішінде - «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі, «Эхо Азия» цирк өнері халықаралық фестивалі, Халықаралық жастар би фестивалі, Экшн – фильмдер халықаралық фестивалі және т.б.
Осы жылы бірінші рет Астана қаласы әкімінің гранты берілді, ол 11 номинация бойынша мәдениет саласының қызметкерлеріне берілді. Арнайы грант беру шығармашылық мамандықтың мәртебесін көтеруге мүмкіндік тудыруға мүмкіндік тудырады және мәдениет саласының жұмыскерлері үшін қосымша мотивация болды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ішкі қауіпсіздік бойынша шараларға қатысты жергілікті бюджетте қаланың ІІД үшін 2011 жылы 6,9 млрд. етңге сомасында қаржыландыру қарастырылды, сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік және көші – қон полициясы қызметтері бойынша, объектілерді жөндеу және ұстау, арнайы техниканы сатып алу бойынша шығыстар есепке алынды.
Астананың барлық тыныс – тіршілігінде болып жатқан өзекті өзгерістерде Астана қаласының Ішкі істер департаменті елордадағы үлгілі қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қабылданды.
Сонымен қатар, Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар мен индикаторлардың орындалуы туралы ұсынылған есепте қоғамдық тәртіпті бұзу жөніндегі нақты көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштен артық, бұл қылмыс және оқиғалар туралы азаматтардың өтініштері мен хабарларын 100% тіркеудің жаңа жүйесін енгізуге байланысты болды.
Жалпы осы бағыт бойынша 2 нысаналы индикаторға қол жеткен жоқ:
-
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту. 55,3% жоспарда нақты көрсеткіш 52,2% құрады. Көрсеткішке қол жеткізбеу 8 мектепке дейінгі білім беру объектісін енгізу мерзімдерінің ауысу қажеттілігімен негізделеді.
-
Инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасайтын білім беру ұйымдарының үлесі, олардың жалпы санынан. 26 % жоспарлағанда нақты 22% құрады. 15 мектепте нашар еститін, көретін, сөйлейтін, психикалық дамуында кемшілік бар 980 бала оқиды. Денсаулығына байланысты, уақытша немесе үнемі білім беру мекемелеріне бара алмайтын балаларға жалпы оқыту немесе жеке бағдарлама бойынша үйде білім алуы үшін жағдайлар жасалды.
«3-бағыт. Инфрақұрылымдық кешенді дамыту» деген бағытта:
15 нысаналы индикатор қарастырылды, 11 индикаторға қол жетті, 1 орындалған жоқ, 3 индикатор бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.
Нәтиженің 71 көрсеткіші, оның 69 орындалды, 2 орындалған жоқ.
«1-мақсат. Елорданы дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету» деген бөлімде 6 индикатор қарастырылды, оның ішінде 4 орындалды, 2 бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.
«2-мақсат. Тұтынушыларды тиісті сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру» деген бөлімде 5 индикатор қарастырылды, оның ішінде 4 орындалды, 1 орындалған жоқ.
«3-мақсат. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту» деген бөлімде 4 нысаналы индикатор қарастырылды, оның ішінде 3 орындалды, 1 бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.
Бұл индикатор өткізілген үлкен жұмыс көлеміне байланысты орындалған жоқ, нәтижелері 2012 жылы анықталатын болады.
Жылу энергиясы саласында 2011 жылы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 реконструкциялау жалғасуда. Сондай-ақ, ЖЭО-3 және үш тірек кіші станциялары бар 220 кВ энергетикалық айнылыс құрылысының жобасын іске асыру басталды.
Қабылданған шаралар жалпы тұтыныс көлеміндегі өндірілетін электр қуатының үлесін 2012 жылы 54,5% бастап 67,3% дейін, 2015 жылы 80% бастап 85,1% дейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ энергия көздерінің жылу қуаттылығы 2012 жылы 1805 бастап 1854 Гкал/сағ дейін және 2015 жылы 2665 бастап 2704 Гкал/сағатқа дейін өседі.
Талдыкөл жинақтауышын жою, сондай-ақ жуық арада елорданы сенімді түрде сумен жабдықтау мәселелерін шешу жұмыстары жалғастырылды.
Жапондық жоба шеңберінде 126 км су құбыры және кәріз желілері құрылды және қайта құрылды, Вячеславск су қоймасында басты су жинау және ССС жандандыру жүргізілді. 2011 жылы жылу энергетикасы жүйесін дамытуға бас-аяғы 48,7 млрд. теңге бөлінді.
Әкімдік көлік жүйесін жандандыруға, көлік айырықтарын және көпірлерін жобалауға, сондай-ақ ЖРК құрылысына бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда.
2011 жылы Астана қаласында 110 км жол салынды және жөнделді.
Халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру үшін коммуналдық сектор объектілерін салу және қайта құру жүргізілуде, жаңа абоненттік учаскелер ашылады, ЭБЕАЖ жаңа жүйелері енгізіледі, көрсеткіштерді қашықтықтан алу аспаптары, коммуналдық қызметтерге жіктелген тарифтер орнатылады. Есепті жылы 2800 электр қуатын есептеу аспабын және 734 жылу энергиясын есептеуге арналған аспап орнату жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда осы бағыт бойынша 1 индикатор («Жүргізілген түгендеу негізінде тұрақты түрде жаңартылып отыратын тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымының деректер қоры қалыптастырылды») орындалған жоқ.
4-бағыт: Аумақтық (кеңістіктік құрылымды) дамыту:
5 нысаналы индикатор қарастырылған, 4 индикаторға қол жеткізілген, 1 қол жеткізілген жоқ.
23 нәтиже көрсеткiшi және 14 орындалды, 9 орындалған жоқ.
«1-мақсат. Экономикалық әлеуеттің тиімді аумақтық ұйымын және орын ауыстырудың жағымды макроаймағын құру» деген бөлімде қарастырылған 2 индикаторға қол жеткізілді.
«2-мақсат. Қаланың экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау» деген бөлімде 3 индикатордың 2 орындалды, нөсер кәрізіне өнеркәсiптiк қалдықтар және тiршiлiк әрекетiнiң қалдықтарын тастау деңгейінің жоғары болуымен шартталған 1 «Жерүсті суларының ластану индексі» орындалмаған.
Сонымен қатар, елорданың сәулеттiк әлпетiн жақсарту мақсатында 47 түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жүргізiлген, Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасын және басқа да іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Орта мерзімдік болашақта қаланың қала маңы аймағын агломерациялық дамыту мақсатында, қаланың шет аймақтарын тiршiлiк қамтамасыз етуші және әлеуметтiк инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар көзделген. Сумен жабдықтау, су бөлу, электрмен жабдықтау объектілерiнiң құрылысы, жаңа жолдардың құрылысы, жерлерді аймақтарға бөлу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жасау жоспарлануда. Осы іс-шараларды iске асыру қаланың шет аймақтарын үйлесімді дамыту үшiн алғышарт құрайды.
2011 жылы қаланың шет аймақтарын дамыту үшiн жобалау-сметалық құжаттама жасалған, мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы алынған.
Тұрғын үй құрылысы саласында Астана қаласы республика бойынша 1-орын алады, 2011 жылдың қорытындысы бойынша енгiзiлген тұрғын үйдiң көлемi 1 403,6 мың шаршы метрді құрады және өткен жылдың көрсеткiшiне қарағанда 1,6% өстi. Елордадағы аяқталмаған объектілердiң саны 7 (1 200 үлескер) құрайды.
2005-2007 жж. және 2008-2010 жж. арналған мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында, "Степной" гараж кооперативі ауданында, Тілендиев даңғылы бойынша, № 1 шағын ауданда (5 қала құрылысы кешені) және басқа тұрғын үй кешендерiнiң құрылысы аяқталды.
Тұрғын үй-құрылыс жинақтар жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылады, сондай-ақ осы бағдарлама бойынша 5 объектіні жобалау басталды. Құрылыс сапасын бақылау жүргізілуде, құрылыс-жөндеу жұмыстары өндiрiсінiң сапасын жақсартуы және коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектілерiн салу кезінде бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылданады.
Апатты және ескi тұрғын үйді бұзу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде, тиiстi бағдарламалар қабылданды, 2011 жылы қаланың бюджетiнде тұрғындардың апатты үйлерден қоныс аударуы үшiн 27,8 миллион теңге мөлшеріндегi қаражат қарастырылған болатын.
Астана қаласындағы атмосфераның ластану индексі 3,12 бiрлiкті құрады, бұл 2010 жылғы ластану индексінен 2,35 бірлікке жақсы. Жерүсті суларының ластану индексі 2011 жылы 2,4 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,27 бірлікке жоғары. Негiзгi себеп жеке үй құрылыстары тұрғындарының және субъектілердің өнеркәсіптік және шаруашылық-фекалдық ағындарды нөсер жинақтауыштарына лақтыру, су тоғанының жағалау аймағының қалдықтармен ластануы болып табылады.
5-бағыт: Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту төмендегіні қарастырады:
3 нысаналы индикатор, соның ішінде 2 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, қол жеткізілмеген 1 «2015 жылға қарай – қаржы жылының қорытындысы бойынша қала бюджетінің 100% атқарылуы».
9 нәтиже көрсеткіштерінен 5 орындалды, 4 орындалған жоқ.
Мемлекеттiк қызметтердiң қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі 2011 жылы стратегиялық жоспарлау, соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған бюджеттік үдерісті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару органдары қызметінiң тиiмдiлiгiн арттыру саласында Бағдарламаның жекелеген параметрлерін түзетті.
Барлық қалалық ведомстволар Стратегиялық жоспарлар әзірледі, онда функционалдық, сондай-ақ бөлінген қаражатты игеру бойынша соңғы нәтижеге қол жеткізу бойынша басымдықтар, мақсаттар және міндеттер айқындалды.
Тұрақты негiзде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк қаражатты игеруiне күнделікті мониторинг жүзеге асырылады.
2011 жылдың 99,5 пайыз атқару қорытындылары және Бағдарлама қойған мақсаттар, міндеттре көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсатында бюджеттiң орындалуының сапасын жоғарылату бойынша шаралар қолданылған.
Қала әкiмдігінің құрылымдық бөлiмшелерiнде «Электрондық құжат айналымы», «Астана қаласының Геоақпараттық жүйесi», «Бюджеттiк жоспарлау», «Әкімдіктің электрондық мұрағаты» сияқты автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ендiрілуде. Осы жүйелердi ендiру мемлекеттiк қызметтердi беру үшiн уақытты қысқартуға және жеңiлдетуге бағытталған.
Бюджеттi орындау бойынша жоспарланған көрсеткiшке қол жеткізбеу жалпы сомасы 6678,4 млн. теңгеге (97,2%) дамытудың бюджеттiк бағдарламаларының орындалмауымен байланысты.
1.01.2012 жылғы жағдай бойынша 24 іс-шара бойынша іске асыру мерзiмi келген жоқ, 238 іс-шара iске асырылған, жүзеге асырылмаған іс-шаралар жоқ.
1 «Экономиканы дамыту» бағыты бойынша жалпы сомасы 15245,1 млн. теңгеге 39 іс-шара iске асырылған.
2 «Әлеуметтiк дамыту» бағыты бойынша сомасы 103442,2 млн. теңгеге 107 іс-шара іске асырылды.
3 «Өңірдің инфрақұрылымдық кешенiн дамыту» бағыты бойынша сомасы 130530,8 млн.теңгеге 38 іс-шара.
4 «Аумақтық (кеңістіктік) құрылымды дамыту» бағыты бойынша сомасы 50597,8 млн.теңгеге 46 іс-шара.
5 «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару жүйесін дамыту» бағыты бойынша сомасы 422,5 млн. теңгеге 8 іс-шара.
2011 жылға жоспарлалған барлық іс-шаралар орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |