Менің Қазақстаным



Дата25.02.2016
өлшемі35.28 Kb.
#21413
МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ
Біздің Республикамыз ірі-ірі қалалары тарихи археологиялық маңызы бар жерлерден тұрады. Оның 16 облысы, 85 ірі қаласы, 180 ауданы, 176 кенті, 15 миллионнан аса халқы бар. Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша 9-шы, ал ТМД елдері бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақстан аумағы 2,7 млн. шаршы-шақырым. Территориясы қазба байлықтарға бай өлке.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Қазақ азаматтары, сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан – бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен бейбітшіліктің белгісі. Қыран бүркіт – тәуелсіздіктің, өрнек – салт-дәстүрдің белгісі.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейді

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелер. Қазақта «ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Дала пырағы, оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы әр адамның өміріне беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арман айтып тұрғандай.

«Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас» демекші, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынас жүргізе алады.

Осындай кең-байтақ өте бай еліміздің әр облысын мақтан ете аламыз. Іргесі берік, тынысымен еліміздің күннен-күнге бой көтеріп, соңғы сәнмен бой түзеп келе жатқан бас қаламыз – Астанамыз бар.

Астана қаласы 1832 жылдан 1961 жылға дейін Ақмола қаласы, 1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы деп аталды. 1992-1997 жылдар аралығында Ақмола атына ие болды. Ал, 1998 жылы 6 мамырда қала Астана деп аталды. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана болды. Бүгінгі таңда Астана халқы 510 мың адамнан асты.

Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Сұрақ-жауаптар: І ТОП (Отан тобы)


  1. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Заң қашан қабылданды? (1990 жылы 25 қазанда)

  2. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997 жылы 11 шілдеде)

  3. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4-ші)

  4. Алтын адам қай жерден табылған? (Есік қаласынан)

  5. Қазақтың тұңғыш романы? (М.Дулатов «Бақытсыз Жамал »)

  6. Қазақ театры қашан ашылды? (1926 жылы)

  7. Қазақстан армиясы қашан құрылды? (1995ж. 7 мамырда)

  8. Ұлттық тағамдарды ата?

  9. «Жеті жарғының» негізін салған хан кім? (Әз тәуке хан)

  10. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасырда)


Сұрақ-жауаптар: ІІ ТОП (Атамекен тобы)
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні? (1991 жыл 16 желтоқсан)

2. Қазақстанның жер көлемі? (2756000 шаршы шақырым)

3. Тұңғыш Президент қашан сайланды? (1991 жыл 1 желтоқсан)

4. ҚР-ның рәміздері Жоғарғы Кеңесте қашан бекітілді? (1992 жыл 4 маусым)

5. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)

6. Ұлттық теңге қашан айналымға шықты? (1993 жыл 15 қарашада)

7. ҚР-ның экономикалық аймағы нешеге бөлінеді? (5-ке Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік)

8. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз демократиялық мемлекет)

9. Семей полигоны қашан жабылды? (1991 жылы 29 тамызда)

10. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты? (1991 жылы 2 қазанда)


Сұрақ-жауаптар: ІІІ ТОП ( Қыран тобы)


  1. Біздің мемлекетті кім басқарады?

  2. Қазақстан қай материкте орналасқан? (Орта Азия)

  3. Қазақстанда қандай мерекелер бар?

  4. Қазақстандағы ең басты заң қайсы? (Конституция)

  5. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қайсылар?

  6. Балаларды қорғау күні қашан? (1 маусым)

  7. Бүкіләлемдік балаларды қорғау күні қашан? (20 қараша)

  8. Балалар және жасөспірімдер қандай құқыққа ие?

  9. Балалар неше жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылады?

  10. Неше жасқа дейін балағатқа жетпеген болып есептеледі?

1995 жылы Республика президентінің ұсынысымен 30 тамызда өткен

Бүкілреспубликалық референдум Қазақстан халқының жаңа Конституциясын қабылдады.



Туған жердің әр тасы, әр бұтасы ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Әркімнің өз жері жұмақтың төріндей ыстық, жақын болмақ. Сондықтан, осынау кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету – мына біздің қолымызда. Елімізді ардақтап, жерімізді аялап өтейік, ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет