Жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізі параметрлері жөнінде қысқаша ақпарат



Дата24.02.2016
өлшемі256.07 Kb.
#12583
2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізі параметрлері жөнінде қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры жергілікті бюджет болып табылады.


Республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жергілікті бюджеті республикалық маңызы бар қала, елорда мәслихатының шешімімен бекітіледі.





2009 жылдан бастап ҚР үш жылдық кезеңге арналған бюджет әзірленеді.




«Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешімі 2012-2014 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптастырылды және «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы 518/75-IV шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 114-68 қаулысымен іске асырылды.


Астана қаласының бюджеті Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 8/2-V, 2012 жылғы 31 тамыздағы № 68/1-V, 2012 жылғы 21 қарашадағы № 81/10-V және 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 106/12-V шешімдерімен нақтыланды.

Астана қаласының 2012 жылға арналған түзетілген бюджеті 334 597,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде:

- жеке кірістер бойынша түсімдер – 110 130,7 млн теңге;

- РБ-тен трансферттер түсімі – 188 673,2 млн теңге;

- тұрғын үй сатып алуға арналған несиелер – 5 841,3 млн теңге;

- пайдаланылатын бос қалдықтар – 11 642,5 млн теңге;



- субвенциялар – 18 309,8 млн теңге.
1-кесте
2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері
млрд. теңге


Наименование

2012 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

бекітілген

нақтыланған

бекітілген

бекітілген

Түсімдер, млрд.теңге

260,9

313,9

192,9

162,3

ЖӨӨ %

12,4

12,6

7,2

5,6

1.Кірістер, оның ішінде:

235,9

259,5

185,0

161,4

Салықтық түсімдер

80,1

93,5

84,0

87,1

Салықтық емес түсімдер

0,2

4,8

0,2

0,2

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім

8,2

10,3

16,8

2,4

РБ-тен берілетін трансферттердің түсуі

147,4

168,0

84,0

71,7

2.Бюджеттік кредиттерді өтеу

0,9

1,6

0,9

0,9

3.Қарыздардың түсуі

5,8

5,8

-

-

4.Республикалық бюджеттен субвенциялар

18,3

18,3

6,9

-

5.Қаржы жылының басына бюджеттік қаражат қалдықтары

-

11,6

-

-

Шығыстар

260,9

313,9

192,9

162,3

ЖӨӨ %

12,4

13,1

7,0

5,2

Анықтама:

ЖӨӨ көлемі

2  107,2

2 390,6

2  736,2

3 148,3


ЖӨӨ - елдің ішінде жасалған тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағалардағы жиынтық құны.


Субвенциялар бұл республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін бюджеттік қаражат



1-кесте
Астана қаласы бюджетінің салалар бойынша шығыстары:
2012 жылдың бекітілген бюджеті 2012 жылдың түзетілген бюджеті


2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджет шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған іс-шараларды іске асыруға бағытталды.



2-кесте
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған 2012 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер


Показатели

2012 ж.

Өмір сүру минимумы

17 439

Зейнетақының ең төмен мөлшері

17 491

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мөлшері

8 720

Жалақының ең төмен мөлшері

17 439

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

1 618



Жергілікті бюджеттің әлеуметтік салаға шығыстары

Астана қаласының бюджеті әлеуметке бағдарланған болып табылады. Астана қаласының түзетілген бюджетінде қала бюджетінің жалпы көлемінен бюджеттік қаражаттың 27,2% (немесе 91 037,7 млн. теңге) әлеуметтік салаға (334 597,5 млн.теңге) берілді.


Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға:

млн.теңге

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына нақтыланған бюджет

6 348,9

4 815,7

5 089,9

О.і. әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға

5,5

0

0


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша:

- жалғыз басты қарттар мен мүгедектерді, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік оңалту. Медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметінің негізгі бағыттары – зейнеткерлерге, мүгедектерге, біреудің күтіміне мұқтаж мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қажеті әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету, мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек оңалтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, үйге жақын қолайлы өмір сүру жағдайын құру, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету, мемлекеттік әлеуметтік, медициналық, консультативтік және өзге де көмек көрсету;

- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешені іске асырылуда;

- атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі көрсетіледі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы беріледі;

- мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетіледі;

- қала бюджетінен жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 20 түрінен артығы көрсетіледі. әлеуметтік көмек тегін қызметтер түрінде (тісті протездеу, санаторлық-емханалық емдеу, мүгедектерді тасымалдау, басылымдарға жазу), ақшалай төлемдер нысанында (қатты отын сатып алуға, мерекелік және мерейтой күндеріне, ЖОО оқу үшін төлеуге жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне; ерекше мәртебеге ие адамдарға; қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға жәрдемақылар) және қалалық жолаушылар көлігі бағдарларында жолақы төлемінен босату түрінде көрсетіледі.


Білім беруге:

млн.теңге

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Білім саласына нақтыланған бюджет

36 642,3

23 757,8

21 864,2

О.і. білім объектілерін салуға және қайта жаңартуға

9 692,8

5 671,0

3 463,4


Астана қаласының Білім басқармасы бойынша 2012-2014 жылдарға арналған бюджет мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеумен және оқытумен қамтуға, сапалы мектеп білімін қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға бағытталған. Елордада сапалы білімді қамтамасыз ету үшін білім беру объектілерінің желісін арттыру, мектептер мен колледждер ғимараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ кітапхана қорларын жаңарту және оқулықтармен толықтыру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптар оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылды.

Бұдан басқа, жасөпірімдер арасында құқық бұзушылықты, нашақорлық пен алкоголизмді төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, спорт үйірмелерімен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім-балаларды мамандандырылған білім ұйымдарында орналастурға қаражат қарастырылды. Сонымен қатар, жастар мен ересек халыққа кәсіптік білім алуы үшін жағдай жасауға қаражат қарастырылды.



Білім басқармасына ведомстволық бағынысты Астана қаласы ұйымдарының желісін: 65 бала бақша, 9 балалар мини-орталықтары, 68 мектеп, 2 қазақ-түрік лицейі, 1 дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, 1 кешкі мектеп, 10 колледж, 1 кәсіптік лицей, 3 психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығы, 2 сауықтыру орталығы, 1 балалар үйі, 1 кәмелет жасына толмағандарға арналған үй, 1 мектеп-интернаты, 1 отбасылық үлгідегі балалар ауылы, 1 ақпараттандыру орталығы, 1 халықты бейімдеу орталығы құрайды және балаларды қосымша біліммен қамтуды жаңа Оқушылар сарайы мен 12 ұйым жүзеге асырады.
Денсаулық сақтауға:

млн.теңге

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Денсаулық сақтау саласына нақтыланған бюджет

31 768,8

18 350,3

15 293,3

оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға

10 320,9

3 871,9

151,0


Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 23 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 1 006 кереуетке арналған 4 стационар, 11 амбулаторлық – емханалық ұйым (8 емхана, 1 «Демеу» отбасылық медицинаның оқу – практикалық орталығы, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы, 1 «Стоматология» оқу – клиникалық орталығы), 1 қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы, 5 өзге де ұйымдар және 2 білім беру медициналық ұйымы құрайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің ұлғаюы:

- ана мен баланы қорғау қызметіне, сондай-ақ АМСК көрсетуге аса мән берілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы;

- бекітілген нормативтерге және қызмет көрсетілетін халықтың санын ұлғайтуға сәйкес аумақтық учаскелерді (педиаторлық, терапевтік, акушерлік, фтизиаторлық) ірілендіру;

- 2012 жылдың мемлекеттік тапсырысының күтілетін орындалудан және халықтың өсуінен шыға отыра емделген аурулардың, дәрігерлердің барып тексерулерінің ұлғаюы;

- «Дәрі – дәрмек және бала мен емдік тағамдардың мамандандырылған өнімдері рецепт бойынша тегін берілетін амбулаторлық емдеу кезінде халықтың жеке санаттарының ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР ДМ бұйрығына сәйкес Тізбеге халықтың жеке санатын емдеу үшін аса қажетті өмірлік маңызды қымбат препараттар енгізілу есебімен болды.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуге бюджетті жоспарлау және есеп – айырысуларды құру кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерімен белгіленген қолданыстағы нормативтер, жоспарланған жылға арналған (динамикадағы соңғы бірнеше жылда денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының көрсеткіштері негізінде анықталынған) және Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша болжамдық көрсеткіштер қолданылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуге медициналық тапсырысты 737 651 адам көлемінде орналастыру жоспарлануда, ол келесі тарифтерден тұрады: бекітілген тұрғынға адам басына шаққанда 270 теңге, кеңестік – диагностикалық көмек 201 теңгеден.

Штаттық лауазымдар медициналық ұйымдар мен олардың бөлімшелері жұмыстарының міндеттері мен көлемдері есебімен штаттық нормативтерге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бекіткен бұйрықтарға сәйкес анықталынды.

Дәрі – дәрмектік шығындарды есептеу кезінде медикаменттерге, медицина құралдарына, медициналық мәндегі құралдарға, орау құралдарына, сондай-ақ реактивтерге және диагностикалық (зерттеу) қызметтерді жүргізу үшін қажетті шығыс материалдарына, дезинфекциялық құралдарға, рентген түсірілімдері үшін пленкаларға және т.б. шығыстар ескерілді.

Бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес көмек көрсететін ұйымдарда, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету Негізгі (өмірлік маңызды) дәрі – дәрмектер тізбесі негізінде осы ұйымның басшысы бекіткен дәрі – дәрмектік нысандарға сәйкес іске асырылады.
Мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке:

млн.теңге

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Мәдениет, спорт және туризм саласына нақтыланған бюджет

16 277,7

7 881,5

8 229,8

оның ішінде мәдениет және спорт объектілерін салуға және қайта жаңартуға

1 167,9

177,0

189,4


Астана қаласының Мәдениет басқармасы бойынша 2012-2014 жылдарға арналған бюджет халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени – көпшілік іс-шараларды өткізуге бағытталды. Сондай-ақ, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи – мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, материалдық – техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын – сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спекткальдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен бірге, жергілікті бюджет қаражаты оқырмандарды әдебиетке тартуға, кітапхана жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталған.

Астана қаласының Мәдениет басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 23 кітапхана, 4 музей, 6 тетар, 1 Тәуелсіздік сарайы, 1 Бейбітшілік және келісім сарайы, 1 «Қазақстан» орталық киноконцерт залы, 1 Мемлекеттік филармония, 1 Жастар сарайы, 1 Астаналық цирк құрайды.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бойынша 2012-2014 жылдарға арналған бюджет туристік саланы дамыту үшін жағдай жасауға, халықты жүйелі түрде дене тәрбиесі және көпшілік спортпен айналысуға тартуға, спорт резервін және халықаралық санаттағы спортшыларды дайындауға бағытталған.

Спортты дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары салауатты өмір салтын қалыптастыру, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, спорт инфрақұрылымын дамыту, Астана қаласының қызмет көрсету және инфрақұрылым жүйесі дамыған халықаралық туристік орталық ретінде қалыптасуы болып табылады.

Халықтың белсенді демалысын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын бекіту үшін құрал ретінде дене тәрбиесін және спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар, клубтарға олардың Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, кубоктық матчтерде, спартакиадаларда және республикалық және халықаралық деңгейдегі өзге де жарыстарда жан-жақты көмек көрсету және қолдау көрсету өзекті болып табылады.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына бағынысты ұйымдар желісін 11 балалар – жасөспірімдер мектебі, 1 теннис корты, 1 футбол стадионы, 1 коньки тебу стадионы, 1 олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 10 спорт клубы құрайды.

Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2013-2015 жылдарға арналған бюджет қаланы сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған, бөлінген қаражат Қаныш Сәтпаев атындағы арнаның жұмыс жағдайын қолдауға, сондай-ақ қаланың жауын-шашын науаларын айдауға қарастырылған.

Сонымен бірге, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, ағымдық бюджет шеңберінде қаражат жолдарды ағымдық жөндеу жүргізуге, әлеуметтік маңызы бар ішкі жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға жоспарланған, елді мекендердегі жол қозғалысы қауіпсіздігі аясында белсенді жаяу жүру жол белгілерін, «Мектеп» ақпараттық қалқандарын, аялдамалық павильондарды, бағдаршам объектілерін орнату, сондай-ақ жол белгілерін салу көзделіп отыр.



2012 жылдың 1 жартыжылдығындағы

Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат
2012 жылға арналған нақты бюджетте 265 930,9 млн.теңге сомасында кірістер түсімі көзделді.

Түзетілген бюджет көлемі 288 184,4 млн.теңге немесе бюджетте жүргізілген түзетуге байланысты нақты бюджетпен салыстырғанда 22 253,4 млн.теңгеге ұлғайып отыр.

2012 жылдың 1 жартыжылдығындағы жергілікті бюджет түсімінің атқарылуы 1 кестеде келтірілді.

1 кесте

2012 жылдың 1 жартыжылдығындағы түсімдердің атқарылуы

млн.теңге






Жоспар

Факт

Ауытқуы

Есепті кезеңдегі жоспарға түсімдердің атқарылуы %

Түсімдер

143 771,6

147 725,7

3 954,0

102,7

Кірістер

142 315,6

145 570,2

3 254,5

102,3

Салықтық түсімдер

40 987,1

45 230,4

4 243,3

110,4

Салықтан тыс түсімдер

94,2

1 158,5

1 064,2

1 229,2

Жарғылық капиталды сатудан түсімдер

5 986,6

3 933,6

- 2 053,0

65,7

Трансферттер түсімі

95 247,7

95 247,7




100,0

Бюджеттік қаражаттарды өтеу

12,5

712,0

699,5

5 695,7

Қарыздар түсімі

1 443,5

1 443,5




100,0

2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жоспарланғаны 142 315,6 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені 145 570,2 млн.теңге немесе 102,3%, оның ішінде:



  1. салық түсімдері бойынша – 45 230,4 млн.теңге немесе жоспардағы 40 987,1 млн.теңге сомасының 110,4%, немесе 4 243,3 млн.теңгеге артығымен орындалды. Жоспардағы көрсеткіштерідің негізгі артығымен орындалуы жеке табыс салығы түсімдерінің есебінен – 1 985,0 млн.теңге, әлеуметтік салық – 948,6 млн.теңге және меншік салығы – 909,0 млн.теңге, салық төлеушілерді әкімшілеріндіруді жақсарту нәтижесінде.

  2. салықтан тыс түсімдер бойынша – 1 158,5 млн.теңге, жоспардағы 94,2 млн.теңге немесе 1 064,2 млн.теңге сомасында артығымен орындалуы айыппұл, өсім, санкция түсімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қолданған жазалары есебінен пайда болды – 570,4 млн.теңге және өзге де салықтан тыс түсімдер – 305,5 млн.теңге.

  3. негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 3 933,6 млн.теңге немесе жоспардағы 5 986,6 млн.теңге сомасына 65,7%, оның ішінде:

азаматтарға пәтер сатудан түскен түсімдер бойынша – 2 356,2 млн.теңге,

жер және материалды емес активтер сатудан түскен түсімдер бойынша – 1493,7 млн.теңге.

Азаматтарға пәтер сатудан түскен түсімдерден жоспардың орындалмауы – 2682,0 млн.теңге Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын тұрғын үй объектілерінің уақтылы берілмеуіне байланысты болып отыр.



  1. трансферттер түсімі бойынша– 95 247,7 млн.теңге немесе жоспарға 100,0%.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Астана қаласының бюджетіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен сомасы 7 826,9 млн.теңге түсті немесе жоспарға 100,0%.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірінші жартыжылдықта бюджетке түскен түсім 2 кестеде келтірілді.



2 кесте

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылдың

1 жартыжылдығындағы жергілікті бюджет түсімі

млн.теңге






2011 жылдың 1 жартыжылдығы фактісі

2012 жылдың 1 жартыжылдығы фактісі

Ауытқуы

Өсу қарқыны, %

Түсімдер

135 057,7

147 725,7

12 668,0

109,4

Кірістер

134 349,0

145 570,2

11 221,1

108,4

Салықтық түсімдер

37 358,7

45 230,4

7 871,7

121,1

Салықтан тыс түсімдер

984,6

1 158,5

173,9

117,7

Жарғылық капиталды сатудан түсімдер

2 899,4

3 933,6

1 034,2

135,7

Трансферттер түсімі

93 106,3

95 247,7

2 141,4

102,3

Бюджеттік қаражаттарды өтеу

12,5

712,0

699,5

5695,7

Қарыздар түсімі

696,1

1 443,5

747,4

207,4

Қала бюджетінің шығыстарына жүргізілген нақты бюджетінде 284 836,7 млн.теңге көзделді. Шығыстардың түзетілген көлемі 307 090,1 млн.теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша – 151 026,1 млн.теңге, оның пайдаланылғаны 144 409,2 млн.теңге немесе 95,6%.

Бюджет бойынша игерілмеу сомасы 6 617,0 млн.теңге немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10 853,0 млн.теңгеге төмендеді.



2012 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдарға 78 571,3 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, оның игерілгені 74 364,6 млн.теңге, немесе 94,6%. (3 кесте)



3 кесте
2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы ақпарат

млн.теңге



Атауы

2012 жылға арналған жоспар

2012 жылдың 1 шілдесіне арналған жоспар

Атқарылуы

Атқарылуы %



Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның ішінде:

124,7

59,3

31,9

53,8

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

124,7

59,3

31,9

53,8

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат минситрлігі, оның ішінде:

17 304,4

16 018,6

15 837,0

98,9

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

1 285,8










Даму бағдарламалары

16 018,6

16 018,6

15 837,0

98,9

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның ішінде:

1 556,0

449,9

449,3

99,9

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

1 556,0

449,9

449,3

99,9

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның ішінде:

293,1

92,2

68,5

74,2

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

248,1

92,2

68,5

74,2

Кредиттер

45,0










Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, оның ішінде:

20 895,6

14 796,8

13 811,9

93,3

Даму бағдарламалары

20 895,6

14 796,8

13 811,9

93,3

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі, оның ішінде:

1 482,6

590,3

572,9

97,0

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

332,8

235,4

235,4

100,0

Даму бағдарламалары

1 149,8

354,9

337,5

95,1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның ішінде:

12 182,5

5 396,1

4 761,1

88,2

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

4 1080,8

2 367,7

1 969,4

83,2

Даму бағдарламалары

8 073,7

3 028,4

2 791,7

92,2

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның ішінде:

14 728,3

7 240,7

7 207,6

99,5

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

5 344,8

2 601,4

2 568,3

98,7

Даму бағдарламалары

9 383,5

4 639,3

4 636,3

100,0

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның ішінде:

60 792,8

22 335,6

22 333,5

100,0

Даму бағдарламалары

60 792,8

22 335,6

22 333,5

100,0

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оның ішінде:

3 000,0

1 396,0

1 233,2

88,3

Даму бағдарламалары

3 000,0

1 396,0

1 233,2

88,3

Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы министрлігі, оның ішінде:

31 254,6

10 195,5

8 057,6

79,0

Ағымдағы бағдарламалар бойынша

521,6

265,9

265,9

100,0

Даму бағдарламалары бойынша

24 391,7

8 486,1

7 243,8

85,4

Кредиттер

6 341,3

1 443,5

547,9

38,0

Барлығы

163 614,5

78 571,2

74 364,6

94,6

2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бюджеттің профициті 4 487,7 млн.теңге сомасында нақты пайда болды.


* 2012 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат, тиісті деңгейдегі өкілетті органмен бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілгеннен кейін 1 айдың ішінде жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 331 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық бюджетті құру әдістемесінің» 3 бөліміне сәйкес жарияланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет