Жылдарға арналған (жоспарлық кезеңі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет2/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.93 Mb.
#23919
1   2   3   4   5   6   7   8

2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу

2.1-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру

Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 008, 012, 014, 015, 019, 028, 121, 128


Нысаналы индикатор

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

Есептi кезең

Қол жетпестіктің себебі

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

1. Жұмыссыздық деңгейі

статдеректер

%

5,2

5,2

(2013 жылғы 4 тоқсан)

Көрсеткіш орындалды

2. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі

статдеректер

%

6,6

5,8

(2013 жылғы 4 тоқсан)

Көрсеткіш орындалды

3. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

статдеректер

%

5,1

4,0

(2013 жылғы 4 тоқсан)

Көрсеткіш орындалды

2. «Әйелдердiң жұмыс күшiнде алатын орны» көрсеткiшi бойынша Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаhандық индексiнiң (БЖИ) позициясы:

статдеректер

позиция

24

26

Көрсеткіш орындалмады.

Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 24 орыннан 26 орынға ауысты, бұл ретте «Еңбек нарығы нәтижелілігі» субиндексінде бәсекелес басымдылықты сақтай отыра, ол 2012 жылмен салыстырғанда 4 пунктке позициясын жақсартқан және 15 орынды алған.

70% жұмыс берушілерді сұрастыру арқылы негізделген БЖИ ДЭФ мәнін анықтау әдістемесінің субъективті мағынасын ескеру керек.

Бұл ретте қоғамда болып жатқан оң үрдістерді атап өткен жөн.

Халықтың экономикалық белсенді құрылымында жұмыспен қамтылған әйелдердің саны артып келеді. 2013 жылдың төртінші тоқсанында 4,5 млн. әйелді құраса, ал 2012 жылдың төртінші тоқсанында 4,4 млн. әйелді құрады.

Ресми мәліметтер бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 5,8% құрады, бұл 2012 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 0,7 проценттік пунктке (6,5%) төмен.

Сонымен қоса, әйелдер Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шараларына белсенді қатысуда.

2013 жылдың нәтижелері бойынша Бағдарламаға қатысушылардың 47,6% әйелдер құрады. 2013 жылы халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдірген 261,2 мың адамның 108,3 мың әйел тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылған болатын



2.1.1-міндет. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Кәсіптік оқуға жіберілген адамдардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органдарына өтініш берген адамдар қатарынан)


ресми деректер

%

-

-

2013 жылы көрсеткішті іске асыру көзделмеген

2. Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (ЖЖК 2020) қатысушылар қатарынан қайта даярлаумен және біліктілікті арттырумен, кәсіпкерлік негіздерін оқытумен қамтылған адамдардың үлес салмағы


ресми деректер

%

21,2

24

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

  1. Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорын қалыптастыру

Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Үкіметтің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы әлемдік экономика дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

Нәтижесінде Бағдарлама еңбек нарығы қажеттілігі бойынша белсенді шаралар қолдануға, сонымен қатар нақты жұмыс орындарын құруға, жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуға бағыттап, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша бар механизмдерді толықтырды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 299-ө-м бұйрығымен бекітіліп, мүдделі министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға мамандықтар, салалар, өңірлер бөлінісінде кадр қажеттілігін анықтау Әдістемесі басшылыққа алу және жұмыс барысында қолдану үшін жіберілді.

2013 жыл бойы жалпыұлттық дерекқор құру тетіктері қалыптастырылып, қолданыстағы Бағдарламаға сәйкес өзгертулер дайындалған. 2013 жылғы 4 тоқсанда өзгертулер дайындалған және өңірлер мен орталық мемлекеттік органдармен келісілген.

2013 жылғы желтоқсан айында Жұмыспен қамту 2020 жол картасына жалпыұлттық дерекқор құруды көздейтін ағымдағы бос орындар мен мемлекеттік, салалалық бағдарламалар мен аймақтарды дамыту бағдарламалары, сонымен қатар жеке сектор бастамалары шеңберінде жүзеге асатын мамандықтар бөлінісінде жобаларда сұранысқа ие болжамды жұмыс орындарын құру бойынша өзгерістер енгізілген болатын.


  1. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу

Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу мақсатында:

- ұлттық біліктілік шегі, жетілдіру, қайта қарастыру, апробациялау, қолдану және кәсіби стандарттарды бекіту, кәсіби стандарттар Реестірінің нысаны бекітілген;

- ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша Координациялық кеңес құрылған;

- 2020 жыл кезеңге дейін кәсіби стандарттарды дайындауды көздейтін ұлттық біліктілік жүйесін жасау кезеңдік Жоспары бекітілді;

- 2013 жылға кәсіби стандарттарды жасау үшін қаражатты бөлу және қолдану ережелері бекітілген.

Қазіргі уақытта Жоспарды іске асыру аясында біліктіліктің салалық шегі мен кәсіби стандарттар жасау бойынша Әдістемелік ұсыныстар бекітілген.

Кәсіби стандарттарды жасау кезінде мемлекеттік органдар қолдану үшін «Кәсіби стандарттарды жасау бойынша бес қадам» және экономикалық қызмет түрі бойынша сұранысқа ие мамандықтар тізімін анықтау критерийлер нұсқауы жасалған болатын.

2013 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен (ППРК 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 406) Евроодақ сарапшыларының, Еуропалық білім беру қоры ұсыныстарын, Еуропа мен ТМД мемлекеттерінің қолданатын әдістемелерін ескере отырып, мемлекеттік органдармен бірлесіп 176 кәсіби стандарттар дайындалған болатын. Олардың барлығы Министрлікпен 2013 жылы келісілген болатын.

Бұдан басқа, Дүние жүзілік банктен қарыз алу қаражаты есебінен ҚР ББМ қарамағында ТжКББ жұмыстары аясында техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялау Жоба тобымен басым мамандықтар бойынша 147 кәсіптік стандарттар жасалуда (геология, тау-кен өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіру, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылық, экология, мұнай газ және химиялық өндіріс, білім беру және туризм). 2012-2013 жылы министрлікпен келісілген 81 кәсіби стандарт жасалған (2013 жылы - 79). Кәсіби стандартарды жасау бойынша жұмыстар жалғасуда.


  1. ЖЖК 2020 және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіби оқытудан өтетін адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету

2013 жылы республикалық бюджеттен 10 965,8 млн.теңге бөлінген. Есептік кезеңге 10 915,4 млн.теңге игерілген, ол жылдық сомманың 99,5% құрады. Кәсіби оқыту 438 білім беру мекемелерінде іске асады.

Барлығы оқумен 48 615 адам (жоспардан 100,9%) қамтылған, оның ішінде:

- кәсіби даярлаумен – 37 622 адам;

(бұл ретте 2009-2010 жылғы Жол картасы бойынша оқуларын жалғастырғандар – 9 090 адам, 2011-2012 жылғы Жұмыспен қамту бағдарламасынан – 24 369 адам, жаңадан қабылданғандар – 4 163 адам);

- қайта даярлау – 8 907 адам;

- кәсіби біліктілікті арттыру – 2 086 адам.

2014 жылдың 1 қаңтарына 23 425 адам оқу бітіріп, олардың 18 661 (79,7%) жұмысқа орналастырылған.

Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында кәсіптік оқытуға 13 609 адам жіберіліп, олардың 13 070 адам оқу бітірген. Оқу бітіргендер қатарынан 8 736 адам немесе 66,8% жұмысқа орналастырылған.



2.1.2-міндет. Жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушылар мен табысы аз адамдардың белсенділігін арттыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша өтініш білдіргендер қатарынан бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған азаматтардың үлесі

ресми деректер

%

-

-

2013 жылы көрсеткішті іске асыру көзделмеген

2. ЖЖК 2020 қатысу мәселелері бойынша өтініш білдіргендер қатарынан бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған азаматтардың үлесі

ресми деректер

%

92

94,7

Көрсеткіш орындалды

3. ЖЖК 2020 қатысу мәселелері бойынша өтініш білдіргендер қатарынан бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған әйелдердің үлесі



ресми деректер

%

46

47,6

Көрсеткіш орындалды

4. ЖЖК 2020 қатысу мәселелері бойынша өтініш білдіргендер қатарынан бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

ресми деректер

%

55

52,9

Көрсеткіш 96,18% орындалды

2013 жылы өтініш білдіргендердің қатарынан ЖЖК шараларымен қамтылған жастар үлесі 52,9% құрады.

Сонымен қатар ЖЖК 2020 жастарды тарту шаралары белсенділік бағытты жұмыс істей бастағанын атап кеткен жөн.

«Жас Отан» Жастар қанатының II съезінде Қазақстан Республика Президентінің тапсырмасы бойынша 2013 жылғы наурыз айынан бастап жастар ұйымдарымен бірлесе «Жастардың еңбек биржасы» веб-порталы құрылып, жұмыс істеуде.

Порталдың негізгі міндеті 14-30 жас аралығындағы, жоғарғы оқу орындарын бітірген, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын, 14 жастан асқан студенттер мен оқушылар арасында мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру, сонымен қатар ақпараттық қызмет көрсетуді және ізденушілердің жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде уақытты үнемдеу.

Портал бос жұмыс орындары мен жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламалары жөнінде жедел ақпаратты жеткізуге, «Дипломмен ауылға!» қоғамдық жоба, «Жасыл даму» бағдарламасы, анықтамалық материалдар, жұмыспен қамту саласында жастарға кеңес беру сияқты, және т.б. жастарды жұмысқа орналастыру мемлекеттік бағдарламалары бойынша ақпараттарды және веб-қорларға сілтемелерді жария етуге көмектеседі.

Сонымен қатар «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заң жобасында да жастарды жұмыспен қамту бойынша шаралар қарастырылған (кәсіби бағдарлау және жұмысқа орналастыру, оның ішінде еңбек нарығы сұранысын ескере отыра жаңа мамандықтар бойынша қайта оқыту және біліктілікті арттыру, сонымен қатар өндірістік, ғылыми – зерттеу тәжірибені өнеркәсіп, ғылыми институттар негізінде өту).

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында өңірлерде ақпараттық-насихаттау жұмыстары шеңберінде Министр ТжККБ түлектері мен оқушылары, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл жастары, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен кездесу өткізіп, кездесу барысында «Жұмыс» интернет-порталының презентациясы, онлайн-тәртіпте жұмыс берушілердің бос қызмет орындарына үміткерлермен әңгімелесу көрсетілген болатын.



5. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі

ресми

деректер


%

58,3

64,4

(2013 жылғы 4 тоқсандағы мәліметтер)



Көрсеткіш орындалды

Жыл бойынша мәліметтер 2014 жылғы сәуір-мамыр айларында болады

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1.Жұмыспен қамту 2020 негізгі бағыттарын іске асыру:

1) Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2) Кәсіпкерлікті дамыту және тірек аулдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;

3) Жұмыс берушінің қажеттілігінің шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу



Бағдарламның бірінші бағыты шеңберінде 2013 жылы 1746 жобаны іске асыру, оның ішінде 23,2 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделген.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жобаларда құрылған жұмыс орындарына 23 568 адам орналастырылды, оның ішінде 12 430 адам Бағдарламаға қатысушылар немесе жұмысқа орналастырылғандардың 52,7%. Есепті кезеңге 1714 жобаны іске асыру аяқталды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 10 310 адам оқытылды. 11 182 адам микрокредиттер алды, оның ішінде 7 870 адам жеке ісін ұйымдастырды. Осының нәтижесінде Бағдарламаға қатысушылар қосымша 9,2 мың жұмыс орындарын құрды.

Бағдарламаның үшінші бағыт бойынша кәсіби оқытуға 48 655 адам қатыстырылды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 23 425 адам оқуды аяқтап, оның ішінде 18 661 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 24 334 жұмысқа орналастырылды. Айлық еңбекақының орташа мөлшері 45,0 мың теңгені құрады. Жастар практикасымен 23 525 адам қамтылған.



2. Экономикалық әлеуеті төмен ауылдық елді мекендерден экономикалық әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіруге жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 157 үйдің (4084 пәтер) құрылысы аяқталды. Бағдарламаға қатысушылар және олардың отбасы мүшелері 1 061 үй (3686 пәтер) немесе пайдалануға берілгендердің 90,3%-ы қоныстандырылды. Бүгінгі күні 141 үйдің (990 пәтер) құрылысы жалғастырылуда және 10 үй (20 пәтер) бойынша құрылыс/сатып алу басталмаған.

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 12 710 адам қоныс аударылды, оның ішінде 6 247 еңбекке қабілетті жаста, оның 75,5% жұмысқа орналастырылды.



3. Халықтың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» халық арасында оң бейнесін қалыптастыру, атқарылып жатқан белсенді жұмыспен қамту саясатының мемлекеттік шаралары жөнінде халық арасында ақпараттың таралуын, халықтың Бағдарламаға қатысу деңгейі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында Министрліктің тапсырысы бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде атқарылып жатқан шаралар туралы 4 бейнеролик пен 2 инфографика жасап шығарылған болатын.

Сонымен бірге, Жол картасының іске асу барысы, Министрлікпен атқарылып жатқан іс шаралар тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген болатын. Іспеттес шаралар республика өңірлерінде де атқарылған болатын. Барлығы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 194,2 млн.теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары Е.Т.Орынбаеваның төрағалығымен Астана қаласында 2013 жылғы 19-20 қараша аралығында «Көрме» кешенінде қалалар, аудандар және тірек ауылдар әкімдерінің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағыттарының іске асу барысы жөнінде республикалық семинар-кеңес өткізілген болатын.

Семинар – кеңес жұмысына ҚР Үкіметі депутаттары, мүдделі орталық органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, аудан (қалалар) әкімдері, тірек ауылдары мен ауылдық елдік мекендер, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту орталықтары басшылары, бизнес – құрылымдарының өкілдері қатысқан болатын.

Шараға қатысушылар өңірлерде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» іске асу барысын, орталық, жергілікті атқарушы органдардың ерекше назарын қажет ететін мәселелі сұрақтарды, сонымен қатар Бағдарлама жетілдіруді қажет ететін механизмдері мен құрылғыларын талқылаған болатын. Барлығы Қазақстан бойынша семинар – кеңеске 500 өкіл қатысқан болатын.

Республика өңірлерінде Бағдарламаның жоспарлары мен іске асыру барысы туралы ақпараттарды жария ету үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» http://dkz.enbek.gov.kz сайты жұмысын бастады.



2.1.3-міндет. Жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. ЖЖК 2020 және аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жәрдемдесу үшін өтініш білдіргендердің жалпы санынан тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлес салмағы

ресми деректер

%

55,2

68,9

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Жұмыспен қамту картасын қалыптастыру және өзекті ету

2012 жылы 2013-2015 жылдарға арналған Республикалық жұмыспен қамту картасы құрылды, онда үш жылға еңбек ресурстарының теңгерімі анықталды.

2013 жылғы 5 тамызда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне құрылған 2013-2015 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасын жандандыру бойынша № 05-1-28/2422-И хат жіберілді.

2013 жылғы желтоқсан айында Жұмыспен қамту 2020 жол картасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес бос жұмыс орындары туралы және мемлекеттік, салалық бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамасының шеңберінде іске асырылатын жобаларда қажетті мамандықтар бөлінісінде жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді қамтитын жалпыұлттық деректер қорын құру және дамыту болжанады.

Жалпыұлттық қордың бөлімдерінің бірі нақты мамандықтар мен елді мекендер бөлінісінде еңбек ресурстарына деген қажеттілікті (1 жылға) болжау болып табылады, ол Өңірлердің жұмыспен қамту картасының негізінде құрылады.



2. Еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжамдарын әзірлеуді қамтамасыз ету

2013 жылы көрсеткішті іске асыру көзделмеген


3. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған заңнаманы және бағдарламалық құжаттарды жетілдіру

2013 жылы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылатын, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысымен жаңа «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бекітілген болатын.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру Ережелеріне сәйкес толықтырулар енгізілген болатын.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы №478 қаулысымен еңбек етуге ынтаны арттыруға, зейнеткерлік жасқа жеткенше 50 жастан асқан адамдардың еңбек ету мүмкіндіктерін іске асыру және белсенді жұмыспен қамту бағдарламалар шараларына қатыстыру, халықтың кіріс деңгейін жоғарылату, өмір бойы үздіксіз білім беру жүйесін дамыту бойынша іс-шаралары қарастырылған 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары (50 + бастамасы) бекітілген болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №299-ө-м бұйрығымен өңірлер, мамандықтар мен аймақтар бөлінісінде кадрларға қажеттілікті анықтау бойынша ұсыныстардан және білікті кадрларға болжамның қажеттілігін еңбек нарығын дамытудың бесжылдық болжамын әзірлеу стратегиялық механизімін қалыптастыру бойынша Әдістеме бекітілген.

ҚР Үкіметі 2013 жылғы 22 қазандағы №1136 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» бекітілген.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1548 қаулысы «Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Бағдарламаны жетілдіру мақсатында бекітілді.



4. ЖЖК 2020 және өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету

2013 жылы өңірлерді дамыту бағдарламаларының шеңберінде қоғамдық жұмыстарға жолдау бойынша мемлекеттік қолдау 96,8 мың адамға, оның ішінде 59,9 мың адам ауыл тұрғындарына көрсетілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 7,9 мың адам, жастар практикасына 5,3 мың адам жіберілді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін өңірлерде 6 396 жұмыс берушімен келісімдер жасалды, оларға сәйкес халықтың нысаналы топтарына жатқызылған жұмыссыз азаматтар қатарындағы 24 334 (жоспар 18 706 адам – 130,1%) адам жұмысқа орналастырылды.

Бұл ретте, 2013 жылы 2012 жылы жұмысқа орналастырылғандар қатарындағы 3 037 адам жұмыстарын жалғастырды. Орташа айлық еңбекақының мөлшері 45,0 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына 13 046 адам орналастырылды. 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтағандар қатарынан 2013 жылы 5 446 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасын ұйымдастыру шеңберінде 8 183 жұмыс берушімен келісім жасалып, оларға сәйкес 23 523 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспардың 135,7 %-ын (17 334 адам) құрайды. Бұл ретте, 2013 жылы 2012 жылы жолданғандардың қатарындағы 2 908 адам жұмыстарын жалғастырды.

Жастар практикасынан өткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына 6 409 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеуге 2 985,2 млн. теңге жұмсалды (бір жылға бөлінген соманың 99,8%-ы).

«Жастар еңбек биржасы» порталы құрылды, «Работа» порталында күн сайынғы жүкетумен «Вакансии по молодежной практике», дауыс және бейне байланыст арқылы жұмыс беруші-іздеуші хабарласу мүмкіндігімен «Ярмарка вакансий» айдарлары құрылды. Сонымен бірге, порталдардың деректері арқылы халыққа жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағдарламаларына қатысу ережелері туралы ақпарат беру қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет