2011-2020 жылдарға
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасымен 10 негізгі бағыттар қарастырылған, соның 7-і 7 индикаторлар және 25 көрсеткіштер бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің құзыретіне (қызмет бабындағы міндетіне) жатады.
Мемлекеттік бағдарламаның 7 көрсеткіштері мен индикаторлары бойынша мерзімінен бұрын 100% орындаушылық қамтамасыз етілді:
-
тасымалдауды ұйымдастыру;
-
күн көрісі төмен отбасылар балаларын тегін тамақпен қамтамасыз ету;
-
3-ауысымды, апатты мектептердің жоқтығы;
-
оқушылар орындарының жетіспеушілігінің жоқтығы;
-
оқулықтармен тегін қамтамасыз ету;
-
мектеп алды даярлықпен қамтамасыз етілген, 5-6 жастағы балалар үлесі;
-
3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту.
Республикамен жоғарыда жоспарланған Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы 1-кезеңнің қортындылары бойынша (2015 жыл) 19 көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша орындаушылық белгіленді:
Анықтама ретінде:
Педагогтің мәртебесі бағыты бойынша:
- жоғары және бірінші санаты бар, мектептер педагогтарының үлесі бойынша – 68,4 (ҚР 2015 жыл-47%);
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағыты бойынша:
- педагогтардың жалпы санынан біліктілігін арттыру курстарынан өткен, педагог жұмыскерлер үлесі бойынша — 83,4% (ҚР 2015 жыл-29%);
- көп тілде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер үлесі – 50% (ҚР 2015 жыл-15%);
- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған, мектепке дейінгі мекемелер үлесі - 81% (ҚР 2015 жыл-8,5%);
- балалар инновациялық жобалаларын қорғау бойынша сайыстарға қатысатын, мектепке дейінгі мекемелер үлесі — 45 (ҚР 2015 жыл-15,5%).
«e — learning» электрондық оқыту бағыты бойынша:
- оқытуда АКТ қолдану бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен, педагогтар үлесі — 91% (ҚР 2015 жыл-90%);
- білім беру мекемелерінде электрондық оқыту жүйесін қолдану – 83% (ҚР 2015 жыл-50%);
-
1 компьютерге деген оқушылар саны — 6,5 (ҚР 2015 жыл-10).
-
- менеджмент саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен, басшылар үлесі бойынша-51% (ҚР 2015 жыл-50%).
Орта білім бағыты бойынша:
- жаңа модификациядағы кабинеттері бар, мектептер үлесі – 100% (ҚР 2015 жыл-40%);
- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған, мектептер үлесі бойынша – 35%(ҚР 2015 жыл-25%);
- жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, оқушылар үлесі бойынша — 60% (ҚР 2015 жыл-50%);
- мектептерде оқушыларды спорттық секцялармен қамту – 90% (ҚР 2015 жыл-25%);
- оқушыларды спорт мектептерімен қамту – 41% (ҚР 2015 жыл-12%);
- оқушыларды көркем-сурет, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамту – 89,1% (ҚР 2015 жыл-23%);
- Қамқоршылық кеңестері құрылған, білім беру мекемелерінің үлесі — 93% (ҚР 2015 жыл-45%);
- педагогтардың жалпы санынан ваучерно-модульдік жүйе бойынша біліктілігін арттырған, педагог жұмыскерлер үлесі – 23% (ҚР 2015 жыл-20%);
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бағыты бойынша
- жастар саясаты мен патриоттық тәрбиелеу саласындағы шараларды іске асыруда өз үлесін қосатын, жастар үлесі бойынша-59 (ҚР 2015 жыл-31%);
- жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын, жастар үлесі бойынша –41%(РК 2015 год-28%);
- менеджмент саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен, басшылар үлесі бойынша-51% (ҚР 2015 жыл-50%).
Қаланың білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай іске асыру, рейтингтік ұстанымдарды арттыру үшін, қаражат жетіспеушілігі мәселелерінің шешімі қажет.
Қаржыландыру қажеттілігі:
1. № 31 ЖОМ жылы әжетханалар орналастыру үшін КБМ орнату арқылы ұңғыма бұрғылау және су құбырын орнату үшін ЖСҚ әзірлемесі қажет.
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемелерімен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 707,7 млн.теңге сомасына 46 жоба әзірленді.
Анықтама ретінде: мектептер бойынша 392,7 млн.тенге сомасына 31 жоба; 13 мектепке дейінгі мекемелер бойынша-250,4 млн.тенге; 2 мектептен тыс мекемелер бойынша - 64,6 млн.тенге.
3. Білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға 159,3 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат қажет:
Анықтама ретінде:
- 25,2 млн.тенге мектептер үшін спорт жабдықтар алуға;
-17,1 млн.тенге 40 мектептің жоғары сыныптарына жиһаздар алу үшін;
-46,0 млн.тенге мектептердің компьютерлік паркін жаңарту үшін;
-42,0 млн.т. мектеп шеберханаларын жабдықтауға;
-29,0 млн. мектепке дейінгі мекмелердің технологиялық жабдықтарын ауыстыруға.
Жоғарыда аталған мәселелердің шешімі рейтингтік көрсеткіштердің артуын және қаланың білім беру жүйесінің қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |