Жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат



Дата23.02.2016
өлшемі298.26 Kb.
#9093
6. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын

орындаудың барысы туралы

ТАЛДАУХАТ
Бағдарламалық құжаттың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) Шемонаиха аудандық мәслихаты сессиясының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №34/9-V шешімімен бекітілген.

Бағдарлама жергілікті атқарушы органдардың және ауданның даму үдерісінің басқа да қатысушыларының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, азаматтардың әл-ауқатының өсуін көтеруге және аймақтың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін, аймақтың дамуының негізгі бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, олардың көрсеткіштерін көрсететін күтілетін нәтижелерді, қажетті ресурстарды қамтиды.

Жергілікті атқарушы органдар үшін көрсеткіштердің базалық тізімі бекітілгеніне байланысты нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне түзету жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары Бағдарламаға байланыстырылды. Сонымен бірге Бағдарламаның барлық бөлімдері салалық басқармалармен келісілген.

Шемонаиха ауданы әкімдігі қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың 2013 жылғы қорытындысына сәйкес ағымдағы және әлеуетті мәселелерді анықтайтын Бағдарламаның «Ағымдағы жағдайын талдау» бөлімі өзектендірілді.

Бағдарламада 5 стратегиялық бағыттар, 27 мақсаттар, 33 нысаналы индикаторлар, 51 нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. Олардың ішінде жыл қорытындысы бойынша 29 (87,9 %) нысаналы индикаторлар, 47 (92,2 %) соңғы нәтижелер орындалды.

0Бағдарламаның бағыттары бойынша талдау қорытындылары келесідей:



«Өнеркәсіпке, агроөнеркәсіптік кешенге, инвестицияларға, шағын және орта кәсіпкерлікке, саудаға, туристік салаға және қоршаған ортаға жоғарғы өндірістік инновациялық технологияларды енгізу негізінде аудан экономикасының жылдам дамуы» 1 стратегиялық бағыт бойынша 6 нысаналы индикатолрлар, 9 нәтиже көрсеткіштері қарастырылған, оның ішінде жыл қорытындысында 5 (83,3 %) нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, 9 (100 %) нәтиже көрсеткіштері орындалды. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 31 іс-шара қаралған, оның 29 іс - шарасы орындалды.

Шоғырландыру және бәсекеге қабылеттіліген арттыру арқылы өнеркәсіптің мықты және тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикаторлар, 1 нәтиже көрсеткіштері және 2 іс-шаралар қаралған. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

2014 жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 43,1 млрд.теңге, ол өткен жыл деңгейіне 155,6 % құрайды. Табиғи көлем индексі 138,5 %.

Аудан өнеркәсібінің негізгі үлесін тау-кен саласы алады (72,4 %), онда өткен кезеңде сомасы 31,2 млрд.теңгеге өнім өндірілген, 2013 жылға 177,9 %. Табиғи көлем индексі 140,9 %. Николаевск кен байыту фабрикасын қайта жаңғырту нәтижесінде Артемьевский кен орнынан кен өңдеу және металдардан бір аттас концентраттар алу ұлғайтылды.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнен 25,4 % алады. Салада сомасы 10,9 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, ол 2013 жыл деңгейіне 115,6 % құрайды. Сала бойынша ТКИ – 123,7 %.

2014 жылы іске асқан жоба:

- «Шемонаиха ұн тарту комбинаты» ЖШС құрама жем өндіру», жобаның құны 530,4 млн.теңге.

Іске асып жатқан жобалар:

- Ыдыс және орауыш материалдарды дайындау, жобаны бастаушы «Наумбетов И.И.» ШҚ, 120,0 млн.теңге, 25 кем емес жұмыс орны құрылады. Ағымдағы жағдайы: сатып алынған құрал-жабдықтарды орнату жүргізіліп жатыр.

- Жалпы сомасы 84,3 млн.теңгеге ПЭТ үрлеу және күнбағыс майын құю үшін шөлмектерді этикет қағаз жапсыру бойынша желі (өндірістік қуаттылығы 6000 шөлмек/сағ) және шемішкелерді қауызынан айыру үшін ұсақтау кешені (өндірістік қуаттылығы 2500 кг/сағ). Жобаны бастаушы «Востоксельхозпродукт» ЖШС. Кәсіпорын «Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша кредит алды. Құрал-жабдықтар орнатылды.

- «Ремдор» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру». Ағымдағы жағдай: трансформатор орнатылды, электр беру желілері жүргізілді, монтаждау жұмыстары жүргізілді, құрал-жабдық сатып алынды. Жобаның құны 50 млн.теңге.

«Выдрихинское» ЖШС полиметалдық кен орындарын өңдеуге рұқсат алу рәсімі өткізілді, жер қойнауын пайдалануға келісім-шартқа қол қойылған жоқ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде растауда.

Агроөнеркәсіп кешені бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 нәтиже көрсеткіштері және 11 іс-шаралар қаралған.

Жыл қорытындысы бойынша қарастырылған индикаторларға, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 10 іс-шара орындалды. Мал қорымын ұйымдастыру және құру бойынша іс-шара орындалған жоқ.

Мамандануы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы дамыған мал шаруашылығымен өсімдік шаруашылығына бағытталған. Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрылымында 60%, мал шаруашылығы 40 % алады.

2014 жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімінің құндық тұлғаланудағы көлемі 15 836,3 млн.теңгені құрады, табиғи көлем индексі – 105,9 %. Мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6330,8 млн.теңгені құрады, ТКИ – 102,4 %, өсімдік шаруашылығы – 9505,5 млн.теңге, ТКИ – 108,0 %.

5,5 мың тонна, өткен жыл деңгейіне 102,0 % ет, 41,3 мың теңге (102,8%) сүт, 8,3 млн.дана (101,3 %) жұмыртқа өндірілді. Талданып отырған кезеңде ІҚМ 26,2 мың басты құрады, 2013 жыл деңгейіне өсім 2,3 %, оның ішінде сиыр 10,1 мың бас немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,8 % құрады, шошқа – 11,1 мың бас (53,8 %), ешкі және қой – 12,9 мың бас (100%), жылқы-3,2 мың бас (100,1%), құс–65,5 мың бас (100,2 %).

Сүтті өнімдердің жоғарғы көрсеткіштеріне (бір жем сиырға 6 мың кг астам) «Камышинское» ш/қ және «Камышинское 2» ЖШС қол жеткізілді, аудандағы сүт беретін ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы олардың үлес салмағы 50 % астам.

Сүтті мал шаруашылығы өнімінің өсуіне жақсы ұйымдастырылған селекциялық-тұқымды жұмыс әсер етеді. Ауданның ауыл шаруашылығындағы тұқым базасы симментальды (қуқыл сары-тарғыл) және қара-тарғыл тұқымды өсіретін 5 тұқымды ауыл шаруашылығы құрылымдарынан тұрады.

Жүргізіліп жатқан селекциялы-тұқымды жұмыстар қолда бар тектік қорды сақтау және кеңейтуге, мал бастрының өнімділігінің сапасын және тұқымын жақсартуға, оның ішінде шетелдік тектік қорды пайдалануға бағытталған, нәтижесінде жалпы үйір құрылымында тұқымды малдардың үлес салмағы 41,2 % құрайды.

2014 жылы ауданда мал шаруашылығын қолдауға және дамытуға 463,8 млн.теңге көлемінде субсидия төленген (2013 жыл – 404,96 млн.теңге).

2012 жылдың наурыз айынан бастап «Шемонаиха ауданының ветеринарлы қызметі» МКК жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын ауыл шаруашылығы малдарына бруцеллезға серологиялық зерттеулер, дезинфекциялық, эпизоотикаға қарсы (екпе егу, тексеру, серологиялық зерттеулер) жүргізді. 2013 жылы барлығы 34 млн.теңгеге 10 автокөлік, ДУК мамандандырылған автокөлік, жиһаз, мұздатқыштар, компьютерлер, ветеринарлық құрал-жабдық және саймандар, сейф тоңазытқыштар, 1 инсенератор, стационарлы және жылжымалы фиксаторлар алынды. 2014 жылы 1 мал тасымалдайтын көлік, 1 жылжымалы инсенератор, 10 электрогенератор. Эпизоотикалық қолайлы жағдай үшін Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізілуде. Оларды жүзеге асыру үшін 2014 жылы 22509,0 мың теңге бөлінді, олар толық игерілді. Бұл барлық малдарды 10 аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы егуге, сонымен қатар 26 ауруды диагностикалауға, облыс аумағында эпизоотикалық қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылық малдарын нақты есепке алу және алдын-алу шараларымен толық қамту мақсатында ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды және жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа 1,2 млн.теңге бөлінді және игерілді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 2014 жылы 1593,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Ауылдық округтерде мал басын көбейту бойынша тұрғындармен, сонымен қатар ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен халықты ірі және концентратталған жеммен, жасанды ұрықтандыру, жас малдарды сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың негізгі іс-шаралары шаруашылықты ірілендіру, тұқым материалдарымен жұмыс істеуді қамтиды.Ауданның көптеген шаруашылықтарында егіс айналымы сақталған.

Ауыл шаруашылығының барлық жерлері пайдаланылады тасталған және тыңайған жерлер жоқ.

2014 жылдың қорытындысы бойынша:

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы жиыны 140,9 мың тонна (2013 жылға 122,5 %), орташа өнімділік 18,5 ц/га (125,0 %); күнбағыстың жалпы жиыны - 62,4 мың тонна, (2013 жылға 105,2 %), орташа өнімділік 17,9 ц/га (121,8 %); картоптың жалпы жиыны - 25,5 мың тонна, (2013 жылға 68,2 %) орташа өнімділік 170,5 ц/га (71,9 %) құрады.

57,5 мың тонна шөп дайындады, ол қажетті көлемнен 101% құрайды (57 мың тонна), 15,2 мың тонна пішендеме дайындалды, ол жоспардан 108 % құрайды (14 мың тонна), 13 мың тонна сабан дайындалды.Сүрленген шөп 73 мың тонна дайындалды, қажетті көлемнен 100 % құрайды. Орташа жылдық сүт және ет өндіруге 59,0 млн. азық бірлігі дайындалған, ол талап етілгеннен 110 % құрайды.

Күздік дәнді дақылдар 2,5 мың га жерге егілді, оның ішінде: 0,8 мың га алаңға қарабидай, 1,6 мың га алаңға күздік бидай.

Ауыл шаруашылығының шағын құрылымдарын ірілендіру аясында 2015 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтарының саны 312 бірлікті құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына - 333).

Ауданның ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері сомасы 734 млн.теңгеге 35 бірлік ауыл шаруашылық техникасын, оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 380,0 млн.теңгеге 15 бірлік, «ШемАгрокредит» АҚ арқылы сомасы 45 млн.теңгеге 10 бірлік сатып алды.

Туризмді дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші және 4 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2014 жылы Шемонаиха ауданының туризмін дамыту жол картасы жасалды. Ауданның туристік әлеуеті қонақүйлердің, мыс-химиялық комбинатының «Ивушка» емдеу-сауықтыру орнының, Выдриха ауылындағы «Уба шипажайы» КММ болуымен сипатталады. Ауданда барлығы 10 туристік объект, оның ішінде өмір сүруді ұйымдастыру қызметін ұсынатын 8 қонақүй бар.

Туристік қызметтердің көлемі 61,1 млн.теңге, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 114,6 % құрайды (53,3 млн.теңге). Ішкі туризмге келушілердің саны 4426 адам және көшпелі туризмдікі – 1329 адам, өткен жыл деңгейіне өсім сәйкесінше 2,6 % және 8,46 есе.

Қызмет көрсетілген келушілер саны 5755 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсім 28,7 % (4472 адам).

2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде «Наумбетов» ЖК сомасы 6,0 млн.теңгеге «Шемонаиха-Өскемен автожолының 7 км кемпинг құрылысы» жобасы іске аса бастады. Жобаның ағымдағы жағдайы: ғимарат тұрғызылды, әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда су, жаяу жүру, шатырлы-аялдау, құзға шығу, ат туризмі, спорттық балық аулау сияқты туризм түрлерін дамытуға табиғи әлеует бар.

2014 жылы 400 астам адам келесі іс-шараларға қатысты: Уба өзенінде жүзу, біркүндік шаңғылық жаттығу жорықтары, туризм бойынша жорық-семинарлар, тренингтер, семинарлар және т.б..

Ішкі сауданың серпінді дамуы бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 11 іс-шара қаралған. Барлық жоспарланған индикторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2014 жыл қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымның көлемі 9618,2 млн.теңгені құрады немесе 2013 жылғы деңгейге салыстырмалы бағамен 107,4 %.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2014 жылы аудандағы шағын бизнес субъектілерінің саны 4411 бірлікті құрады (2013 жылы – 3917 бірлік).

2014 жылғы 1 қаңтарға әрекет ететін кәсіпорындар саны – 149 бірлік, 2013 жыл деңгейіне 94,9 %, оның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері – 139 бірлік, өткен жыл деңгейіне 93,9 % (148 бірлік).

Жұмыспен қамту жол картасы-2020, Бизнестің жол картасы- 2020 бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» Бағдарламасының екінші бағыты аясында 2014 жылы шағын несиелеуге 231,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: мал шаруашылығын дамытуға – 104,7 млн.теңге: 446 бас ІҚМ сатып алынды, оның ішінде: 55 бас төлдейтін мал, 700 бас құс, 44 жылқы, оның ішінде 37 бас төлдейтін бас, 209 ҰҚМ, 122 шошқа, 350 ара омартасы; кәсіпкерлікті дамытуға 126,5 млн.теңге: туризмді дамыту, наубайхана, дәнекерлеу цехын, тігін ательесін, күнбағыс майын өңдеу цехын, косметикалық салон ашу, корпустық жиһаз дайындайтын цехті, ағаш өңдеу цехын кеңейту, төлем терминалдарын орнату, ауыл шаруашылығы үшін мамандандырылған техника сатып алу, жүк және жолаушылар тасымалы.



Бизнес-климатты жақсарту және аудан экономикасына инвеситициялардың келуін ынталандыру бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 2 іс-шара қаралған. Жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

«Негізгі капиталға инвестицияның табиғи көлем индексі» нысаналы индикаторына қол жеткізілген жоқ, жоспар бойынша 123,1 %, орындалу 54,4 %. Төмендеу себебі: 2013 жылы Артемьевск өндірістік алаңында ірі бір реттік инвестициялық салымдар салынған.

2014 жыл қорытындысы бойынша аудан экономикасына 9301,4 млн.теңге инвестициялар тартылды немесе 2013 жыл деңгейіне 54,5 %, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаражаттары 7266,0 млн.теңге, борыш қаражаттар – 328,7 млн.теңге, республикалық бюджет – 646,4 млн.теңге, жергілікті бюджет – 1060,3 млн.теңге.

2 стратегиялық бағыт. «Әлеуметтік саланы және адам әлеуетін дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрімен қамтамасыз ету» бойынша 15 нысаналы индикатор, 31 нәтиже көрсеткіштері қарастырылған, жыл қорытындысы бойынша 14 нысаналы индикаторға (93,3 %), 30 (96,8 %) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында іске асырылуға 64 іс-шаралар қарастырылған, оның 60 іс-шарасы орындалды.

Білім берудің сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын арттыру және балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін 2 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіштері және 16 іс-шаралар қаралған. Бюджеттік қаражаттың болмауынан автобустар сатып алуға қаржы бөлінген жоқ, сондықтан 1 іс - шара орындалмады. Қазіргі кезде 284 оқушыны 17 автобуспен тасымалдау жүзеге асырылады.

Ауданда 5135 оқушысы бар жалпы білім беретін 24 мектеп, 1487 бала бар 3 қосымша білім беретін мекеме, ол жалпы оқушылар санынан 30 % құрайды, 1615 мектеп жасына дейінгі бала бар 3 балабақша, 380 мектеп жасына дейінгі балалар 6 «Мектеп-балабақша» кешені және 389 тәрбиеленушісі бар 14 шағын орталықтар (19 топ), 570 тәрбиеленушісі бар мектепке дейінгі 35 даярлық сыныбы (2013 ж. – 558) жұмыс істейді.

ҰБТ орташа балы 71,9 (2013 ж. – 70,2).

Аз қамтылған отбасынан шыққан барлық 355 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған, 8079,2 мың теңге игерілді.

Бастауыш сынып оқушылары, аз қамтылған отбасынан, көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Ауданның барлық мектептері Интернет желісіне қосылған, оның ішінде 13 мектепте (барлық мектептер санынан 54, 2 %) кепілденген жылдам кең жолақты Интернет бар.

Лигнафонды мультимедиялы кабинеттермен жабдықталған мектептер үлесі 64% құрайды, химия – 52,5 %, биология -43,5 %, физика-60,9 %.

24 мектептен 19 мектепте спорт зал, 22 спорт алаңдары, Шемонаиха қ. және Первомайский кентінде 2 шаңғы базасы, жасанды жабынмен 9 футбол алаңы, оның ішінде 2014 жылы орнатылған 1 футбол алаңы бар.

Шығармашылық үйінің жанында 55 баланы қамтитын «Смена», «Олимп» 2 аула клубы бар.

2014-2015 оқу жылында 564 педагогтың 97-сі жоғары санатты (17,2 %), бірінші санатты – 183 (32,4 %), екінші санатты – 157 (27,8 %), санатсыз 127 (22,5 %).

2014 жылы жөндеу жүргізілді:

- Рулиха мектебінің шатырын күрделі жөндеу – 17 млн.793 мың теңге, Камышинка мектебінің шатырын ағымдағы жөндеу 19 млн.685 мың теңге;

- Убинка мектебін ағымдағы жөндеу – 2 млн.688 мың теңге;

- Зевакино мектебін ағымдағы жөндеу (жылыту жүйесі) 1736,0 теңге;

- Островский атындағы мектепті ағымдағы жөндеу – 5 млн.507 мың теңге.

Октябрьский, Пруггерово және Медведка ауылдарында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Ауданның білім беру объектілері бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 20,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 4,09 млн.теңге, аудандық бюджеттен 16,5 млн.теңге.

«Аудан халқының денсаулығын сақтау және нығайту» мақсаты бойынша 3 нысаналы индикатор, 13 нәтиже көрсеткіштері және 4 іс-шараны іске асыру қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикаторға, 15 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 5 іс-шара орындалды.

Науқастардың медициналық көмекке уақытында жүгінбеуінен, тексеруден өтуден және уақытында емделуден бас тарту, аурулардың алғашқы сатыларын құпия сақтаудың нәтижелерінен онкологиялық өлім санының артуы көрсеткіші төмендеген жоқ.

Шемонаиха ауданының халқына Елбасының «Қазақстан 2050» стратегиясы» Жолдауына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы № 193-4 ҚР Кодексіне, ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық көмектер көрсетіледі.

Халықтың медициналық қызметтің сапасына қанағаттану деңгейі 90,5% құрайды.

2014 жылы аудан халқының орташа өмір сүру деңгейі 67,9 жасты құрады. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,5 деңгейінде, 2014 жылы өлім-жітімнің абсолюттік саны 708 жағдайды құрады. Өлім-жітім құрылымында көп жылдар бойы бірінші болып тіркелетін өлім түрі қан айналым жүйесінің аурулары (ҚЖА), 2-3 орында кезекпен жарақаттану мен улану және қатерлі ісік аурулары. Ана өлімі тіркелген жоқ. Нәресте өлімі азайды: 2014 жылдың көрсеткіші 5,3 (3 жағдай) құрады, 2013 жылы–12,9 (8 жағдай), сонымен қатар бала өлімі азайды (0 және 5 жас аралығы) 2013 жылы 2,6-дан (8 жағдай) 2014 жылы 1,8-ге (5 жағдай) дейін. Ана және бала денсаулығын жақсарту мақсатында келесі бағдарламаларды енгізу жалғасады: емшекпен емізуді қолдау және ынталандыру, тек емшекпен еметін 6 айға дейінгі балалар үлесін арттыру, қауіпсіз аналық, перинаталды көмекті аймақтандыру, балалар ауруын жүргізуді біріктіру.

Өткен жылмен салыстырғанда «туберкулезге тәуекел топтар» тұлғаларды флюрозерттеуден өткізуге тарту бойынша АМЖЖ медициналық қызметкерлерінің белсенді жұмыстарының есебінен туберкулезбен ауру 100 мың тұрғынға 47,6 дейін азайды (2013 жыл – 74,7). Туберкулезбен ауыратын науқастар толық көлемде әлеуметтік пакетпен қамтылды (тамақтану және жол жүру жеңілдіктері).

2014 жылы жалпы халық санынан скринингтік тексеруден өткендер 46,4 % құрады және барлық нозологиялар бойынша 100 % орындалды. 15-49 жас аралағындағы АҚТҚ инфекциясын таратуды азайту болжанған шеңберде 0,2-0,6 %. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар тегін, жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларға жатқызу деңгейі 4,5 есеге азайды. АМСК мамандарының жалпы санынан жалпы тәжірибесі бар дәрігерлердің үлес салмағы 43,0 %.

Ағымдағы жылы ауданның медициналық мекемелеріне 2 дәрігер-терапевт жас мамандар жұмысқа қабылданды.

2014 жылы Сугатовка және Выдриха ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, Первомайский ауылдық ауруханасының жылыту жүйесі сомасы 27,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

2015 жылы Рулиха ауылына дәрігерлік амбулатория салу қарастырылған.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша 4 нысаналы индикатор, 4 нәтиже көрсеткіштері және 8 іс-шараны іске асыру қарастырылған. Барлық индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру есебінен жұмыссыздық деңгейі 4,8. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанына орташа айлық еңбекақы өткен жыл деңгейіне 11,3 % өсті және 96 506 теңгені құрады. 2014 жылы аз қамтылған азаматтар саны 2,8 % немесе 21 адамға азайды және 716 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына 737 адам).

2015 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 178 адам, ол 2013 жылғы деңгейден 5,8 % төмен (189 адам). Талданып отырған кезеңде 502 жаңа жұмыс орындары құрылды, ол 2013 жылғы деңгейден 145,1 % жоғары (346 жұмыс орны).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 20 % (2013 жылы – 233 адам, 2014 жылы – 186 адам), тұрғын үй көмегі – 20 % (2013 жылы – 721 адам, 2014 жылы – 580 адам), балалар жәрдемақысы – 21% (2013 жылы – 178 адам, 2014 жылы – 140 адам) азайған.

ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам жұмысқа орналастырылды (2013 жыл – 79 адам), 120 адам кәсіби оқумен қамтылды, оның ішінде 116 адам немесе 97 % жұмысқа орналастырылды (2013 жыл – 106 адам, жұмысқа орналасқандары 91 немесе 86 %), жастар практикасына 46 жас маман жіберілді, жастар практикасы аяқталғаннан соң 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (2013 жыл – 40 адам, жұмысқа орналасқандары 100 %).

Әлеуметтік инфрақұрылымның 10 объектісіне мүгедектерге мүмкіндік жасалған (пандустар орнатылған).



Отандық мәдениетті насихаттау, дәріптеу және сақтау бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 5 іс-шараны іске асыру қарастырылған. Жыл соңына нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды. Бюджеттік қаражаттың болмауынан мәдениет мекемелерін компьютерлендіруге қаражат бөлінген жоқ. Қазіргі кезде аудан кітапханаларындағы 21 компьютердің 16 Интернет желісіне қосылған, Достық үйінде 5 компьютер, оның 3 Интернет желісіне қосылған.

2014 жылы аудан аумағында мәдениет ұйымдарының кең желісі қызмет етті: 19 кітапхана, 17 мәдени-демалыс үлгісіндегі мекемелер, тарихи-өлкетану мұражайы, Достық үйі. Бұл барлық тілек білдірушілерге тарихи-мәдени мұраға қатысуға мүмкіндік берді. Мәдениет мекемелерінің қызметшілерінің саны 127 адамды құрайды.

2014 жылы барлығы 210,1 мың адамды қамтитын 4703 мәдени-бұқаралық және қоғамдық – саяси іс-шаралар өткізілді. Өңірдің мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Оқырмандар саны – 15,9 мың адам, берілген кітаптар саны – 342,2 мың дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде – 21,2 мың дана кітап, келушілердің орташа саны – 348 адам. Кітапханалар қорына 5,98 мың дан кітап түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1,98 мың дана кітап, аудандық бюджет қаражатына сомасы 445,0 мың теңгеге 841 кітап сатып алынды. Мерзімдік басылымдарға 2874,3 мың теңгеге жазылулар жүргізілді. Барлық іс-шаралар мерзімінде БАҚ, аудан әкімінің сайтына жарияланады. Аудандық орталық кітапханаға жалпы сомасы 1725,2 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді (балаларға қызмет көрсету залына жөндеу жүргізілді, әкімшілік, абонемент, онлайн-орталық, санитарлық-тұрмыстық ғимараттар жартылай жөнделді). Аудандық балалар кітапханасының шатырына, Достық үйінің ғимаратының ішкі жағына жартылай жөндеу жүргізілді. «Ауылдық онлайн-орталықтар» жобасы қызмет етеді, ауданның кітапханашылары қажеттіліктері ерекше пайдаланушыларды ақпартаттық-білімдік қолдауды жүзеге асырады, сондықтан кітап тасу ұйымдастырылған, оңалту орталықтарына баратын балалар үшін көшпелі мерекелер өткізіліп тұрады.

Мәдениет мекемелерінің техникалық – материалдық базасы жылдан жылға жақсаруда. 2014 жылы 515 мың теңгеге музыкалық аппаратура, 1285,0 мың теңгеге креслолар, 466,8 мың теңгеге перделер, 1230,0 мың теңгеге сахналық костюмдер, 209 мың теңгеге столдар, мемлекеттік рәміздер сатып алынды.

Ауданда Мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енген 33 жергілікті маңызы бар ескерткіштер бар. Барлық теңгерім ұстаушылармен күзету міндеттері жасалған. Сәулеттерді қорғау ордерлерінің нөмірлерімен кестешелер ілінген. Аудандағы ескерткіштерге күтім жасау (бояу, ағарту) ауылдық округтер мен орта мектептерге жүктелген.

2014 жылы Шемонаиха қаласында Ауғанстаннан әскердің шығуының 25 жылдығына және Чернобыль апатының 35 жылдығына арналған стела орнатылды.



«Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту» мақсаты бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 5 іс-шараны іске асыру қарастырылған. Жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілді.

2014 жылы мемлекеттік тілді (мемлекеттік және басқа тілдерді) қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аудандық мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығымен барлық тұрғындар санаттарына оқытуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды, онда 180 тыңдарман мемлекеттік тілді үйренуде. 25 мемлекеттік мекеме оқумен қамтылған. Ауданның елді мекендеріндегі жалпы білім беретін мектептер негізінде 22 үйірме ұйымдастырылған, онда 547 тыңдарман қазақ тілін оқып жатыр. Мемлекеттік тілде 355 оқушыны қамтитын мектеп, мектепке дейінгі мекеме («Ақбота» балабақшасы КМҚК) жұмыс істейді. Орта оқу орындарында, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар жанында мемлекеттік тілді үйрететін үйірмелер ұйымдастырылған және Достық үйі негізінде мемлекеттік тілді игеру үшін жағдай жасалған. Жалпы аудан бойынша оқыту үдерісіне 636 адамды қамтитын 73 үйірме тартылған. Насихаттау әр түрлі нысандағы бұқаралық іс-шаралар өткізу жолымен жүргізіледі. Есепті кезеңде тілдерді дамытуға арналған 53 іс-шара өткізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік тілмен қатар қоғамдық өмірдің барлық саласында ресми түрде орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталады және дамуда. Сонымен қатар ағылшын тілін оқыту үшін жағдай жасалуда. Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілін оқытатын 2 бастауыш және 1 жалғастырушы топтар жұмыс істейді, оқушылар саны 25 адам. Ағылшын тілін оқу ауданның барлық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына міндетті. Ана тілін және басқа тілдерді үйрену үшін ауданның жалпы білім беретін мектептерінде жексенбілік мектептер және үйірмелер құрылған. Мысалы, Гагарин атындағы орта мектеп негізінде 10 жылдан артық неміс мәдени орталығы 15 адамға ана тілдерін оқытады («Возрождение» қоғамы).



Бұқаралық спортты және спорттың жоғарғы жетістіктерін дамыту. бойынша 1 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші және 11 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, 10 іс-шара орындалды. Бюджеттік қаражаттың болмауынан Зевакино а. жасанды жабынмен шағын-футбол алаңына қаражат бөлінген жоқ.

Ауданда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 12501 адам (халық санынан 27,1 %).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның жаңа он жылдығы – жаңа экономикалық өрлеуі – жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына, Шемонаиха ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2015 жылы аудан халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар санын 30 % арттыру жоспарланған.

Ауданда дене шынықтыру сабақтарын өткізу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу үшін 97 спорттық ғимараттар жұмыс істейді, оның ішінде 3 стадион, 25 спорт залы, 2 спорттық кешен, жеңіл атлетикалық манеж, 3 шаңғы базасы, 4 атқыш тирі, 28 спорт алаңдары, 16 футбол және шағын-футбол алаңдары, 5 жүгіретін жолы бар футбол алаңдары, 2 хоккей қорабы, 3 атлетикалық гимнастика залы, аэробика және күрес залы, «Самсон» аула клубы бар, оның ішінде 2014 жыл көлемінде Первомайский к. жасанды жабынмен шағын футбол алаңы орнатылған



Ұлттар бірлестігін қамтамасыз ету және қазақстандық отаншылдықты нығайту, Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 нәтиже көрсеткіштері және 6 іс-шар қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ақпараттық – насихаттау жұмыстары үш бағытта жүргізіледі: ақпараттық – имидждік, ақпараттық – бұқаралық, әдістемелік-аналитикалық.

4 идеологиялық актив өткізілді, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қаражатына 328 млн.теңгеге 43 жоба іске асты, аудан әкімі жанындағы 7 ақпараттық-насихаттау және аумақтық нышаны бойынша 18 топ мүшелерінің жұмысы жүйелі түрде жүреді, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған іс-шаралар өткізілді, «Дүниетаным-Мировоззрение» қоғамдық-саяси клубы тұрақты түрде жұмыс істейді, 5 отырыстар, дөңгелек үстелдер, 9 этномәдени бірлестіктер және «Қазақ тілі» қоғамы өкілдерінің қатысуымен кездесулер, «Бір шаңырақ астында» халықтар достығы фестивалі, шерулер, спорттық бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру»; «Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету технологиясын дамыту бойынша әлеуметтік қызмет (этникааралық қарым-қатынастың қазақстандық моделін насихаттау, діни ағымдардың мәні туралы халықты ақпараттандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту)» жобалары іске асты.

Өткізілген іс-шаралар: 2 жастардың аудандық форумы, «Белсенді жастар мектебі», 8 дөңгелек үстелдер, жастардың белсенді қатысуымен «Патриот» айлығы, «Зажги свечу памяти» және «Милосердие» акциялары, ән және сап байқауы, «Осол-2014» оқу-жорық жиыны, аудан әкімінің округ өкілдерімен, жастар көшбасшыларымен, «Дипломмен ауылға» Бағдарламасы бойынша ауданға келген жас мамандармен кездесуі, дөңгелек үстелдер, ҚР мемлекеттік рәміздері, Конституциясы, аудан тарихы туралы байқаулар және сұрақ-жауап сайыстары, «Подвигам нет срока давности» аудандық шығарма жазу сайысы, қоғамдық-саяси іс-шаралар бойынша қабырға плакаттары сайысы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған автожарыс, Астана күніне арналған веложарыс және «ШАРМиДО» ҚБ акциясы, шекара маңындағы аудандардың шекаралық ынтымақтастығы бойынша меморандум аясында РФ Алтай өлкесінің жастар делегациясымен жұмыс, «Жас Отан «Нұр Отан» партиясының Шемонаиха аудандық филиалымен «Жолдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бірлсекен жұмыс.

Іске асқан жобалар: «Жастардың патриоттық сана сезімін, азаматтық жауапкершілігін жоғарылатуға, белсенді қоғамдық позициясын және әлеуметтік оптимизмін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру», «Аудандық және туристік-экологиялық- өлектану жұмысын насихаттауға, жастардың белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шекаралық ынтымақтастық бойынша меморандум шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру», «Жастар саясатының іске асу барысын ақпараттық қамтамасыз ету, Қазақстанның 2050 жылға дейін стратегиялық даму бағыты бойынша жастар үшін іс-шаралар ұйымдастыру».



Көшелерді және қоғамдық орындарды сенімді құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және есірткінің заңсыз айналымда болуымен байланысты қылмыстарды анықтау бойынша 1 нысаналы индикатор, 3 нәтиже көрсеткіштері және 5 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

2014 жыл қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының ішкі істер бөліміне басқа да мемлекеттік құрылымдардың өзара көмегі ретінде қабылданған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралардың нәтижесінде Шемонаиха ауданныың аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында қаралған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарды алдын-алу және болдырмау, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейту мақсатында жол полициясы желісі бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, сондықтан аудан аумағында ЖКО саны 18 азайды (28). 2283 рет ЖЖЕ бұзылғаны анықталған, оның ішінде 150 –мас күйінде автокөлікті басқару. «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіздік аптасы», «Стробоскоп», «Автобус» жедел алдын-алу іс-шаралары жүргізілді. 2014 жылдың өткен кезеңінде Шемонаиха қаласында 9 дана сыртқы бейне бақылау камерасы келесі көшелердің қиылысында: Транспортная-Урицкий, Повстанческая, Вокзальная-Чапаева, Усвайский-Совет, Вокзальная-Астафьев, Интернациональная-Вокзальная, орталық базар, әкімшілік сот, автовокзал аумағына орнатылды. Сонымен қатар кезекшілік бөліміне камераларды басқару үшін 2 монитор және бейне бақылау үшін 4 үлкен монитор орнатылды.

«Қылмыстың мүліктік түрін» ашу бойынша келесі мақсатты жедел алдын-алу іс-шаралары және арнайы операциялар жүргізілді: «Квартира», «Антиграбеж», «Автомобиль», «Колесо», «Скотокрад».

Тұрғындардың ішкі істер органдарына сенімін арттыруға қол жеткізу мақсатында барлық мемлекеттік құрылымдармен, тұрғындардың көп бөлігін қоғамдық тәртіптерді қорғауға, қоғамдық құрылымдардың қызметтерін ынталандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамытуға тарту жолымен өзара әрекеттестікті құру қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарды құқықтық тәрбиелеу, тұрғындар арасында қылмыс пен оның түрлерінің орын алуына дауапкершілік туралы кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы заңнамалар нормаларын түсіндіру.



Бейбітшілік және әскери уақыттағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан адам өмірлерін сақтау, алдын алу, ауыртпашылықты азайту және жедел түрде жою бойынша іс-шараларды ұймдасттыру және жүргізу бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, және 4 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды.

«Төтенше жағдайлардан адамдар және материалдық шығындарды азайту» нысаналы индикаторына өткен жылмен салыстырғанда адамдар мен материалдық шығындардың артуына байланысты қол жеткізілмеді.

Талданып отырған кезеңде тұрғындардың тіршілік қауіпсіздігі үшін табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ жедел әрекет ету барысында барлық жоспарланған іс-шаралар өткізіліп, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: ЖЖМ қоры толықтырылды, жүргізілген жұмыстар: Волчанка а. су өткізгіші қалпына келтірілді, ауданның елді мекендерін ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыстар, Шемонаиха қаласының жылу трассасының жарылуы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, апаттаты жағдайдағы ағашатарды кесу, Уба өзенінде мұзды бөлу бойынша алдын-ала жару жұмыстары, жолдарды, каналдарды тазалау, үйлердің жертөлелерінен еріген суларды тартып шығрау.

3 стратегиялық бағыт. Экономиканың үдемелі индустрияландырылуына қабілетті және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызметтермен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту бойынша 9 нысаналы индикатор, 5 нәтиже көрсеткішетрі қарастырылған оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 7 (77,8 %) нысаналы индикаторға, 2 (40 %) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 24 іс-шараны іске асыру қарастырылған, орындалу – 70,8 % (17).

Тұрғындарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 4 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Байланыс және коммуникация саласында қызмет сапасымен тұрғындардың қанағаттану деңгейі көрсеткішіне қол жеткізілді.

Шемонаиха ауданында барлығы 35 елді мекен, оның 35 (100 %) телефонмен қамтылған. Ауданда телекоммуникация және байланыс бойынша қызмет көрсететін 2 кәсіпорын бар. Ауданда телефондандыру деңгейі 100 % құрайды. Аудан аумағында Beeline, K-Cell, ТЕLE2 секілді жедел мобильді байланыс қызмет істейді. Ұялы байланыс ауданның 26 елді мекендерінде әрекет етеді, 1000 адам тұрғындары бар ауылдық елді мекендер мобильді байланыспен 100 % қамтылған.

Құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту бойынша 1 нысаналы индикатор қарастырылған. 2 салынып аяқталмаған объектілердің құрылысының тоқтап тұруына байланысты «Құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексі» индикаторына қол жеткізілген жоқ.

2014 жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,5 млрд.теңгені құрады, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 100,8 %.

2014 жылы аудан бойынша құрылысы аяқталғандар: Октябрьское, Пруггерово, Медведка ауылдарындағы мектеп, Коневка а. су іркуіш ғимараттар және су құбыры трассасы, Барашки ауылындағы су құбыры желілері және жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілді.

Тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 іс-шара қарастырылған.

Коммерциялық тұрғын үй және көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына қаржының болмауынан «Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, шаршы метр» индикаторына қол жеткізілген жоқ.

2014 жылы жеке тұрғын үй құрылысының есебінен 10 603 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, Шемонаиха қ. № 5 шағын ауданын электрмен қамту желілерінің құрылысы аяқталды, Шемонаиха қ. 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ әзірлеу басталды – жобаның шығуы 2015 жылғы 01 ақпан.

Бюджеттік қаражаттың болмауынан Шемонаиха қ. 60 пәтерлі тұрғын үйдің (екінші) құрылысына ЖСҚ жасауға қаражат бөлінген жоқ.



Көлік инфрақұрылымының жақсаруы және аудан тұрғындарын сапалы, қол жетімді көлік қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша 2 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 3 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша келесілер бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ: бюджеттік қаражаттың болмауынан жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу; жолаушылар автокөлік қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – Ново-Ильинка және Барашки ауылдары жолаушылар тасымалымен қамтылған жоқ. Аталған елді мекендерде тасымалдау жеке автокөлікпен жүзеге асырылады. Бұл елді мекендерді жолаушылар тасымалымен қамту үшін аталған бағыттарды тиімсіз деп тану және шығындардың орнын толтыру туралы құжаттар дайындалуда.

Жергілікті маңызы бар автомбиль жолдарының ұзындығы 182 км құрайды. Жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 86,7 % құрайды. 2013 жыл қорытындысы бойынша жалпы сомасы 41242,0 мың теңгеге автомобиль жолдарын ұстау және жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды: 14500,0 мың теңгеге жергілікті маңызы бар жерлерді қыста ұстау; 26742,0 мың теңге жазда ұстау. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін іске асыру аясында «Камышенское 2» ЖШС (В.И.Акулов) меншік қаражаты есебінен жергілікті маңызы бар автокөлік жолы орташа жөндеуден өтті (Пруггерово а. кіреберіс). Барлық жұмыстар және іс-шаралар сметалық есептерге және жұмыс жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес орындалды.

2014 жылы аудан аумағында жүк және көлік тасымалын жүзеге асыру барысында жүк айналымы және жолаушылар айналымы көлемі толық көлемде орындалды, барлық маршруттар тұрақты жүреді.

Шемонаиха ауданы азаматтарының жайлы өмір сүруі бойынша 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші және 4 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша 1 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалды.

Коммуналдық қызметтер сапасына тұтынушылардың қанағатану деңгейіне қол жеткізілді.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілері үлесі көрсеткішіне қол жеткізілмеді – 2013 жылы жөндеу жүргізуге бюджеттік қаражаттың болмауынан индикаторға қол жеткізу артта қалды, 2014 жылы 3 үйге жөндеу жүргізілді.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға тұрғындардың қол жетімділік деңгейін жоғарлату, тұтынушыларды тоқтаусыз және сапалы жылумен жабдықтаумен қамтамасыз ету, Шемонаиха ауданының елді мекендерінде су қайтару жүйесінің үздіксіз және тұрақты болуын қамтамасыз ету бойынша 3 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткіші, 9 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикатор, 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді, 3 іс-шара орындалды. Бюджеттік қаражаттың болмауынан су құбырларының құрылысы және жаңғырту бойынша іс-шаралар орындалған жоқ.

Коневка а. су іркуіш ғимараттар және су құбыры трассасы, Барашки ауылындағы су құбыры желілері және жеке тұрғын үй құрылысы есебінен аудан тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтауға бойынша индикатор 94,0 % орындалды. Ауданда су тасымалданбайды. 2014 жылы Ново-Ильинка а. су құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленді (мемлекеттік сараптамадан өтуде).

Ауданда барлығы 60,8 км жылыту желілері бар. Жылу энергиясын негізгі жеткізуші – МХК қазандығы, оның теңгерімінде 37,6 км жылу желілері бар. Құрылғылар комбинаттың қаражаты есебінен жөнделеді. 2014 жылы «Шығыстүстімет» ЖШС қазандығында қазандық агрегаттарына, үрлеу желдеткіштеріне, ауа жылытқыштарына, оттыққа, түтінтартқыға, су сорғыштарына жөндеу жүргізілді. Жылыту желілерінде 1100 м қазандықтан фабрикаға дейінгі учаскені, Усть-Таловка к. Вокзальная, Гребенщиков көшелері (5100 м.)учаскесін жұқалтырмен жылуды оқшаулау. Негізгі қазандықта сомасы 416,44 млн.теңгеге жұмыс атқарылды.

Су бұру жүйелерінің жалпы ұзындығы 75,98 км құрайды. Шемонаиха қ. мен Усть-Таловка к. аумақтарында бір тазарту ғимаратының объектісі жұмыс істейді.



4 стратегиялық бағыт «Аумақтық құрылыс» бойынша 2 нысаналы индикатор, 2 нәтиже көрсеткіші қаралған, жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 2 индикаторға (100 %), 2 нәтиже көрсеткіші (100 %) қол жеткізілді. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 4 іс-шараны іске асыру қарастырылған, орындалу 100 % құрады.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуынның негізін құру бойынша қорйылған мақсатқа қол жеткізу үшін 1 нысаналы индикаторлар, 2 нәтиже көрсеткіштері және 2 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шаралар орындалды.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы, ауыл тұрғындарын тіршілікпен қамтамасыз етудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін 2014 жыл қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері жоспарлы деңгейде орындалды: аудандағы 34 ауылдық елді мекеннің даму әлеуеті 8 (23,5 %) жоғары және 26 (76,5 %) орта.

Ауылдық аумақтарды дамыту үшін келесі даму жоспарлары іске асуда:

2014 жылға Выдриха тірек ауылдық елді мекенін дамытудың кешенді жоспары бойынша 16 жоба іске асырылды (жоспардан 100 %), 288,9 млн.теңге игерілді (жоспардан 108,0 %, ауыл техникасын көп мөлшерде сатып алу есебінен), 38 жұмыс орны құрылды (жоспардан 100 %), оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында - 8 жоба, 6 жұмыс орны құрылды, 123,1 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлік саласында- 2 жоба, 3 жұмыс орны құрылды, 2,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда - 5 жоба, 9 жұмыс орны құрылды, 50,9 млн.теңге игерілді; әлеуметтік салада - 1 жоба, 20 жұмыс орны құрылды, 112,9 млн.теңге игерілді.

Облыстың ауылдық округтерінің, ауылдарының, кенттерінің орталықтарының дамуының 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарында ауданның елді мекендері бойынша 43 жоба (жоспардан 91,5 %) іске асты, 11 384,3 млн.теңге игерілді (мал шаруашылығын дамытуға көп мөлшерде кредит алу есебінен 100,2 %), 134 жұмыс орнын құрылды (100 %), оның ішінде: өнеркәсіпте 4 жоба, 35 жұмыс орны құрылды, 11 065,3 млн.теңге игерілді, ауыл шаруашылығы саласында 14 жоба, 35 жұмыс орны құрылды, 97,8 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлік салсында - 8 жоба, 19 жұмыс орны құрылды, 38,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда - 13 жоба, 29 жұмыс орны құрылды, 129,9 млн.теңге игерілді; әлеуметтік салада - 44 жоба, 22 жұмыс орны құрылды, 53,3 млн.теңге игерілді.

Білім беру, денсаулық сақтау мамандарын ауылға тарту мақсатында сомасы 1426,0 мың теңге 11 көтерме жәрдемақы, 2 маманға 4969,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілген.

Шекараға жақын орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету және әлеуетін дамыту бойынша 1 нысаналы индикатор және 2 іс-шара қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді, іс-шара орындалды.

Шемонаиха ауданы солтүстік және солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен шектеседі. Шемонаиха ауданының аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды. Ауданның елді мекендерінің жалпы саны – 35, оның ішінде 9 (25,7 %) шекара маңындағы ауылдар.

Шекаралық ынтымақтастықты дамыту аясында "Шемонаиха қ. шекаралық ынтымақтасттықа арналған Агроөнеркәсіптік, транспорттық, логистикалық орталық" жобасы іске асырылуда. Жобаның бастамашысы – «Арман» ЖК, директоры Хамитов Адайхан Ахметқалиұлы.

Жобаланған нысан Ресей Федерациясының шекарасынан 18 км жерде, Шемонаиха – РФ «Михайловка» кеден бекеті Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік халықаралық трассасында орналасқан.

Ағымдағы жағдай: 2011-2013 жылдары КТП, сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық кәріздер жоғарғы вольтті желілерді монтаждау, кәріз желілеріне төсеме төсеу, аумақты қоршау, сатылап жобалау бойынша жұмыстар аяқталды. 2015-2016 жылдарға меншік қаражат есебінен жоспарланған құрылыс:

- ауыр жүк автокөліктері үшін жылытылатын бокстар және тұрақтар;

- қонақүй кешені;

- жабық сауда алаңдары;

- қойма.

5 стратегиялық бағыт «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін - өзі басқару жүйесін дамыту Ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және монитрониг ұйымдастыру бойынша 1 нысаналы индиктор, 4 нәтиже көрсеткіштері, 12 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде жыл қорытындысы бойынша индикаторларға қол жеткізілді, 11 іс-шара орындалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес Шемонаиха ауданының мемлекеттік мекемелері 54 түрлі қызмет көрсетеді. Жалпы аудан бойынша 2014 жылы 19056 қызмет көрсетілді, толтырылған халықтың мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттану карточкаларының саны 19056. Барлық карточкаларға жақсы деген баға берілген.

Аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметшілердің саны 150, оның ішінде аудан әкімінің аппаратында -18, дербес бөлімдерде – 54, қала, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарында – 78. Уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қызметшілер автоматтандырылған жұмыс орындарымен және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік органдардағы барлық жұмыс орындары операциялық жүйелермен, вирусқа қарсы бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Облыстық әкімдікпен ұсынылған әдістемелік жәрдемдер, сонымен қатар ақпараттың қауіпсізідігі туралы нұсқаулықтар МО қызметкерлеріне таратылды. Жеке mail.shemonaiha.vko.gov kz домені құрылды және барлық қызметкерлерде пошта жәшігі ашылған.

Барлық кіріс корреспонденция тіркеледі және аудан әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы деңгейінде таратылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды құру және дамыту

Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына сәйкес жергілікті қоғамдастық азаматтарының жиыны өтіп тұрады. Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жергілікті қоғамдастық бекіткен жобалар іске асуда. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімі сайтында аудан және облыс бойынша атқарушы органдар мен өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының жұмысы жайлы 30 астам материалдар жарияланды.

Әлеуметтік жобалар аясында сауалнамалар жүргізілді, олар атқарушы органдар мен азаматтық институттар қызметіне сенетін және оң бағалайтын азаматтар санының өсуін көрсетті.

Аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарымен бірлескен жұмыс аясында облыстың және ауданның ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша семинар өткізілді; 20 астам кеңестер берілді.

2012 жылы Бағдарламаны іске асыруға барлық көздер қаражаттары есебінен 6 353,3 млн.теңге игеру жоспарланған, нақты игерілгені 3 855,3 млн.теңге немесе жоспардан 60,7 %. Оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 1 378,2 млн.теңге қаралған, игерілгені 1 378,2 млн.теңге немесе жоспардан 100 %;

облыстық бюджет есебінен – 1 056,3 млн.теңге қаралған, игерілгені 1 056,3 млн.теңге немесе жоспардан 100 %;

аудандық бюджет есебінен – 146.1 млн.теңге қаралған, игерілгені 145,7 млн.теңге немесе жоспардан 99,7 %;

меншік және басқа да көздер қаражаты есебінен – 3 778.2 млн.теңге қаралған, 1 280,7 млн теңге игерілген немесе жоспардан 33,9 %.

Жалпы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы 2013 жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен 90,5 % орындалды.



Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары И.Тұрнияз


Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет