04-34
2009 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
2009 жылдың 1 наурыз айында облыс бюджетіне 23783,8 млн.теңге болжаммен 23773,4 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 16623,5 млн.теңге сомасында субвенция мен нысаналы трансферттер түсті.
Меншік кірістер 110,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.
2010 жылдың 2 айында болжам төлем жер беті су ресурстарын пайдалағаны үшін төлем (86,2%), орманды пайдаланғаны үшін төлем (19,8%), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (82,7%), жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар (93,3%), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан түсетін түсімдер (82,5%), азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен түсімдер (99,1%) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдер (62,1%) басқа, барлық кірістер көздері бойынша жоспар орындалды.
Облыстық бюджетке 2010 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2537,0 млн.теңге болжаммен 2582,8 млн.теңге меншік кірістері немесе 101,8%-ға орындалды.
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 20687,3 млн.теңге жұмсалды.
2010 жылғы облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 18802,2 млн.теңге, инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты даму бюджеттік бағдарламаларына 1885,1 млн.теңге бағытталды.
Облыстың білімі беруіне 5608,3 млн.теңге немесе 96,3% жұмсалды, оның ішінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 277,1 млн.теңге;
- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 4169,2 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 3898,4 млн.теңге, анайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 151,3 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 119,5 млн.теңге;
- техникалық және кәсіптік білім беруге – 512,6 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 2 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 38,8 млн.теңге жұмсалды.
2010 жылы облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 110,9 млн.теңге жұмсалды, ол 87,7%-ды құрады.
2010 жылы облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 19 967,0 млн.теңге бекітілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 16 228,2 млн.теңге, республикалық бюджеттен 3 738,8 мың теңге: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі, ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджет есебінен 228,1 млн.теңге, 13 объектіге күрделі жөндеуге – 182,7 млн.теңге, медициналық мекемелерінің 18 объектісіне ағымдағы жөндеуге 105,4 млн.теңге бөлінген болатын; республикалық бюджет қаражаты есебінен 867,8 млн.теңге, 550,3 млн.теңге – 13 объектіге күрделі жөндеу, 317,5 млн.теңгеге – 13 объектіге ағымдағы жөндеу. «ШҚО Денсаулық сақтау объектілерінің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 287 қаулысына сәйкес 31 мемлекеттік мекменің 29 –ы КМҚК қайта тіркелді.
2010 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 49,2 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 71,0 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 42,4 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 78,5 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 50,2 млн.теңге көмек қарастырылды.
Жұмыспен қамту бойынша игеру 50,6 млн.теңгеге 99,4%-ды құрады.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім объектілерін дамытуға 332,5 млн.теңге жұмсау жоспарланды, осы қаражат есебінен Аягөз ауданы Ақши мен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдарындағы мектеп құрылысы жалғастырылатын болады. 3 бала бақшаны одан әрі салуғажобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу жоспарлануда: Курчатов қаласының 100 орынға арналған, Аягөз қаласының 200 орынды, Шемонаиха қаласының 28 орынға арналған және Зайсан қаласындағы 600 орынды орта мектеп құрылысы.
Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджетте Өскемен қаласындағы 800 орынды қазақ драма театрының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жалғастыруға қаражаттар қарастырылды.
Зырян ауданы Новая-Бухтарма кентіндегі спорт модулін, Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауында бюджеттік ұйымдарының демалу базасының инфрақұрылымы қайта жаңартуға 159,4 млн.теңге қарастырылды.
Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту үшін өңірлерде Семей және Зырян қалаларында уақытша ұстақтау изоляторының құрылысына жобалық құжаттарды әзірлеуды аяқтау жоспарланды. Экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғауды жақсарту үшін Жарма ауданында пестицидтер көму бойынша полигонын салуға және Семей қаласының ағынды суды биологиялық тазалау құрылыстары бар тазалау құрылысты қайта жаңарту және кеңейтуге жобалық құжаттарды әзірлеу аяқталуда.
Есеп беру кезеңінде Зырян ауданы Серебрянск қаласының бюджет саласының объектілеріне жылумен жабдықтауды дамытуға 68,0 млн.теңге қарастырылды.
Облыстың автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуге 190,7 млн.теңге, әуе және теміржол тасымалдауға - 14,1 млн.теңге жұмсалды. Демалып жатқан халыққа жақсы көліктік инфрақұрылымын құру мақсатында «Голубой залив» демалу базасына кірме автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірленуде.
Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы жылы білім, денсаулық сақтау, спорт, сумен жабдықтау, жол, жылу энергетика жүйесі объектілерін дамыту үшін қаражаттар жұмсау жоспарлануда, одан әрі тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіп кешенін іске асыруға қаражат жоспарлануды.
2010 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36298,8 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімімен облыстық бюджетте бекітілген, оның ішінде 20553,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 15745,2 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2877,5 млн.теңге тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға кредиттер.
2010 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 3535,5 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылды, 2010 жылдың 1 наурызында республикалық бағдарламалар әкімшілерінен нақты 3215,2 теңге түсті, оның ішінде есеп беру кезеңінде 1468,4 млн.теңге немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 45,7 %-ы игерілді.
Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 21,9%, толық пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 757,9 млн.теңгені құрады; дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 55,9%, қалдық 888,98 млн.теңге.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –56,9 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамсыз ету және кеңейтуге 41,5 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 121,9 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 1046,9 млн.теңге,жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 29,4 млн.теңге жұмсалды.
Орындағандар
Достарыңызбен бөлісу: |