Жылы ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Абай ауданының білім бөлімі ҚР-ның «Білім туралы»



Дата04.03.2016
өлшемі45.01 Kb.
#38004
2014 - 2015 жылы ауданның білім саласы бойынша

атқарылған жұмыстар туралы
Абай ауданының білім бөлімі ҚР-ның «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда жоспарлы жұмыстар атқарып келеді.

Аудан бойынша 10 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 мектеп-гимназиясы мен 1 мектеп-лицейі бар. Осы мектептерде қазіргі таңда 2510 оқушы оқиды. Оларға 399 педагог сабақ береді. Оның жоғары санаттысы - 74 (18%), бірінші санаттысы – 132 (33%), екінші санаттысы – 115 (29%), санатсызы – 78 (20%) мұғалім. Кембридж университеті жобасы негізіндегі деңгейлік білім жетілдіру курсын бүгінде 82 мұғалім оқып бітірді. Оның 14-і І деңгейлікке, 19-ы ІІ деңгейлікке, 49-ы ІІІ деңгейлікке өткен.

Абай ауданында 2 қосымша білім беру мекемелері бар. Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі мен балалар көркемсурет мектебінде жиыны 615 оқушы білім алуда. Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінде ауылдардағы филиалдарын қосқанда – 475 оқушы, балалар көркемсурет мектебінде 140 оқушы оқыйды.

Оқу жылы ішінде мектептердің материалдық базасы біршама жақсартылды. 2014 жылы жаңа оқу кабинеттерін алуға 12 млн 297 мың теңге бөлінді: Молдағалиев мектебіне химия кабинеті, Бекбосынов орта мектебіне биология кабинеті, Абай мектеп-лицейіне мультимедиялық кабинет алынса, 2015 жылы Шәкәрім, Әбенов мектептеріне жаңа биология кабинеттері алынды.



«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарына 49 млн 928 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 36 млн 811 мың теңгесі Бекбосынов орта мектебінің жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Сондай-ақ Абай мектеп-лицейінің қоршауын ауыстыруға 8.3 млн теңге, Байғожина ясли-бақшасының жөндеу жұмыстарына 4.8 млн теңге бөлініп, игерілді. Аудан орталығынан «Балдаурен» атты жаңа балабақша ашылды.

Бүгінде оқушылардың ыстық тамақпен қамтылғаны – 2510 (100%); тегін ыстық тамақпен қамтылғандары – 1582 оқушы, мұнда аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасының 492 баласы, бастауыш сыныптың 1026 оқушысы (100 %), сонымен қатар мектеп асханасын жалға алушылардың есебінен көп балалы отбасы балаларынан 64 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. 928 бала ата-аналар есебінен қамтылған.



Аудандық олимпиададан жүлделі орын алған 18 оқушы облыстық олимпиадаға қатысып, 4 оқушы жүлделі орынға ие болды: екі оқушы 1-орын, екі оқушы 3-орынға ие болды. Республикалық олимпиадаға 2 оқушы қатысып, екеуі де жүлдегер атанды: І және ІІІ орын.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруда мақсатты жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша мектепке дейінгі жастағы барлық балалар есепке алынған. Бүгінде аудан мектептері бойынша 13 мектеп алды даярлық топтары, 4 ясли – бақша, 11мектепте 15 шағын орталық топтары, 3 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды.

Аудан бойынша барлық мектептердегі шағын орталықтарға 406 бала, мектеп алды даярлық топтарына 100 пайыз бала қамтылған.

Білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі ҰБТ екені белгілі. Бұл орайда аудан мектептерін түлектері жылдан жылға айтарлықтай жетістікке жетіп келеді. Мәселен, 2013 жылы 70.4 балл, 2014 жылы 76.3 балл болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 84.7 болып жоғарылады. Облыс мектептері ішінде Абай ауданы ҰБТ қорытындысы бойынша алтыншы орынға ие болды. 47 түлек грант иегері атанды. 2014 жылы 100 баллдан асқан түлек саны 24 болса, 2015 жылы 43-ке жетті. Бес түлек «Алтын белгіге» ие болса, сегіз түлек «Үздік аттестатқа» ие болды. Жаңа оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындығы қыркүйек айынан басталған.

Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына 2 оқушы қатысып, жүлделі 1-2 орынға ие болып қайтты.

Жыл ішінде 5-7 сыныптар арасында «Сәйгүлік» олимпиадасы өткізілді. Қатысқан 43 оқушының 9-ы облыстық олимпиадаға жолдама алып, оның 3-уі жүлдегер атанды. Облыстық ғылыми жобалар байқауында 2 оқушы жүлделі орын алып, 1 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып қайтты.

Тәрбие саласы бойынша жыл ішінде «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыруда мақсатты жұмыстар атқарылуда. Жыл ішінде ауданның білім бөлімінде мектептердегі құқықтық, патриоттық тәрбиені, балалардың жазғы орналасуын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударылып, іс-шаралар жасалды. Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытында әр мектепте оқу жылының басында құқықтық тәрбие беру және қылмысқа қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жоспары жасалып, барлық білім беру ұйымдарында кең көлемде түсінік жұмыстары жүргізіліп, атқарылды.

Оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда спорттық ойындарға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат әдетке салынуын, бос уақытын болдырмау мақсатында мектептердің жанынан 60 спорт секциялары (волейбол, баскетбол, футбол, қазақша күрес т.б) жұмыс жасайды. Әртүрлі салаларды қамтитын 49 үйірмелер («Үкілі домбыра», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Шебер қолдар» т.б.) ұйымдастырылды, оларға жалпы саны 1768 бала тартылды, яғни бұл жалпы бала санымен шаққанда 67 %-ды құрайды.

Оқушылардың жазғы еңбек демалысын ұйымдастыру, сауықтыру шараларын жүргізу-білім саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Абай ауданы бойынша өткен жылы жазғы демалыс кезінде оқушылардың 99,8 пайызы жазғы орналастырылуға тартылды. Атап айтсақ 11 мектеп жанынан өнер, спорт, компьютерлік, өлкетану, шығармашылық, мәдени бағыттар бойынша жазғы демалыс алаңдары ашылып, жұмыс жасады, оған 1095 бала тартылып, толық 2 маусым демалды.

Бақанас елді мекеніндегі Көкбай атындағы орта мектебі жанынан жұмыс жасайтын «Бақанас» жазғы туристік – сауықтыру демалыс лагеріне өткен жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан 4 кезеңге 1 млн 200 мың теңге аударылып, 4 маусымда 25 баладан 100 баланың демалуы ұйымдастырылды.

Аудандық білім бөлімі жыл ішінде тілдерді дамыту бағытында ҚР «Тіл туралы» Заңы мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, біршама мақсатты жұмыстар атқарды.

Қыркүйек айында барлық білім беру мекемелерінде тілдер күні кеңінен аталып өтті. Тиісті іс-шаралар жасалып, апталықтар, білім сайыстары, конференциялар мен тіл сабақтары, тіл жөніндегі конкурстар мен әдеби кештер өткізілді.

ХҮІ Республикалық Абай оқуларында 2 оқушы жүлдегер атанды.

Тіл бағытындағы Абай оқуларының аймақтық, аудандық кезеңдері, Махамбет оқулары, Кәмен оқулары, «Ақберен», «Жарқын болашақ», Әбенов атындағы ақындар айтысы жүйелі өткізіліп келеді. Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінде 3 оқушы жүлдегер атанды (Бір 1-орын, екі 2-орын).



Жыл ішінде 5-8 сыныптар арасында Қаныш Сәтбаев атындағы кіші олимпиада, қазақ тілі мен әдебиетінен жазушы-ұстаз Кәмен оқулары, математика пәнінен Ғабдолла Асылаев атындағы олимпиада, үш тұғырлы тіл саясатына байланысты «Білгенге маржан» байқауы және оқушылардың интеллектуалдық білімін көтеру мақсатында «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» сияқты сайыстар білім бөлімі тарапынан жүйелі түрде ұйымдастырылып, өткізілді.

1 желтоқсан – ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған аудандық шығармалар байқауы өткізіліп, бес оқушының жұмысы облысқа жіберілді.Қараша айында өткен «Үздік дінтанушы мұғалім – 2015» облыстық байқауында Абай мектеп-лицейінің мұғалімі С.Кереева 1-орынды жеңіп алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет