Варинат 1
1. 1938 жылы неандертальдық баланың сүйегі табылған
үңгір:
A) Шақпақата. B) Тесіктас. C) Батпақ. D) Тəңірқазған. E) Шабақты.
2. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік
деңгейге көтерілген кезеңі:
A) Мезолит.B) Неолит.C) Палеолит.D) Энеолит.E) Қола дəуірі.
3. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп
шығуына əсер еткен:
A) Рулық қауымның қалыптасуы. B) Еңбек құралдарын жасауды игеруі.
C) Жеке меншіктің шығуы. D) Жебе мен садақты ойлап табуы
E) Егіншіліктің пайда болуы.
4. Орта тас ғасыры қамтитын кезең:
A) б.з.б. 2,5 млн - 12 мың жыл. B) б.з.б. 5-3 мың жыл.
C) б.з.б. 40 -12 мың жыл. D) б.з.б.140 - 40 мың жыл. E) б.з.б. 12-5 мың жыл.
5. Ежелгі адамдар ең əуелі отты алды:
A) Тасты тасқа ұрып одан шыққан ұшқыннан. B) Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан.
C) Ағаш таяқты бір-біріне үйкеп, қыздырудан. D) Шырпы пайдаланды.
E) Отты мүлде пайдаланбады.
6. Жер бетінде 40 – 35 мың жыл бұрын қалыптасқан адам:
A) «Епті адам».B) Питекантроп.C) Синантроп.D) «Тік жүретін адам».E) «Саналы адам».
7. Ғалымдардың айтуынша бұдан 100 мың жыл бұрын
жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы:
A) 11 км. B) 10 км. C) 2 км. D) 5 км.E) 9 м.
8. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дəуір:
A) Ерте палеолит. B) Орта палеолит. C) Энеолит. D) Қола дəуірі. E) Мезолит.
9. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі
қалыптасу жүйесі:
A) Тобыр. B) Тайпалық бірлестік. C) Тайпа. D) Аталық ру. E) Аналық ру.
10. Еңбек құралдарының жаңа түрлері – дəнүккіш, келі,
балта, т.б. ойлап табылған кезең:
A) Ерте тас ғасыры. B) Мезолит. C) Неолит. D) Энеолит. E) Қола дəуірі.
11. Ғалымдардың ең ежелгі адамға берген атауы:
A) Кроманьон. B) Синантроп. C) Питекантроп D) Тік жүретін адам.E) Епті адам.
12. Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді:
A) «Епті адамдар».B) Неандертальдықтар.C) Кроманьондықтар.D) «Саналы адамдар».
E) Синантроптар.
13. Аталық ру үстемдігі мен еңбек бөлінісі
қалыптасқан кезең:
A) Мезолит.B) Кейінгі палеолит.C) Неолит.D) Қола дəуірі.E) Энеолит.
14. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр
болатын мезолиттік баспана табылған өзен аңғары:
A) Есіл.B) Шу. C) Арыс. D) Жайық. E) Торғай.
15. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір
сүрген аймағы:
A) Солтүстік Қазақстан.B) Батыс Қазақстан.C) Шығыс Қазақстан.D) Оңтүстік Қазақстан.
E) Орталық Қазақстан.
16. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы
адамдардың замандасы:
A) Синантроп.B) Неандерталь.C) Кроманьон.D) «Саналы адам».E) Питекантроп.
17. Қазақстан аумағындағы белгілі мезолиттік тұрақтар
саны:
A) 10-нан астам.B) 600-ден астам.C) 20-дан астам.D) 100-ден астам.E) 500-ден астам.
18. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын
300-ге таяу тас құрал шыққан ең көрнекті көне мекен:
A) Қарасу.B) Атасу.C) Батпақ.D) Шабақты.E) Дəндібай.
19. Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін жасаған əрекеттері:
A) Магия.B) Тотемизм.C) Анимизм.D) Сиқыр.E) Тасаттық.
20. Ең ежелгі адамның еңбек құралдары:
A) Садақ, шоқпар.B) Бумеранг, жебе.C) Болас, қырғыш.D) Найза, бумеранг.
E) Үшкір тас, қазғыш таяқ.
21. Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының
ең көнесі:
A) Б.з.б. 12 мың жылдыққа тəн.B) Б.з.б. 5 мың жылдыққа тəн.
C) Б.з.б. 7 мың жылдыққа тəн.D) Б.з.б. 3 мың жылдыққа тəн.
E) Б.з.б. 10 мың жылдыққа тəн.
22. Мамонт, мүйізтұмсық жойылып кеткен дəуір:
A) Ерте палеолит.B) Энеолит.C) Неолит.D) Орта палеолит.E) Мезолит.
23. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар
қолданылған кезең:
A) Қола.B) Мезолит.C) Темір.D) Неолит.E) Энеолит.
24. Солтүстік Қазақстаннан 158 тұрғын үй мен жылқы
сүйектері табылған энеолиттік тұрақ:
A) Сексеуіл.B) Шабақты.C) Арқайым.D) Ботай.E) Пеньки.
25. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау
жеріндегі елді мекен:
A) Ботай.B) Шабақты.C) Қарасу.D) Бөрқазған.E) Шебір.
26. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы
хабарлауы:
A) Нумизматика.B) Петроглиф.C) Пиктография.D) Эпикграфия.E) Остиология.
27. Неолит дəуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі
тұрағы:
A) Усть-Нарым.B) Пеньки.C) Зеленая Балка.D) Қарағанда.E) Шабақты.
28. Жамбыл облысындағы Шабақты мен Бөріқазған
тұрақтарынан табылған ерте палеолит дəуірінің бес
мыңдай еңбек құралдарының барлығы:
A) Дəнүккіштер мен сыналар.B) Келі, балталар.C) Қайла мен чопперлер.
D) Келілер мен чоппингтер.E) Қашау мен үшкір заттар.
29. Неолит дəуірінің өзгеше атауы:
A) «Қыш құмыра заманы».B) «Көшпелілер дəуірі».
C) «Тайпалық одақтар дəуірі».D) «Аңдық стиль дəуірі».
E) «Тоқымашылық заманы».
30. Қазақстан аумағындағы ең көне ерте тас ғасыр
тұрақтары:
A) Шақпақата, Арыстанды.B) Батпақ, Шабақты.
C) Ботай, Шебір.D) Сексеуіл, Қараүңгір.E) Зелёная Балка, Қарағанды.
Достарыңызбен бөлісу: |