Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
БӨЖ-1
Орындаған:Жақсылық Ақниет
Қабылдаған:Сыздықова Гүлфариза
Тобы: ЖФИ-111
Түркістан 2022
Жоспары:
1. Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз.
2. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігін ашып талдаңыз.
3. Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.
4. Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Көне гректерде саяси ойшылдар көп. Солардың ішіндегі ерте ғасыр дәуірінің ғалымы Платонның еңбектеріне тоқталып өте кетсем.
Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты – Аристокл. Оны Платон деп атау себебі ол жас кезінде спортпен көп шұғылданады және де көптеген жетістіктерге жетеді. Оның жауырыны кең болғандықтан халық оны Платон деп атап кетеді.Осы есімімен адамзат тарихында ерекше орын алып,тарихта атым мәңгіге сақталып қалады.Платон атақты фəлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шəкірті болды. Платонның екі жүздей еңбегі бар. Соның ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармаларына «Мемлекет», «Саясатшы», «Заң», «Софист», «Парменид» шығармалары жатады.Платонның “заң” деген шығармасына тоқталып кетейік. Ол шығармада Платон мемлекеттік құрылымның екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түрінде емес, пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі де, мемлекеттің жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар 4 топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберіндегі шегі анықталады. Жеке меншік иелерінің ешқайсысы да алтынға немесе күміске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына құлдар мен шет елдіктер жатқызылмайды. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билік қатарына ене алмады. Заңдылықтың сақталуына әділ сот жауап берді, жекелеген және қатал заңдар азаматтарының бұқаралық және жеке өмірін реттеп отырды. Сотта қаралған істерді қорғау мүмкіндігі қарастырылды.
2.Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігін ашып талдаңыз.
Билік саяси және мемлекеттік билік болып екіге бөлінеді.
Саяси билік-деп таптық,топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндгін айтамыз. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Ал мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды.
3.Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.
Саяси жүйенің құрылымы :
институциональдық жүйеше (мемлекеттік, саяси партиялар, қысым көрсету топтары және т.б.)
нормативтік жүйеше (әлеуметтік нормалар);
функциональдық жүйеше (билікті жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдері – консенсус, билік, мәжбүрлеу және т.б.);
коммуникативтік жүйеше (мемлекет пен саяси партиялардың, басқа да қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың өзара әрекеттесу нысандары);
мәдени жүйеше (менталитет, құндылықтар).
Идеологиялық (саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология)
Саяси жүйенің типтері:
Саяси биліктің қайнар көздеріне байланысты
Саяси жүйенің даму заңдылықтары деп- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуын айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |