Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі



Дата27.02.2016
өлшемі59.7 Kb.
#27780
Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі
Ұйымдардың   тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды   есептеуінің   бірыңғай   әдістемесін  бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №964 қаулысы

     «Жер қойнауы  және  жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған  Ұйымдардың   тауарларды ,  жұмыстар  мен көрсетілетін  қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды   есептеуінің   бірыңғай   әдістемесі  бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) « Ұйымдардың   тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды   есептеуінің   бірыңғай   әдістемесін  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 135-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 360-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 964 қаулысымен  
бекітілген     

 Ұйымдардың   тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды   есептеуінің   бірыңғай   әдістемесі 

      1. Осы  Ұйымдардың   тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды   есептеуінің   бірыңғай   әдістемесі  (бұдан әрі -  Бірыңғай   әдістеме ) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы  және  жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Мемлекеттік  сатып   алу  туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына, « Ұйымдар  мен мемлекеттік органдар  сатып  алатын  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтудың  кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2.  Бірыңғай   әдістеме :
      1) «Мемлекеттік  сатып   алу  туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып  алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу  және  одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың  және  олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
      2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес  және  аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
      3) жер қойнауын пайдаланушылардың  және  (немесе) «Жер қойнауы  және  жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып  алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып  алуы  қазақстандық   қамтудың  мониторингіне жататын  ұйымдардың ;
      5) концессионерлердің  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды  есептеуіне арналған.
      3.  Тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді   сатып   алу  кезінде  қазақстандық   қамтуды  есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
      1)  қазақстандық  қамту бөлігінде  сатып   алу  бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі  және  оны бақылау;
      2)  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді  жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;
      3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
      4.  Тауарларды  жеткізуге арналған шарттағы  қазақстандық   қамтуды  (ҚҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

                    n


      ҚҚт = 100% х (Е ТҚi х Қi)/S,
                    i=1
      мұндағы:
      n - тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да  сатып   алу  туралы шартты орындау мақсатында жеткізуші  сатып  алған  тауарлардың  жалпы саны;
      і -  тауардың  реттік нөмірі;
      ТҚі - і-тауардың құны;
      Қі - «СТ-КZ» сертификатында көрсетілген тауардағы  қазақстандық   қамтудың  үлесі;
      Қi = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;
      S -  тауарларды   сатып   алу  туралы шарттың жалпы құны.
      5.  Жұмыстарды  ( қызметтерді ) жеткізуге арналған шарттағы  қазақстандық   қамтуды  (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

                  n                m


      ҚҚж/қ=100%х[Е ТҚi x Қi + Е (ШҚj - ЖҚj - ШЖҚj)x Rj]/S,
                 i=1               j=1

      мұндағы:


      n -  жұмыстарды  ( қызметтерді )  сатып   алу  шартын орындау мақсатында жеткізуші  және  қосалқы мердігерлер  сатып  алатын  тауарлардың  жалпы саны;
      i -  сатып  алынатын  тауардың  реттік нөмірі;
      ТҚі - i-тауардың құны;
      Қі - «СТ-КZ» сертификатында көрсетілген тауардағы  қазақстандық   қамтудың  үлесі;
      Қі = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;
      m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер  және  т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты ( қызметті ) жеткізу мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
      j - шарттың реттік нөмірі;
      ШҚj -j-шартының құны;
      ЖҚj -j-шарты шеңберінде мердігер немесе қосалқы мердігер  сатып  алған  тауарлардың  жиынтық құны;
      ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
      Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы  қазақстандық  кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
      S - жұмысты ( қызметті )  сатып   алу  туралы шарттың жалпы құны.
      6. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің  сатып  алуындағы  қазақстандық   қамтуды  (ҚҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

            n


      ҚҚ = (Е ҚҚi x ШҚi)/S,
            i=1

      мұндағы:


      n -  тауарларды ,  жұмыстарды   және   қызметтерді  жеткізушілермен жасалған шарттардың жалпы саны;
      і - шарттың реттік нөмірі;
      ШҚіжеткізушілермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді  сатып   алу  туралы жасалған і-шарттың құны;
      ҚҚі - сатып алу туралы і-шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушінің  қазақстандық  қамтуы;
      S - тапсырыс беруші есепті кезеңде сатып алған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет