Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті Қоршаған ортамен танысу Ортаңғы топ Аюпова Әдина Сапарқызы



Дата30.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#168185
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті

Қоршаған ортамен танысу

Ортаңғы топ


Аюпова Әдина Сапарқызы

9 Құлыншақ балабақшасының



І санатты әдіскері

Атырау облысы, Исатай ауданы

Тұщықұдық селосы.

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Орман көркі ағаштар» (қайың, емен)

Мақсаты: Балалардың орман ағаштары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Адамгершілікке, мейірімділікке баулу.

Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, туған жерінің табиғатын

қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдер: Сто стратегиялары-ой қозғау, Венн, топтастыру, түсіндіру,

психо- жаттығу



Көрнекіліктер: Ағаш шебері кейіпкері, орман ағаштарының суреті, қар жамылған

қайың мен емен ағашының суреті т.б



І.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау».

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-біріне жүрек жылуын бергіздіреді.Балаларға өздеріне бұрыннан таныс түрлі мамандық иелерін ататқызып, еске түсірткізеді. Тақтаға балалардың атаған мамандықтарының суреттерін іледі.



Қуанышты хабарлама:Бүгін топқа қонаққа ағаш шебері келетіндігін хабарлайды.

Ағаш шебері топқа кіріп, балалармен амандасады, өзін таныстырады, басынан өткен оқиғасын балаларға әңгімелеп береді.

Мен бала кезімде ат қылып мініп шапқылау үшін, бір жас шыбықты сындырмақшы болдым. Сол кезде ормандағы ағаштардың мынандай әңгімесін естідім.

Ақ қайың айтыпты:

-Мен өскенде бесік болам. Кішкентай бөбекті тербетемін. Бақыт деген осы емес пе ?!

Ал теректің жас шыбығы:

-Мен өскенде түрлі-түрлі ойыншық боламын. Балаларды ойнатамын. Азанан кешке дейін қызыққа батамыз.

Ұзын бойлы қарағай:

-Мен ше,мен үлкен үй болмын. Адамдар қыста тоңбайды, жазда ыстықтамайды деп шаттанды.

Сол сөздерді естіп, мен олардың айтқанына қызығып, сонда мен кім болам?- дедім. Сол кезде маған үйеңкі ағашы айтты:

-Сен өскенде ағаш шебері бол деді. Сонда біз осы айтқан армандарымызға жетеміз деді. Содан бері мен ағаштарды сындырмай, ат қылып мінбей өскесін ағаш шебері болдым.


Ағаш шебері әңгімесінен соң, өзінің ағаштан жасаған нәрселерін балаларға сыйлайды.

ІІ.Мағынаны тану. Психожаттығу: «Орманға серуен».

Тәрбиеші балаларға көздерін жұмғызып, көз алдарына қысқы ормандағы серуенді елестетуді өтінеді. Өздеріне не көргендерін әңгімелетеді. Тәрбиеші тақтаға қар жамылған қайың мен емен ағашының суреттерін іліп таныстырады.


Тәрбиеші ағаштардың ауаны тазартатынын, қатты желден, шаңнан, күн көзінен қорғайтынын, көптеген пайдасы бар екенін түсіндіреді.

Сергіту жаттығуы: Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

«ВЕНН» диаграммасы бойынша қайың мен емен ағашын суреттері арқылы салыстыртқызады.

ІІІ: Ой толғаныс. Топтастыру.

Балаларға ағаш түрлерін ататып, топтастырады. Балаларға ағаш түрлерін ататып, топтастырады

Тәрбиеші балаларға туған жерінің табиғатын қорғау керектігін түсіндіреді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар қайың мен еменді бір-бірінен ажырата

Түсінеді: Өзінің туған жерінің табиғатын, байлығын қорғау керектігін

Қолдана біледі: Ағаштан алынатын шикізаттарды атай біледі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет