«Кенесары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде 2023-2024 оқу жылында ұлдар және қыздар ұйымы бойынша жүргізлген жұмыстардың орындалуы туралы
Анықтама
Ер бала арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихында, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу. Осы мақсатқа орай мектебімізде ұлдармен мен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұлдар ұйымында 11 ұл жұмыс жасайды. 5-8 сыныптар бойынша ұлдар кеңесі ұйымының жұмысын жүргізу география пәнінің мұғалімі М.Маденовке және 9-11 сыныптар бойынша ұлдар кеңесі ұйымының жұмысын жүргізу физика пәнінің мұғалімі Ғ.Бакиров. Ұлдар ұйымның басшысы 11 сынып оқушысы Жұмахан Ерлан. Ұйымның құрылған жоспары бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұйымдастыру жұмыстары бойынша; «Тазалық,тәртіп басты талап» тазалыққа қарау, құқықбұзушылықтың алдын алу. Ұлдар жиналысын өткізу айына бір рет өткізу. Мерекелік қабырға газеттерін шығару. Мереке күндері қарсаңында спорттық жарыстарға қатысу. Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті әлеуетті қалыптастыру,ер баланың азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру. Жасөспір- імдердің зияткерлік, шығармашыдық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау және жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастыру- шылық қабілеттерін дамытуға бағыттылған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылды.
7-11 сынып ұл балаларымен «Әке – бәйтерек, бала - жапырақ», «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» тақырыптар жиналыс өткізіліп, жиналыс барысында ұл балаларға,- ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі сияқты бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткенін, жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңіргенін, ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қор салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнершеберлігіне баулығанын, отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Мектеп ережелерінің сақталуы, темекі шегудің алдын алу, түнгі уақытта беймізгіл жүрудің алдын алу, жас ерекшеліктеріне қарай әлімжеттіктің алдын алу бойынша да түсінік жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың 17 қыркүйек күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді.Қатысқандар: Мектеп директоры Кекилова Жамила, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жиенбаев, Мақталы ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция каитаны Кайпов Сапар, Ұлдар ұйымының жетекшілеріМ.Маденов, М.Айдар әлеуметтік педагог Е.Нуралиев. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жиенбаев Мектептің iшкi тәртіп ережелері таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Мектеп формасына қойылатын талаптар, екінші аяқ киім, дене шынықтыру пәніне арнайы киiммен қатысу сынды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы, полиция капитаны Кайпов С сөз сөйледі. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы және тәрбие бөлiмi 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспарын жасақтап, бекітті. Жоспарға сай құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бiрлескен кездесулер, түнгі уақыттағы рейд шараларын өткiзiп отыру арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алу мүмкіндігі артады деген ойдамыз. Ұлдар жиналысына 5-11 сыныптар бойынша барлық ұл балалар қамтылды. Мақталы ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Кайпов Сапар түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтындығы жайында айтып түсіндіру жұмысын жүргізді.Жүрген уақытта ата-аналарының жазаға тартылатындығын айтып түсіндірді.
Мектеп жасындағы оқушылардың смартфон телофонды қолдануға болмайтындығын, смартфон телофон арқылы келетін түрлі ойындар мен керағар дінге шақыратын сайттар көп екенін, аталған жағдайлар өз-өзіне қолжұмсауына қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екенін және кәмелетке толмаған- дардың психикалық жағдайына кері әсер ету мүмкін екенін, оқушылар арасында шектеу- сіз келіп жатқан ақпараттарды әлі оң-солын танымайтын жеткіншек талғаусыз пайдала- нып және шынай қабылдап оның ақыры құқықбұзулыққа әкелетіндігін атап өтті. Смартфон телофондар ата-ананың қалтасына салмақ түсіретіндігін, соңғы кеде оқушылар арасында смартфон телефондар ұрлығы көбейіп бара жатқанын атап, оқушыларды спортпен шұғылдануға және білім алуға шақыру бойынша кеңестер берілді.
Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн.
Ұйымның мақсаты: Ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашаға жарқын қыздар тәрбиелеу.
Осы мақсатқа орай мектебімізде қыздармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.Қыздар ұйымында 12 қыз жұмыс жасайды.
5-8 сыныптар бойынша қыздар ұйымының жұмысын жүргізу химия пәнінің мұғалімі Б.Досыбайға және 9-11 сыныптар бойынша қыздар ұйымының жұмысын жүргізу математика пәнінің мұғалімі Ж.Мұратбековаға Қыздар ұйымның басшысы 11сынып оқушысы Парда Амина . Ұйымның құрылған жоспары бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұйымдастыру жұмыстары бойынша;«Тазалық,тәртәп басты талап» тазалық қарау, бақылау апатасына екі рет жүргізілді онда ұйым мүшелері тазалықшылары атқарылды және мектеп медбикесі мен әңгіме жүргізілді.Қыздар жиналысын өткізу айына бір рет. Мерекелік қабырға газеттерін шығару. Мереке күндері қарсаңында мерекелік газеттер шығару.
Қыздарға 100 кеңес жобас аясында 08.11-14.11 2023 күндері апталық өтілді. Апталық барысында 9-10-11 сынып қыз балаларымен «Қыз қандай болуы керек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Зорлық зомбылықты және мүжбүрлі некенің алдын алу» тақырыбында педагог-психолог А.Қосахованың ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. « Жат қылықтың қыз тағдарына әсері» 9-10-11 сынып қыздарымен пікір алмасу жиыны болды. 9-10-11сынып қыздарының арасында «Шашбаулым» сайысы өтіліп жеңімпаздар марапатталды. «Әке сізге айтарым бар» деген тақырыпта 8-9 сынып қыздарымен педагог-психолог А.Қосахова тренинг өткізіп, пікір алмасу болды.
2023 жылдың 5 қараша күні қыздар тәрбиесін күшейтуге бағытталған «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша тәрбие ісі –жөнііндегі орынбасары Е.Жарылқапов, педагог-психолог А.Қосахова, мектеп медикесі А.Сұлтановалардың ұйымдастыруымен 7-11 сынып арасында қыздар кеңесінің жиналысы болып өтті.
Жиналысқа жалпы 7-11 сыныптан 155 қыз бала қатысты.
Жиналыстың басты тақырыбы «Қыз саулығы –ұлт саулығы» тақырыбында қыздар ұйымының төрайымы Ж.Мұратбекова баяндама жасады. Ол өз Сонымен қатар ерте жүктіліктің алдын алу туралы айтып, шынайы өмірден мысалдарда келтіріп өтті. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдарымен таныстырып өтті.
Мектеп медбикесі А.Сұлтанова сөз алып, қыздар арасында «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқып, денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну екендігін айта келе, жеке бас тазалығының ережелері тоқталып өтті.
Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Е.Жарлылқапов өз сөзінде қыздарға мектеп ережелерін сақтап, тәртібі, сабаққа үлгерімі, мектеп формасы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ ең бірінші отбасындағы қыздардың тәлім-тәрбиесіне ата-ана бүкіл ауыл жұрт, ру жамағат, халық болып тәрбиелеуіміз керек. М.Әуезовтың ел боламын десең бесігінді түзе дегендей қыз бала тәрбиесіне бүкіл қоғам жауапкершілігінің бет пернесі туралы айтып өтті.
Өткізілген шаралар; «Бой түземей –әуелі ой түзеу» баяндама оқылды. Қыздар жиналысы өтілді. Онда қыздар ұйымының тазалық және оқу секторлары сайланды. «Қызға қырық үйден тыю» баяндама оқылды.Ұстаздар мерекесі қарсаңында «Ұстазым менің ұстазым» мерекесіне құттықтауға ат салыса қатысты.
«Салауаттылық салтымыз баяндама» оқылып қыздардың мектеп формасын киюлерін, шаштарына ақ бантик тағуларын ұсынылды. «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» қыздарға арналған қарапайым кеңестер берілді. «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» баяндама оқылып талданды. «Қыздың көркі шаш» оқушы қыздарға арналған шаш сән үлгісі туралы пікіралмасу өтілді. «Сен қалай өсіп жетілесің»қыздарға арналған кеңестер беру Мектептегі медбикесі Сұлтанова Айнұрдың қатысуымен өткізіліліп кеңес берілді.
Қыздар жиналысында компьютердің алдында және ұялы телофон алдында баланың көп уақытын жұмсаудың нәтижесінде бала ата-анаға мейірімсіз,ата-ананы тыңдамау, өз бауырларына қатал болуы, сенімзсіздік танытуы және жасанды жарнамаларға еліктеуіш келетіндігін айта отырып, қыз балаларға мектеп қабырғасында смартфон телофонды қолдануды шектеуге шақыра отырып, рухани құндылықтарға мән беріп, бос уақытта әдеби, тарихи кітаптарды оқуға, қыз балаларға тән инабатты болуға,келешекте жақсы маман иесі болуға шақырды.
Ұсыныс:
Ұлдар мен қыздар ұйымының жұмыс барысы қанағаттанарлық деп табылсын.
Ұлдар мен қыздар ұйымының жұмысы оқу-тәрбие процесінде одан әрі жалғастырылсын.
Құқық бұзушылыққа бейім ұл балалар мен ынтасы төмен қыз балалардың бос уақытын болдырмау мақсатында үйірмеге тарту жұмыстары жүргізілсін.
9 қазан күні 8-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ұл балалармен Кайпов Сапар
Асық ойыны футбол волейбол грем рим күресі
Қыз тәрбиесі мен ұлт тәрбиесі тақырыбында жиналыс
Қыздарға 100 кеңес жобас аясында 08.11-14.11 2023 күндері апталық өтілді. Апталық барысында 9-10-11 сынып қыз балаларымен «Қыз қандай болуы керек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Зорлық зомбылықты және мүжбүрлі некенің алдын алу» тақырыбында педагог-психолог А.Қосахованың ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. « Жат қылықтың қыз тағдарына әсері» 9-10-11 сынып қыздарымен пікір алмасу жиыны болды. 9-10-11сынып қыздарының арасында «Шашбаулым» сайысы өтіліп жеңімпаздар марапатталды. «Әке сізге айтарым бар» деген тақырыпта 8-9 сынып қыздарымен педагог-психолог А.Қосахова тренинг өткізіп, пікір алмасу болды.
Күз ханзадасы мен күз ханшайымы 5-6 сыныптар 7-8 сыныптар күзгі бал
Достарыңызбен бөлісу: |