Таным тылсым құбылыс
-
Матералист болу да, идеолист болу да сол адамның таным дәрежесіне байланысты. Сана мен болмыс арасындағы қарым – қатынасты Абай төртке бөлді. Кәдімгі “білмес, көрмес” деген түйсік – ең қарабайыр ұғым. Ал білу, керек, ой түю – кәдімгі қарапайым өлшем. Ол тіршіліктегі әрбір пендеге тән. Ал үшінші аты – ғылым, білім арқылы Хахты тану. Бұл оқымыстылықты қажет етеді, яғни, адамның таным дәрежесінднгі философиялық ойлау жүйесін танытады. Ең ұлы адам хакім. Ол адам – дүниенің жаратылу сынын біледі. Дүниеде хакімдікке жжеткен ғұлама санаулы. Сондықтанда, мен өзінің жаратылыс туралы танымым қарапайым ұғымнан сан арқылы ақиқатты \шындық емес\ түсінуге бет алған дәрежесінде шығар деп ойлаймын. Ал бұл сатыда ұғымның арасындағы шекара енді ғана ашыла бастайтын сияқты, бірақ жік қоюға әлі ерте. Егер толық түсінген және күдіксіз талдаудан өткізетін білім дәрежесін меңгерсем, мүмкін, біржақты жауап берер едім. Әзірге кесіп – пішіп айтуа ой өрем жетпейді.
-
Түйсік пен зейін, таным тұрғысынан алғанда, бұған алдыңғы жауабымда пікір білдірген сияқты. Өйткені, адамды жаратқан Алла ма, маймыл ма, оны жаратылыстың жұмбағын шешкен соң ғана анық айта аласың. Дегенменде, сол маймылдың құдіреттен жартылған шығар. Кеудемізге жан салған кім? Мәселе сонда. Демек, маймылдан тарағанымызға күдіктене қарайтын болғаным ғой.
-
Мәселе, жерден тыс басқа әлемнен келетін “табқшаның” шындығы мен жалғандығында емес, біздің ғаламнан тыс ғалам бар ма, жоқ па, сонда. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ғалам шексіз. Күн жүйесінен тыс, жеті қат аспнның бар екені рас болса, онда бізден де саналы ақыл иесінің бар болғаны шындық. Абай айтқандай, “дүние рет – ретімен жаралған”, ендеше әлемдік заңға қайшы келетіндей құбылыстың орын алуы мүмкін емес. Ал “табақша” дегеніміз шындық па, ертегі ме, оны ойламаппын, мән бермеппін.
-
Бұл өзі өте жұмбақ әрі қиял-ғажайыпқа бергісіз хикаят. Бала кезімізде Алакөлдің қақпасына орай бүйірлеп жатқан тұсында Шыңғыстың жотасындағы Сарыкөлдің маңында кісікиіктерді өрген және оны ұстаймыз деп аңдыған аңшылар туралы әңгімені көп еститінбіз. Қазіргі заманда оған сену қиын. “қар адамын” білмеймін, ал осы кісі киік дегеніміз маған кентаврды еске салады. Мүмкін, қадым дүниеде ондай құбылыс болған да шығар. Аңызға сенгім келеді.
-
Дін, мен үшін Алла – ғылыммен зерттеп барып, мүсілімдік сана мен шын сенген және қалыптасқан дүниетеным. “Құран – кәрімде” де Абай да дінді ғылымның күшімен қабылда дейді. Ол – дүниетаным.
“Атамұраны” кітап сөресі
Достарыңызбен бөлісу: |