Жинақты құрастырушылар: Багжанова Баян Нурланбековна



бет1/20
Дата14.05.2024
өлшемі1.31 Mb.
#501122
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1- сынып (1)


Жинақты құрастырушылар:


Багжанова Баян Нурланбековна, №101 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;


Шакаримова Гульдана Куатовна, №81 ЖББ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша
тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
1-сынып

2016-2017 оқу жылынан бастап біздің елімізде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша барлық мектеп ұстаздары 1-ші сынып оқушыларын оқытып, нәтижелерін де алды, жаңа қалыптағы білім берудің жетістігі мен қиыншылығына байланысты ой-пікірлерін қорытты. Қазақ тілі пәні мұғалімі ретінде біз де алғашқы жылы көп кедергіні еңсеріп, білмегенмізді үйреніп, тәжірибе жүзінде жан-жақты жұмыс жасадық.


Жаңартылған бағдарламаның ең үлкен жаңалығы - критериалды бағалау жүйесінің енуі еді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асатын бұл бағалау түрінің оқушыға берері мол, ұстаздың да шығармашылық жағынан талпына жұмыс жасауын талап етеді. Былтырғы жылы осы 1-ші сынып оқушыларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» ҚБ және ЖБ арналған жинақтары ұстаздарға көмекке келді. Дегенмен бізге оқу бағдарламасы бойынша берілген оқу мақсаттары бірдей болғанымен, жалпы білім беретін орта мектептердің қолданатын оқулықтары өзгеше еді. Сондықтан көп ұстаздар үшін осы тапсырмаларды дайындау, оқушылардың үлгерімі бойынша мәлімет жинақтау үлкен мәселе болды.
Жинақ авторларының мақсаты - 1 сыныптарға дәріс беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек ретінде былтырғы оқу жылында тәжірибеден өткен қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын ұстаздар қауымына ұсыну. Бұл жинақта қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ұзақ мерзімді оқу бағдарламасының мақсаттарын қамтиды және «Алматыкітап» баспасының «­Қазақ тілі» оқулығының тақырыптары аясында жасалып, сол кітаптағы материалдар қолданылды. Ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар да пайдаланылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет