Садыкова гульдана болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану



Дата19.06.2016
өлшемі292.45 Kb.
#148214
түріДиссертация
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


ӘОЖ 318.046:378.046.2:378.046.4




САДЫКОВА ГУЛЬДАНА

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ш.М.Майгельдиева




Қызылорда, 2012ж

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ш.М.Майгельдиева

Ресми оппонент: Тараз мемлекеттік педагогикалық

институты «Педагогика және

этнопедагогика» кафедрасының

меңгерушісі п.ғ.д, профессор Қ.Болеев

Диссертация 2012 жылдың «__» маусымында сағ __ Қорқыт Ата

Атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014,

Қызылорда қаласы, Төле би 36А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық

факультеті, № __ дәрісхана) қорғалды.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Кіріспе
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан педагогика ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, инновациялық технологияға дайындығы және осы білімнің болашақ педагогтың педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына әсері анықталды. Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясының ЖОО−ңда педагогикалық пәндерді оқытуда ерекшелігі әдістемелік тұрғыда негізделді.

Жұмыста студенттердің кәсіби іс−әрекетке әдістемелік дайындауда инновациялық технологияны қолданудың жолдары қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді және сабақ жоспарлары, яғни жоғары оқу орнында деңгейлеп оқыту технологияны педагогикалық пәндерді оқытуда әдістемелік кешені ұсынылды.



Зерттеудің көкейкестілігі: ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет,ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын [1].

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Жоғары мектептегі білім берудің басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін дайындау. Білім саясатының өзекті мәселелері-кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үрдісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады.

Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек [2].

Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, жоғары оқу орындарының инновациялық іс-әрекетіндегі қолданбалы тәжірибенің көп түрлілігі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарды айқындауды, теориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сараптауды қажетсінеді. Мұндай өзгерістер жоғары мектептегі инновациялық білім беру үрдісітерін басқаруға қатысты педагогикалық теория мен практикаға деген көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді.

Қазіргі заман педагогтары Б.Әбдікәрімов,М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Г.Ж.Меңлібекова,Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды даярлау үрдісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.

Жоғары мектептегі білім берудегі болашақ түрлі мамандардың жетілдіру жолдары А.В.Усова, И.Л.Беленок, Б.К.Момынбаев, М.А.Құдайқұлов, Ш.Т.Таубаева,А.Е.Әбілқасымова, А.Б.Абибуллаева, О.С.Сыздықов, А.Г.Қазмағамбетов, Б.Т.Кенжебеков, С.М.Кеңесбаев, Қ.Ералин, Б.Тойлыбаев, К.М.Беркімбаев, А.З.Тұрсынбаев, және т.б. ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.

Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері Б.К.Момынбаевтың, Л.К.Керімовтің, С.Ж.Пірәлиевтің, М.Н.Сарыбековтың, С.С.Хасеновтың, В.А.Кимнің, Ж.И.Намазбаеваның, Н.Асановтың, Қ.Б.Бөлеевтің, О.Салимбаевтың, Ж.А.Шоқыбаевтың, Е.Омардың, А.К.Ахметовтың, К.М.Беркімбаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқару Н.Асанов, Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үрдісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.

Инновациялық үрдісітерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К.Ангеловски, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.

Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үрдістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.

Атап айтар болсақ, С.А.Көшімбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ.М.Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д.Р.Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.

Сонымен қатар, К.А.Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үрдісін зерттеп, инновациялық педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын дамыту жолдары белгіленген.

С.А.Абдыманапов заманауи университет білімінің структуралық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірді. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсетті.

Е.Ш.Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару жүйесіндегі субъект – субъектілік өзара әрекет, білім сапасын басқарудың инновациялық механизмдері арқылы бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз етуге қабілетті екендігі анықтаған.

Т.А.Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі инновациялық үрдісітерді қарастырып, "инновациялық мектеп" түсінігі мен оның тұжырымының маңызын айқындаған. Қазақстан Республикасында инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған.

К.С.Құдайбергенева жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің "өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру", "мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлығы", "атаулы мектеп", "инновациялық топ" базалық ұғымдарды нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлық үлгісін әзірлеген.

Г.Д.Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың структуралық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттыру арасында өзара байланысын дәлелдеген.

Қазіргі педагогикалық теорияда мұғалімнің кәсіби білім деңгейі оның кәсіби қызметінің құрылымы мен жалпы педагогика ғылымының даму бағытымен анықталады. Осы мәселелер, атап айтқанда мұғалімнің кәсіби қызметінің әр бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болады.

Ұстаз табиғаты, оның абырой-беделі туралы ой-пікірлердің іргетасын қалаған классик-ғалымдарымыз – Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов , М.Жұмабаев және т.б. ғалымдардың айтулы еңбектері бүгінгі ғылымның болашағы деуге әбден болады.

Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологияны енгізудің педагогикалық шарттарының мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.

Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – ғылым негіздерін саналы түрде оқытушымен қатар түрлі педагогикалық-психологиялық әдістерді қолдана отырып мақсатты және жүйелі түрде жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі өмір талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.

Ж.А. Караевтың ғылыми монографиясы «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы» қазір Қазақстанның бар аймағында ғылыми–тәжірбиеден, сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің белсенді әдісіне айналды. Үш өлшемді әдістемелік жүйеде, оқыту келесі формула бойынша анықталады: мақсат–мотив– іс-әрекет – рефлексия–теориялық білім.

Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж.Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.

Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген жоғары мектепте инновациялық білім беру үрдісітерін басқарудағы педагогикалық шарттарды тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл – жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, бейберекет енгізу мен жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологиясының педагогикалық шарттарын енгізудің ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары мектептегі деңгейлік технологияны енгізудің теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.

Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың деңгейлік технологияларды енгізудің түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.



Зерттеудің нысаны: Жоғары мектептегі білім беру үрдісіндегі инновациялық технологиялар

Зерттеудің пәні: Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде деңгейлеп технологиясын қолдану процесі

Зерттеудің мақсаты: Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануды теориялық негіздеу және практикалық жүзеге асыру

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын ендірудің теориялық негіздерін анықтау;

  2. Жоғары оқу орнындарында студенттерге педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясының ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;

  3. Жоғары оқу орны студенттеріне деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы педагогикалық пәндерді оқытудың моделін құрастыру;

  4. Болашақ педагогтарды даярдауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтау және практикалық негіздеу;

  5. Педагогикалық пәндерді оқыту үшін деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу:

Зерттеудің болжамы: егер жоғары мектептегі білім беру үрдісінде педагогикалық пәндерді оқытуда оқу процесіне сәйкес деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі жасалып, педагогикалық шарттары анықталса, онда жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда кәсіби білім берудің қазіргі талаптарына сай келіп, студенттердің педагогикалық пәндерді меңгеруінің сапасы артады, деңгейлеп педагогикалық технологияны пайдаланудың ғылыми әдістемелік жүйесі ұсынылады, білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алады өйткені, жоғары мектептегі студенттердің білім алуға деген қызығушылығы артып, бағдарлық, жүйелік инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін: философия, педагогика ғылымындағы теориялық-әдіснамалық теориялар, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, философиялық ілімдер, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика ілімі, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 050103-Педагогика және психология» мамандығы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, педагогикалық оқулықтар, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары.

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі замаңғы даму процесіне сай қоғамның талабы мен сұранысын қанағаттандыратын педагог мамандарын даярлау үшін деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігін педагогикалық пәндерді (педагогика, дидактика,тәрбие теориясы) оқытуда деңгейлеп тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, «Педагогиканы оқыту әдістемесі (деңгейлік оқыту технологиясы негізінде)» атты арнайы курс бағдарламасын жасап, оқу үдерісіне еңгізу, педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу базасы: Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттері.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу нәтижелері эксперимент барысында жүзеге асты және Республикалық конференцияларда баяндалды (2010,2011 ж), сондай ақ жарық көрген 2 мақалаларда көрініс тапты.

Зерттеудің әдістері: жұмыстың зерттелу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау, жаңа педдагогикалық тәжірбиелерді жинақтау және зерттеу, отандық және шетелдік зерттеулерге салыстырмалы талдау жасау, модельдеу, жалпылау және эмпирикалық бақылау, әңгімелесу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірбиелік-эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістерін, математикалық статистика сияқты әдістер пайдаланылады.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде Зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу процедурасы жасалып, проблеманың теориясы мен қазіргі жағдайы қарастырылды, зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, нысыны, пәні, болжамы, жетекші идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды. 

Екінші кезеңде Жиналған материалдарды, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және қорытындылау жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды. Магистрлік диссертацияның теориялық бөлімі жазылып, экспериментке материалдар дайындалды.

Үшінші кезеңде Эксперимент жүргізіліп, алынған мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді; қорытындыларды рәсімдеп магистрлік диссертация қорғауға даярланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • жоғары мектепттердің білім беру үрісінде педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясының ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды;

  • студенттерге педагогикалық пәндерді оқытудағы деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттары нақтыланып, тексеруден өткізілді;

  • жоғары мектептегі оқыту үрдісінде инновациялық технологиялар білім мазмұнына қарай іріктеліп ұсынылды:

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үрдісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.

Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына, ЮНЕСКО-ның халықаралық білім саясатының материалдарына және т.с.с. негізделеді. Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық салаларына түгел ықпал етеді.

Бүгінгі күнгі білім ордалары – жоғары оқу орындарының басты міндеті мен мақсаты жақсы адам – білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің болашақ дамуына арналқан «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және жаћандануы арқылы мәдениет жасаушылық, интеграциялық роліне ерекше мән берген болатын. Осыған байланысты елімізде жоғары білім беру саласы соңғы жылдары өзгерістерге ұшырап, жаңа бағыт іздеу жолында.

Зерттеу тақырыбымыз бойынша, ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі замаңғы кезеңін − оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады.



Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленген. Оларды пайдалану барысында Республикамызда адам, оның өмірі, оның өмірі, құқығы мен бостандығы – жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының негізіг заңы – ҚР Конституциясын басшылыққа алу керек. Бұл білім беруді жанартудың негізігі принциптерін: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгелендіру мен демократияландыру принциптерін анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы − білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етті. «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың "миына құйғанмен", ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпген, байланыстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топтастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек».(В.А.Сухомлинский). Сабақта, жалпы жоғары оқу орнында студентке жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан жақты дамитын болады. Қазіргі замаңғы ЖОО−нда студент үшін қызмет ету керек, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішікі мәдениетті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсат−ЖОО−ның бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс әрекет жасай алатын болу керек. Ал енді, «Осындай мақсатқа жету үшін жоғары оқу орнында бүгінгі жағдайда мүмкінбе?» − деген сауал туатыны анық. «Әрине, мүмкін емес» − дейді белгілі ғалым Ж.А.Караев, («Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения», автореферат докторской диссертации, Алматы, 1994 ж). Студенттің өз бетімен оқулықпен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастыру үшін қажетті талаптардың бірі – оқулық соған бейімделіп жазылу керек. Кеңінен қарастыратын болсақ, оқулық деген не? Ол педагогикалық жүйенің бір ғана құрамдас бөлігі. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз не? Педагогикалық жүйе дегеніміз: мақсат, мазмұн, әдіс−тәсіл, оқытудың ұйымдастыру түрі, құралы (көрнекіліктер) және осылар арқылы нәтижеге жетелейтін студент пен оқытушының арасындағы оқыту (дидактикалық) процесі. Мұндағы: педагогкалық жүйенің алғашқы бес компоненті әдістемелік жүйені құрайды: әдістмелік жүйе (мақсат, мазмұн, әдіс−тәсіл түрі, құралы). Дидактикалық процесс ойдағыдай жүзеге асу үшін студенттерді белгілі дәрежеде оқуға қызықтырып, ынталандыру қажет. Оған оқытушы өзінің шеберлігі арқылы (сыртқы ынталандыру) және міндетті түрде қызықты, тартымды, өз бетімен білім алуға қолайлы құрастырылған мазмұн (ішкі ынталандыру) арқылы қол жеткізе алады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері “новация” мен “инновация” ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымының энциклопедияларда да, сөздіктерде де әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады [7].

Инновация ұғымдарының жалпы энциклопедиясының жаңа басылымында “инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы” деген анықтама беріледі.

Ал, сөздікте “новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық” ретінде пайымдалады.

“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді[8].

Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдісі деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді [16].

Ал, Қ.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация” - жаңарту, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество” – жаңалық, “инновационный процесс” – жаңарту үрдісі [17].

Қ.М.Нағымжанова «инновация» және «инновациялық іс-әрекет» ұғымдарын қарастыра отырып, «инновациялық іс-әрекетке» мынадай анықтама берген: инновациялық іс-әрекет дегеніміз оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолын табу, қалыптасқан дәстүрлі іс-әрекетке жаңалықтар енгізу, оқыту еңбегін қабілет ерекшелігіне сәйкес өзгертіп дамыту [18].

Қ.М.Нағымжанова өзінің зерттеу жұмысында педагогикалық инноватиканы сурет 1 арқылы сипаттаған.

полотно 102

1-сурет. Педагогикалық инноватика сипаттамасы




полотно 92

2-сурет. Оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық әрекеті.

Жалпылама дәстүрлі және инновациялық оқыту модельдерін салыстырайық. Оны көрнекі түрде кесте арқылы көрсетейік (1- кесте).
1-кесте. Жалпылама дәстүрлі және инновациялық оқыту модельдерінің салыстырмалы сипаттамасы



Негізгі сипаттамасы

Оқытудың дәстүрлі моделі

Оқытудың инновациялық моделі

Мақсатты екпін

Оқытудың нәтижесі (бағдарламамен белгіленген ақпарат көлемін меңгеру)

Оқыту үрдісі (оқуға оқыту)

Студенттің ролі

Пассивті

Белсенді

Оқытушының ролі

Жетекші (білім бастауы)

Кеңес беруші (менеджер, режиссёр)

Білімді жеткізу формасы

Дайын күйінде үлгі бойынша, вербальды әдістер мен мәтіндік формаларды қолдану;

Әртүрлі және белсенді формалар арқылы

(ойын түрде, проблемалық, өзіндік жұмыс т.б.)



Білімдерді қолдану

Көбінесе типтік тапсырмалар, бақылау процедураларына даяарлау;

Білімдерді қолданбалы шынайы жағдайда қолдануға деген екпін.

Оқу іс-әрекетіндегі (қолданылатын) (преоблодающая) форма

Фронтальды (лекция) және жеке даралық (семинармен бақылауға даярлық)

Оқу жұмысының топтық және ұжымдық формасын кеңінен қолдану

Сонымен, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үрдістерін дамытудағы педагогикалық және экономикалық аспектілердің өзара байланысы бұрын-соңды педагогика тарапынан зерттелмеген әрі осы үрдістердің дамуына үлес қосқан құбылыстармен қоса, оның таралуын тежеген себептерді де анықтауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
2-кесте. Деңгейлеп оқыту барысында студент пен оқытушы іс-әрекетінің жүйесі

Кезеңдер

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Дайындық кезең

Студенттердің оқу материалын базалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау




Диагностикалық кезең

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Студенттердің білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Студенттерден сауалнама алу, тәлімгерлерімен жетекшілерімен, студенттер және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.

Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары негізінде пәнді оқыту деңгейі тандалады. Студент өзіндік тандау жасайды.

Студенттерді топтарға бөлу кезеңі

Студенттерді топқа бөлуді ұйымдастыру:

Әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау.

Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау.

Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.



Белгілі топты стіденттің тандауы. Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу. Студенттің тандауы қатаң ескеріледі.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Студенттердің топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы.

деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгеру нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша студенттерді бағалау (кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы).

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.



Қорытынды

Алынған зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, төмендегідей қорытындылар жасаймыз:

1) Білім беру саласындағы инновациялық үрдістерді жоғары мектептегі білім беру жүйесін дамыту үшін қолдануда парадигмалық бағытты ұстандық. Парадигмалық бағыт қазіргі философия ғылымында жаңа көзқарастарды білім беру саласына алып келеді.

Білім берудің жаңа парадигмасы болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық - әдіснамалық негізін айқындауға көмектеседі. Сондықтан ғалымдарға қолда бар ғылыми қорға сүйене отырып, «педагогикалық парадигма», «инновациялық парадигма», «педагогика ғылымының инновациялық парадигмасы», «білім берудің инновациялық парадигмасы», «оқытудың инновациялық парадигмасы», «тәрбиенің инновациялық парадигмасы» ұғымдарының мәнін ашу, сондай-ақ инновациялық педагогикалық парадигманы бағалау көрсеткіштерін анықтап, оны әртүрлі білім беру мекемелерінде жүзеге асыру бағыттындағы іс-тәжірибелерді зерттеу жүктеледі:

2) Философия, психология және педагогика ғылымдарының әдіснамалық бағыттарына сүйене отырып,болашақ мұғалімнің деңгейлік оқыту технологиясына даярлығын қалыптастыруда біртұтас педагогикалық үрдістің инновациялық теориясы мен практикасы турғысынан жалпы мәдени құндылыққа арқа сүйетін инновациялық педагогикалық іс-әрекеттер жүйесінде қарастырдық. Болашақ мұғалімнің деңгейлік оқыту технологиясына даярлығын қалыптастыру үрдісінің негізіне төмендегідей әдіснамалық бағыттар алынды: тұлғалық, іс-әрекеттілік және тұлғалық, жүйелік, мәдениеттілік, инновациялық, технологиялық.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымында танымның көптеген жаңа бағыттары қалыптасуда, сондықтан инновациялық педагогикалық бағыттарды жүйелеу қиындық тудыруда. Сол себепті алдағы уақытта жиналған бар теориялық және практикалық материалдық қорды пайдаланып, педагогика ғылымындағы жаңа әдіснамалық бағыттарды жүйелеп, топтастыру қажет болады.

3) Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық -әдіснамалық негізі төмендегідей тұжырымдамалық негіздемені алға тартады: болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру біртұтас педагогикалық үрдістің, педагогикалық рефлексияның ғылыми – зерттеу жұмыстарының инновациялық бағыттылығымен сипатталады. Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлық құрылымын төмендегідей әдіснамалық білім жиынтығы құрайды: философия мен ғылым әдістемесі, педагогика мен педагогика ғылымының әдістемесі, білім беру саласындағы жаңалық ендіру теориясының әдіснамалық негізі, педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі, әдіснамалық мәдениет.

4) болашақ мұғалімнің деңгейлеп оқыту технологиясына даярлығын қалыптастырудың инвариантты құраушысы – біртұтас педагогикалық процесті инновациялық бағытта жүргізуге мүмкіндік беретін мұғалімнің педагогикалық және кәсіби даярлығы, мұғалімнің педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияға даярлығын құрайды, ал вариативті құраушысы оқу-әдістемелік, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру; инновациялық педагогикалық тәжірибені үйрену, насихаттау, тарату, ендіру; педагогика ғылымының соңғы нәтижелерін мектептің іс-тәжірибесіне ендіру; педагогика ғылымы мен жоғары мектеп тәжірибесінің өзара байланысын, инновациялық бағыттағы ғылыми – зерттеу жұмысын жүзеге асыратын мұғалімнің әдістемелік, шығармашылық, инновациялық, технологиялық, зерттеушілік, ізденушілік іс-әрекеттері құрайды.

5) болашақ мұғалімнің деңгейлеп оқыту технологияға даярлығын қалыптастырудың біз ұсынған теориялық – моделінің мазмұны 3 бағытта ашылады: мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.

Болашақ мұғалімнің деңгейлеп оқыту технологиясына даярлығын қалыптастырудың негізіне болашақ мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі алынып, оның әдіснамалық, теориялық әдістемелік, технологиялық 4 компоненті анықталды – ұсынылған болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың мотивациялық моделінің негізіне қызығушылық,бірізділік пен жүйелік, мақсат бағыттылық, білім беру мен ғылымның интеграциясы, білім беруді ізгілендіру, мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, бірлескен оқушы – мұғалімін одағының шығармашылығы, инновациялық іс-әрекеттілігі алынды. Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру 3 кезеңде қарастырылады: кәсіби даярлық, кәсіби білім, инновациялық білім. Болашақ мұғалім инновациялық білімді өз білімін өзі жетілдіру барысында сабақта, инновациялық курстарда, арнайы курстарда және т.б. алады. Мұғалімнің инновациялық даярлық дәрежесіне сәйкес мұғалімдер типі анықталынады: жас маман, тәжірибелі маман, озат тәжірибелі маман, шығармашыл мұғалім, жаңашыл мұғалім, мұғалім – инноватор, зерттеуші – мұғалім, мұғалім ғылыми – ізденуші.

6) Үздіксіз білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру әдістемесі мектеп – жоғары оқу орны – педагог кадрлардың білімін көтеру және қайта даярлау институты – мектеп бағытындағы мұғалімді даярлау мен қайта даярлаудың инновациялық тужырымдамаларын басшылыққа алады. Ұсынылған әдістеменің артықшылығы – инновациялық, авторлық курстарды мектептің өз базасы деңгейінде өткізу педагогикалық ұжымының толықтай инновациялық даярлығын қамтамасыз ету. Бұл әдістеменің тиімділігі жүргізілген іс-тәжірибелік педагогикалық жұмыстар барысында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық, ізденушілік, инновациялық дидактикалық іс-әрекеттері барысында әдлелденді. Болашақ мұғалімнің деңгейлеп оқыту технологиясына даярлығын қалыптастыратын инновациялық бағыттағы әдістемелік жұмыстардың мазмұны ашылды. Жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстар барысында болашақ мұғалімнің деңгейлік оқытуға даярлық көрсеткіштері анықталынып, болашақ мұғалімнің деңгейлік оқытуға даярлығын қалыптастыру тиімділігін арттырудың жолдары көрсетілді.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы жүргізілген зерттеу осымен шектелмеуі тиіс. Біз өз зерттеуімізде ізгілік және тұлғалық бағыттылық инновациялық педагогикалық парадигманың жүзеге асуын қамтамасыз ететін болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығының бір ғана бағытын қарастырдық, әлі болашақта білім аймағын, оқу пәндеріне, оқыту бағыттарына, білім бағдарламасына сәйкес болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша жүйелі зерттеулер талап етіледі.

Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, төмендегідей әдістемелік ұсыныстар жасаймыз:

- болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы зерттеуді тиімді жүргізу үшін жаңашыл педагогтардың аймақты, республикалық форумдары мен әдіснамалық семинар – сессияларын ұйымдастыру;

- болашақ мұғалімнің даярлығын толық қалыптастыру үшін жалпы білім беретін орта мектеп, жоғары педагогикалық оқу орны, ғылыми–зерттеу институты, педагог кадрлардын білімін көтеру мен қайта даярлау;

- болашақ мүғалімнің инновациялық даярлығын одан әрі жетілдіру бағытында мұғалімді инновациялық іс-әрекетке, инновациялық ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналысуына бағыт – бағдар беретін инновациялық оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік кешенін әзірлеу, инновациялық ақпараттық банк жүйесін құру, инновациялық веб-сайттар ашу;

- болашақ мұғалімді жоғары оқу орны қабырғасында-ақ инновациялық педагогикалық технологиямен қаруландыру;

- арнайы кәсіби және жоғары педагогикалық оқу орындарында «Инновациялық технология негіздері», «Деңгейлеп оқыту технологиясы» пәндерін міндетті пәндер есебінен оқыту;

- жалпы білім беретін орта мектеп, арнайы кәсіби және жоғары педагогикалық білім беретін оқу орындарының оқу-процесіне инновациялық технологияны толықтай ендіруді қолға алу қажет. Ол үшін мұғалімнің инновациялық білімді игеру мен инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыруын ұдайы ынталандыру шараларын қарастырған жөн.


Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1.Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы педагогикалық пәндерді

оқытудың моделі // «Жас ғалымдардың жинағы» / Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған (баспада).

2. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі педагогикалық шарттары // «Жаңа формациядағы педагогтарды даярлау мақсатында инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияның материалдары. –Шымкент

Мәскеу, 2012.II-шы том. -27-32б.



Резюме

на реферат магистерской диссерации по теме :
Использование уровне-дифференцированной тенхнологии обучения в процессе профессиональной подготовки будущих педагогов
6М010300 - Педагогика и психология

Цель исследования: научно-теоретическое обоснование и практическая реализация уровне-дифференцированной технологии обучения в ходе преподавания педагогических дисциплин в вузе.

Объект исследования: процеес использования уровне-дифференцированной технологии обучения в образовательной сфере высшей школы.

Предмет исследования: инновационные технологии образовательного процесса в высшей школе.

Гипотеза исследования: если в учебном процессе высшей школы на занятиях дисциплин педагогическогог цикла активно использовать технологию уровне-дифференцированного обучения, а также определить ее научно-педагогические основы и условия, то профессиональная подготовка будущего педагога в целом и инновационная деятельность его в частности будет соответствовать сегодняшним требованиям, предъявляемым в образовательной системе страны.

Методологической и теоретической основой исследования явились философские, психологические и педагогические концепции о единстве, особенного, единичного и развивающемся объекте, о единстве целевого, содержательного и процессуального компонентов обучения и воспитания. Теоретической основой исследования явились общая теория деятельности, теория активизации учебно-воспитательного процесса, теория развивающего обучения в его личностно-ориентированном подходе.

Ведущая идея исследования заключается в использовании потенциала уровне-дифференцированной технологии как действенного средства повышения профессиональной подготовки будущих педагогов на занятиях педагогических дисциплин. Активизация инновационного отношения к познаваемой педагогической информации (разработка и внедрение элективного курса с использованием уровне-дифференцированных заданий) призвана позитивно повлиять на совершенствование профессиональной подготовки студентов-будущих педагогов.

База исследования: Кызылординский государственный университет им.Коркыт Ата, студенты специальности 5В010300- «Педагогика и психология» .

SADYKOV GULDANA

Use level - the differentiated tenkhnologiya of training in the course of vocational training of future teachers
6М010300 - Pedagogics and psychology

Research objective: scientific-theoretical justification and practical realization level - the differentiated technology of training during teaching of pedagogical disciplines in higher education institution.

Object of research: процеес uses level - the differentiated technology of training in the educational sphere of the higher school.

Object of research: innovative technologies of educational process at the higher school.

Research hypothesis: if in educational process of the higher school on occupations of disciplines педагогическогог a cycle actively to use technology level - the differentiated training, and also to define its scientific and pedagogical bases and conditions, vocational training of future teacher as a whole and his innovative activity will correspond in particular to the today's requirements shown in educational system of the country.

Methodological and theoretical basis of research were philosophical, psychological and pedagogical concepts about unity, special, individual and developing object, about unity of target, substantial and procedural components of training and education. A theoretical basis of research were the general theory of activity, the theory of activization of teaching and educational process, the theory of developing training in its personal focused approach.

The leading idea of research consists in potential use level - the differentiated technology as effective means of increase of vocational training of future teachers on occupations of pedagogical disciplines. Activization of the innovative relation to cognizable pedagogical information (development and introduction of an elektivny course with use level - the differentiated tasks) is urged to affect positively improvement of vocational training of students - future teachers.

Base of research: Kyzylordinsky state university of Korkyt At, students of specialty 5В010300-«Pedagogics and psychology».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет