Жыныс жолымен таралатын аурулар



бет3/6
Дата03.01.2022
өлшемі19.94 Kb.
#451690
1   2   3   4   5   6
СозПр

Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде,әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа іш киімнен. жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латентті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқтырудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрылысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі.
Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдере еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі, несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады, кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісінуі пайда болады.
Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып іріндеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады.
Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден-егер әйел жүкті болса ,жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.
Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе,жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қуысы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал бұл, күрделі хирургиялықауру.
Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін.
Мерез (сифилис) – жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.
Жұқтыру көзі –кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет