«Жыныстық жүйенің ісіктері» тақырыбына тесттер
-
Аналық без эндометриозының мүмкін болатын негізгі симптом:
а)Жыныстық жолдардан қанды бөліністер
b)дизурия
c)диспареуния
d)үдемелі альгоменорея
e)үдемелі ауырлық
2. Эндометриоздың хирургиялық емінен кейін рецидивті алдын-алу үшін ең эффективті гормонды таңдаңыз:
a)КОК
b)агонисты ГнРГ агонисттері
c)гестагендер
d)простагландиндер
e)эстрогендер
3. Бедеулік, дисменорея, меноррагия қанадай симптомокомплекс ішіне кіреді. Мүмкін болатын диагноз:
a)жыныстық мүшелердің туберкулезі
b)созылмалы эндометрит
c)созылмалы сальпингоофарит
d)эндометриоз
e)поликистоз синдромы
4. 35 жастағы науқас әйелде профилактикалық қарауда жатыр мойнының эндометриозы анықталды. Мүмкін болатын тактика:
a)6 ай бойы диспансерлік бақылау
b)жатыр өзекті және жатыр қуысын қыру
c)диатермоэкцизия жүргізу
d)диатермокоагуляция жүргізу
e) гормоналды емді тағайындау
5. 40 жастағы әйел әйедер кеңес үйіне ауыратын, ұзақ етеккірге, ашулаңғыштыққа, бас айналуға, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне шағымдаып келді. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, пульс 78 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 100/60 мм сын.б.б., гемоглобин 80 г/л. Бимануалды қарағанда: жатыры 6-7 аптаға дейін үлкейген, тығыз, бұдырлы, қозғалмалы, ауырады. Жатыр қосалқылары екі жақтан үлкеймеген. Мүмкін болатны дигагноз.
a)жатыр миома, аралас түрі
b)жатыр миома, субсерозды түрі
c)жатырлық жүктілік
d)жатыр миомасымен қосарланған аденомиоз
e)жатыр және жатыр мойнының миомасы
6. 50 жастағы науқас әйел әйелдер кеңес үйіне көп мөлшерде, ұзақ етеккріге, әлсіздікке, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне шағымдаып келді. 6 айдан бері өзін ауырумын деп санайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, пульс 78 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 110/80 мм сын.б.б., гемоглобин 88 г/л. Бимануалды қарағанда: жатыры 8-9 аптаға дейін үлкейген, тығыз, бұдырлы, қозғалмалы, ауырмайды. Жатыр қосалқылары екі жақтан үлкеймеген. Бөлінділер шырышты. Мүмкін болатны дигагноз.
a)жатыр денесінің миомасы, субмукозды миома
b)жатыр денесінің миомсы, субсерозды миома
c)жатыр денесі мен жатыр мойнының миомасы
d)интерстициалды жатыр миомасы
e)аденомиоз
7. Жатыр миомасын хирургиялық еміне көрсеткіштердің ішінен мүмкін болатын ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТІ таңдаңыз:
a)миоматозды түйіннің центрипеталды өсуі
b)жүктіліктің 13-14 аптасынан үлкен ісіктің өлшемдері
c)миоматозды түйіннің некрозы
d)ісіктің тез өсуі
e)ісіктің өлшемі 12 аптадан кішкентай
8. 35 жастағы науқас "жедел жәрдем" бригадасымен жыныс жолдардан көп мөлшерде қанды бөліністерге, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. 6 айдан бері етеккірі көп мөлшерде, ұзақ келеді, күтілетін етеккірдің 1-ші күнінен бастап, 14 күн бойы. Бимануалды: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр өлшемі жүктілктің 8-9 аптасына дейін, тегіс, ауырмайды, қозғалмалы. Екі жақтан қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездер терең. Сіздің мүмкін болатын диагнозыңыз:
a) репродуктивті жастағы ДЖҚ
b)аденомиоз, түйінді түрі
c)толық емес өздігінен түсік
d)жатыр миомасы
e)аденомиоз, диффузды түрі
9. Науқас М. 43 жаста, стационарға жыныс жолдардан көп мөлшерде қанды бөліністерге, іштің төменгі аймағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезден: "Д" тіркеуде "жатыр миомасы" диагнозымен тұр. Хирургиялық гемостаз мақсатымен жатыр қуысын диагностикалық қыру жасалынды. Қыру кезінде "таю" си»птомы анықталды. Сіздің қоятын диагнозыңыз:
a)түйіршікті тығын
b)эндометрий полипі
c)толық емес түсік
d)жатыр мойны полипі
e)субмукозды жатыр миомасы
10. Науқас З. 40 жаста, іштің төменгі аймағында толғақ тәрізді ауру сезіміне, жыныс жолдардан көп мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып келді. 4 жыл бойы көп мөлшерде, ұйындылармен етеккірі келеді. Соңғы 3 жыл анемиямен ауырады Қарап тексергенде: тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаты бозарған, пульс 100 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 100/60 мм сын.б.б. Айнамен қарағанда: жатыр мойнының өзегінен диаметрі 7 см жіңішке аяқшада түзіліс анықталады, көп мөлшерде қанды бөліністер. PV: жатыры қалыпты мөлшерден сәл үлкендеу, қозғалмалы, аырмайды. Қосалқылар анықталмайды. Қоятын диагнозыңыз:
a)цервикалды өзектің полипі, анемия
b)жатыр мойнының обыры, анемия
c)туылатын субмукозды миоматозды түйін, анемия
d)жатыр мойныныі миомасы, анемия
e)эндометрий обыры, анемия
11. Туылатын субмукозды миоманы емдеудің ең тиімді әдісін таңдаңыз:
a)субмукозды түйінді бұрап алу
b)бөлек диагностикалық қыру
c)динамикалық бақылау
d)жатырдың қосалқыларсыз экстирпациясы
e)жатырдың қосалқыларсыз қынапүстілік ампутациясы
12. Миома кезінде экстирпацияға мүмкін болатын көрсеткіш:
a)субсерозды миома
b)интерстициалды миома
c)жатыр мойнының миомасы
d)жатыр денесінің көптік миомасы
e)субмукозды миома
13. Науқас 27 жаста. Көп мөлшерде, ұзақ етеккірге, жүктіліктің болмауына шағымданады. Өзін 4 жыл бойы аурумын деп санайды. Жүкті болғысы келеді. Айнамен қарағанда: Жатыр мойны патологиясыз, жыныс жолдарынан бөлінді шырышты. Бимануалды қарағанда: жатыры 9-10 аптаға дейін үлкейген, бұдырлы бетті, қозғалмалы, ауырмайды. Жатыр қосалқылары екі жақтан үлкеймеген. Диагноз: Жатырдың көптік миомасы. Біріншілік бедеулік. Оперативті емнің ең тиімді көлемін таңдаңыз.
a)гистерэктомия
b)жатыр дефундациясы
c)жатырдың қосалқыларсыз қынапүстілік ампутациясы
d)консервативтыя миомэктомия
e) жатырдың қосалқылармен қынапүстілік ампутациясы
14. әйелдер кеіес үйінде ұабылдауда науқаста жатыр мойнының кольпоскопиясы кезінде псевдоэрозияны анықтады. Бұл патологияға тән көрініс?
a)жатыр мойнының қынаптық бөлігінің көпқабатты эпителиймен қапталғаны
b)көпқабатты жалпақ эпителийдің беткей және аралық қабаттарының жұқаруы
c)жатыр мойнының қынаптық бөлігінің цилиндрлі жалпақ эпителиймен қапталғаны d)көпқабатты жалпақ эпителийде мүйіздену аймақтардың түзілуі
e)цервикалды өзектің жарақаттан кейінгі айналып кетуі
15. 52 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге жыныстық жолдардан көп мөлшерде қан кетуге шағымданып түсті. Жатыр қуысын қыру жүргізілді. Гистология нәтижесі: аденоматоз аймақтары бар безді-кистозды гиперплазия. Тиімді гормондарды тағайындаңыз:
a)КОК
b)эстрогендер
c)АКТГ
d)гестагендер
e)андрогендер
16. 65жастағы науқасқа меноүрдіс кезінде қан ағу себебімен жатыр қуысын қыру жасалынды. Гистологиялық зерттеудің нәтижелері – аденокарцинома. Ең тиімді такактика.
a)бақылау және қайтадан қыру
b)циклдік гормонотерапия
c)үздіксіз гестагенотерапия
d)андрогенотерапия
e)тоталды гистерэктомия
17. Науқас 56 жаста, 5 жылдық менопауза фонында қанды бөліністерге шағымданып түсті Жатыр қуысының аспирационды биопсиясы жүогізілді. Гистологиялық қорытынды – эндометрийдің күрделі атипті гиперплазиясы. Анамнезде гипертониялық ауру, қант диабеті. Емдеу жоспарының тиімді түрін ұсыныңыз:
a)гормонотерапия
b)цервикалды өзеткі мен жатыр қуысын диагностикалық қыру
c)жатырды қосалқыларсыз ампутациялау
d)жатыр қосалқылармен экстирпациялау
e)диспансерлік бақылау
18. Науқас 32 жаста гинеклогия бөліміне іштің төменгі бөлімінде толғақ тәрізді аяқтарға берілетін ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезде жүктілік болмаған. Қарап тексергенде іші ауырады, оң перитонеалды симптомдар. Вагиналды қарағанда: жатыры үлкен емес, тығыз, қозғалмалы, ауырмайды. Оң жақ қосалқылар аймағында тығызэластикалық консистенциялы ісік анықталады, қозғалысы шектелген, пальпацияда және ығыстырғанда ауырады. Мүмкін болатны диагноз:
a)аналық без эндометриозы
b)аналық без киста аяқшасының бұралып кетуі
c)аналық без кистомасы
d)субсерозды миоматозды түйіннің некрозы
e)аналық без апоплексиясы
19. Науқас 20 жаста іштің төменгі бөлімінде ауру сезіміне және ауыратын, ұзақ етеккірге шағымданады. Етеккірдің 10 күнінде алғаш рет жасалынған УДЗде 5,0х4,0 см көлемді аналық без кистасы анықталды. Сіздің диагнозыңыз
a)тека-лютеинды киста
b)сары дене кистасы
c)пароовариалды киста
d)фолликулярлы киста
e)кистома
20. Науқас 32 жаста гинеклогия бөліміне іштің төменгі бөлімінде толғақ тәрізді аяқтарға берілетін ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезде жүктілік болмаған. Гинекологтарға сирек қаралды. Қарап тексергенде іші ауырады, оң перитонеалды симптомдар. Вагиналды қарағанда: жатыры үлкен емес, тығыз, қозғалмалы, ауырмайды. Оң жақ қосалқылар аймағында тығызэластикалық консистенциялы ісік анықталады, қозғалысы шектелген, пальпацияда және ығыстырғанда ауырады. Диагноз: оң жақ аналық без киста аяқшасының бұралып кетуі. Емдеу көлемін таңдаңыз
a)түзілістің хирургиялық алып тастау – аднексэктомия
b) түзілістің хирургиялық алып тастау - цистэктомия
c)3ай бйы диспансерлік бақылау
d)3бойы КОК қабыдау
e)1-2 ай қабынуға қарсы терапия содан кейін түзілісті хирургиялық алып тастау.
21. Науқас 20 жаста іштің төменгі бөлімінде ауру сезіміне және ауыратын, ұзақ етеккірге шағымданады. Етеккірдің 10 күнінде алғаш рет жасалынған УДЗде 5,0х4,0 см көлемді аналық без кистасы анықталды. Диагноз: фолликулярлы киста. Ең тиімді емдеу жоспары:
a)түзілістің хирургиялық алып тастау – аднексэктомия
b) түзілістің хирургиялық алып тастау - цистэктомия
c)3ай бйы диспансерлік бақылау
d)3бойы КОК қабыдау
e)1-2 ай қабынуға қарсы терапия содан кейін түзілісті хирургиялық алып тастау.
22. Жатыр қосалқыларын алып тастау кезінде қысқыштар қай жерге салынады:
a)оймыш-жамбас байламы, мезосальпинкс, жатыр түтігінің мойыншығы
b)мезосальпинкс, жатыр түтігінің мойыншығы
c)домалақ байлам, мезосальпинкс, жатыр түтігінің мойыншығы
d) оймыш-жамбас байламы, мезосальпинкс, аналық бездің меншікті байламы
e) оймыш-жамбас байламы, мезосальпинкс, аналық бездің меншікті байламы, жатыр түтігінің мойыншығы
23. Операциядан кейін 7-ші тәулікте — жатыр миомасы себебінен жатырдың қосалқылармен экстирпациясы, 35 жастағы науқас, 2-ші дәрежелі анемиямен, керуеттен тұрғаннан кейін аяқтың балтыр бұлшықеттерінде ауру сезіміне шағымданды. Тағайындау керек:
a)ГБО, физиоем
b)активті, пассивті гимнастика
c)ауырсыздандыратын заттар таайындау
d)антикоагулянттарды тағайындау
e)қабылдайтын сұйықтық көлемін 1200 мл дейін көбйту
24. 33 жастағы науқас әйелдер кеңес үйіне жыныс жолдардан көп мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып түсті. Соңғы жыл ішінде етеккірі көп мөлшерде, ұзақ келеді, бұл қан ағу күтілетін етеккірдің 1-ші күнінен бастап, 14 күн бойы. Анамнезде 3 жыл бедеулік. Вагиналды: жатыр мойны коникалық, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр өлшемі жүктілктің 10-11 аптасына дейін, ауырмайды, қозғалмалы, бұдырлы. Екі жақтан қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездер терең. Диагноз: Жатырдың көптік миомасы. Біріншілік бедеулік. Тиімді емдеу көлемін тағайындаңыз:
a)лапаротомия, жатырдың қынапүстілік ампутациясы
b)лапаротомия, жатыр экстирпациясы
c)лапароскопия, консервативті миомэктомия
d)диспансерлік бақылау
e)жатырдың қынаптық экстирпациясы
25. Жатыр миомасы себебімен консервативті миомэктомия жүргізілді. Қалпына келтіру емінде қандай гормонды тағайындаған жөн:
a)КОК
b)а-ГнРГ
c)гестагендер
d)эстрогендер
e)андрогендер
26. 29 жастағы алғаш босанушы әйел жамбастың қалыпты өлшемдерімен және жүктіліктің 38 аптасымен босану әркетінің басталуынан 6 сағаттан кейін бүтін қағанақ қабымен түсті. Түскен кезде балтыр мен табанның ісінуі анықталады. АҚҚ 160/90 сын.б.б., екі қолда. Босанушы лабильді, толғақтарға белсенді жауап береді. Іш айналымы 96 см., жатыр түбі биіктігі 32 см., ұрықтың орналасуы ұзына бойлы, баспен жатыр, жамбастың кіре берісіне тіреліп жатыр. Ұрықтың жүрек соғысы 140 рет/мин. Вагиналды қарағанда: жатыр ернеуәнәі ашылуы 6 см. Ауырсыздандырудың ең адекватты түрі:
a)спазмолитиктер
b)анальгетиктер
c)перидуралды анестезия
d)физиопсихопрофилактика
e)гипноз
27. 10 сағатқа созылған босануда босанушы әйелде қағанақ суы кетті. Кенеттен әйел бозарды, жүректе қатты ауру сезімі, ентігу, қорқу сезімі пайда болды. Қарағанда әйел қозған, АҚҚ 70/50 сын.б.б., цианоз, ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет/ минутына. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, жатқан бөлігі кіші жамбас қуысында. Дұрыс диагнозды тағайындаңыз:
a)плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
b)ұрықтың жедел гипоксиясы
c)қағанақ сумен эмболия
d)кардиогенді шок
e)аллергиялық шок
28. 10 сағатқа созылған босануда босанушы әйелде қағанақ суы кетті. Кенеттен әйел бозарды, жүректе қатты ауру сезімі, ентігу, қорқу сезімі пайда болды. Қарағанда әйел қозған, АҚҚ 70/50 сын.б.б., цианоз, ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет/ минутына. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, жатқан бөлігі кіші жамбас қуысында. Диагноз: қағанақ сумен эмболия. Қағанақ умен эмболия кезінде тиімді ем:
a)тез босандыру
b)тыныс алу қызметін қалпына келтіру
c)жүрек-қантамыр қызметін қалпына келтіру
d)глюкокортекоидтардың жоғары мөлшерлерін беру
e)қанның коагулялық қасиеттерін қалпына келтіру
29. Паровариальной киста кезінде жасалынған операцияда жасау керек
a)кистаны сылу
b)зақымдалған жақта қосалқыларды алып тастау
c) зақымдалған жақта аналық безді алып тастау
d) зақымдалған жақта аналық бездің резекциясы
e)жатыр ампутациясы
30. Аналық бездің қатерлі ісігіне күмәндаған кезде клинико-лабораторлы және инструменталды зерттеудің оптималды кешеніне кірмейді:
a)АІТ рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеу
b) қанда ісік маркерлерінің (СА-125) сандық өлшеу
c)кіші жамбас мүшелерін трансвагиналды және трансабдоминады УД сканирлеу
d)гистероскопия эндометрий аблациясымен
e) Лимфография
31. Гистеросальпингографияда «бокал» түрде миоматозды түйіндер анықталады: a)субмукозды түйінде
b)субсерозды түйінде
c)интерстициалды түйінде
d)мойын түйінінде
e)көп түйіндер кезінде
32. Аналық бездің герминогенді ісіктері:
a)гипернефрома, лютеома
b)дермоидты киста, хорионэпителиома
c)андробластома, аренобластома
d)аналық без фибромасы, лютеома
e)Бреннера ісігі, дисгерминома
33. Андробластоманың клиникалық симптомдары:
a)опсоменорея, сыртқы және ішкі жыныс ағзаларының атрофиясы
b)гиперполименорея, гирсутизм, клитор гипертрофиясы
c)тері тургорының жақсаруы, метроррагии, акне, себорея
d)асцит, анемия, гидроторакс
e) гирсутизм,дауыс тембрінің өзгеруі, гипо-,аменорея
34. 40 жастағы науқаста 2 жыл бұрын 8 апталық жүктілікке сай келетін жатыр миомасы анықталды. Етеккірі көп мөлшерде. Соңғы кезде анемия анықталды. Кезеңдік бақылау кезінде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. PV: жатыр мойны ескі жыртулармен деформацияланған. Жатыры 16 апталық жүктілікке сай миоматозды ісікке айналған. Диагноз? Жүргізу жоспары?
a) симптомды жатыр миомасы. 17 ОПК тағайындау керек
b)тез өсетін жатыр миомасы. Интраоперационды гистологиялық зерттеумен оперативті ем керек
c) симптомды тез өсетін үлкен көлемді жатыр миомасы. Интраоперационды гистологиялық зерттеумен оперативті ем керек
d)жатыр миомасы. Диферелин тағайындау керек.
e)жатыр миомасы. 3 айдан кейін кезеңдік диспансерлік қаралу
35. Аналық бездің эпителиалды тіннен қатерсіз ісіктер:
a) жай серозды кистома
b)жетілген тератома
c)тератобластома
d)гипернефрома
e)аналық без фибромасы
36. 52 жастағы әйелдер кеңес үйіне іштің төменгі бөлімінде ауырлық сезіміне және іш көлемінің үлкеюіне шағымданып келді. 5 жүктілік болған, 2 - босану, 3 аборт. Барлық уақыт бойы науқас өзін сау деп санады, гинекологқа қаралмады, проф.қаралуға бармады. Іштің үлкеюін семіздік деп санады, бірақ іші өсе берді. Бұл себеппен дәрігерге келді. Нақастың іші ісік себебінен үлкейген, жоғары полюсі кіндікке дейін жетеді. Ісігі тығыз-эластикалық консистенциялы, қозғалысы шектелген, пальпацияда және ығыстырғанды ауырмайды, барлық кіші жамбасты толтырады. Жатыры үлкен емес, қозғалмалы, аырмайды, жатыр мойны эрозияланбаған. Диагноз:
a)аналық без эндометриозі
b) аналық без обыры
c)аналық без кистомасы
d)субсерозды орналасқан жатыр миомасы
e)дистопиялық түскен бүйрек
37. Аналық бездің обыры кезінде дұрыс тұжырымды табыңыз
a)үрдістің жайылғанына қарамастан, әрбір науқас міндетті түрде оперативті емнен өту керек
b)сәулелік терапияға жоғары сезімділік анықталады
c)дисгерминома кезінде күту тактикасы жүргізіледі, хирургиялық ем аналық без резекциясы себебі ісік қатерсіз және жас кезде кездеседі
d)кистоманың қатерленуіне пальпация кезінде тығыз консистенция негізінде күмәндануға болады
e)аналық без кисталары кезінде 3 айдай күту тактикасы ұсынылады
38. Науқас 66 жаста қынаптан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезде жүктілік болмаған. Менопауза 18 жыл бұрын. Қынаптық тексерген кезде жатыры 8 аптаға дейін үлкейген, оң жақта – инфильтрация. Болжамалы диагноз:
a) аналық без ісігі
b)созылмалы аднексит
c) жатыр обыры
d)жатыр түтігінің обыры
e)жатыр миомасы
39. Миома мен ішкі эндометриоз қосылған кезде репродуктивті жастағы гиперполименорреясы мен екіншілік анемиясы бар науқаста операция көрсетілген:
a)қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы
b) қосалқылармен жатыр экстирпациясы
c)жатырдың қосалқыларсыз қынапүстілік ампутациясы
d)жатырдың қынапүстілік ампутациясы түтіктермен, цервикалды өзекті тілумен
e) жатырдың түтіктермен қынапүстілік ампутациясы
40. 55 жастағы науқас әйелде аналық бездің қатерлі ісігіне күмән туғанда операция көлемі:
a)зақымдалған жақта жатыр қосалқыларын алу
b)жатырдың қосалқылармен қынапүстілік ампутациясы мен үлкен сальниктің резекциясы c) қосалқылармен жатыр экстирпациясы
d)жатыр қосалқыларын екі жақтан алу
e) жатырдың түтіктермен қынапүстілік ампутациясы
41. Операция кезінде аналық бездің интралигаментарлы орналасқан ісігі кезінде жиі кездесетін қауіп-қатері
a) ісік ошағынан ған ағу
b)байлам аппарат көктамырының варикозды кеңеюі
c)аналық бездің екі жақтан зақымдануы
d)несепағардың аномалды орналасуына байланысты зақымдануы
e)қуықтың зақымдану қаупі
42. Крукенберг ісігінің нақты сипаттамасы:
a)асқазан мен ішектің метастазы болып табылады
b)әдетте ішектің екі бөлімін мен аналық безді зақымдайды
c)солидты құрылымды
d)айқын ауру синдромдарымен бірге жүреді
e)жатырдан қан кетумен қосарланып жүреді
43. Жатыр миомасы кезінде экстирпацияға көрсеткіш:
a)үлкен өлшемді жатыр миомасы
b) миоманың жатыр мойнында орналасуымен қосарлану
c)жатыр мойнының эрозиясы мен миома
d)миома және жүктілік
e)көптік миома
44. Гонадалар дисгенезиясы синдромын емдеудің ең нәтижелі түрін таңдаңыз:
a)хирургиялық ем-билатералды гонадэктомия
b) анаболикалық стероидтармен циклды гормонотерапия, жыныстық гормондармен
c)медикаментозды емес терапия: йодобромды ванналар, рефлексотерапия
d)синтетикалық прогекстиндармен терапия
e)оперативті ем – ісікті алып тастау
45. Жатыр мойнының обырын ерте диагностикалауда ең ақпаратты скрининг-тест:
a)жай кольпоскопия
b)бимануалды ректовагиналды зерттеу
c)жатыр мойнының бетінен және өзегінен жағындыларды цитологиялық зерттеу
d)жатыр өзектің вакуум-кюретажы
e) эндометриалды аспиратты цитологиялық зерттеу
46. Жатыр мойнының фондық ауруларына төменде айтылғанның бәрі біреуден басқасы жатады:
a)жай лейкоплакия
b)дисплазия
c)эритроплакия
d)эктропион
e)эндометрийдің рецидив беретін полипі
47. эндометрий рагы мен ракалды ауруларының дамуының қауіп-қатер факторларын төменде айтылғанның бәрін біреуден басқасын жатқызады:
a)тұрақты ановуляции
b)семіздік және артериалды гипертензия
c)жатыр ішілік контрацптивті ұзақ қолдану
d)қант диабета
e)эндокринді генезді бедеулік
48. Аналық бездің қатерсіз ісігі бар репродуктивті жастағы әйелді жүргізу тактикасын анықтаңыз:
a)гормоналды терапия 2-3 ай бойы, нәтижесі болмаса – құрсақ қуысын тілу, аднексэктомия
b) 1-2 етеккір цикл бойы қабынуға қарсы ем, нәтижесі болмаса – құрсақ қуысын тілу, аналық без резекциясы
c)жедел құрсақ қуысын тілу немесе лапароскопия, аднексэктомия
d) жоспарлы құрсақ қуысын тілу, аналық без резекциясы
e)бақылау, асқынулар болса – құрсақ қуысын тілу, аднексэктомия
49. Жатыр мойнының эпителий ішілік обыры диагнозы нәтижелердің негізінде ғана қойылады:
a)цервикоскопия
b)гистероскопия
c)жатыр мойны биоптатының гистологиялық зерттелуі мен эндоцервикс қырындысы
d)кеңейтілген кольпоскопия
e)жатыр мойнының қынаптық бөлімінің бетінен жағындылардың цитологиялық зерттелуі
50. Келесі жағдайлардың қайсысында эндометрий гиперплазиясы мүмкін болады:
a)энтодермалды синустың ісігі
b)кистозды тератома
c)аналық без поликистозы
d)аналық без стромасының жасушаларынан ісік
e)дисгерминома
51. Жатыр миомасы кезінде жатыр экстирпациясына көрсеткіш
a)Үлкен өлшемді атыр миомасы
b)миоманың жатыр мойнында орналасумен қосарлану, жатыр мойнының рецидив беретін эрозиясы
c) жатыр мойнының эрозиясы мен миома
d)миома және жүктілік
e)көптік миома
52. Мейгс үштігі тән:
a)гранулезды жасушалы ісікке
b)аналық без дисгерминомасына
c)аналық без фибромасына
d)муцинозды цистаденомаға
e)жетілген тератомаға.
53. Хорионкарцинома – қатерлі түзіліс:
a)децидуалды қабықтың
b)миометрийдің
c)трофобласттың
d)тека-тіннің
e)эндометрийдің
54. Аналық бездің обыры кезінде дұрыс тұжырымды таңдаңыз
a)үрдістің жайылғанына қарамастан, әрбір науқас міндетті түрде оперативті емнен өту керек
b)сәулелік терапияға жоғары сезімділік анықталады
c)дисгерминома кезінде күту тактикасы жүргізіледі, хирургиялық ем
d)аналық без резекциясы,себебі ісік қатерсіз және жас кезде кездеседі
е)кистоманың қатерленуіне пальпация кезінде тығыз консистенция негізінде күмәндануға болады
55. Жатыр мойнының фондық үрдісін атаңыз:
a)ауыр дисплазия
b)псевдоэрозия
c)Ca in siti
d)жеңіл дисплазия
e)микроинвазивты обыр
56. Эндометрийдің ракалды үрдісін атаңыз
a) эндометрий полипі
b) эндометрий атрофиясы
c)эндометриоз
d) эндометрийдің атипті гиперплазиясы
e) эндометрийдің безді гиперплазиясы
57. Аналық бездің эпителиалды ісіктеріне қандай ісіктер жатады:
a)гранулезды-стромалы жасушалы
b)тератомалар
c)дермоидты кисталар
d)эндометриоидты
e)Дисгерминомалар
58. Вульва обырын диагностикалауда қолданылатын әдістер:
a)экскреторлы урография
b)кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
c)вульвоскопия мен биопсия
d)құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
e)жамбас сүйектерін изотопты зерттеу
59. 30 жастағы науқаста кольпоскопиялық зерттеуде жай лейкоплакия анықталды. Қандай ем ұсынылады:
a)жатырдың қосалқыларсыз ампутациясы
b)жатыр мойнының диатермокоагуляциясы
c) жатыр мойнының электроконизациясы
d) қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы
e) қосалқылармен жатыр экстирпациясы
60. Жатыр мойнында немесе жатыр мойны өзегінің шырышты қабатында дәнекр тінді өзегі бар аяқша түрде, көпқабатты эпителиймен немесе цилиндрлі эпителиймен қапталған, безді құрылымы бар өсінді тән :
a)лейкоплакия
b)эритроплакия
c)псевдоэрозия
d)жатыр мойны полипі
e)жатыр миомасының шынайы эрозиясы
Достарыңызбен бөлісу: |