«жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан



Дата06.06.2016
өлшемі76 Kb.
#117394
«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден

және ақынның өлеңдерін оқудан

VII Республикалық ән-би байқауының
Е Р Е Ж Е С І

«Күпі киген» қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен халқының қадыр қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналған.

Сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында шек жоқ. Өлеңдері мен әндері өміршеңдігімен, жасампаздығымен құнды ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тыңдарманына рухани азық береді.
1. Жалпы ереже

1.1. «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан жетінші Республикалық ән-би байқауы 2015 жылдың 26-30 қаңтар айында Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар Одағының Үлкен Концерт залында өткізіледі.

1.2. Байқаудың мақсаты:


  • ақиық ақынның жыр-әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып дарынды жастар тәрбиелеу;

  • ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру;

  • жас ақын балалардың шығармашылығын дамыту, өлең оқудағы шеберлігін шыңдау.

  • би өнерін дамыту;


2. Байқаудың өткізу шарттары

2.1. Байқау үш жанр бойынша өтеді:



  • эстрадалық вокал;

  • вокалды топ

  • дәстүрлі ән;

  • көркем сөз.

  • хореография

2.2. Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшеліктері:

  • кіші топ – 6 жастан 9 жасқа дейін;

  • орта топ – 10 жастан 13 жасқа дейін;

  • жоғарғы топ – 14 жастан 17 жасқа дейін.

2.3. «Эстрадалық вокал» жанрына қатысушылар эстрадалық ән

жанрында екі ән орындайды: бірінші ән Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, екінші ән еркін тақырыпта. Ән тірі дауыста айтылуы қажет.



Дуэт, трио, квартет, 12 адамнан аспайтын вокалды топтар қатыса алады. «Бэк» вокал рұқсат етіледі.

2.4. «Дәстүрлі ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен екі ән орындайды. Орындаушы ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен және екінші ән еркін тақырыпта дәстүрлі ән, халық әні, терме орындауы тиіс.

2.5. «Көркем сөз» жанры бойынша Мұқағали Мақатаевтың екі өлеңін оқу қажет.

2.6 «Хореография» жанры бойынша әр топ екі би орындайды: бірінші қазақ биі немесе көріністі би (М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден көрініс биі). Екіншісі еркін тақырыпта.

2.7. Бағаланатындар:


  • вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, ұлттық аспапқа қосылып әнді орындау, дауыс ырғағының кеңдігі, өлең оқудағы мәнері, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі.

2.8. Барлық қатысушылар өз мини-дискілеріне, СД-дискілеріне орындаушының аты-жөнін, әннің реттік номерін, жанрының атын жазып көрсетулері қажет.


3. Байқаудың өткізілетін мерзімі мен орны

3.1. Байқау 2015 жылдың 26-30 қаңтар айында Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар Одағының Үлкен Концерт залында өтеді.

25 қаңтар – облыстардан келген қатысушыларды тіркеу күні;

26 қаңтар сағат 09.00 - 10.00 дейін қатысушылардың тіркелуі; 10.00 – 10.30 байқаудың салтанатты ашылу рәсімі.



  • 30 қаңтар – 12.00-де Гала-концерт. Марапаттау рәсімі.

3.2. Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2015 жылдың 20 қаңтарға дейін өтініш-сауалнамаға оқушының аты-жөні, репертуары, шығарманың авторы, жетекшісінің аты-жөні, телефон номері, мектептің номері жазылып электронды түрде тапсырылсын.

Көрсетілген мерзімнен кейін келген тапсырыстар қаралмайды.



Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Қазақстан Жазушылар Одағы, Абылай хан даңғылы 105. «Ғұмырдария» орталығы.

Ұялы тел.: +7 702 350 4023, +7 701 999 48 50, +7 702 173 82 56.
4. Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау.

4.1. Қазылар алқасының құрамында өнер қайраткерлері, композитор, ақын, әнші, белгілі педагогтар болады.

4.2. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.

4.3. Байқаудың қорытынды әр жанр бойынша марапаттау беріледі:



  • Бас жүлде («дәстүрлі ән», «эстрадалық вокал», және «көркем сөз», «хореография»

жанрлары бойынша) – сыйлық және лауреат дипломы;

  • І орын - сыйлық және лауреат дипломы;

  • ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

  • ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

  • ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

  • ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

  • ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы.

Байқауға қатысқан өнерпаздарды Алматы қаласы Білім басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталады.

Байқауға жеңімпаздарды дайындаған педагогтар мақтау қағаздармен марапатталады.



Хабарлама!

Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар 2015 жылдың 8-13 маусым айында өтетін Жетінші Халықаралық «Ғұмырдария» ән-би байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

Ескерту: келіп-кету шығынын жіберуші жақ көтереді.

Байқауға қатысушылар республикалық, халықаралық мерекелік іс-шараларға алдын ала кіру жүлде жарнасын төлейді.

Жеке орындаушыларға – 15 000 теңге.

Құрам саны 6 адамға дейінгі вокалды топтарға – 20 000 теңге.

Би топтарына – 30 000 теңге.

Орындаушы: Тоқтақынова А.Т., продюсер Есіркепов Б.С.

Ұялы тел: +7 702 350 40 23, +7 701 999 48 50, +7 702 173 82 56

Электрондық почта: gumyrdariya_konkurs@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет