«ЖҮйелік программалау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені студенттерге арналған пән бағдарламасы



Дата30.06.2016
өлшемі191.19 Kb.
#167018



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК


ПОӘК

042-39.1.65/02-2015



ПОӘК

Студенттерге арналған

«Жүйелік программалау» пәнінің бағдарламасы


10.06.2015ж

№1 басылым






    5B011100 «Информатика» мамандығына арналған

«ЖҮЙЕЛІК ПРОГРАММАЛАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

АЛҒЫ СӨЗ
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы_________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Каженова Ж.С.

«___»__________ 2015ж.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама №13, «10» маусым 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі _________________ Абишова А.А.
2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды.

Хаттама №6 «11» маусым 2015 ж.


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ Батырова Қ.А.
3. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісіндеқаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № __«___» _____________ 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы _____________ Г.К.Искакова
Алғаш рет енгізілген

МАЗМҰНЫ


  1. Жалпы ережелер




  1. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарды бөлу




  1. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар




  1. Пәннің форматы




  1. Пәннің саясаты




  1. Баға қою саясаты




  1. Әдебиет





1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы қысқаша мағлұматтар

Оқытушының аты-жөні – Каженова Ж.С., аға оқытушы

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Байланыс жүйелері – тел.36-01-50, №3 оқу корпусы, 102-кабинет

Пәннің өтілу орны – 205 аудитория

Пән атауы – Жүйелік программалау

Кредит саны -2

1.2 Жұмыстық –оқыту жоспарынан ақпарат (1-кесте).

1-кесте. Оқу жоспарынан ақпарат



Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Зертхана-лық

БОӨЖ

БӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

(семестр)


4

7

2

15

15

15

45

90


Емтихан

(1)

1.3 Пәннің қысқаша мазмұны

Бұл берілген курс машинаға бағытталған – программалауды төрт процеске қолдануды қарастырады: ассемблерде программалау; Си-программаны оңтайландыру, транслятор қасиетін түсінуге бағытталған, сонымен қатар, аралас «Си-Ассемблер» программалауды қолдану; ЭЕМ аппараттық бөлімінің жұмысын біле отырып, Си жəне ассемблерде жоғары тиімділікті программа құру; есептеу техникасы құралдарын моделдеу.

Студенттерге ассемблер тілінің негізгі түсініктерін, Іntel процессорлар негізіндегі компьютер архитектурасын, ассемблерде программалаудың заманға сай негізгі аспектілерін, соның ішінде Wіndows және DOS үшін арналған жүйелік және қолданбалы программалар негізін жеткізу болып табылады Бұл пән программалау, операциялық жүйелер, информатика пәндерінен алған білімді біріктіру тиімді программа құру мақсатында қолдана отырып, түлектердің жүйелерді жобалауды басқару мен бақылау секторында еңбек нарығына шығуды қамтамасыз етеді.
1.4 Пәннің мақсаты

Курстың негізгі мақсаты ассемблер тілінде программа құрып орындауға мүмкіндік беретін негізгі білім мен дағдыларды беру, сонымен қатар, компьютер архитектурасының ерекшелігіне тəуелді программа бөлігін кез келген программалау тілінде құру.


1.5 Пән міндеті:

  • ассемблер программаны жəне ассемблерді, машинаға - бағытталған бағдарламалау əдісімен ұйымдастыруды таныстыру;

  • есептеу машинасының құрылымдық - функционалдық ерекшелігін білу арқылы программаны оңтайландыру мəселесін үйрену.

  • сызықтық жадыда əртүрлі құрылымдағы деректердің берілу əдісін игеру жəне есептеу машинасының командалар жүйесін төменгі деңгейлі құралдармен өңдеуді ұйымдастыру;

  • деректерді енгізу-шығару жəне олардың көрсету формаларын түрлендіруді ұйымдастыру əдістерін игеру;

есептеу техникасы əдістерін моделдеуге дағдыландыру.

1.6 Пәнді оқып, аяқтаған студенттердің

Білуі керек:


  • ассемблерлеу механизмін жəне ассемблер программаны ұйымдастыруды;

  • есептеу машиналарында деректердің берілуін жəне деректердің ішкі жəне сыртқы деректер көрсетулер арасындағы түрлендірулерді;

  • программаны оңтайландыруға компьютер архитектурасы туралы білімін тиімді қолдануды;

  • есептеу техникасы құралдарында программалық модулдерді құру кезінде базалық программалық техникалық шешімдерді;

  • программалық қолжетімді компоненттер арқылы компьютерді басқару əдістерін; ‰

Істей алуы керек:

  • орта қиындықтағы есепті ассемблерде программалауды, жоғары деңгейлі тілдердегі программадағы машинаға–бағытталған программалы–техникалық шешімдердің тиімділігін бағалай алуы;

  • есептеу машиналарының процестері мен құрылғыларын моделдей алуы;

Дағдылары болуы керек:

  • ассемблерде программалау кезінде есептеу процестерін басқару;

  • ассемблерде құрылған программалық модулдердің жоғарғы деңгейлі тілдерде құрылған модулдердің өзараəсерлерін ұйымдастыру дағдылары;

  • мəтіндік, сандық, логикалық ақпаратты өңдеудегі дағдыларды қалыптастыру.

1.7 Пән пререквизиттары:

Пәнді меңгеру үшін студент жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын "информатика", "программалау", «компьютер архитектурасы» пәнінің білімдерін меңгерген болуы керек.
1.8 Пән постреквизиттары:

Жоқ.


2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарды бөлу



Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

Зертх

БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7


Дәріс 1. Ассемблер тілі туралы.


1














Дәріс 2. Микропроцессордың программалық моделі.


2















БӨЖ №1. Консольдық бағдарламалар;







4

10





Дәріс 3. Ассемблердегі программаның құрылымы.


1














Дәріс 4. Intel микропроцессорларының командалар жүйесін сипаттау.


2















БӨЖ №2. Пернетақта мен тышқаннан оқиғаларды өңдеу.







4

10





Дәріс 5. Мәліметтер типтері.


1














Дәріс 6. Массивтер.


1














Дәріс 7. Екіөлшемді массивтер. Массивтермен орындалатын типтік амалдар.


2















БӨЖ №3. Windows ядросы режимінің драйверлері







4

10





Дәріс 8. Құрылымдар.


1














Дәріс 9. Біріктірулер.


1














Дәріс 10. Жазбалар.


1















Дәріс 11. Ассемблер тілінің макроқұралдары.

2















БӨЖ №4. Ағын контексі







3

15






 Символдық жолдармен жұмыс істеу   




1










13

 Массивтер мен матрицаларды жадыда көрсету 

2










14

Құрылымдар мен байланысты тізімдер 

2










15

Құрал-жабдықтың құрамын тексеру 

1










16

Пернетақтаны басқару 

1










17

Таймерді басқару 

1










18

Бейнеадаптерді басқару

1










19

Негізгі жүктеу жазбасы

1










20

DOS деректерінің дискілік құрылымы

2










21

Бағдарламаларды басқару

1










22

DOS драйверлері

1










23

Жадыны басқару

2












Барлығы:

15


15

15

45






3. Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Аталған пәнді жетістікпен оқып үйрену үшін барлық сабақтарға қатынасу, дәрісті үнемі жүргізу, оқытушының барлық тапсырмаларын орындау, зертханалық сабақтарға, БӨЖ өз уақытында дайындалу қажет. Зертханалық жұмыс және машықтану сабақтарына барысында екпінді қатынасқаны жөн.

Барлық сабақтарға қатынасу қатаң түрде тексеріледі. Сабақты босатқан жағдайда оқылған материалға жауап бересіз. Себепсіз босатылған үш сабаққа ұпай есептелмейді. .

Зертханалық жұмыстарға, Машықтану сабақтарына, БӨЖ дайындалу барысында сәйкес дәріс материалдарын білу қажет.

Семестр бойы екі межелік бақылау жүргізіледі.

Қорытынды емтихан барлық теориялық сұрақтармен практикалық тапсырмаларды қамтиды.

4. КУРС ФОРМАТЫ


Курсты оқу курстың күрделі сұрақтары қарастырылатын дәріс сабақтарынан басталады. Материал зертханалық сабақтарда бекітіледі. Зерт ханалық сабақтарға дайындық барысында ұсынылған әдебиетті өзбетімен оқу керек, осы тақырыптағы дәріс мазмұнымен танысу керек, соңынан бақылау сұрақтарына жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындау керек.

5. КУРС САЯСАТЫ


Осы курсты меңгеру барысында студент дәріс, машықтану және зертханалық сабақтарына міндетті түрде қатынасуы қажет. Сабақтарға кешікпей келу қажет. Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек. Зертханалық сабақтарда техника қауіпсіздігін сақтау қажет. Орнатылған программалар мен бөгде құжаттарды жоюға қатаң түрде тиым салынады. Сабақ уақытында сабақ өткізуге кедергі жасайтын болса, бірден «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Өздік жұмыстарды уақытында тапсыру қажет, кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.

Межелік аттестация студенттің сабаққа қатынасуына, тапсырмаларды уақытында орындауына, бақылау жұмыстарының бағасына қатысты қойылады. Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60 және емтихан бағасының 40 құрайды.



  1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

"Жүйелік программалау" пән бойынша баллдардың реттелуі

Апта

Бақылау түрі

Барл.

балл


Ескертпе

1

2

3

4




1-аптадан 7-аптаға дейін аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу

30




2

Зертханалық жұмыс

20




3

Зертханалық жұмыс

20




3

БӨЖ №1

60




4

Зертханалық жұмыс

20




5

Зертханалық жұмыс

20




6

Зертханалық жұмыс

20




6

БӨЖ №2

60




7

Межелік бақылау 1

50




1-аптадан 7-аптаға дейін оқу нәтижесі бойынша барлық балл

300







8-аптадан 15-аптаға дейін аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу

30




9

Зертханалық жұмыс

20




10

Зертханалық жұмыс

20




10

БӨЖ №3

60




11

Зертханалық жұмыс

20




12

Зертханалық жұмыс

20




13

Зертханалық жұмыс

20




14

БӨЖ №3

60




15

Межелік бақылау 2

50




8-аптадан 15-аптаға дейін оқу нәтижесі бойынша барлық балл

300




Емтихан үшін балл

400




Академиалық кезең ішіндегі қортынды балл

1000



Мерей А. студенттің рейтингісін есептеу мысалы:

Бірінші рейтинг:

Екінші рейтингті есептеу барысында нәтижесіне студенттің екінші аралықтағы барлық ұпайларын қосу керек. Сонымен қатар Мерей А. студентке зертханалық жұмыс тапсырмалары, машықтану сабағының тапсырмалары және СОӨЖ үшін 9 балл қосылған, себебі ол оны бірінші аралықта орындамағандықтан. Сонда Мерей А. екінші рейтингісі былайша анықталады:



.

Егер студент денсаулығының нашарлауына немесе басқа да себепті жағдайлар бойынша межелік бақылауды тапсыра алмаса және ол құжат бойынша дәлелденсе, онда ол межелік бақылауды жеке тапсыруына болады.

Студент, пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі, егер оның рейтингілік ұпайы 50%. Тең немесе одан артық болса.
Кесте 3 - Бағалардың әріптік эквивалентпен, ұпайлармен және процентпен шкаласы


Әріп жүйесі бойынша баға

Ұпайлардың цифрлық эквиваленті

Проценттік мазмұн

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

қанағаттанарлықсыз

I

NA

-

аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


7. Әдебиеттер

7.1 Негізгі әдебиеттер:

  1. Таненбаум Э. Современные операционные системы, 2-е изд.: Пер. с англ. - СПб: Питер, 2003. - 1040 с.: ил.

  2. Гордеев А. В., Молчанов А. Ю. Системное программное обеспечение: Учебник для вузов - СПб: Питер, 2003. - 736 с.: ил.

  3. Вильямс А. Системное программирование в Windows 2000 для профессионалов - СПб: Питер, 2003. - 624 с.: ил.

  4. Джонсон М. Системное программирование в среде Win32, 2-е изд.: Пер. с англ. - M.: Издательский дом "Вильямс", 2001. - 464 с.: ил.

  5. Рихтер Дж. Windows для профессионалов: создание эффективных Win32 приложений с учетом специфики 64-разрядной версии Windows, 4-е изд.: Пер, англ - СПб: Питер; М.: Издательско-торговый дом "Русская Редакция", 2001. - 752 с.; ил.

7.2 Қосымша әдебиеттер:

  1. Электронная версия книги Solomon D., Russinovich M. Inside Microsoft Windows 2000 : Microsoft Press, 2000. -

  2. Электронная версия книги Brain M., Reeves R. Win32 System Services: The Heart of Windows 98 and Windows 2000 : Prentice Hall PTR, 2000

  3. Электронная версия книги Oney W. Programming the Microsoft Windows Driver Model : Microsoft Press, 1999



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет