Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды: ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін дамыту; баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуелділіктен бірте-бірте дербестікке көшуі. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекеттері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты (тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы). Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатынасының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады (мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен әрекеттеседі). Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды: ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін дамыту; баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуелділіктен бірте-бірте дербестікке көшуі. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекеттері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты (тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы). Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатынасының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады (мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен әрекеттеседі). Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа тоқтата алады. Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақылай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу түрінде алғашқы жауабы пайда болады. Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді, әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста баланы кез-келген адам күлімсірете алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы адам жүзінің сұлбасы ие.
Достарыңызбен бөлісу: |