Жмц пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің ережелері (5-11- сыныптар) положение



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата04.10.2022
өлшемі433.66 Kb.
#461894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ағылшын тілінде оқыту ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер 
«
ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің 
(бұдан әрі - Пилоттық мектеп) Ережелері (5-11-сыныптар)» (бұдан әрі - 
Ереже) ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде пилоттық режимде оқыту процесін 
реттейді. 
Пилоттық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, 
«
Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын 
(0
9.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Тиісті үлгідегі білім 
беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, аталған «ЖМЦ пәндерін 
ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің Ережелерін (5-11-
сыныптар)», білім беру ұйымдарының жарғыларын және білім беру 
саласындағы өзге де нормативтік-құқытық актілерді басшылыққа алады. 
«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 
бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы пилоттық 
мектептерді ашуға негіз болып табылады. 
Пилоттық мектеп – бұл, негізгі орта және жалпы орта білім беруді 
ұйымдастырудың нақты оқу-тәрбие процесі жағдайында ЖМЦ төрт пәнінің 
біреуін немесе бірнешеуін ағылшын тілінде оқытудың оң және теріс жақтарын 
анықтауға арналған инновациялық алаң. 
Пилоттық мектеп ағылшын тілінде оқытылатын ЖМЦ пәндері 
мазмұнының, жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу 
бағдарламаларына сәйкес болуына, білім алушылардың шекті оқу жүктемесінен 
аспайтын және өмір мен денсаулықты қорғау талаптарына сәйкес келетін 
көмекші құралдардың (формалар, әдістер, технологиялар және т.б.) 
оңтайлылығына жауапты. 
Ережеде қолданылатын қысқартулар мен белгіленулер: 
ЖМЦ – жаратылыстану-математикалық циклі. 
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. 
ЖАО – жергілікті атқарушы орган. 
ҰБА – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. 
CEFR – Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, 
Assessment – 
жалпы еуропалық шет тілін меңгеру құзыреттіліктері: оқу, оқыту, 
бағалау. 
CLIL – Content and Language Integrated Learning –
пән мен тілді кіріктіріп 
оқыту. 
БЖБ – оқу пәнінің бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 
ТЖБ – тоқсандық жиынтық бағалау. 
Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер: 
Пилоттық жоба – кең қолданысқа енгізудің орындылығы туралы әрі қарай 
шешім қабылдауды зерттеу мақсатында жүзеге асырылған сынамалы
эксперименттік шаралар мен құралдар жиынтығы. 


4
Пилоттық режим - бұл шекті жүктемені қосалқы құралдармен 
анықтайтын процестің бір түрі. 
Бірінші тіл (Т1) - мектептегі оқыту тілі. Олар Қазақстанда бесеу: қазақ 
(Т1), орыс (Т1), тәжік (Т1), өзбек (Т1), ұйғыр (Т1). 
Екінші тіл (Т2) – оқыту орыс тіліндегі мектептердегі қазақ тілі (Т2) және 
оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі орыс тілі (Т2). 
Үшінші тіл (Т3) – бұл шет тілі. 
Мақсатты тіл – бұл қазақ (Т2), орыс (Т2), ағылшын (Т3), яғни, екінші 
және үшінші тілдер. Пилоттық мектептерде мақсатты тіл - ағылшын тілі. 
CLIL технологиясы - тілдік және тілдік емес пәндерді кіріктіріп оқыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет