Бекітемін:
Алматы облысы Балқаш аудандық
Білім бөлімінің бастығы
_____________ Н.О.Нұрпейісова
«____» ___________ 2010 ж.
.
|
Бекітемін:
ҰАҚ АҚ Президенті
_____________ Нұрғалиева Г.Қ.
«____» ___________ 2010 ж.
|
«ЖАППАЙ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ШАРТЫ РЕТІНДЕ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮРДІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы Ереже
1.1 2010 жылғы 4 қазандағы Алматы облысы Балқаш аудандық Білім бөлімі мен Ұлттық ақпараттандыру орталығы арасындағы келісім-шартқа сәйкес пилоттық жобаны өткізу.
1.2 Аталған пилоттық жобаны өткізу туралы Ереже Балқаш аудандық білім беру мекемелерінде пилоттық жобаны өткізу тәртібі мен шарттарын реттейді.
1.3 Пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттері:
-
орта жалпы білім беру ұйымдарының оқу үрдісінің пәндік білім саласына электрондық оқулықтарды бірыңғай ақпараттық білім беру орта ретінде енгізу;
-
оқушылардың білім сапасын көтеру;
-
оқушыларды ҰБТ-ге дайындау;
-
оқу үрдісін интенсивтендіру;
-
ақпараттық технология саласында мұғалімдердің мамандығын көтеру;
-
оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесін жасау.
2. Пилоттық жобаны өткізу тәртібі
2.1 Аталған пилоттық жоба Алматы облысы Балқаш ауданы аймағындағы 3 орта жалпы білім беру мекемелерінің базасында іске асырылады.
2.2 Жобаға қатысушылар:
-
мектептің 1-11 сынып оқушылары;
-
барлық пәндер бойынша мектеп мұғалімдері;
-
оқушылардың ата-аналары.
2.3 Пилоттық жоба 2010 жылғы 4 қазаннан 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Электрондық оқулықтар бойынша оқыту мектептерде 2010-2011 оқу жылының I, II тоқсанында интерактивті тақталарды, мультимедиалық лингафондық кабинеттерді (МЛК), мектеп кітапханаларының электрондық залдарын, сонымен қатар, үйдегі дербес компьютерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
2.4 Пилоттық жобаның нәтижесі, ақпараттық білім беру орта ретінде электрондық оқулықтар негізінде оқушыларды электрондық оқыту енгізілгенде, оқушылардың I-тоқсан мен эксперименттік II-ші тоқсандағы орташа салыстырмалы үлгірімдерінің сапасы бойынша талданады.
2.5 Эксперименттік мектептердегі үлгерім сапасының жағымды динамикасының жетістіктері бойынша Жоба барлық облыс мектептеріне кең көлемде енгізілетін болады.
2.6 Пилоттық жобаға эксперименттік мектеп мұғалімдері ерікті түрде қатыса алады. Эксперимент барысында жобаның техникалық және мазмұндық бөлігі модерлендіріледі.
2.7 Экспериментке қатысушы эксперименттік мектептердің мұғалімдері міндетті түрде ҰАО оқу бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде тренингтік курстан өтеді және сертификат алады, егер:
- мұғалім 10 сағат көлемінде лекциялық курсты тыңдаса;
-мұғалім жаттықтырушылардың көмегімен және өз бетінше электрондық оқулықтарды, сондай-ақ, оны құрастырудың педагогикалық технологиясын оқып үйренсе, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, үшеуден кем емес сабақ конспектісін және әдістемелік тәсілдерді жасаса.
2.8 Оқушыларды оқыту МЖБС-ы мен оқу бағдарламасына сәйкес, әрбір пән бойынша ҰАО-да жасалған электрондық оқулықтар модулі негізіндегі күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісіне сай іске асырылуға тиіс. Мұғалім өзінің әдістемелік тәжірибесіне сүйене отырып, күнтізбелік жоспарды шығармашылықпен толықтыра алады.
2.9 Мұғалімдер пилоттық жоба барысында (әдістемелік тәсілдердің бейнесюжеттерін, сабақтың конспектілерін) және оқушылардың үлгерімдеріне электрондық оқулықтардың ықпал етуіне қатысты статистикалық материалдарды, басқа да көрсеткіштерді жібереді. Есептердің бәрі ҰАО электронды поштасы арқылы: rcie_vko@mail.ru жіберіледі.
2.10 Эксперимент Алматы облысының Балқаш аудандық Білім бөлімінің әдістемелік және материалдық-технологиялық қолдауымен өткізіледі.
2.11.1 Балқаш аудандық Білім бөлімінің қызметтері мынадан тұрады:
- біртұтас ақпараттық-білімдік орта ретінде электрондық оқулықтар негізінде әдістеме бойынша мастер-классс өткізу;
- Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі, орыс тілі, биология, география, информатика және басқа пәндер бойынша электрондық оқулықтарды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- интерактивті тақталарды техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- мультимедиалық кабинетерді (МЛК) техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- электрондық оқу залдарын техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
-физика, химия және биология кабинеттерін техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету.
3. Пилоттық жобаға қатысушыларды марапаттау
3.1 Пилоттық жобаны ұйымдастырушылар мына номинациялар бойынша марапаттайды:
3.1.1 Ең жоғары белсенділік пен ұйымдастырушылық танытқан мектепке - интерактивті приставка;
3.1.2 Оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша сапалы әдістемелік материалдарды барынша көп берген мектепке – бейнекамера;
3.1.3 Аудан деңгейіндегі білім ұйымдарының (Қарой ауылындағы Үлгілі орта мектебі, Ақдала орта мектебі, Бақанас ауылындағы «Бақанас» орта мектебі) оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша үздік шебер-класс өткізген және эксперименттік мектепке қатысушылардың санын барынша арттырған әр ұйымның әдіскеріне – дербес компьютер;
3.1.4 Оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша үздік сабақ жоспарын әзірлеген мұғалімге - ноутбук;
3.1.5 Эксперименттік сыныптарда 100% сапалы үлгерімді қамтамасыз еткен мұғалімге – пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде толық кешенді электрондық оқулықтар;
3.1.6 ҰАО-ң сыйлық акциясының мақсаты педагогтарды ақпараттық білім беру жағдайында өздерінің кәсіптік қызметтеріне қажетті құралдармен лайықты қамтамасыз ету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |