Жұмыс бағдарламасы элективті пәндер катологі негізінде жасалды



бет1/3
Дата14.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#136052
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3



Пән бағдарламасының (Syllabus)титулдық парағы





Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19






Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Журналистика кафедрасы


Конвергенттік журналистика

БАҒДАРЛАМА (Syllabus)

6М050400 «Журналистика» мамандығының магистранттарына арналған

Павлодар




Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы





Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19





Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: Алдабергенов Қ.М

Т.ғ.д, профессор
Журналистика кафедрасы

«Конвергенттік журналистика» пәні бойынша

6М050400 Журналистика мамандығының магистранттарына арналған

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Жұмыс бағдарламасы элективті пәндер катологі негізінде жасалды.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.

Пәннің атауы «Конвергенттік журналистика»

Таңдау пәні компонент

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Барлық аудиториялық сағат саны - 30

Дәріс -15

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

МӨЖ- 120 сағат

ОМӨЖ- 30 сағат

Барлық сағат саны -150



Бақылау түрі :

Емтихан


Пререквезиттер: Коммуникация теориясы

Журналистік шеберлік



Постреквезиттер: Практикалық стилистика

Журналистиканың көкейкесті мәселелері


2. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Кустың негізгі мақсаты магистранттардың бойындағы кәсіби шеберлікті дамыту түсу, заманауи журналистік технологиясын меңгеруіне қолғабыс жасау. Қазіргі заманғы журналистиканың қыр-сырын үйрету. Міндеті конвергенттік журналистика бойынша шеберліктерін шыңдау. Мультимедиалық журналистік шығарманы әзірлеудің қабілетін қалыптастыру, интернет БАҚ-тағы авторлық жобаларын дайындауға кәсіби көмек көрсету.



Міндеттері:

  • заманауи ғылымдағы жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларға лайық кәсіби мамандардың басты бағыты – коммуникацияның өзекті мәселелерінің ұстанымдарын жете білу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде студенттің өзін - өзі шығармашылықпен дамыту мәселесін теориялық - әдіснамалық тұрғыда негіздеу, практикалық жолдарын айқындау;

  • коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы магистранттың өзін - өзі шығармашылықпен дамытуы;

  • конвергенттік журналистиканың пайда болу тарихы және дамуымен таныстыру.


3. Пәнді оқу қорытындысында магистрант мыналарды білуі керек:

Оқу үрдісіндегі дамытушылық ақпараттық ортада тұлғаның дамуы мен өзін - өзі дамытуы жайлы теориялық білімдер алады. Практикалық әрекеттер арқылы коммуникация теориясының тетіктерін меңгереді. Олардың кешенді сапасы болып табылатын өзін -өзі шығармашылықпен дамытуының тиімділігі артады. Бұл жағдайда болашақ маманның адам, тұлға, маман ретінде өзін-өзі дамытудың субъектісі болуы жүзеге асады.



Пәнді оқу қорытындысында магистрант мынаны істей алуы керек. Қоғамның дамуының қазіргі кезеңінде магистранттар оқыту бағдарламасы бойынша белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды. Білімдік үрдісте шығармашылықпен өзін -өзі дамытуына негіз болатын коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана алатын болады. олардың болашақта заманауи мәселелерді тиімді шеше білуге қабілетті, жаңашыл, кәсіби құзыретті маман болуына ықпал етеді.

Білуі қажет:

  • конвергенттік редакция жұмысының құрылымын;

  • «on-line» форматының құрылымын;

  • мультимедиалық ақпараттық өнімдерді шығару ерекшеліктерін.

Жасау алуы қажет:

  • WEB үшін суреттерді, мәтіндерді жасау;

  • ғаламтор үшін аудио жазу, өңдеу;

  • дыбыстық және бейнелік слауд-шоулар жасау;

  • видеоматериалмен жұмыс жасау.


4. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

МӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ОМӨЖ

1

Конвергенттік журналистика: технологиялық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары

1

2

-

-

8

2

2

Әлеуметтік желілер мен азаматтық журналистиканың ролі

1

1

-

-

8

2

3

Этикалық мәселелер

1

1

-

-

8

2

4

Мультимедиалық журналистік шығарма

1

1

-

-

8

2

5

Конвергенттік журналистиканың ерекшеліктері

1

1

-

-

10

3

6

WEB-ке арналған фотосуреттер: композиция, өңдеу, оптимизация, жариялау

1

1

-

-

8

2

7

Жаһандық желілік ресурстарға (аудиоподкасттар) арналған жазу, аудио өңдеу

1

1

-

-

8

2

8

Дыбыстық слайд-шоу


1

1

-

-

10

3

9

INTERNET форматындағы видео

1

1

-

-

8

2

10

INTERNET-тегі ақпаратты графикалық түрде беру әдісі: интерактивті карты

1

1

-

-

8

2

11

Кәсіби блогтар

1

2

-

-

10

2

12

Мультимедиалық шығарманың режиссурасы

2

1

-

-

8

2

13

Жаһандық желілік ресурстарға (аудиоподкасттар) арналған жазу, аудио өңдеу;

1

1

-

-

10

2

14

Конвергенттік журналистиканың әлеуметтік аспектілері

1

1

-

-

8

2




Барлығы : 150 (2 кредит)

15

15

-

-

120

30


5.Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.ИНТЕРНЕТ-СМИ. Теория и практика. Под ред. М.Лукиной, М., Аспект-Пресс 2010

2.Андерсон, К. Длинный хвост: новая модель ведения бизнеса, М., СПб., 2008.

3.Бош П. Дорнфест Р. Калишейн Т. «Секреты Google: Трюки и тонкая настройка» Пер. с англ., Изд. 3-е., 2008.

4.Bowman Sh.,Willis Ch. We Media. How audiencies are shaping the future of news and information. http://science.convergencelab.ru/node/30

5.Вайз Д., «Google. Прорыв в духе времени» / Д. Вайз, М. Малсид. - Пер. с англ. 2-е изд. с новым предисл. и послесл. авт. М.: Эксмо, 2007.

6.Gillmor D., We the Media. Grassroots Journalism by the People, for the People. O'Reilly Media, Inc. 2006. http://oreilly.com/catalog/9780596007331/book/index.csp.

7.Жарчинская Я. «Web 2.0. - новое интерактивное медиапространство» // 8.Интернет и интерактивные электронные медиа. Ч. 2. М., Изд-во МГУ, 2007

9.Кастельс М. Галактика Интернет: Размышления об Интернете, бизнесе и обществе / Пер. с англ. А. Матвеева под ред. В. Харитонова. - Екатеринбург: 10.У-Фактория (при участии изд-ва Гуманитарного ун-та), 2004.

Қосымша:

1.Лессиг Л., Свободная Культура, М., 2007, http://www.artpragmatica.ru/publish/?uid=1676

3.Лукина М.М. Газеты Web 2.0 http://science.convergencelab.ru/node/30

4.Лукина М.М. Новые признаки модернизации газет в Интернете http://science.convergencelab.ru/node/30

5.Медиаконвергенция и мультимедийная журналистика. Материалы к обучающим семинарам. Екатеринбург, Гуманитарный университет, 2010

Mindy McAdams «Flash Journalism, First Edition : How to Create Multimedia News Packages" Издательство: Focal Press, 2005 г.


6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс №1 Конвергенттік журналистика: технологиялық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары

Конвергенттік журналистика. Конвергенция - латын тілінен аударғанда "конверго"- жақындатамын деген мағынабереді. Ол медияның әр түрлі қырларын бір ғана продуктіде қолдану. Конвергенттік журналистика дегеніміз - ақпараттық және комуникативтік технологиялардың ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануы. Павликова М. канадалық БАҚ және коммуникация зерттеушісі Дэни Макуэйдің анықтамасына келесіанықтама береді: " Бұл бір ғана  мазмұнды тауардың әр түрлі арналармен, құралдар бойынша  әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Конвергенттік журналистика бұл беттесу процесі болып табылады, бір ғана ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың интеграциясы, толысуы." Ақпараттың және компьютерлiк, ақпараттық технологиялардың арқасында қазiргi саясат жаhандық саясатқа айналды. Бұл саясат үшiн ұлттық, мемлекеттiк және басқадай шекара жоқ. Ол қоғамдық өмiрдiң бүкiл саласына, ал ең бастысы адамның санасына дендеп ене бастады. Ақпараттың арқасында ол бұрын қалыптасқан дағдылы ұғымдарды жойып, жаңа мифтер жасау арқылы адамдардың психологиясына әсер етiп, оны өзгерту мүмкiндiгiне ие болды. Дүние келбетiне бұқаралық ақпарат құралдары себiн тигiзуде. Осы тұрғыдан келгенде, бүгiнде қандай да бiр мемлекеттiң қуаты әскери, бәлки экономикалық қауқарымен ғана емес, ақпараттық әлеуетiмен де өлшенетiнiн айтқан жөн. Ақпараттық қоғамда жаңа ақпараттық, компьютерлiк технологиялармен жұмыс iстеу, игеру, сұраныстан артта қалу, пәндер интеграциясының толық деңгейде ескерiлмеуi гуманитарлық және жаратылыстану даярлықтарына көңiл бөлмеудiң салдарынан болды. Негізінен алғанда ақпараттық технологиялар PR маманының жұмыс атқаруына зор үлесін қосады, тіпті бүкіл атқаратын қызметі осыған байланысты десек те болады.

Кеңінен толғап айтқанда, ақпаратты тарату құралдары жекеше (ауызекі) және көпше коммуникация түрі болуы мүмкін. Ақпаратты жекеше коммуникация құралдары арқылы беру коммуникатордың аудиториямен жеек байланыста болуын талап етеді; кәпше коммуникация өқралдары болса, мұндай байланысты талап етпейді, мұның өзі жедел кері байланыс орнату мүмкіндігінен айырады.

Ақпарат тарату құралдары, біріншіден, олардың жауапты хабарламаны таратуға жарамдылығы тұрғысынан қарастырылады. Екіншіден, олардың әрқайсысын пайдалануға байланысты шығындарды бағалау қажет. Үшіншіден, ақпарат тарату құралдары қамтитын ауқымды зерттеген жөн. Төртіншіден, бұл құралдарды бәсеклкстердің қайсысы және қалайша пайдаланатынын білу де маңызды. Ақыр-соңында бұл құралдардың барлығын икемділігі, коммуникациялық хабарламаның ұзақтығы тұрғысынан талдау қажет.

Ақпарат тарату құралдарын бағалау олардың неғұрлым қолайлысын, болмаса олардың жиынын таңдап алумен  аяқталады. Жекеше коммуникация құралдары арасында таңдау клиентурамен тікелей байланыс жасайтын фирма қызметкерлері арқылы хабарлама беруге түсуі ықтимал; содай-ақ қажетті ақпарат таныс және жақын адамдардың пікірі, тәуелсіз мамандардың толғамдары арқылы таратылуы мүмкін. Соңғы екі арнамен хабарлама мақсатты аудиторияға күрделі түрде беріледі, дегенмен тұтынушылардың солардан алған ақпаратқа сенімі көбірек болады. Көпше коммуникация құралдары арасында бұқаралық ақпарат құралдарын бәліп алған дұрыс, оладың көмегімен ауқымды аудиторияны да, сондай-ақ тұтынушылырдың арнайы топтарын да қамтуға болады. Ақыр соңында, ақпарат таратудыңтаңдап алынған құралдарын пайдалану саласында бірқатар қажетті шараларды қабылдау қажет. Бұл шешімдер әрбір мақсатты аудиторияға арналған коммуникациялық хабарлардың жиілігі мен саны, сондай-ақ нақты хабарлама жасалатын жер мен уақыт сияқты проблемеларға қатысты болады. Қазіргі заман талабына сай қоғаммен байланыс саласында қалыптасып қалған әдістермен қатар ғаламдық интернет желісі беретін мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген технологиялар үлкен мәнге ие.ПР саласы маманының көзқарасы тұрғысынан алғанда интернетті бірінші кезекте коммуникацияның жаңа каналы ретінде қарастыру керек.Барлық коммуникациялық каналдар үлкен екі топқа жіктеледі:табиғи (вербальді және вербальді емес) және жасанды (документальды және электронды).Интернет коммуникацияның жасанды электронды каналына жатады.

Коммуникацияның жасанды каналдарының пайда болуы,олардың санының ұдайы артуы мен ақпаратты  берудің техникалық әдістерінің күрделенуі,сонымен қатар табиғи каналдардың маңызының азаюы фиксацияланған тарихи тенденция болып табылады.Адамдардың дифференцияланған қоғам жағдайындағы қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің артуы жасанды каналдардың пайда болуының негізгі себебі.Жасанды коммуникациялық каналдарды пайдалануды қажет  ететін қарапайым оқиға коммуникациялық үрдіске қатысушылардың аумақтық алшақтығымен байланысты.Ақпараттық қоғам жағдайында қашықтық емес,берілген ақпараттың көлемі мен қиындық деңгейі маңызды орын алады. Алайда, интернет тек қана коммуникация каналы ғана емес,ақпаратты сақтау орны болып табылады.

Тиімді желіде ПР-маманының жұмысын атқаратын IT-технологиялардың анықтамасы мен сараптамасы:

- электронды почта;

- маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі;

- корпоративтік вэб-сайт;

- БАҚ өкілдерімен жұмыс.

Е.Н.Пашенцов «Bell корпорациясы электронды почтаны пайдаланудың арқасында прессаға арналған басып шығару материалдарына 50 % үнемділікке қол жеткізген.

PR мамандары электронды почтаны келесі жағдайларда пайдаланады:

-         Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;

-         Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;

-         Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;

-         Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;

-         Журналистермен байланысу үшін.


Дәріс №2. Әлеуметтік желілер мен азаматтық журналистиканың ролі

Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы жарты ғасырда қаулап өсуі біздің адамзаттық мүмкіндігімізді, біздің мәдени кеңістігімізді белгілі бір мөлшерде кеңейтіп қана қойған жоқ, ол біздің өркениетімізді адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси-биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үдерісіндегі ең қуатты алғышарт компьютер мен Интернет бүгінде басқаларынан қара үзіп кетті. Ол барлық әлемді құшағына қамтып, кез келген ақпарат көзімен әп-сәтте-ақ байланысқа түсе алады. Бұл бір жағынан заман талабы, осы «коммуникациялық революция» тудырған процестен біз де қалыс қала алмаймыз. Біздің елде блогосфера жақсы қар­қын алып келеді. Блог жүргізу бұқа­ралық сипат алып бара жатқандықтан ба, біздің қоғамда «блоггерлер қоғам­дық пікір қалыптастыруда журналистерді басып озуы мүмкін» деген пікір қалыптасып келеді. Жалпы, блогосфера ертерек дамыған елдің өкілі ретінде «блоггерлер журналист бола алады» деген пайымға қалай қарайсыз? Сондай-ақ біздің елде шенеу­ніктерден бастап, әлеуметтік желілерді пайдалану үрдісі қанат жайып барады. Сіз бізге еліңіздегі әлеуметтік желілердің қоғамдағы рөлін айтып өтсеңіз...


Блоггерлер мен журналистер бір-бірі­не ешқашан кедергі келтірмейді. Олардың көп болуы қоғамға ғана пайдалы. Біздің елде блоггерлер өте көп. Блогосфера бірнеше жылдан бері жұмыс жасап, дамып келе жатса да, ақпарат кеңістігінен дәстүрлі журналистиканы ығыстырып жіберген жоқ. Ығыс­тыра да алмайды. Себебі — екеуі екі бөлек ұғым. Блог авторлардың пікірінен ғана тұра­ды, жазба иесінің көзқарасына құрылады. Мықты блогтар белгілі бір аудиторияны қалып­тастырып алған соң, жарнама жағына көп көңіл бөледі. Белгілі бір уақыт өткеннен соң жарнама беру­шілермен жұмыс істеп кетеді. Бізде белді әлеуметтік желілердің қо­ғам­дағы рөлі өте күшті. Бізде ғана емес, бү­кіл ­әлемде солай. Араб әлеміндегі оқиға­лардың басты факторлары да осы әлеуметтік желілер болды. Тоталитарлық жүйедегі мемлекеттер бұлар­дан қатты қорқады. Ал сіздерде шенеу­ніктердің өзі көпке үлгі болып отыр екен. Бізде де саясаткерлер әлеуметтік жүйеде белсенді. Меніңше, әлеуметтік желі­лерді журналистиканы дамытуға пай­далану керек. Яғни дәстүрлі ақпарат құ­рал­дарын­дағы құнды материалдардың сіл­темесін әлеу­меттік желілер арқылы таратып, оқыр­мандардың санын еселеуге мүмкіндік бар. Себебі қазір кейбір желілердің пайдалану­шыларының саны жарты миллионнан асты. Бұл — үлкен аудитория, үлкен күш. Сараптамалық фирма comScore баса айтып көрсеткендей, әлеуметтік желілердің рөлі күннен күнге маңызды болып барады және олардың дамуы белді жарнамаберушілердің назарымен де байланысты. Осыны әлеуметтік желілер мен жарнамаберушілер үшін басты онлайн тұғырнама ретінде танымал Yahoo Inc және Time Warner Inc’s AOL секілді интернет-компаниялар арасында болып жатқан жарыстардан байқауға болады. comScore зерттеуі бойынша, былтырғы жылдың екінші жартысында американдық интернет-хабарландырулардың 21.1 % әлеуметтік желілер арқылы жасалынған, ал соның ішінде көрсетілімнің 80% MySpace пен Facebook еншісінде екен. Бұл желілердің танымалдылығы тегін емес, біріншідіен – бұл сервистерде тіркелген адам саны 300 милионнан асады, екіншіден – осында кәсіби байланыс орнатуға, әріптестерді тауып алуға болады, үшіншіден – танымал брендтер мен компаниялардың ресми аккаунттарына жазылу мүмкіндігі бар. Қолданушы профильдері арқылы жарнаманы таргеттеудің тамаша мүмкіндігі бар: жынысы, жасы, мамандығы және т.б. арқылы. Осылайша компаниялар пайдаланушыға шынымен де қызықты болатын жарнаманы көрсете алады. Ең бастысы, қолданушы профилінде өзі жайында шынайы ақпарат беруі тиіс. Әлеуметтік желілерден ақша табудың ең оңай жолы – ақылы сервистер мен функцияларды ұсыну. Ақылы сервиске пайдаланушылардың назарын аудартуға арналған әдістер бар: ақылы функцияларды басында арзан бағамен ұсыну немесе алғашында тегін ұсынып, пайдаланушы оған әбден үйренген кезде ақылы етіп жасау стратегиясы, сонымен қатар, «кедергі» жасайтын функцияларды ақылы төлемдер арқылы өшіру. Ақша табудың тағы бір әдісі – виртуалды сыйлықтар, профиль үшін дауыс беру (пайдаланушының рейтингін көтеру үшін). Мысалы, ресейлік Vkontakte.ru атты әлеуметтік желіде дауыс беру мен виртуалды сыйлықтарды sms немесе webmoney, Яндекс.Ақша, пластикалық карталар т.б. арқылы сатып алуға болады. 10 дауыс – Билайн операторында – 400, Далаком операторында – 353, ал Кселл операторында – 400 теңге тұрады. «Мой мир» әлеуметтік желісінде юзерпикке (пайдаланушының суретіне) графикалық эффектті sms арқылы 2,99 доллар төлеп жасауға болады екен. Әлеуметтік желілер үшін жарнама да жақсы табыс әкеле алады. Бірақ ол үшін бағытты жарнама және арнайы құралдар болған дұрыс. Интернет-жарнаманың бір артықшылығы – арнайы тұтынушыға арналған тауарды жарнамалау тиімділігі. Бұл телевиденияға да жат емес, мысалы, футбол матчтары кезінде косметика емес, сыра жарнамасы көрсетіледі. Алайда, интернет саласында бұл негізгі шарттардың бірі.

Қазақстандықтар жиі қолданатын ағылшынтілді 7 әлеуметтік желі.

Kazakhstan Internet Week аясында өтіп жатқан конференцияда презентация жасайтын болған соң, жаңа мәліметтерді іздестірген едім. Сөйтіп, Қазақстанның интернет қолданушылары жиі қолданатын әлеуметтік желілер жайлы мәлімітке тап болдым. Зерттеушілер әлеуметтік желілердің қатарына .kz доменіндегі ресурстарды (www.kezdesu.com, yvision.kz, www.kiwi.kz т.с.с) қоспаған тәрізді. Себебі екінші орындағы youtube тұрса, Қазақстанда kiwi.kz те жиі қаралатынын білемін. Сонымен қатар елімізде кең қолданатын ресейлік mail.ru (“Мой мир” әлеуметтік желісі), odnoklassniki.ru, vkontakte.ru да көрініс таппапты (толықтырғаны үшін Ақзереге үлкен рахмет) Төмендегі кестедегі (суреттің үстінен шертсеңіз, көлемі ұлғаяды) тізімдегілердің барлығы шетелдік әлеуметтік желілер. Facebook бәрінен де озып тұр. Twitter де дес берер емес. Facebook оқ бойы алда келеді

Тізім төмендегідей:

1.Facebook
2.Youtube
3.StumbleUpon
4.Twitter
5.Now Public
6.Digg
7.reddit
8. Other

Келесі бір қызық жаңалық WordPress.com-ға қатысты. Alexa.com мәліметтерінде WordPress.com Қазақстанда жиі қаралатын жүз ресурстың қатарына енген (суреттің үстінен шертсеңіз, көлемі ұлғаяды). http://kk.wordpress.com-да тіркелген блогтардың саны өзге ресурстармен салыстырғанда анағұрлым аз болғанымен, оны қарайтындардың көптігі есебінен wordpress.com қазір 82-орынға шыққан. WP аз уақыттың ішінде Қазақстандағы танымал сайтқа айналды.



Дәріс №3. Этикалық мәселелер.

Биліктің төртінші бұтағы саналатын Журналистің этикалық кодексін қабылдау туралы мәселе бұған дейін де қоғамда бірталай сөз болғаны бар. Бірде дүркіреп, бірде ұзын сонар пікірталаспен басылып жататын осынау кәсіби құжат туралы әңгіме Елбасының өткендегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты БАҚ-та жарияланған айтулы мақаласынан кейін қайта күш алған. Кеше Астанада Қазақстан Журналистер одағы мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі тарапынан әзірленген әлгіндей Журналистің этикалық кодекс жобасы талқыға ұсынылды. Президент Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы Мәдениет және ақ­парат ми­нистрлігіне Жур­на­листік этика кодексінің жо­ба­сын, сон­дай-ақ отандық БАҚ-ты жа­ңа­ша­ландыру жос­парын әзірлеу туралы тап­сырма жүктегенде, ең ал­ды­мен, тұтынушыны бұр­ма­лан­ған және жалған ақ­па­рат­тар­дан сақ­тандыру мәселесін қа­перге салған еді. Расында, бұл – ақпарат ғасырындағы аса өзек­ті һәм жауапкершілігі ға­ла­мат мәселе. Оның үстіне, жур­на­лист атаулы халықтың ортақ­та­са мойынсынатын кодекс ұс­тануы туралы мәселе елі­міз­дің Тәуелсіздігінен бері кө­те­ріліп келеді десек, артық айт­қан­дық емес шығар. Өйткені дәл сол ұлттық Тәуелсіздікпен бірге ұлт баспасөзінің де бос­тандығы анық айқындалған болатын. Кейіннен заман ағы­мына сай Журналистік этика ко­дек­сі туралы мәселе көте­ріліп, онда қоғамдағы бас­пасөз өкі­лі­нің орны ғана емес, оның құ­қы­ның қорғалуы да айшық­та­луы тиістігі туралы әңгімелер кө­терілді. Сөйтіп, әлсін-әлсін ай­тылып келген кодекс мә­се­лесіне соңғы нүкте Елбасының пәрменді тап­сыр­масынан кейін қойылатыны анық болған сыңай бар. Енде­ше, журна­лис­тер қауымы жаппай мойын­сы­нар­лық этика кодексі қандай бол­ғаны ләзім? Міне, ендігі басты мәселе де осын­да.  Ал әріптестер тал­қы­сына ұсы­ныл­ған Қазақстан Жур­налистер ода­­ғы мен Бас редакторлар клубы бірлесе әзірлеген кодекс жобасына ке­лер болсақ, құжат негізгі сегіз бөлімнен тұрады. Ко­декстің мақсаты – жур­на­листердің және бұқаралық ақ­парат құрал­дары қыз­мет­керлерінің кәсіби қызметіндегі мораль­дық-этикалық қағи­далары мен нормаларын бел­гілеу.
«Кодекс қоғам тарапынан жур­налистер мен баспагерлерге, БАҚ иелеріне және БАҚ-тың өзіне деген сенім мен құрметке ие болуына мүм­кіндік туғызатын журналистер мен бұ­қа­ралық ақпарат құралдары қыз­мет­кер­лерінің кәсіби қызметіндегі ішкі тәрбие құ­ралы және моральдық-этикалық бағ­дары болып табылады», – делінген жо­баның кіріспесінде.
Жобаның бірінші бөлімі журналистің кәсіби парызына арналса, одан кейінгі кезекте жазарманның әлеуметтік жауап­кершілігі, журналистік адалдық пен әділ­дік, анықтық пен объективтілік секілді қа­ғидаттар қамтылыпты. Дереккөздер мен құпиялылық мәселелері де тұтастай бір бөлімге арқау болса, жеке өмірді, ар-ұж­данын және іскерлік репутациясын құр­меттеу, бәсекелестік пен ынтымақтастық, сондай-ақ журналистерді қорғау мен олардың жауапкершілігі де жеке-жеке бөлім болып ықшамдалған. Әзірлеуші тарап кодекс жобасын пысықтағанда жур­налистиканың кәсіби этикасына қатысты ха­лықаралық қағидаттарды, ЕҚЫҰ сарап­шы­ларының ұсынымдарын пайда­лан­ға­нын алға тартады. «Литвада, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Украина мен Ресейде, Қырғыз елінде осыған ұқсас қолданылатын құжаттық тетіктер бар екен, солардың мазмұндары сараланды. Сондықтан да мұндай кодекс жобасын қабылдаудың қажеттігі қазақстандық қоғамның тілдік сая­сат, дін, ұлттық дүниелер секілді мәсе­ле­ге сұранысы төтенше артып отырған заман­да аса өзекті. Оның үстіне, бүгінгі таңда қазақстандық журналистиканың деңгейі ешқандай да билікті ара­лас­тыр­май-ақ өзін-өзі реттей алатын деңгейіне дейін көтерілді деп санауға болады», – дейді Қазақстан Журналистер одағы Ас­тана қалалық филиалының директоры Мағжан Садыхан. Сөйтіп, одақ пен қоғамдық бірлестік бір­лесе әзірлеген журналист этикасының жобасы алғаш талқыға түсті. Талқыға түсі­сімен сынға да ілікпей қалмады. Мәселен, Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин құжаттың шикі тұстарын ұзын сонар жіпке тізіп, «төртінші билік» толғана күтіп отырған құжатты қабылдауға еш асықпауға шақырды. «Шынымды ай­тайын, жоба кеше ғана қолыма тиді. Көзді бір жүгіртіп шыққанның өзінде құжаттың шіп-шикі екенін бірден аңғардым. Бізге асығыстықтың қажеті шамалы. Ешкім қуып келе жатқан жоқ. Бүгін талқылайық, ертең тағы. Сосын біршама күзелген соң барып ко­декс жобасын баспасөзде жариялап, асықпастан қайта оралып, тағы пысықтап барып қабылдағанымыз орынды», – дейді Бигелді Ғабдуллин. Осы тұста журналистер әдебіне қатысты ешқандай «жаңалық ашу­дың» да жосықсыз екенін еске салды Бигелді Қайырдосұлы. «Журналистика эти­касында «велосипед» ойлап шыға­рудың қажеті шамалы. Журналистика ертеден келе жатыр әрі біздің журналистік өміріміздің ережелерін айқындайтын баршаға мағлұм он шақты қағидат бар. Мінеки, этикалық кодекс дәл осы он шақты қағидатқа негізделуі шарт», – дейді Бигел­ді Ғабдул­лин. Ал Ғабдуллиннің «асықпау керек» деген пікіріне құжатты әзірлеуші тарап саналатын Бас редакторлар клу­бы­ның президенті Кенжеболат Жолдыбай қарсы. Ол журналистік этика мәселесінің онсыз да уақыты озып бара жатқанын айтады. «2002 жылы Қазақстан журна­лис­терінің тұңғыш конгресінде бұл мәселе көтерілген-ді. Содан бері құр сөзбұйдамен келеміз. Маңыздылығына қарамастан әлі күнге кейінге сырғып тұр. Бұлай жара­май­ды. Бүгін бап-бабымен талқылап, ұсыныс­тар болса, кеңінен пікір алмасып, оның ішінде биліктің де пікірімен санасуға тиіспіз. Сол үшін қазір ең құрығанда кодекс­тің қаңқасын салып кетсек, ертеңгі күні оны толықтырып, пысықтап шығар­мыз, тек «асықпау керек» дегенге салуға бол­майды. Иі қанғанша жеткілікті айтыл­ған мә­селе», – дейді Кенжеболат Жол­дыбай.
Дәріс №4. Мультимедиалық журналистік шығарма

Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді. «Медиа арасындағы шекараны жою – өзара коммуникация құралдарымен, мысалы: телефон, пошта, телеграф және бұқаралық құралдар коммуникациямен сияқты, мысалы: пресса, радио, телекөрсетілім» деп Итьель де Соло Пуль айтқан.

Соңғы 20 жылда мультимедия туралы нақты айта бастады. Бұл хабар жүргізу әдісі ретіндегі компьютерлік техника мен компьютерлік желілердің дамуы мен өрлеуіне байланысты болды. Осы технологиялар бір сақтаушы компакт-диск ішіне әр түрлі коммуникация құралдарын – визуалды, мәтіндік, дыбыстық және сөйлеу – біріктіруде мүмкіндік берді.

Мультимедиялық өнім

Қазіргі таңда видеомонтаж, түстер, фотосуреттерді компьютермен өңдеу, анимация, инфографика және дыбыспен жұмыс істеу биік дәрежеге жетті. Көркем-бейнелеу құралдары медиада еркін қолданылады. Бүгінде БАҚ өнімін жасайтын технология деңгейі кез келген творчестволық идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мультимедиа тарихына мыналарды жатқызуға болады: Гиперсілтемесі бар мәтін; Видео; Фото; Слайд-шоу; Аудио; Инфографика; Карикатура; Интерактивтік форма (дауыс бері, пікірлер, рейтингтер); Оларды бірінші және қосалқы компонентті деп бөлу ыңғайлы. Біріншіге басқа ресурстарға сілтемесі бар мәтінді, фото, видео немесе аудионы жатқызуға болады. Осыларды барлық материалдар қолданады. Ал қалған барлығы қосалқы болып табылады. Егер дәстүрлі жанрда мәтін негізгі рөл атқарса, мультимедиялықта ол маңызды емес. Бұл жерде негізгі ақпаратты сурет, фото қатар атқара алады. Ал мәтін пікірлер, толықтыру, тақырыпша және т.б. рөлді атқарады.

Конвергентті редакция

Қазіргі таңда конвергентті редакция медианың перспективті даму модельдердің бірі болып табылады. Редакция концепциясының идеясы бүгінде мүмкін болатын бүкіл медиа-өнімнің форматтарына біріккен: онлайн, баспалық, мобильді, сонымен қатар хабарлы. Конвергентті редакцияның түрлері:

Мультимедиялық редакция – бұл әр технологиялық басылымға арнайы дайындалған редакторлардың болуы.

Интеграцияланған редакция – бұл негізгі технологиялық басылымда өтетін барлық жаңалық ағындарының бірігуі.

Кросс-медиалық редакция – бұл ақпарат алмасу өзара принциптеріне сәйкес жүретін процесс.

Конвергентті журналистикада жұмыс істейтін «жаңа журналист»:

Жаңалық материалдарды онлайн ресурстары үшін өңдей алуды керек;

Аудио және видео материалдарды Интернетке жүктей алу қажет;

Видео-репортажды түсіре білу керек;

Фотосуреттерді жасай білу, сонымен қатар оларды Интернетке жүктей алуды білу қажет;

Компьютерде жедел жұмыс істей алу керек;

Интернет желісінде бағдарлай білу қажет;

SMS-хабарлама түрінде жаңалықтарды жасай білу керек;

Мүмкін болатын бүкіл компьютерлік бағдарламаларды қолдана алу керек;

Wi-Fi арқылы бірден басылымға, нөмірге және сайтқа ақпарат бере алу қажет;

Мүмкін болатын барлық блогтарды жүргізе білу керек;

Сапалы ақиқаттар мен мәліметтерді тере алуы қажет;

Кез келген уақытта байланыста болуы қажет.


Дәріс №5. Конвергенттік журналистиканың ерекшеліктері

Конвергентті журналистика (ағылшынша Convergence journalism)  - бұл ақпараттық және коммуникациялық технологиялар интеграциясының бірыңғай ақпараттық ресурсқа бірігу процесі. Бүгiнгі таңда қазiргi заманғы медиа - компаниялар ақпараттық және ойын-сауықтық өнiмдерiнiң өз спектрлерiн кеңейтедi және медиа өнiм берудiң «жаңа» формаларын қолданады: ол – онлайн газет, интернеттегі радио, веб-телекөрсетілім. Конвергенция сөзінің өзi латынша «convergo» - «жақындатамын» деген мағынаны білдіреді. «Convergence» ағылшын тiлiнде «бiр нүктеде жинақталу» дегенді бiлдiредi. Павликова М. БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: «Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы». А.Г. Качкаева конвергенцияны төмендегідей жіктеуді ұсынады: Конвергенция – ақпарат берудің жаңа түрі. Сонымен, конвергенция – бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату. Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және «бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі» анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді. «Медиа арасындағы шекараны жою – өзара коммуникация құралдарымен, мысалы: телефон, пошта, телеграф және бұқаралық құралдар коммуникациямен сияқты, мысалы: пресса, радио, телекөрсетілім» деп Итьель де Соло Пуль айтқан. Соңғы 20 жылда мультимедия туралы нақты айта бастады. Бұл хабар жүргізу әдісі ретіндегі компьютерлік техника мен компьютерлік желілердің дамуы мен өрлеуіне байланысты болды. Осы технологиялар бір сақтаушы компакт-диск ішіне әр түрлі коммуникация құралдарын – визуалды, мәтіндік, дыбыстық және сөйлеу – біріктіруде мүмкіндік берді.



Дәріс №6. WEB-ке арналған фотосуреттер: композиция, өңдеу, оптимизация, жариялау

Журналист үшін ақпарат – оқиғалар, адамдар немесе қоршаған шындықтың құбылыстары туралы жаңа мәліметтер екені барынша маңызды. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат – бұқаралық мәдениет сияқты, бұқаралық тұтынушыны қызықтыратын және қажетті болып табылатын ақпарат. Осылайша, журналист өзінің мамандығының арқасында ақпарат пен бұқаралық аудиторияны билейді, ақпарат дереккөздерінің түр-түріне қолжетімдігіне және оны көпшілікке тарату тәсілдеріне мүмкіндігі мол болады.

Ақпараттың таралу жолдары көп түрлі, алайда, бұқаралық ақпарат нақты бұқаралық ақпарат құралдары таратады:

- баспасөз;

- радиохабар;

- теледидар;

- Интернет.

Байланыс – бұл ақпаратты беру мен алуға бағытталған іс-әрекет (нәтижесі түсіну болып табылатын бірігу). Байланыстың сапалы әрекеті байланыс процесінің екі тараптары да дайын болған жағдайда ғана іске асады. Тараптың байланыс әрекетіне дайындығы оның барабарлығында. Ал ондай сәйкестікке, өз кезегінде, дайындықтың бірыңғай жүйесі арқылы ғана қол жеткізіледі:

- бір тіл,

- бірыңғай мәдени орта,

- адамгершілік және рухани қондырғылардың тұтастығы,

- жақын әлеуметтік жағдайы,

- білім деңгейі.

Әлеуметтік ақпарат – қоғамның өзіне маңызы бар, қоғамдағы қалыптастырылған барлық ақпараттық өнімдердің жиынтығы. Оның негізгі белгілері:

- жалпыға бірдей маңыздылығы,



- бәріне қолжетімді.

Басты қызметтері:

- бұқаралық сананы қалыптастыру,

- адамзат қоғамдастығының тұтастығын сақтап қалу.

Бұқаралық ақпараттың үш түрі бар:

- селқос,

- еріксіз белсенділік түрінде,

- ерікті белсенділік түрінде.

Ақпарат бұқаралық ақпарат ағыны бойынша ағуы процесінде ғана бар болады. Ақпараттық өнім – тұсаукесер сәтінде өмірі бар және басылым түріндегі өмірі ұзағырақ болатын мәтін.

Бұқаралық ақпараттық процестер (БАП) тіршілік пен қоғамның дамуына қажетті талап болып табылады. Бұқаралық ақпараттық процестер төмендегідей қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді:

- бұқаралық сананы қалыптастыру,



- мәліметтерді қабылдау және шұғыл тарату,

- қоғамдық пікірді өзі белгілеу,

- көпшілікті сәйкес практикалық іс-әрекетке итеру мақсатында басқарушы шешімдерді дер кезінде дайындау және тарату,

- қоғамның өмірлік тонусының қажетті деңгейін демеу,

- қоғамдық практикалық іс-әрекеттердің келісімділігін арттыру мақсатында топаралық қатынастардың қажетті деңгейін қолдау қоғам мүшелеріне көмек көрсету.

Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жүйесі ақпаратты өндіру және таратуды біріктіреді. Осылайша, әңгіме журналистік немесе пиарлық ақпарат, басқаша айтсақ, арнаулы түрде жиналған, өңделген және белгілі талаптар мен міндеттерді есепке ала отырып, ұсынылған ақпарат туралы болып отыр.

БАҚ даму барысында жинақталған практикалық тәжірибені зерделеу негізінде кәсіби түйсіну және журналистиканы зерттеудің ғылыми әдістері тарихи қалыптаса бастады. Осы түйсінулерге бұқаралық байланыстар мен қоғам арасындағы өзара қатынастар қағидалары негіз болып табылды. Осылай, біртіндеп журнализмнің ғылыми мектептері және практикалық концепциялары жете зерттеле бастады (Немістердің «газеттануы»; ағылшын тілді журналистикадағы «жаңалықтар» теориясы; цензурадан өтетін орыс баспасөзінің «эзоп тілі»; А.Герценнің «ерікті сөзі»; большевиктік баспасөздің «ұйымдастырушылық қызметі»; посткоммунистік «жариялылық»; «төртінші билік»; М.Маклюеннің «ауқымды деревнясы»; Б.Гейтстің «Интернеті»).

Қазіргі кездегі дүниеде осы заманғы журналистиканы зерттеудегі дәстүрлі тұрғыдан қарауды қолдану шегі мен мүмкіндіктері айтулы кеңейді. Таптық, постиндустриалдық және ашық қоғамда журналист тұлғасының бірдейлігін өте күрделендіріп жіберген журналистиканың коммерциялануы айқындалып келеді. Бұқаралық байланыстардың ауқымдану үрдісі ұлттық мәдениеттермен шиеленісе түсті. Әлеуметтік реформалар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының мәні онан сайын өсе түсті. Сапалық деңгеймен бекітілмеген мерзімдік басылымдардың үлкен сандық өсімі себепші болған БАҚ-на «сенім дағдарысының» күні туды. Ақпараттық саясатқа ықпал жасайтын, сырт көзге қасақана аулақтануға қарамастан, олигархтар идеологиясы мемлекеттік идеологияның орнын басты.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, біріншіден, қажетті материалдық базасы бар (ақпараттық технология құралдары: компьютерлер, программалық қамтамасыздандырылған, Интернетке қосылған, кабельдік, серіктік және басқа байланысы), екіншіден, осы салада ғылыми-практикалық және қолданбалы зерттеулер жүргізілсе және үшіншіден, барлық осы құралдар мен зерттеулер ақпаратты жалпыға бірдей, қолжетімді және оны өндіріске және көпшіліктің пайдалануына белсенді енгізуге бағытталған жағдайда ғана қоғамды ақпараттық деп атауға болады.

Шұғылдылық талаптары журналистерді журналистік еңбектің өнімдігін арттыру туралы үнемі қам жеуді мәжбүрлейді. 80-жылдардың аяғынан бастап, журналист пен жұртшылықпен байланыс бойынша маманның жұмысында компьютерлік және ақпараттық технологиялар сапа тұрғысынан жаңа кезеңнің есігін ашты. Журналистің кәсіби қызметіндегі компьютерді қолдану түрлерінің көптігіне қарамастан, негізгі бес бағытын ерекшелеуге болады.



1. Журналистік мәтінді жасау, жазбаша және ауызша БАҚ арналған: мәтінді теру және оны техникалық әрі әдеби редакциялау. Осы міндеттерді орындау үшін журналист кез келген мәтіндік редакторды қолдануына болады. Барынша ыңғайлы мәтіндік редактордың бірі болып – Word табылады. Мәтіндік редактор мәтінді қайтадан термей, өзгерістерді өте жылдам енгізуге мүмкіндік береді: мәтін бөліктерінің орнын ауыстыру, бір сөздердің орнына басқасымен ауыстыруға, қателер мен жаңсақтықтарды түзету, мәтінді толықтыру немесе қысқарту және тағы басқалары. Барлық осы технологиялық жаңа енгізімдер шығарылымға арналған мәтінді даярлау кезіндегі журналистік жұмыстың жеделдігін елеулі арттырды. Баспа басылымын шығару процесіндегі мәтінмен жұмыс істеу жаңа компьютерлік технологиялардың арқасында анағұрлым жеңілденді және жеделденді.

2. Жариялауға дайындық кезіндегі ақпаратты жинау және өңдеу. Журналист дәстүрлі ақпарат жинаудың үш негізгі түрін жүзеге асырады: сұхбат, бақылау және жазбаша дереккөздермен жұмыс. Компьютердің пайда болуы және Интернеттің дамуы жоғарыдағы тәсілдердің екеуіне үлкен өзгерістер енгізді. Жазбаша дереккөздермен (құжаттар, әдебиет, анықтамалық-ақпараттық материал және басқалары) жұмысты да, сұхбатты да үйден шықпай-ақ, Интернет арқылы жүзеге асыруға болады. Зерттелетін жазбаша дереккөздер мөлшері өте көп болып кетті, өйткені Интернет Жер шарының кез келген жеріндегі ақпаратқа қол жеткізеді. Сұхбатқа қатысты, электронды пошта журналистің жұмысын елеулі жеңілдендіреді, өйткені, web-байланыстқа қатысушылардың өздерінің әрқайсысына ыңғайлы уақытта араласады.

. Компьютердің ақпаратты өңдеуі және сұрыптауы бірнеше секундта жүзеге асады. Әр минут қымбат, әрі ақпарат ауқымды мөлшерде болғанда журналист жұмысындағы мұндай көмек өте пайдалы және маңызды. Осы саладағы мол мүмкіндіктер журналистік маманданудың жаңа түрінің – релятивтік, басқаша айтқанда, «тірі» мәліметтер базасымен жұмысқа негізделген зерттеуші интернет-журналистиканың пайда болуына әкелді.

4. Баспа басылымдарын макеттеу, беттеу және безендіру – бұл компьютердің пайда болуы нағыз технологиялық төңкеріс жасаған жұмыс саласы. Журналистер газетті немесе журналды жасаудағы бүкіл баспа алдындағы кезеңді толық бақылау үшін өндірістік процестің өте маңызды бөлігін редакцияның қабырғаларына көшіруге керемет мүмкіндігіне ие болды.

5. БАҚ жаңа түрінің пайда болуы және қалыптасуы – ішінде желілік бұқаралық ақпарат құралдарын, дәстүрлі БАҚ желілік нұсқалары мен сайттары бар желілік журналистика.



Журналист ұйымдастырушы ретінде төмендегі міндеттердің бірсыпырасын орындайды: қоғамдық қызметтің әртүрлі салалары өкілдерін ынтымақтастыққа тарту, өз пікірін БАҚ арқылы жеткізуге аудиторияның кең қабаттарына қолжетімдікті қамтамасыздандыру, аудиториямен кері байланысты қолдау және нығайту, көпшілік аудитория мен ақпараттық өнімді жасауға өзінің тапсырысы бар оның жеке өкілдері арасындағы делдалдық.

Журналист ақпараттық өндірістік процесінің қатысушысы ретінде ақпараттық өнімді тудырушы болып табылады – шығарылымдардың (мәтіндердің) авторы, редактор және «жарыққа шығатын», «эфирге шығатын» бұқаралық ақпараттық ағындарды шығаратын өндірістің ұйымдастырушысы.

Қоғамның әлеуметтік практикасы көп жағдайда – практикалық қызметі мен оның практикалық ойлауын қалыптастыратын адамның рухани өмірімен өзара байланысты. Журналист немесе пиар-маманның практикалық қызметінің нәтижесі журналистік мәтін немесе – сәйкес – пиар-мәтін болып табылады. Тап сол уақытта осы мәтіндер әлеуметтік практиканың органикалық бөлігі болып шығады.

Журналистер немесе «паблик рилейшнз» бойынша мамандар, сондай-ақ бүкіл қоғам қатысатын журналистік мәтіннің туындауы және қабылдану процестері тұтас алғанда, таным мен байланыстың психологиялық бірлігінде жүзеге асады. Сайып келгенде, журналистік ақпарат әлеуметтік ақпарат түрі болып белгіленеді.

Әлеуметтік практика тұғырынан қарағанда, «Журналист – қоғам (социум)» өзара әрекетінің тізбекті тізбешесі «ақпарат – мәтін – ақпарат – қызмет» түрінде ұсынылуы мүмкін. Әлеуметтік практикада күн сайын ақпараттың орасан зор ағыны туындайды, оның бөлігі ғана журналистік мәтінге және пиар-мәтінге айналады. Ал өз кезегінде олар алынған мәліметті практикалық іс-қимылға түрлендіретін қоғамда ақпаратты таратады. Ақпараттық ықпал етудің тиімділігі журналистиканың суреттеу құралдарымен анықталады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілік аудиториясы халықтың орта статистикалық кең қабаттарын қамтиды. Қамтудың кеңдігі бойынша оны: ықтимал, іс жүзіндегі және негізгі деп бөлуге болады. Аудиторияның әртүрлі секторлары әлеуметтік мәртебесіне тәуелді болғандықтан, мәтінде бар ақпаратқа әртүрлі әсерде (реакцияда) болады. Журналистің көрсетіліміне аудиторияның әртүрлі секторларының алатын ықтимал әсерлерін (реакциясын) болжамдау оның кәсіби қызметінің маңызды бөлігін құрастырады.

Журналистің арсеналында социологиялық және психологиялық әдістер болуы қажет және оны белсенді түрде қолданғаны жөн. Журналист пен пиар-маман қызметінің жемістілігі көбіне көпшілік аудитория мен мәтінге тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау, мүдделі тараптардың әрқайсысы өзара келісімге келу қажеттігін түсіне алатындай, тапсырыс берушімен де, аудиториямен де жұмыс істей алу білігімен айқындалады.

Ондай жағдай болмағанда, журналист немесе пиар-маман өз құйрығын шаққан жыланға ұқсайды, өйткені не көпшілік аудиториясының, не мәтінге тапсырыс берушінің сенімін жоғалтады және беделінен айрылады.

Осылайша, журналист бұқаралық ақпараттық ағынға тікелей қосылған болып шығады. Журналистік ақпараттың дереккөздерінің алуан түрлілігі олармен жұмыс істеудің белгілі ережелерін ұстануға мәжбүрлейді. Бұл ережелер журналистің ақпаратқа қолжетімдік, рұқсаттама және оны алу, сонымен қатар деректердің шүбәсіздігін тексеру тәсілдерінің тәртібін белгілейді.



Дәріс №7. Жаһандық желілік ресурстарға (аудиоподкасттар) арналған жазу, аудио өңдеу

Қазне́т — Интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігі. Қазіргі заманда Казнеттің негізгі тілі – орыс тілі екенін мойындамауға болмайды, осы себептен Қазнет Рунеттің бір бөлігі боп табылады деген пікірлер де білдіріледі. Сонымен қатар Қазнеттегі қазақ тілінің қолданылу аумағы өсіп келетінін де байқай аламыз. «Қазнет» термині мына негізгі ұғымдардан тұрады:

  • .kz аумағының доменді зонасының Интернет ресурстары;

  • Қазақстандық провайдерлер көлемінде орналасқан басқа да аймақтық аумақ ресурстары;

  • Қазақстандық тыңдаушыларға бағытталған шетелдік ресурстар;

  • Қазақстандық ұйымдардың шетелдік өкілдер ресурстары;



1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді. 1997 жылы қазақстандық сайт «Business Website of 1997» халықаралық конкурсында бірінші халықаралық марапатқа ие болды. Бүгінгі таңда жойылған жоба жеңімпаздардың бірі болды. 1996 жылдың 24 желтоқсанынан бері Александр Е. Ляхов «Lyakhov.KZ — Большая энциклопедия Казнета» ақпаратты-ағартушы порталының негізін салды. 1997 жылы «қазақстандық Интернеттің бейресми әкесі» саналатын Александр Ляхов «Весь WWW Казахстан» қазақстандық веб-ресурстар каталогының жобасын іске қосты. 1998 жылы Интернеттің қазақстандық бөлігінде алғашқы виртуаль дүкені мен Guide Park тауарлар каталогы пайда болды; 1998 жылдың маусымында Интернетте қазақ тілінде алғашқы сайт пайда болды — Физико-технический институт МН-АН РК ; 1998 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда Интернет арқылы тұрақты радиохабар жүзеге асырылады — Алматы қалалық радиохабар түйінін Алматытелеком МОТ сервері арқылы RealAudio технологиясын қолдана отырып хабар тарату. 1998 жылдың қазан айынан бастап, тұңғыш рет Казнетте университет ресурстарына - «ҚазМУ электронды каталогы» (авторы Мамбеталиев Қ.) қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе қазір lib.kazsu.kz сайтында қолданылады. 1999 жылы IANA халықаралық ұйымы «Желілік информацияның қазақ орталығын» жоғары деңгейлі .kz доменді атауын қолдау ісі бойынша менеджері ретінде тағайындады.

Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері. Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады. Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады. Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы. Компьютерлік желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады. Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, онда оны жергілікті желі деп атайды. Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады. Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді. Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады. Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Желілік операциялық жүйелер. Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар. Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желіліер бар, бірақ солардың ең танымалдысы – Интернет желісі. Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Алғашқыда интернетті құру мақсаты — әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады. 1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды. Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықты спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтеді.



Дәріс №8. Дыбыстық слайд-шоу

Жалпы, фильм жасауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Бірақ біз оқырмандарымызды қиындыққа қалдырмас үшін Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейтін кез келген компьютерде бар қарапайым құралдарды пайдаланатын боламыз. Біздің жағдайда "Wndows Live киностудиясы" бағдарламасын қолданамыз (Windows 7). Windows-тың басқа нұсқаларында (ХP) біз орындағалы отырған операцияларды Windows Movie Maker бағдарламасы арқылы орындауға болады. Қай-қайсысының да жұмыс істеу принципі бірдей болғандықтан, оған аса назар аударып керек емес.



Олай болса бастайық... "Пуск" батырмасы арқылы аталған бағдарламаға кіреміз: Бағдарлама мына түрде ашылады: "Добавить видео и фотографию" батырмасы арқылы қажетті фотосуреттерді бағдарламаның жадына көшіреміз: Қажетті суреттерді таңдаған соң, бағдарлама интерфейсі мына түрге енеді: "Добавить музыку" батырмасы арқылы оңтайлы деп тапқан музыканы көшіреміз. Бұл туралы http://massaget.kz/bilim/i-dos/1653 сілтемесі арқылы толығырақ білуге болады.

Дәріс №9. INTERNET форматындағы видео.

Мультимедиалық интернет-журналистика халықаралықжурналистика орталығы онлайн-медиа журналисті болғысы келетін жастарға арналған қазақжәне орыс тілдеріндегі мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды. Сабақ беру әдісі интернет-журналистика саласына қатысты көпвекторлыбілімді игеруге және қолдануға бағытталған. Сабақ барысында тыңдаушыларинтернет-мәтін жазуды, аудио және видеокасттар, слайд-шоу жасауды үйреніп, фото,видеотүсірілімдер жүргізудің қыр-сырын меңгереді. Сабақ уақытында тыңдаушылар Орта Азиялық кloop.kz жаңалықтар порталындатәжірибеден өтеді, ал курс аяқталған соң аталған онлайн-ресурстың тұрақтытілшілері болып саналады. амандардың айтуы бойынша, интернеттi дамыту үшiн үш түрлi жағдай әсер етедi екен. Бiрiншi, сол ұлттың өзiнiң хат алмасу торабы болуы қажет. Бiз Ресейдiң mail.ru тегiн почтасына тәуелдiмiз. Яғни, бiзге ұлттық хат алмасу торабы керек. Екiншi, өзiнiң iздеу торабы болуы тиiс. Үшiншi, интернет қымбат болмауы жөн. Осы үш мәселенi аттап өтпейiнше, ел тұтастай интернеттi пайдалана бiлмейдi. Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз. Политехте оқитын Қуаныш Мағзуов деген баланың "Сөздiк" деген жобаны жүзеге асырмақ ойы бар. Ол жоба бойынша кез келген ағылшын тiлiндегi мәтiндi клавиатураның бiр түймесiн басып тегiн аудармаға қол жеткзiу көзделдi. Ригаға барғанымызда, осы жобаға демеушi болғысы келгендермен кездескенде, олар "Бұл үкiметтiң iсi ғой. Неге өздерi қолға алмаған?" деген сауал қойды. Бұл сұрақты естiгенде ұялып кеттiм. Ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аударатын сайт жасау үшiн басқа елден көмек сұрауға мәжбүр болып отырғанымыз бiз үшiн шынында ұят едi. Олар үшiн мемлекеттiк деңгейдегi мұндай iстерге бiздiң қоғамдық ұйымдардың деңгейiнде мән берiлiп жатқаны түсiнiксiз едi. Негiзiнен мемлекет тарапынан интернеттi дамытуға ақша бөлiнiп жатыр. Бiрақ, бұқара тарапынан нақты талап болмай отырған-сынды. Егер, бұқара тарапынан Парламентке, Мәжiлiске сұрау салса, қазақ тiлiн дамыту үшiн интернеттегi тiлдiң таралу аясын кеңейту керек. Ол үшiн бiрiншiден, мынадай параметрлерге ақша бөлiнсiн десе. Мәселен, тегiн онлайн жүйесiнде қазақ тiлiнен ағылшын тiлiне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне мәтiн аударатын арнайы бағдарлама жасап шығару. Бiраз адамдар жасауға талпынып көрдi. Бiрақ, ол бұқараға тегiн ұсынылған еркiн бағдарлама емес едi. Оны пайдалану үшiн сатып алуың керек. Бiздiң айтарымыз, бұндай бағдарламалар тегiн болуы керек. Егер, бiз тiлдi дамытамыз десек, оны қолданушылар аясын кеңейтемiз десек, ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне тiкелей аударатын сайт жасауымыз керек. Ондай заң кейбiр елдерде бар. Мысалы, АҚШ-та "Блогшылар туралы" заң қарастырлуда. Бiрақ, ол елдерде қабылданған заңдарға әлеумет белсендi атсалысады. Яғни, бұл заңдар интернеттi шектеу үшiн емес, реттеу үшiн әзiрленедi. Бiзде қабылданатын заң да интернеттi реттейтiн оның дамуына үлес қосатын заң болса құба-құп, керiсiнше, интернеттi бақылауды сылтау етiп, оның еркiндiгiне сызат түсiретiн болса онда ондай заңның қажетi жоқ. Қазiр бұқара интернет мүмкiндiгiн толық пайдаланып отырған жоқ. Сол себептi де олардың заңға атсалысуы мүмкiн емес. Қазақстанның өзiнiң блог тұғыры жоқ. Американың wordpress платформасында блогты тегiн дамытуға мүмкiндiк бар. Бiрақ, ол ағылшын тiлiнде. Бұл — бұқараға тегiн ұсынылып отырған өнiм. Сондықтан, оны аударуға да мүмкiндiк бар екен. Кореядағы қандастарымыз Жанарбек Матай, Бақытнұр Байтелұлы және осында тұратын Бақытгүл Салықова деген блогшылар оны қазақшалауды қолға алды. Ол платформада 3 мыңның үстiнде ұғым-түсiнiк бар едi. Жоғарыда аты аталған үшеуi оны бөлiсiп, өз ерiктерiмен аударуға кiрiстi. 
Бұл бiзге қандай мүмкiндiк бередi? Егер, бұрын блогты тек ағылшынша, орысша бiлетiндер жасай алатын болса, ендi оның қазақша нұсқасы да пайда болады деген сөз. Шетелге шығып келгеннен кейiн, Қазақстанға келiп қазақ газеттерiн ашқан кезде бiрден байқайтыным, қазақ журналистерi мақала мазмұнынан гөрi, эмоцияға көбiрек иек артады. Себебi, бiздiң оқырманның болмысы осыны талап етедi. Сондай-ақ, Кеңес Одағынан қалған бiр стереотип бар, журналист — ол тұлға, қайраткер, журналистiң сөзiне Құранның сөзiндей сенедi. Қоғам журналист не десе, сол деңгейде қабылдауға бейiм. Батыс журналистикасында, журналист оқиғаны тек қана баяндаушы, әңгiмелеушi. Ой қорытуды оқырманның өзiне қалдырады. Бiзде журналист оқырманға өз ойын қоса ұсынады да, оқырман мәселенi сараптап жатпайды, журналистiң ойын қаз-қалпында қабылдай салады. Қазақ журналистикасының ғылыми тұрғыдан базисi қалыптаса қойған жоқ десем ешкiм ренжи қоймас. Интернет журналистикасы әлi қалыптасқан жоқ. Жоғары оқу орындарының журналистика факультетiнде интернет журналистерiн даярлаған күннiң өзiнде интернеттiң не екенiн толық түсiнбеген кiсiлер дәрiс бередi, оқулық әлi дайындалмаған. Бiзде қазақтiлдi журналистиканың зерттеу тенденциясын бақылау жүйесi жоқ. Қазiр ол қай деңгейде, қайда барады, болашақта қалай болуы мүмкiн, оның қоғамға тигiзiп отырған әсерi қалай деген сараптамалар жоқтың қасы. Журналистика ғылым түрiнде қалыптаспағандықтан, бiресе орыс журналистикасының, бiресе Батыс журналистикасының ықпалында кетiп барады. 
Мысалы, мен жақында жолым түсiп Ригада болып қайттым. Бiзге Латвия туралы жеткен ақпараттардың көбi олар орыс тiлiне қарсы, орысқа қатыстының бәрiн құртып-жойып жатыр дегенге сайып келген едi. Алайда, олай болмай шықты. Онда 2,5 миллион ғана халық тұрады екен. Орыстарға жек көрiнiшпен қарайтын сезiмдi байқаған жоқпын. Олар өздерiнiң ұлттық қалпын сақтау үшiн, қалпына келтiру үшiн күресiп жатыр, ол рас. Бiрақ, туристердiң көбi орыстар болғандықтан, орыс тiлiнде сөйлеуге мәжбүр. Демек, бiз Рига туралы ақпаратты орыстiлдi ақпарат құралдарынан алып отырмыз да, соның ықпалында қалып қойғанбыз.

Дәріс №10. INTERNET-тегі ақпаратты графикалық түрде беру әдісі: интерактивті карталар

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді. Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару. Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.



Дәріс №11. Кәсіби блогтар

Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын сәтке мәнді мағлұматы бар торап. Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді. Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес(корпоративтік, клубтық) және қоғамық(ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша- тематикалық және бірігей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (коментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электрон поштасынан біршама артылықшылықтары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет