Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Еліміздің ақша-несие саясаты тұрақты экономикалық өсуге, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, банк секторын дамытуға және оның халықаралық қаржы рыноктарына шоғырлануына бағытталуы тиіс.
Мемлекеттің монетарлық саясатының маңызды құраушысы инфляция қарқындарын экономикалық өсуге кедергі келтірмейтін шекте ұстап тұру болуы тиіс.
Осыған байланысты, ақша-несие саясатының негізгі міндеті ҚР-да жылдық инфляцияны 5-10 % шегінде ұстап тұру болуы тиіс, бұл тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын болады.
Тұтунушылар бағаларының индексі 1992 ж. – 3060 % , 1993 ж. - 2265 %, 1994 ж. – 1258 % құрады, сонымен елдегі экономикалық дағдарыс жүйелік дағдарысқа ауысты.
1994 ж. ҚР-да макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және сапалы түрлендірулер жүргізуге бағытталған, дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы қабылданды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың алғашқы оң нәтижелері 1995 ж. байқалды, ол кезде инфляция 60 %-ға дейін төмендеді және экономикалық жанданудың алғашқы белгілері пайда болды. Ал 1996 ж. құлдырау тенденциясына жалпы алғанда қол жеткізілген жыл болды. Келесі жылдары (1997, 1998, 1999) реформалар құрылымдық түрлендіруді (жекешелендіру, мемлекет иелгінен алу) тереңдетуге бағытталды. 2000 жыл ҚР үшін тұрақты экономикалық өсу үшін алғышарттарды тұрақтандыру және құру жылы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |