ƏОЖ 330.322
Ж.М. Маханова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
Е-mail: zh_mahnova@mail.ru
Инвестицияларды экономикаға тарту механизмі жəне мемлекеттік реттеу бағыттары
Аңдатпа. Мақалада экономикаға инвестициялар тарту механизмі жəне мемлекеттік реттеу бағыттары қарастырылған. Инновациялық қызметті тиімді мемлекеттік реттеу арқылы ұзақ мерзімді жəне тұрақты экономикалық өсуге жетеді. Инвестициялық саясатты тиімді жүзеге асыру инвестициялық қызметті реттеудің əдістерімен анықталатыны белгілі.
Түйін сөздер: инвестицияларды тарту, мемлекеттік реттеу, инновациялық қызмет, инвестициялық сая- сат.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезе- ңінде экономиканы инвестициялау үрдісін рет- теуде басты рөл мемлекетке беріледі, ол өзінің мақсатты бағытталған саясатымен сол үрдісті ынталандырады [1].
Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу
инвестициялық белсенділікті жəне экономи- калық өсуді ынталандыру үшін мемлекеттік бас- қару органдарымен жүзеге асырылатын құқық- тық, орындаушылық, бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік инвестициялық реттеуді макроэкономикалық тұрақтану жəне эко- номикалық өсу мақсатында инвестициялық нарық қатысушыларына тікелей жəне жанама ықпал ету түрлері мен əдістерін мемлекетпен мақсатты жəне бірізді қолдану үрдісін түсіну қажет.
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң бел- сендi позициясы экономикаға инвестиция көлемiн арттыру үшiн мүмкiндiк жасайды, түпкi мақсаты
жоғары қосылған құны бар өндiрiстi дамытудың, əртүрлi қаржы құралдарын дамытуды ынталан- дыру жолымен, өтiмдi қаражатты өнеркəсiптiк мақсаттарға сəйкес пайдалану үшiн тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бередi. Инвестициялық саясатқа мемлекет белсендi түрде араласпаса, экономиканың өндiрушi салаларының басым түсуi одан əрi жалғаса беретiн болады. Елдiң болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшерiне тəуелдi болып қалады. Тиiстi мемлекеттiк бақылау болмаса капиталдың жылыстау процесi жалғаса беретiн болады, қазiргi iшкiинвесторлардың қаржылық мүмкiндiктерiнің шектеулілiгiне бай- ланысты қор нарығы шетелдiк инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін [2].
Мемлекеттің инвестициялық қызметке тікелей қатынасуы:
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыры- латын инвестициялық жобаларды жасау, бекіту жəне қаржыландыру.
Құрылыс тізімін жасау жəне оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру.
Мемлекеттік бюджеттің есебінен инвес- тициялық жобалар бойынша конкурстық негізде мемлекеттік кепілдер беру.
Инвестициялық жобаларды қаржы- ландыру үшін мемлекеттік бюджеттің қаржы- ларын конкурстық негізде ұсыну.
Инвестициялық жобалардың сараптама- сын жүргізу.
Стандарттарды жасау жəне бекіту, олар- дың орындалуын бақылауды жүзеге асыру [3].
Инвестиция аясында мемлекеттің жаңа функ- циялары мыналар болып табылады:
елдің экономикалық дамуының басым- дылықтарын анықтау;
мемлекеттік инвестициялық бағдарлама- ларды жəне басымдылықтарды, инвестициялық жобаларының тізімін дайындау;
орталықтанған мемлекеттік инвестициялық қорлардың тиімді бөлінуін жəне алғашқы кезек- тегі басымдылықтарды қолдану жəне мемлекет- тің кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үкіметтің іс-əрекеттерінің оңтайлы дəйектілігін қамтамасыз ету;
ұлттық экономикаға капитал ағымын жəне оның басымдылықты аяларға, өндіріс облыстарға еркін құйылуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық климатты құру [4].
1-сурет – Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу əдістері [5]
Инвестициялық белсенділікті жандандыру үшін мемлекеттік реттеу шараларының жүйесі қажет, ол келесілерді қамтуы тиіс:
Мемлекеттік жəне жеке меншік инве- стицияларды орынды пайдалану, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды құру меха- низмін жетілдіру.
Экономикадағы ұдайы өндірістік үдеріс- терді қалпына келтіру жəне отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында инвестициялық қызметтің нақты бағыттарын анықтау.
Құнды қағаздар нарығының дамуына жəне жиналымдардың инвестицияға трансфор- мацияланудың тиімді жүйесін құруға мемлекет тарапынан əрекет жасау.
Банктердің экономиканың нақты секторы- на инвестициялық бағытын күшейту мақсатында банк жүйесін қайта ұйымдастыру.
Өндіріс саласына бағытталып жатқан ин- вестицияларды кепілдеудің тиімді жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыру.
Инвестициялық салымдарға кəсіпорын- ның жеке қаражаттарын көбейту үшін иннова- циялық саясатты жетілдіру [4].
Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті жəне жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шарала- рынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дəрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды.
Инвесторларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында үкімет тарапынан ынталандырудың үш қадамы ұсынылған:
Бизнесті жүргізу жəне инвестиция құюға тартымды ететін елдің имиджін қалыптастыру.
Арнайы экономикалық аймақтарды құру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қосқанда, инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну.
Трансұлттық компаниялар үшін фискалдық, қаржылық жəне қаржылық емес механизмдер арқылы оңтайлы жағдай құру [1].
Инвестициялар ағымын ынталандыру бойын- ша шаралар жүйесі келесілерді қамтуы керек:
облыс əкімшілігімен неғұрлым маңызды жəне əлеуметтік маңызы зор жобаларды бөліп алу арқылы отандық жəне шетелдік инвестиция- ларды тартудың аймақтық бағдарламаларының жасалуы; инвестициялық жобалар деңгейін халықаралық стандарттарға жеткізу; бағдарла- малардың үнемі орындалуына мониторинг жүр- гізу; бағдарламалармен кеңінен танысу жəне олардың жергілікті іскерлік айналамен орын- далуы, бағдарламалардағы қателерді жою жəне олардың оңтайлы бағыттарын күшейту бойын- ша əсер ететін шараларды қабылдаумен шетел банктері мен бизнесмендерін таныстыру; отандық жəне шетел инвестицияларын ынталандыру мақсатында жыл сайын аймақтық конференция- лар өткізу;
инвестициялық жобаларды сыртқы нарық- қа жылжытуда, халықаралық инвестициялық көрмелер мен форумдарда жобаларды көрсетуді ұйымдастыруда республика мен облыс əкім- шілігінің бірігіп күш жұмсауы;
жергілікті атқарушы билік органдарымен өндірістің өңдеуші салаларына шетел инвести-
цияларын белсенді тарту бойынша шаралар жос- парының жасап шығарылуы, атаулы жоспарлар- дың орындалуы бойынша миониторингті қамтамасыз ету;
республика мен аймақтарда бос қаржы ресурстары мен шетел банктерін тарту арқылы инвестициялық несиелерді бере алатын, экспорт- тық-импорттық операцияларға қызмет көрсететін жəне несиелейтін қаржы институттарын дамыту;
тиесілі жылжымайтын мүлік пен басқа да мүлік кепілімен қамтамасыз етілген облыс əкімшілігінің тікелей кепілін беру түріндегі инвестицияларды сақтандыру жүйесін, аймақ əкімшілігінің капиталға қатысуымен аймақтық сақтандыру қорларын құруды қалыптастыру;
аймақ əкімшілігі капиталға қатыса ала- тын аймақтық аманат қорларының мүлкімен сақтандыруды қамтамасыз ету;
өндірістік жəне өндірістік емес жаңа объек- тілердің құрылысына пайданы қайта инвестиция- лау кезінде сəйкес келген сома мөлшеріне салық салынатын пайда көлемінің азаюы;
аймақтық əкімшіліктерге əдістемелік жəрдем көрсету, соның ішінде шетел инве- сторлары мен отандық шаруашылық субъек- тілерін ақпараттық кеңестік қамтамасыз ету, субъектілерді шетелдерде капиталды орналастыруға тартымды орын ретінде таны- стыру бойынша жұмыс жүргізе отырып, атаулы аймақ бойынша мəліметтер базасын құру [4].
Сонымен, түрлі экономикалық жағдайда əртүрлі мемлекетте инвестициялық қаржыны тар- ту жолымен экономикалық дағдарыстан өту мен экономикалық өсуді қамтамасыз етудің бірнеше базалық механизмдері анықталды, нақтырақ айтқанда:
Жинақтарды аккумуляциялау мен олар- ды жеке меншік банктер арқылы инвестицияға трансформациялау. Жапония, Германия сияқты елдерде банктердің рөлі инвестициялық үр- дістерді ұйымдастыруда маңызды болып келе- ді. Коммерциялық банктер мен өндірістік кəсіпорындардың өзара əрекеттесуінің кең таралған түрі болып өнеркəсіптік-қаржы топ- тары табылады. Бұр топқа кіретін банктер мен кəсіпорындар жеке меншік қатынастары арқылы айқаса акционерлеу немесе ортақ меншіктері арқылы байланысады, бұл қаражаттардың өнді- ріске тиімді құйылуын қамтамасыз етеді. Мұн- дай механизм экономикалық өсудің неғұрлым болашағы бар бағыттарына жиналымдар мен шоғырланудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, сəйкес келген өнеркəсіптік-қаржы топ-
тарының кеңейтілген өндірісінің жоғарғы қарқындылығын қамтамасыз етеді. Өсіп келе жатқан табыс өндірісті кеңейтуге жəне өнімнің дүниежүзілік нарыққа шығуы үшін сапасын жақсартуға қайта жұмсалып отырады. Ондай ме- ханизм соғыстан кейін АҚШ, Германия жəне Жа- пония экономикасының белсенді жаңалануына, қайта көтерілуіне жəне өсуіне, сонымен қатар Оңтүстік Корея жəне басқа да өнеркəсіптік мем- лекеттердің табысты дамуына септігін тигізді.
Келесі механизм дербес шаруашылық субъектілерді несиелеуге негізделген, бұл қара- жаттардың аккумуляциясын жəне олардың пайыз мөлшерлемелері бойынша қамтамасызету- ге жеке жəне заңды тұлғаларға берілетін несиеге трансформациялануын қарастырады. Сонымен бірге инвестициялық шешімдер тəуекелдерін кəсіпорындар, мемлекеттік институттар, сақтан- дыру компаниялары жəне қаржы жүйесінің басқа да мамандандырылған субъектілері арта- ды. Атаулы механизмнің сенімділігі құрылымды дағдарыстар мен қате қабылданған инвестиция- лық шешімдерге тəуелді болып келеді. Дүние- жүзілік тəжірибеде ол экономикасы (қаржы нарығы дамыған жəне ұзақ мерзімді жəне тəуекелі жоғары инвестициялық жобалар- ды қолдау институттары қамтылған) тұрақты дамыған мемлекеттерде, былайша айтқанда,
«үлкен жетілік» мемлекеттерінде қолданылады.
Берілген механизмнің қызмет ету шарты болып ірі инвестициялық жобаларды несиелеуге арзан жəне «ұзақ» ақша қаражаттарын ұсына алатын қаржы институттарында (зейнетақы қорларында, сақтандыру жəне инвестициялық компаниялар- ды) ірі ресурстардың болуы танылады.
Даму институттары ретінде қызмет атқара- тын мемлекеттік инвестициялық банктер арқылы экономикалық өсудің приоритетті бағыттарын іске асыруды инвестициялық қолдау. Бұл бан- ктер қоғам мүддесінен шығып, қолдауды талап ететін, мемлекетпен приоритеттілердің қатарына жатқызылатын шаруашылық қызмет түрлері не- месе белгілі бағыттарда инвестицияларды төмен пайызбен мақсатты түрде несиелейді. Əдетте он- дай банктердің қолдауы Орталық банк несиелері- не қол жеткізу түрінде іске асырылады. Мұндай механизм жеке меншік банктердің əлсіздігі мен дамусыз қалған қаржы нарығы жағдайында қызмет ете алады. Ол соғыстан кейінгі уақытта Жапонияда, ал біздің заманымызда Қытайда, Үндістанда, Бразилияда тиімді қолданылған. Мемлекеттік инвестициялық банк арқылы экономикалық өсудің приоритетті бағыттарды
іске асыруды инвестициялық қолдаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады. Бірінші түрінің маңызы
«арзан» ақша қаражаттарын қолдану үшін ерекше құқықтардың берілуіне негізделеді.
Даму институттарын Орталық банкпен қайта қаржыландыру механизмі. Атаулы меха- низмнің ерекшелігі мемлекеттік даму банктері арқылы капитал салымдарын өндірістік иге- ру мүмкіндіктері мен ақша ұсыныстарының тепе-теңдігінен тұрады. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды енгізу есебінен өнім өсіміне деген сұраудың болжам бағалары да есепке алынады. Мұндай механизм Үндістанда, Қытайда іске асырылады. Мысалы, Қытай Ха- лық Банкі үш инвестициялық банкті (Мемлекет- тік даму банкі, Эксимбанк, Ауылшаруашылығын дамыту банкі) қайта қаржыландырады. Инвести- циялық үрдістерге қызмет көрсететін дамыған нарықтық инфрақұрылымы жоқ экономикадағы жиналымдар көлемінен инвестициялардың жоғарғы өсу қарқынын дербес қамтамасыз ету қабілеттігінен атаулы механизмнің ерекшелігін көре аламыз. Сонымен бірге мұның кемшіліктері бар. Бұл ретте əлеуметтік-экономикалық даму- ды болжау мен жоспарлаудың тиімді жүйесі қажет жəне де несие ресурстарын мақсатсыз пайдалануының алдын алудың сенімді шаралары қажет, себебі қате қабылданған инвестициялық шешімдердің салдарынан қайтарылмаған несие тəуекелдерінің деңгейі жəне де инвестициялық белсенділіктің приоритетті бағыттарын дұрыс таңдамау тəуекелі де өсіп кетуі мүмкін.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде
инвестициялық белсенділікті қамтамасыз етудің
маңызды механизмі қор нарығы болып табы- лады. Баршамызға белгілі болғандай, ол инвес- тор мен инвестициялау объектісі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Қор нарығының ресурстық базасын азаматтардың үлкен жинақ көлемдері құрайды. Олардың жетіспеушілігі қор тұрақсыздығына себепкер болады, өйткені инвестициялау мүмкіндігін тек ірі салушылар ала алады да, соның салдарынан олар баға динами- касына ықпал ете алады, сөйтіп, алып-сатарлық операцияларға жол береді [6].
Достарыңызбен бөлісу: |