Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі
БЕКІТЕМІН
Басшының оқу ісі жөніндегі
орынбасары
___________ Жилхайдарова П.Д.
«31» 08 2022ж.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Коррекциялық педагогика және психология негіздері» пәнінен
Мамандық 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілік 0101044 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қолданбалы бакалавр»
Оқыту нысаны күндізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны 48, кредит саны 2
Әзірлеуші (-лер) ___________ п.ғ.к. Бахрамова Г.А.
Шымкент, 2022ж.
Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 Бұйрығына 4-қосымша Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары негізінде құрастырылды.
Құрастырушы: _________ Бахрамова Г.А.
«Білім» кафедрасының мәжілісінде (2022 ж. «26» 08 №1 хаттама) қаралды.
Кафедра меңгерушісі: __________Тоқсанбаева Г.Б.
«Болашақ» жоғары колледжінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде
(2022 ж. «27» 08 №1 хаттама) мақұлданды.
ҒӘК төрайымы: ______ Бахрамова Г.А.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Пән/модуль сипаттамасы
Коррекциялық педагогиканың (дефектологияның) құрамына арнайы педагогика мен психологияның түрлі бөлімдері кіреді: сурдопедагогика жəне сурдопсихология (есту қабілеті бұзылған балалардың оқуын, тəрбиесін, дамуын зерттейді); тифлопедагогика жəне тифлопсихология (көру қабілеті нашар баланың оқуын, тəрбиесі мен дамуын зерттейді); олигофренопедагогика жəне олигофренопсихология (ақылойы кеміс балалардың оқуын, тəрбиесін жəне дамуын зерттейді); логопедия жəне сөйлеу қызметінің бұзылуын зерттейтін психология (сөйлеу қызметі бұзылған балалардың оқуын, тəрбиесін жəне дамуын зерттейді); арнайы педагогиканың жəне психологияның қимылқозғалыс қызметі бұзылған, басқа да күрделі кемістіктері (əрі соқыр, əрі мылқау т.б.) бар балалар дамуын зерттейтін салалары. Педагогикалық коррекция (дефектология) пəнінің бөлімдері Сонымен, коррекциялық-педагогикалық қызмет – бұл бүкіл білім беру үрдісін (оқыту, тəрбие беру жəне дамыту) қамтитын, құрамына педагогикалық іс-əрекеттің объектісі мен субъектісі жəне мақсаттық, мазмұндық, бағалау, нəтиже сынды компоненттері кіретін күрделі психофизиологиялық жəне əлеуметтік-педагогикалық құбылыс.
Пәннің мақсаты: Коррекциялық педагогиканың негіздерін, ғылыми жетістіктерін, оқу-тәрбие әдістерін оқытып - үйрету, озық тәжірибелерді меңгерту. Коррекциялық педагогика курсы студенттердің педагогикалық білімдері мен шеберліктерінің тереңдеуіне алдын ала қор жасайды, студенттерге қазіргі коррекциялық педагогика ғылымының теориялық негізін бере отырып, іс жүзінде қолдану жағдайын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |