Оќу ж±мыс баѓдарламасы
|
|
Нысан
ПМУ ¦СН 7.18.3/30
|
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Орындаушылық өнер кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы
Мамандық 1 пәні бойынша
5В040200 Аспапта орындаушылық мамандығының студенттеріне арналған
Павлодар
Мемлекеттік жалпыѓа міндетті Нысан
мамандыќтын білім стандарты ПМУ ¦СН 7.18.3/30
мен типтік оќу жоспары
негізінде єзірленген
пєнніњ оќу ж±мыс баѓдарламасына
бекіту параѓы
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректоры
_________ Пфейфер Н.Э.
«___» __________ 200__ж.
Құрастырушы аға оқытушы АжіғалиеваУ.А.
«Орындаушылық өнер» кафедрасы
ОЌУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Мамандық 1» пәні бойынша
5В040200 Аспаптық орындау мамандығының студенттеріне арналған
Оќу жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыѓа міндетті мамандыќ стандарты ЌР МЖ МБС 3.08.284 -2006, оќу жоспарыныњ типтік білімі негізінде єзірленген жєне С.Торайгыров ат. ПМУ Ѓылыми кенесініњ отырысында бекітілген 200 ж ___”___________, №___ хаттама
Кафедра отырысында ұсынылѓан 200 ж “___”___________. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Н.Дукембай
Филология журналистика және өнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде ќ±пталѓан 200 _ж “___”__________№___ хаттама
ӘК Төрайымы ____________ Н.С.Жуманкулова
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _______________ Сарбалаев Ж.Т. “___”_____ 200__ж.
ЖжӘҚБ Ќ¦ПТАЛДЫ
ЖжӘҚБ бастығы ________________ А.А.Варакута “___”__ 200__ж.
Университеттіњ оќу-єдістемелік кенесінде ќ±пталѓан
Хаттама № «_____»______________201_ж.___
Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оқу процесінде алатын орны.
Домбыра үйренуде күйші-композиторлар қалыптастырып кеткен күй тартудың дәстүрлік ерекшеліктерін сақтай отырып, орындаушылық әдіс-амалдарын үйрету. Концерттік өнер. Мамандықтан (домбырадан) сабақ беретін оқытушы, өз шәкіртінің тек жақсы орындаушы – музыкант болып шығуына, сонымен бірге оның идеялық тұрғыдан да өсіп жетілуіне жауапты. Студенттерді жан-жақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын тәрбие жұмысының негізгі бір бөлігі – репертуар мәселесі.
Мақсаты - қазақ халқының ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан қасиетті ұлттық аспабы домбыраның шығу тарихын, құрылысын, ерекшеліктерін біліп қана қоймай, оны ары қарай насихаттау, жетік ойнай білу, мақтан тұту. Домбыра тарту өнерінің үлкен бір кәсіби саласы дүние жүзі музыкасын домбырада өз деңгейінде орындап үйренуге машықтау. Орындаушы-домбырашыларды шығармаға, күйге музыкалық талдау, динамикасына, екпініне, мазмұнына т.б. жұмыс жасай білуге үйрету.
Міндеттері - түрлі аспаптармен қосылып ойнау (ансамбль) дағдысын үнемі жетілдіріп отыру. Орындаушыны көпшілік алдына шығып сахнада ойнауға тәрбиелеу. Домбыра тартудың негізі күйшілік. Ол құрылымдық негізі мен орындалу мәнеріне орай төкпе және шертпе болып екі үлкен орындаушылық дәстүрге бөлінеді. Әр дәстүр бірнеше мектептен тұрады. Сабақ барысында студеттер күйлермен жан-жақты танысып, үйреніп, өзінің эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Оқудың қортындысында тәлімгер білу керек:
-
аспапты еркін меңгеріп, домбыра ойнаудағы шартты белгілерді толық меңгеруі тиіс;
-
ырғақтың ерекше түрлерін, барлық мажорлық, минорлық хроматикалық гаммаларды толық білуі керек;
-
төкпе және шертпе дәстүріндегі күйлерді нақышына келтіре орындап, күйлерге музыкалық талдау жасап, сол күйлердің шығу тарихын терең меңгерулері керек.
Оқудың қортындысында тәлімгер игеру керек:
-
ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің құрамында ойнап, жеке концерттерге қатысуы қажет;
-
қазақ, орыс және шет ел композиторларының аспаптық шығармаларын жоғары кәсіби деңгейде орындаулары қажет;
-
домбыра аспабын жоғары биік дәрежеге көтеріп, сауатты әрі білікті маман атанып шығармашылық деңгейін тереңдей түсуі қажет.
Пререквизиттер:
Гармония
Сольфеджио
Постреквизиттер:
Квартет класы
Оркестрлік класс
Камералық ансамбль
Пәннің мазмұны
Жеке сабақтардың мазмұны:
№
| Тақырыптар атауы |
Сабақ мазмұны
|
1
|
Пьеса ойнаудағы кейбір аппликатуралық ерекшеліктер.
|
Музыкалық шығармалардың дұрыс шебер орындалуы, сол шығарма аппликатурасының дұрыс қойылуына байланысты. Аппликатура барлық аспаптарда да сандармен белгіленеді. Соль ішегінде орындалатын нотаның аппликатурасы нота желісінің үстіңгі жағына, ал ре ішегінде орындалатын ноталар нота желісінің астыңғы жағына жазылады. Кейде ішектер Д (ре), G (соль) деген әріптермен де белгіленеді. Жалғыз ішекте тремоло штрихымен әндетіп орындауда фразировкаға байланысты бір саусақпен жылжу әдісі қолданылады.
|
2
|
Ырғақтың ерекше түрлері
|
Ырғақ дегеніміз- музыкалық шығармалардағы әр түрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде алма-кезек ауысып келіп отыруы. Ырғақ жалпы музыка негіздері шартты бөліктерінің бірі болып табылады. Кейбір музыкалық шығармалардың қалыптасқан өзіне тән ырғақтық түрлері болады.
|
3
|
Батыс Қазақстанның күй үйрену мектебі
|
Батыс Қазақстанның күй үйрену мектебінің негізі төкпе күй үйрену дәстүрі. Төкпе күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланысты бас, орта негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады. Осыған орай домбыра мойны да сондай бөліктерге бөлінеді. Төкпе күй қағыстарының бірнеше түрлері бар мысалы: қара қағыс, адай қағыс, түйдек қағыс, ілме қағыс т.б.
|
4
|
Құрманғазы күйлері оның ойнау ерекшеліктері
|
Күй атасы Құрманғазының асқақ та жігерлі күйлері еркіндікті халқымыздың жалынды рухының жарқын көрінісі. Құрманғазы күйлерінің жоғарғы дәрежеде орындалуы үлкен шеберлікті талап етеді.
|
5
|
Дәулеткерей күйлері оның ойнау ерекшеліктері
|
Дәстүрлі күй алыптарының бірегейі Дәулеткерей. Күйлері құрылымдық жағынан ерекше, сазды лирикаға толы. Лигалы ноталар көп кездеседі. Сол қолдың ойнау шеберлігінің мықтылығын талап етеді. Қыз-келіншектерге арнап шығарған күйлері «Жеңгем сүйер», «Қос алқа», «Құдаша» т.б. күйлері жиі орындалады.
|
6
|
Дәстүрлі «құймақұлақтық» күй үйрету әдісі.
|
Дәстүрлі «құймақұлақтық» күй үйрету әдісінің маңызы өте зор. Сонау ерте заманда ата-бабаларымыздан келе жатқан қолдан-қолға күй үйрету, бірінің ойнаған күйін бірі қағып алып, бірден ойнап беру күй - тартыс әдістері арқылы дамып, осы кәзіргі заманымызға жетті. Сол заманындағы шебер күйшілердің арқасында күйлердің ойнау әдістері өзгертілмей, бұлжытпай сол қалпында жеткізілді.
|
7
|
Тәттімбет күйлері. Оң және теріс бұраудағы күйлер
|
Қазақ аспапты музыкасында шертпе күйлер ең көп тараған дәстүрлі күй мектебіне жатады .Шертпе күйлер жайында сөз болғанда, Арқа күйшілерінің шығармаларын ауызға аламыз.. Оның шығармалары домбырада оң бұрауда да, теріс бұрауда да кездесіп отырады. Мысалы: Саржайлау, Қосбасар күйлері кварта бұрауында ал, Азамат Қожа, Алшағыр, Бес төре т.б. күйлері квинта бұрауында орындалады.
|
8
|
Махамбет, Абай күйлері
|
Махамбет поэзияда қандай дара болса, күйде де сондай оқшау. Оның күйлері адуын мінезімен, асқақ сезімімен дараланады. Азаттық үшін күрес жолында бастан кешкен ауырлық тауқыметтер, туған жердің қадір-қасиеті Махамбет күйлеріне арқау болып отырады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ елінің ірі тұлғасы әдебиетші, жазушы, философ әрі композитор. Абайдың шығарған көптеген әндерімен қатар, бірнеше күйлері де бар.
|
9
|
Табиғи фложелеттің орындалуы
|
Табиғи фложелет көбіне ірі шығармаларда кездеседі. Екі түрлі әдіспен орындалады: Қағыстан кейін сол қол саусағын ішекке жеңіл ғана тигізіп қалу арқылы Қажетті перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағымен бас бармағы арқылы ішекті іліп тарту арқылы орындалады.
|
10
|
Студенттің шығармашылық инициативасын дамыту
|
Орындаушының өз ойы, өзінің шығармашылық инициативасы, сол шығармаға деген өзіндік көзқарасы болмаса, ол нағыз орындаушы музыкант бола алмайды. Студентке қай шығарманы болса да өз сана сезімімен, өзінің музыкалық шығармашылық түсінігімен орындата білу, оған тәрбиелеу, дағдыландыру, оқытушының негізгі мақсаты болып саналады. Студенттің жалпы орындаушылық мүмкіндігін өсіруде оның есіту, есіне сақтау және музыкалық ырғақтан ауытқымау қабілетін барынша жетілдіру жағына аса назар аударудың маңызы зор.
|
11
|
Орындаушының және оқытудың жалпы қағидалары мен әдістері
|
Домбырада күй тартудың дәстүрлік ерекшеліктерін сақтай отырып орындаушылық әдіс-амалдарды барынша үйрену.Шәкіртің шығармашылық белсенділігін, әсемдік сезімін тәрбиелеп өсіру.
|
12
|
Әр жоғарғы көркемдік деңгейдегі концерттік репертуарды шығармашылық тұрғыда игеру
|
Шәкіртті жан-жақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын мәселе репертуар мәселесі. Студентке репертуардың ұнауы, оның оған тигізетін тәрбиелік ықпалы, оқытушының әдістемелік шеберлігіне байланысты.
|
13
|
Дина Нұрпейісованың күйлері оның ойнау ерекшеліктері
|
Дина - дәстүрлі халық кәсіби өнерінен сусындап, үлгі өнеге алған ұлы күйшілердің соңғы буыны. Оның шығармашылығы аспаптық музыка мәдениетіміздің сан ғасырлық эволюциясын тәмамдай келе, күй формасының жаңаша өркендеп дамуына жол ашты. Батыс Қазақстанның күй формасына сүйене отырып, Дина күй құрылысын өзінше дамытқан.
|
14
|
Сол қолда кездесетін әдіс амалдар
|
Сол қолда кездесетін әдіс-амалдар сан алуан түолі болып келеді. Ең жиі кездесетіні іліп тарту әдісі – қағыссыз сол қолдың саусағымен іліп тарту арқылы басқа (пернеден) дыбыс алу үшін керек. Глисандо ойнағанда, пернеден пернеге дыбысты үзбей ауысу керек. Саусақтарды перне үстінде көп шашыратпай ұстау үшін оларды пернеде қалдыру белгісі қолданылады.
|
15
|
Күйлердегі жан-жануарлар бейнесі.
|
Қазақ ауыз екі мәдениетінің барлық саласында - әнде де, күйде де төрт түлік мал жырланған. Атап айтсақ: Халық күйлері Бозінген, Торы жорға ат, Қара жорға, Ортеке, Нар идірген т.б. Көшпелі қазақ тұрмысы төрт түлік малмен тығыз байланысты.
|
16
|
Психологиялық күйлер
|
XIX – ғасырдағы жаңа сипаттағы, яғни адамның ішкі дүниесін бейнелейтін лирико – психологиялық күйлер. Заманы жақын күні кеше ғана өткен Боғда, Ерғали, Орынша, Жантөре, Әлікей, Әшімтай, Сүгір, жалдыбай күйлері.
|
17
|
Жасанды фложелеттің орындалуы.
|
Жасанды фложелет сирек кездеседі. Оны орындағанда, әуелі қажетті пернені тиісті саусақпен басып тұрып, содан кейін бір октава жоғары орналасқан аттас перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағымен бармағы арқылы ішекті іліп тартып қалады. Жасанды фложелет домбыраның барлық пернелерінен орындалады.
|
18
|
Т. Момбеков, Ә Хасенов күйлері, олардың ойнау ерекшеліктері
|
Т. Момбеков пен Ә. Хасенов күйлері шертпе дәстүрінде. Олардың күй желісі Орталық Қазақстанның ән сарынымен тамырласып, көбінесе бір бауысты болып келеді де, ырғақтық өлшемдері әуеннің өзіндей шалықтап, еркін жүреді.
|
Пәннің тақырыптық жоспары
|
Тақырыптың аты
|
С а ғ а т с а н ы
|
1-семестр
|
2-семестр
|
Жеке
|
Сөж
|
Жеке
|
Сөж
|
1.
|
Пьеса ойнаудағы кейбір аппликатуралық ерекшеліктер
|
|
|
|
|
2.
|
Ырғақтың ерекше түрлері
|
|
|
|
|
3.
|
Батыс Қазақстанның күй үйрену мектебі
|
|
|
|
|
4.
|
Құрманғазы күйлері оның ойнау ерекшеліктері
|
|
|
|
|
5.
|
Дәулеткерей күйлері оның ойнау ерекшеліктері
|
|
|
|
|
6.
|
Дәстүрлі «құймақұлақтық» күй үйрету әдісі.
|
|
|
|
|
7.
|
Тәттімбет күйлері. Оң және теріс бұраудағы күйлер
|
|
|
|
|
8
|
Махамбет, Абай күйлері
|
|
|
|
|
9
| Табиғи фложелеттің орындалуы |
|
|
|
|
10
|
Студенттің шығармашылық инициативасын дамыту
|
|
|
|
|
11
|
Орындаушының және оқытудың жалпы қағидалары мен әдістері
|
|
|
|
|
12
|
Әр жоғарғы көркемдік деңгейдегі концерттік репертуарды шығармашылық тұрғыда игеру
|
|
|
|
|
13
|
Дина Нұрпейісованың күйлері оның ойнау ерекшеліктері
|
|
|
|
|
14
| Сол қолда кездесетін әдіс амалдар |
|
|
|
|
15
|
Күйлердегі жан-жануарлар бейнесі.
|
|
|
|
|
16
|
Психологиялық күйлер
|
|
|
|
|
17
|
Жасанды фложелеттің орындалуы.
|
|
|
|
|
18
|
Т. Момбеков, Ә Хасенов күйлері, олардың ойнау ерекшеліктері
|
|
|
|
|
Сағат саны
|
|
|
|
|
№
| СӨЖ |
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Жеке сабақтарға дайындық
|
Үй тапсырмасын тексеру
| Сабаққа қатысу |
|
2
|
Академиялық концерттерге дайындық
|
Концерттік өнер
|
Шығарманы орындау
|
|
3
|
Бақылау шараларына дайындалу
|
Тех. сынақ, емтихан
|
МБ1, МБ2
|
|
«Мамандық» пәні бойынша 5В040200 «Аспаптық орындау» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме
№
|
Оқу түрі
| Семестрге бөлінген сабақтар |
|
Емтихан
|
Сынақ
|
Қ.Ж.
|
Б.ж
|
РГР
|
Жалпы сағат көлемі
|
Тәж
|
Сөж
|
Тәж
|
Сөж
|
|
Жалпы
| Тәж |
СӨЖ
|
1
|
Күндізгі кәсіби орта біліммен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 семестр
|
4 семестр
|
|
|
|
|
|
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. «Күй қайнары» А.Райымбергенов, С.Аманова. А., «Өнер», 1990
2. «Күй керуені» А.Есенұлы, Г.Елеусізқызы. А., «Өлке», 1997
3. Тәттімбет; Саржайлау. Күйлер. Е.Үсенов. А., «Өнер», 1988
4. Қазанғап. Ақжелең. Күйлер. А.Райымбергенов. А., «Өнер», 1984
5. Домбыраға арналған пьесалар. Қ. Мұхитов. А.,. «Өнер», 1980
6. Домбыра үйренейік. Ө.Спанов. А., «Әуен», 1992
7. Домбыра үйрену мектебі. А.Жайымов, С.Бүркітов. А., «Өнер», 1992
8. Домбыра үйрену мектебі. Л.Хамиди, Б.Ғизатов. А., «Өнер», 1983
9. Послание Всевышнего. А Есенұлы. А., «Көкіл», 1997
10. Домбыраға арналған хрестоматия. Қ. Мерембаев. Қарағанды, 2003
11. Күй табиғаты. У. Бекенов. А., «Өнер», 1981
Қосымша:
1. Күй маржаны. М. Ермекбайұлы. П., 1999
2. Құрманғазы. Сарыарқа. Қ. Ахмедияров. Алматы «Өнер», 1995
3. Шынар. Қ. Ахмедияров. А., Өнер, 1999
4. Домбырадан сабақ беру методы. Х Тастанов. А., «Жазушы», 1970
5. Домбыра сазы. Т. Мерғалиев. А., «Жазушы», 1972
6. Маңғыстау күйлері. Р. Мадреев. Маңғыстау. 2002
7. Саз зергері Қазанғап. С. Балмағанбетов. А., Жазушы, 2001
8. Домбыраға арналған пьесалар. К. Сахарбаева. А., Өнер, 1999
9. Қ. Мұхитов., Т. Мергалиев. Домбыра өнерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. А., Республикалық баспа кабинеті, 1998
10. Қазақ халық күйлері. О. Дүйсенов. А., Өнер, 2003
11. Табыну. Қ. Ахмедияров. А., Өнер, 2004
12. Жетісудің күйлері. Т. Мерғалиев. А., Өнер, 2000
13. Құрманғазы. А. Жұбанов. А., Жазушы, 1989
14. Домбыраға арналған пьесалар. А. Тоқтағанов. А., Өнер 1998
15. Ғасырлар пернесі. А. Жұбанов. А., Жазушы, 1988
Достарыңызбен бөлісу: |