ЖҰмыс бағдарламасы мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет5/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#143309
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

36. Төмендегі жұмысшылардың қайсысы ЕПТ жұмыс кезегінің соңында алады?

1. иондаушы сәулемен жұмыс істейтіндер

2. қорғасын өндірісіндегі жұмысшылар

3. органикалық қышқылдар өндірісінің жұмысшылары

+4. кессон жұмысымен айналысатын жұмысшылар

5. жұмыс кезегінің соңында рұқсат етілмейді

37. «Тағаммен емдеудіңң анықтамасын көрсетіңіз:

1. созылмалы аурулары өршу кезіндегі адамдардың тамақтануы

2. әртүрлі адамдардың тамақтану нормалары мен сипатын зерттеумен айналысатын

медицинаның бір саласы

+3. ауру адамдарға арнайы құрылған тағам рационы және тамақтану тәртібін емдік

және профилактикалық мақсатпен қолдану

4. адамның жынысына, жасына, жұмыс түріне байланысты құралған ғылыми

негізделген тамақтану түрі

5. ауру және сау адамның биохимиялық және физиологиялық заңдылықтары

ескеріліп, құрылған рацион

38. Жеңілдету күндері рационға қандай мақсатпен енгізіледі:

1. зақымдалған ағзаларды химиялық аялау үшін

2. зақымдалған ағзаларды механикалық аялау үшін

3. дене салмағын төмендету үшін

4. асқазан-ішек жолдары ағзаларының жұмысын ынталандыру үшін

+5. ағзалар мен жүйелердің жұмысын уақытша жеңілдету және заттек алмасу

бұзылғанда пайда болған өнімдерді организмнен шығару

39. Емдік-профилактикалық тағамның дұрыс құрылуына кім жауап береді:

+1. диетолог-дәрігер

2. қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын бастығы

3. кәсіподақ

4. кәсіпорынның әкімшілігі

5. мемлекеттік санитариялық бақылау қызметі.

40. Емдәмдік азық-түліктер неше топқа бөлінеді?

2

5



+3. 7

4. 9


5. 10

41. Емдәмдік тамақтануда аялаудың (щажение) қандай түрлері бар?

+1. химиялық

2. физикалық

+3. механикалық

+4. термиялық

5. механикалық емес

42. Төмендегілердің қайсысы механикалық аялауға жатады?

тамаққа тәбет ашатын қышқыл тағамдар қосса;

+2. тамақты майдалап, езіп беру;

3. экстрактивті заттарға бай тағамдар беру;

4. температурасы 65-70қ ыстық сорпа беру;

5. механикалық ауыртпалық түсірмеудің жолы жоқ.

43. Емдәмтануда химиялық аялауды қандай мақсатпен тағайындайды:

1. ұйқы безінің ферментативті белсенділігін арттыру

+2. асқазанның секреторлық белсенділігін шектеу

3. өттің бөлінуін күшейту

+4. ұйқы безінің ферментативті белсенділігін шектеу

5. ішектің перистальтикасын күшейту

44. Емдәмтануда термиялық аялауды қандай мақсатпен тағайындайды:

1. асқазанның моторлық қызметін арттыру

2. асқазанның секреторлық белсенділігін шектеу

+3. асқазанның сілемейлі қабатына температураның әсерін азайту

+4. тамырлар мен сфинктердің тонусына температураның әсерін азайту

5. асқазанда астың қорытылуын күшейту

45. Емдәмтануда механикалық аялауды қандай мақсатпен тағайындайды:

+1. асқазан-ішек жолы сілемейлі қабатының тітіркенуін болдыртпау

2. ұйқы безінің ферментативті белсенділігін шектеу

+3. асқазан-ішек жолы ағзаларына жүктеме түсірмеу

4. асқазан-ішек жолының қызметін жандандыру

5. ішектің перистальтикасын күшейту

46. Тағам рационында жануар белогы жетіспегенде балаларда қандай аурулар дамиды:

1. семіздік

+2. алиментарлық дистрофия

+3. маразм

+4. квашиоркор

5. салмақтың артуы

47. Ұжымның тамақтануын зерттеуде есептеу әдістеріне жататындар:

1. салмақ өлшеу

2. лабораториялық

3. анкеталық

+4. айлық есептер бойынша

+5. дастарқан мәзірі бойынша

48. Егде адамдардың тамақтануында қандай өнімдерді қолданған жөн:

1. мал еті

+2. сүт өнімдері

+3. көкөністер

+4. жемістер

5. кондитер өнімдері

49. Қарттардың тамақтануындағы ең қолайлы көмірсулар:

1. глюкоза

2. гликоген

3. крахмал

+4. пектин

+5. клетчатка

50. №11 емдәмді қандай ауруларда тағайындайды:

1. холецистит

2. гастрит

+3. өкпе туберкулезі

+4. сүйек туберкулезі

5. подагра

51. Созылмалы холецистит және өт-тас ауруларында қандай емдәм ұсынылады:

1. №3

2. №4


+3. №5

4. №6


5. №10

52. Қандай тағамдарды ішектің моторлық қызметін реттеу үшін ұсынуға болады:

1. майлы ет

2. қуырылған балық

3. кондитерлік бұйымдар

+4. кебекті қара нан

+5. көкөністер

53. №9 емдәм рационына төмендегінің қайсысын қосуға болмайды:

1. сүт және сүт өнімдері

2. теңіз капустасы

3. кебекті ұннан әзірленген нан

4. пісірілген балық

+5. кондитерлік тәтті тағам

54. Әрбір емдәмнің сипаттамасына қайсысы жатпайды:

+1. неше күн осы емдәмді қолдануы

2. берілу мақсаты

3. энергетикалық құндылығы

4. асшеберлік өңделуі

5. тамақтану режимі

55. №10 емдәм тағайындалған науқастың рационынан қандай тағамдарды шектеу керек:

1. арпа жармасынан дайындалған сорпа

2. көкөністен жасалған котлет

3. пісірілген балық

+4. кремді өнімдер

+5. сүт қатқан кофе

56. Туберкулезде емдеудегі №11 емдәмде ұсынылатын өнімдер:

1. ащы бірасарлық

+2. сүзбе, қымыз

+3. ет, балық

4. қант


+5. көкөністер, жемістер

57. Балалар тамақтануында белок, май, көмірсудың оңтайлы арақатынасын көрсетіңіз:

1. 1:1:5

2. 1:2:3


3. 2:2:3

4. 1:3:6


+5. 1:1:3

58. Балаларда өсу факторы болып табылатын алмастырылмайтын аминқышқылдар:

+1. лизин

+2. триптофан

+3. гистидин

4. фенилаланин

5. валин

59. Қарттардың тамақтануында жануар белогының пайыздық үлесі қаншаға тең:

1. 20 пайыз

2. 30 пайыз

3. 40 пайыз

+4. 55 пайыз

5. 65 пайыз

60. Егде жастағы адамдардың тамақтануында көмірсудың көзі ретінде қандай өнімдерді тағайындаған жөн:

+1. картоп

+2. бүтін дәннен дайындалған өнімдер

3. ұнды кондитерлік өнімдер

+4. көкөністер

5. қантты кондитерлік өнімдер

61. Қарттардың тамақтануында магнийдің ролі:

1. организмнен судың шығуын арттырады

2. жүректің жиырылуын күшейтеді

+3. тамырларды кеңейтеді

+4. өттің бөлінуін жоғарылатады

+5. ішектің перистальтикасын жандандырады

62. Егде жастағы адамдардың тамақтануында ең маңызды минералдық элементтер:

1. натрий

+2. калий

3. фосфор

+4. кальций

+5. магний

63. Ересек еңбекке жарамды адамның кальцийге деген тәуліктік қажеттілігін көрсетіңіз:

1. 400 мг

2. 600 мг

3. 200 мг

4. 1000 мг

+5. 800 мг

64. Ересек еңбекке жарамды адамның магнийге деген тәуліктік қажеттілігін көрсетіңіз:

+1. 400 мг

2. 600 мг

3. 200 мг

4. 1000 мг

5. 800 мг

65. Өнеркәсіп жұмысшыларының тамақтануында белок, май, көмірсудың оңтайлы арақатынасын атаңыз:

1. 1:1:5

2. 1:2:3


3. 2:2:3

4. 1:3:6


+5. 1:1:4

66. Өнеркәсіп жұмысшыларының тамақтануында өсімдік майының пайыздық үлесін көрсетіңіз:

1. 20 пайыз

+2. 30 пайыз

3. 40 пайыз

4. 50 пайыз

5. 60 пайыз

67. №11 емдәмді қандай мақсатпен тағайындайды:

+1. организмнің қорғаныс күшін арттыру үшін

2. механикалық, термиялық, химиялық аялау

3. ұйқы безінің қызметін қалыптандыру

4. артық салмақты болдыртпау үшін заттек алмасуын реттеу

+5. зақымдалған ағзада қалпына келтіру процестерін күшейту

68. №15 емдәмді тағайындау мақсаты:

+1. айығу кезінде

2. аурудың асқыну кезінде

3. дененің артық салмағы

4. бауырды химиялық аялау

+5. арнайы емдәмді қажет етпейтін түрлі аурулар

69. Семіздік кезінде тағамдарды қандай асшеберлік өңдеуден өткізген жөн:

+1. пісірілген

+2. бұқтырылған

+3. тандырда дайындалған

4. қуырылған

5. ысталған

70. №8 емдәмде (семіздік) нені шектейді:

1. тағамдық талшықтарды

2. витаминге бай өнімдерді

3. қант алмастырушыларды

+4. натрий хлоридін

+5. сұйықтықтың мөлшерін

71. №10 жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларында ұсынылатындар:

1. ащы өнімдер

+2. калий тұздарына бай өнімдер

+3. витаминдерге бай өнімдер

4. түрлі ыстамалар

5. кофе

72. Іштің қатуын болдыртпайтын азық-түліктер:



1. күріш

+2. інжір, өрік

3. жаңғақтар

+4. қызылша

+5. капуста

73. Қант диабетінің жеңіл және орташа ауырлықтағы формаларында шектелетіндер:

1. көкөністер мен жемістер

+2. холестерин

+3. натрий хлориді

+4. шырсөлдік заттектер

5. қант алмастырушылар

74. Созылмалы нефрит кезінде өнімдерді қалай дайындау керек:

1. қуыру

+2. пісіру

3. маринадталған

4. ысталған

+5. тұзсыз дайындау

75. Емдік әсері бар І топтың тағам өнімдері қалай аталады:

1. натрийдің мөлшері аз өнімдер

2. майдың мөлшері аз өнімдер

3. белоксыз өнімдер

4. йодпен байытылған өнімдер

+1. асқорыту жолының сілемейлі қабатын аялайтын әсері бар өнімдер

76. ІІ топтағы тағам өнімдері (емдік әсері бар):

+1. натрийдің мөлшері аз өнімдер

2. энергия құндылығы төмен өнімдер

3. белоксыз өнімдер

4. йодпен байытылған өнімдер

5. модифицирленген көмірсу компоненттері бар өнімдер

77. VІІ топтағы тағам өнімдерін атаңыз:

1. энергия құндылығы төмен өнімдер

+2. йодпен байытылған өнімдер

3. модифицирленген көмірсу компоненттері бар өнімдер

4. майдың мөлшері аз өнімдер

5. натрийдің мөлшері аз өнімдер

78. Қорғасын өндірісімен байланысты жұмысшыларға қандай өнімдерді берген жөн:

1. газдалған сусындар

+2. сүтқышқылды өнімдер

+3. жемістер

+4. пектин

5. кондитерлік өнімдер

79. Созылмалы панкреатиті бар науқастың рационынан қандай өнімдерді алып тастаған жөн:

1. қызылша

2. сүт


+3. тұздалған өнімдер

4. нан


+5. ыстамалар

80. Емдік-профилактикалық тамақтануда витаминдер кешенін қалай беру керек:

1. күнде жұмыс ауысымынан кейін медпунктте

2. жұмыс аптасына әкімшілік бөліп отырады

+3. сулы ерітінді түрінде шәйға қосады

+4. таблетка немесе драже түрінде

+5. екінші астың гарниріне қосады

81. Егде жастағы адамдардың тамақ рационының құндылығы нешеге тең:

1. 1500-1700 ккал

+2. 2200-2500 ккал

3. 2500-3000 ккал

4. 3000-3500 ккал

5. 1200-1400 ккал

82. Егде жастағы адамдардың рационында қай витамин өзінің артериалдық қысымды төмендету қасиетіне байланысты маңызды:

1. А

2. В1


3. В6

+4. Р


5. Д

83. Егде жастағы адамдардың кальцийге деген тәуліктік қажеттілігі:

1. 180-200 мг

2. 80-90 мг

3. 450-500 мг

+4. 800-1000 мг

5. 500-700 мг

84. Қарт адамдардың аскорбин қышқылына тәуліктік мұқтаждығы:

1. 1,5 мг

2. 2 мг


3. 20 мг

4. 40 мг


+5. 70 мг

85. Қандай минералды элементтің жетіспеуінен остеопороз ауруы дамиды:

1. фосфор

2. магний

+3. кальций

4. цинк


5. калий

86. Қарт адамдар үшін калийдің тиімді көзі болып саналатын өнім:

1. қызанақ

2. қызылша

3. капуста

+4. картоп

5. сәбіз

87. Халықтың нақты тамақтануын зерттеудегі негізгі бағыттарды көрсетіңіз:

1. биохимиялық

+2. әлеуметтік-гигиеналық

3. баланстық

4. индивидуалды

+5. әлеуметтік-экономикалық

88. Жеке адамның немесе жанұяның тамақтануын зерттейтін әдістің бірі:

1. бюджеттік

+2. анкеталық

3. баланстық

4. есеп беру бойынша зерттеу

5. дастархан мәзірі бойынша

89. Ұжымның тамақтануын зерттейтін әдістер:

1. анкеталық

2. бюджеттік

3. баланстық

+4. дастархан мәзірі бойынша

+5. есеп беру бойынша

90. Нақты тамақтануды зерттеуде сауал қою-салмақ өлшеу әдіс нәтижесінің тиімділігі неге байланысты?

1. анкетаға кіретін сұрақтардың дұрыстығына

2. жанұялардың табысы мен шығысына ұқыпты есеп жүргізуге

3. зерттеу жүргізу уақытына (таңғы, түскі, кешкі зерттеулер)

+4. зерттелінетін жанұялардың санына, дұрыс таңдалуына

5. арнайы дайындалған зерттеушілердің санына

91. Қарттардың тамақтануында өте қажетті айқын липотропты қасиеті бар витаминдер:

1. А

+2. В6


+3. В3

+4. Ғ


5. Д

92. Қартайған организмге майдың артық түсуі қалай әсер етеді?

1. заттек алмасуын жақсартады

+2. атеросклероз дамытады

+3. жүрек-қантамырлар жүйесіне ауыртпалық түсіреді

4. организмнің жалпы жағдайын жақсартады

5. заттек алмасуын арттырады

93. Не себепті қарт адамдардың тамақтануында жануар майын азайту керек?

1. алмасу процестерінің мүмкіндігі төмендегендіктен

2. асқорыту жүйесінің мүмкіндігі төмендегендіктен

+3. айқын атерогендік қасиеті болғандықтан

4. липотроптық қасиеті болғандықтан

5. ішектегі шіру процестерінің дамуын арттырады

94. Ересек еңбекке жарамды адамдардың тамақтануында белок, май, көмірсудың оңтайлы арақатынасын көрсетіңіз:

1. 1:2:3

2. 2:1:2


3. 1:1,5:6

4. 2:3:6


+5. 1:1:4

95. Не себепті егде жастағы адамдардың тамақ рационында жеңіл сіңетін көмірсуларды шектеу керек?

1. алмасу процестерінің қарқындылығы төмендегендіктен

2. асқорыту жүйесінің мүмкіндігі төмендегендіктен

+3. гиперхолестеринемияға әкеледі

4. липотроптық қасиеті болғандықтан

+5. ішектің микрофлорасына қолайсыз әсер етеді

96. Қандай витамин балаларда фосфор-кальций алмасуын реттеп, оссификация процесін реттеуге қатысады?

1. А

2. С


3. К

4. Е


+5. Д

97. Егде жастағы адамдардың тамақтануына қойылатын талаптар:

1. тамақ рационының энергиялық құндылығы жоғары болу керек

+2. биологиялық құндылығы жоғары болу керек

+3. атеросклерозға қарсы табиғи заттектермен байыту

4. жануар майының үлесін арттыру

+5. қабылданатын тамақтың мөлшерін азайту

98. Жоғары температура жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың рационында не себепті белок мөлшерден артпаған жөн?

1. асқорыту ағзаларының секреторлық қызметін төмендетеді

2. астың спецификалық-динамикалық әрекетін тежейді

+3. ыдырау барысындағы өнімдер организмнің жылуды реттеу қызметіне кері әсер етеді

+4. ыдырау барысындағы өнімдер жасушаның тотығу қызметін тездетеді

5. асқорыту бездерінің сөл бөлуін жандандырады

99. Ыстық цехтың жұмысшыларының тамақ рационында не себепті майдың мөлшері жеткілікті болуы керек?

1. жылу бөлу 30-40 пайызға артады

2. зәрмен аминқышқылыдары мен креатиннің бөлінуі азаяды

+3. эндогенді судың қосымша көзі болып табылып, оның үнемді қолданылуына жағдай жасайды

4. витамин жетіспеушілігінің дамуы тежеледі

+5. қарқынды жылудың бөлінуін болдыртпайды

100. Спорттың қай түрінде спортсмендердің тамақ рационында майдың мөлшерін арттыру керек?

1. ұзақ уақыт жасалатын жаттығуларда

2. күш түсірумен байланысты жаттығулар

3. жеңіл жүктеме түсіретін жаттығулар

4. майдың мөлшерін арттыруға болмайды

+5. организмнің мұздауымен байланысты жаттығулар (жүзу т.б.)

101. Тиімді тамақтанудың бір элементін атаңыз:

1. реттелінетін энергия шығындары

2. реттелінбейтін энергия шығындары

3. негізгі алмасуға жұмсалатын энергияны есептеу

4. физикалық жүктемеге кететін энергияны ескеру

+5. негізгі тағамдық заттекдің үйлесімділігі

102. №1 емдәм қандай ауруларда тағайындалады:

1. жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

2. бауыр және өт жолдарының аурулары

+3. асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы

4. бүйрек аурулары

5. подагра және зәрқышқылды диатез

103. №4 емдәм қандай ауруларда тағайындалады:

1. жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

2. бауыр және өт жолдарының аурулары

3. асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы

4. бүйрек аурулары

+5. ішек аурулары

104. №7 емдәм қандай ауруларда тағайындалады:

1. жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

2. бауыр және өт жолдарының аурулары

3. асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы

+4. бүйрек аурулары

5. подагра және зәрқышқылды диатез

105. Жіті жұқпалы ауруларда қандай емдәм тағайындалады:

1. №6

2. №9


3. №11

4. №15


+5. №13

106. Подагра ауруында қандай емдәм тағайындалады:

+1. №6

2. №9


3. №11

4. №15


5. №13

107. №8 емдәм қандай ауруларда тағайындалады:

1. жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

2. бауыр және өт жолдарының аурулары

+3. семіздік

4. туберкулез

5. подагра және зәрқышқылды диатез

108. №10 емдәмға (жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары) түзетулер жүргізіңіз, қолдануға болмайтын өнімді алып тастаңыз:

1. пісірілген балық

+2. кофе


3. майсыз сиыр еті

4. су мен сүтте дайындалған күріш ботқасы

5. бидай наны

109. №13 емдәм қандай ауруларда тағайындалады:

1. туберкулез

2. бауыр және өт жолдарының аурулары

3. қант диабеті

4. жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары

+5. жіті жұқпалы аурулар

110. №10 емдәм (жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары) тағайындалған науқасқа қандай тағамдарды қолдануға болмайды:

1. пісірілген балық

+2. кофе


3. майсыз сиыр еті

+4. тұздалған қияр

+5. қуырылған жұмыртқа

111. Іш кетумен сипатталатын жіті ішек ауруында қандай өнімдерді қолданбау керек?

+1. бірасарлық (закуски)

2. бидай нанынан кептірілген нан

3. майсыз сиыр еті

+4. көкөністер

+5. жемістер

112. Іш қатумен сипатталатын созылмалы ішек ауруында қандай тағамдарды қолдануға болмайды:

+1. бірасарлық (закуски)

2. ашыған сүт өнімдері

+3. майлы және ащы тұздықтар (соустар)

4. көкөністер мен жемістер

+5. кисель

113. Асқазанның ойық жарасының асқынуы кезінде қандай өнімдерді қолдануға болмайды:

1. ұнтақ жармадан дайындалған қоймалжың көже

+2. бірасарлық (закуски)

3. майсыз сиыр еті

+4. көкөністер

+5. соустар, тәтімділіктер

114. №1 емдәмға (асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы) түзетулер жүргізіңіз, қолдануға болмайтын өнімді алып тастаңыз:

1. пісірілген көкөністерден дайындалған салат

2. ұнтақ жармадан дайындалған қоймалжың көже

3. майсыз сиыр еті

4. кисель

+5. ашытылған және маринадталған көкөністер

115. Емдәмтануда қанша емдәм қолданылады?

1. 5

2. 7


3. 10

+4. 15


5. 6

116. №4 емдәмға (іш өтумен сипатталатын ішек аурулары) түзетулер жүргізіңіз, қолдануға болмайтын өнімді алып тастаңыз:

1. картоп езбесі

2. суда дайындалған күріш ботқасы

3. сүзбе

4. кисель

+5. қуырылған балық котлеттері

117. Бауыр және өт жолдарының ауруларында қандай емдәм тағайындалады:

1. №6

2. №9


3. №11

+4. №5


5. №13

118. Қант диабеті ауруында қандай қант алмастырушылар қолданылады:

1. сахароза

2. глюкоза

+3. ксилит

+4. сорбит

5. пектин

119. Бүйрек ауруларында қандай емдәм тағайындалады:

1. №6

2. №10


3. №1

+4. №7


5. №8

120. Бүйрек ауруларында қандай заттектерді шектеу керек?

1. қант

2. май


+3. су

+4. белок

+5. тұз

121. Қай мезгілде өнеркәсіп кәсіпорындарының асханасында дайын асты С витаминімен байыту керек?



1. көктемде

2. жазда


3. күзгі-қысқы мезгілде

4. күзде


+5. қысқы-жазғы мезгілде

122. Жұмыстың қандай түрлерінде сүтті емдік-профилактикалық тағам ретінде беруге болады:

1. шаңмен жұмыс істейтіндер

2. жоғары температураның әсерімен жұмыс істейтіндер

+3. радионуклеотидтермен жұмыс істейтіндер

4. кессон жұмысымен айналысатындар

+5. уытты заттектермен айналысатындар

123. Жұмыстың қандай түрлерінде ашыған сүт өнімдерін емдік-профилактикалық тағам ретінде беруге болады:

+1. антибиотиктер өндірісінде жұмыс істейтіндер

2. жоғары температураның әсерімен жұмыс істейтіндер

3. пестицидтермен жұмыс істейтіндер

4. кессон жұмысымен айналысатындар

+5. қорғасынның неорганикалық қосылыстарымен жұмыс істейтіндер

124. Емдік-профилактикалық тағамның бірін көрсетіңіз:

1. майлар

+2. сүт және ашыған сүт өнімдері

3. ет

4. балық


5. жұмыртқа

125. Жарыстар мен жүктемені көп түсіретін жаттығулар кезінде еркек спортсмендердің тамақ рационының энергетикалық құндылығы қаншаға тең болуы керек?

1. 4000 ккал

+2. 4500-5000 ккал

3. 3000 ккал

4. 2500 ккал

5. 3500 ккал

126. Ауылшаруашылық жұмысшыларының қайсысына емдік-профилактикалық тағамды тағайындау керек?

1. малшылар

+2. пестицидпен жұмыс істейтіндер

3. механизаторлар

4. күрішшілер

5. мақташылар

127. Ауылшаруашылық жұмысшыларының қарқынды егістік жұмыстары кезінде тамақ рационының энергетикалық құндылығы қанша?

1. 4000 ккал

2. 3000 ккал

3. 2500 ккал

+4. 4500-6000 ккал

5. 2000 ккал

128. Ауылшаруашылық жұмысшыларына арналған уақытша тамақтану пункті көлік жүретін жолдан қандай қашықтықта орналасуы керек:

1. 20 метрден кем емес

2. 30 метрден кем емес

+3. 50 метрден кем емес

4. 200 метрден кем емес

5. 100 метрден кем емес

129. Тамақтанатын уақытша далалық қоста дайын астың сақталу уақытын көрсетіңіз:

1. 24 сағаттан аспауы керек

+2. 2 сағаттан аспауы керек

3. 72 сағаттан аспауы керек

4. 48 сағаттан аспауы керек

5. сақталу мерзімі шектелмеген

130. Ересек еңбекке жарамды адамның рационында кальций мен магнийдің оңтайлы арақатынасы қанша болу керек?

1. 1:0,8

2. 1:1


+3. 1:0,5

4. 1:1,5


5. 1:2

131. Қандай заттек эндогенді судың қосымша көзі болып және оның организмде тиімді шығындалуына жағдай жасайды?

1. белок

2. көмірсу

3. витамин

4. минералдық заттек

+5. май

132. Ересек еңбекке жарамды адамның фосфорға деген тәуліктік қажеттілігі:



1. 400 мг

2. 200 мг

3. 600 мг

+4. 1200 мг

5. 800 мг

133. Ересек еңбекке жарамды адамдардың тамақтану нормалары еңбек қарқындылығы бойынша қанша топқа бөлінеді?

1. 1 топқа

2. 3 топқа

3. 6 топқа

4. 10 топқа

+5. 5 топқа

134. Ересек еңбекке жарамды ер адамдардың еңбек қарқындылығы бойынша тамақтану нормалары қанша топқа бөлінеді?

1. 3 топқа

2. 6 топқа

+3. 5 топқа

4. 1 топқа

5. 4 топқа

135. Ересек еңбекке жарамды әйел адамдардың тамақтану нормалары (еңбек қарқындылығы бойынша) қанша топқа бөлінеді?

1. 3 топқа

2. 6 топқа

3. 5 топқа

4. 1 топқа

+5. 4 топқа

136. Еңбек қарқындылығы бойынша (ересек еңбекке жарамды адамдар үшін) бөлінген әр топта қандай жас категориялары қарастырылған:

1. 15-18

+2. 40-59

+3. 30-39

4. 60-79


+5. 18-29

137. Еңбек қарқындылығы бойынша 1 топқа сәйкес келетін 18-29 жас аралығындағы адамдар үшін тәуліктік энергияның мөлшері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет