Дәріс № 8
Тақырыбы: Өкпе туберкулезі
Туберкулез- созылмалы инфекциялы ауру, ол өкпеде және басқа ағзаларда өзіне тән белгілі бір морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады. Туберкулез- .........- томпақ, бұдыр деген мағынаны білдіреді.
Осы аурумен сырқаттанған кісілерді жарып көргенде өкпесінде әртүрлі томпақшалар табылған.
Этиологиясы:
Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз дәрігері Вильмен(1865ж) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары мен үй қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан алынған материалдарды егіп, осы жануарларда туберкулезге тән өзгерістер дамитындығын көрген.
1882 жылы Р. Кох науқас қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты.
Микробактериялардан адамда, ірі қара малдарда, құстарда және салқын қандыларда туберкулез қоздыратын түрлері бар. Адам туберкулезі осы бактериялардың бірінші және екінші түрлері қоздырады. Инфекцияның қайнар көзі науқас адам. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы да жұғады.
Тамақ арқылы да (алиментарлы) жұғуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарында және Батыс Сібірде ірі қара мал арасында туберкулездің кең таралуына байланысты осы аурумен ауратындардың 10 – 20 пайызы жоғарыда айтылған алиментарлы жолмен жұғады. Кейбір жағдайлардакәсіпке байланысты туберкулез организмге жарақаттанған тері арқылы өтеді. Өте сирек жағдайда анадан бала жолдасы арқылы балаға өтуі мүмкін.
Клиникасы:
Аурудың басында науқаста аздап дене қызуы болады – 37,2 – 37,5 көбіне түнде болады. Науқас үнемі әлсіреп журеді, тез шаршайды, тамаққа тәбеті төмендейді, жұмысқа қабілеті болмайды, жүдейді, құрғақ жөтел, терлегіштік пайда болады. Кейін қақырықпен жалғасады, кілегейлі қақырық болады.
Науқас осы кезде рентгенге түссе, өкпесінен қарайған дақты көруге болады. Қанда лимфацитоз, ЭТЖ көбейеді. Туберкулездің түрлері:
Түйінді комплекс: өкпенің азғантай бөлігінен қабыну процесі. Бұл ең жеңіл түрі, көбіне жас балаларда болады.
Түйінді туберкулез:бұл өкпенің бір бөлігі қараяды, үлкен адамдарда кездеседі, емдегенде толық жазылады.
Фибринозды туберкулез: өкпеде едәуір қарайған дақтардың пайда болуы және оның жан – жағындағы тканьдердің шеміршекке айналуы. Бұл туберкулез жазылып шығады, бірақ туберкулездің орны шеміршек болып қатып қалады.
Инфильтративті туберкулез : бұл кезде өкпедегі туберкулез даму процесінен көп эксудат бөлінеді.
Кавернозды туберкулез: бұл кез өкпеде кавериндердің пайда болуы. Кавери дегеніміз - өкпедегі туберкулез дақтарының ішінде судың жиналуы.
Фиброзды – кавернозды туберкулез: бұл туберкулездің ауыр түрі. Бұл кезде өкпеде кавери пайда болады. Өкпенің көп бөлігі шеміршекке айналады.
Миллиардты туберкулез: ең ауыр түрі.Туберкулез дақтары өкпенің барлық жерінде орналасады және қан арқылы басқа органдарға да тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |