Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мжмбс 08. 327-2006 және 2006 жылғы 22 маусымынан роәК бекітілген Экологиялық биотехнология типтік бағдарламасының негізінде әзірленді



Дата05.07.2016
өлшемі186.26 Kb.
#180104
түріЖұмыс бағдарламасы


Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биотехнология кафедрасы

«Экологиялық биотехнология» пәнінен

050701 «Биотехнология» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



ПМУ ҰС Н 7.18.3/31


БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор

_________Н.Э. Пфейфер

2012 ж. «___»__________


Құрастырушы:_________ доцент, б.ғ.к. Адамжанова Ж.А


Биотехнология кафедрасы
«Экологиялық биотехнология» пәнінен

050701 «Биотехнология» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының МЖМБС 3.08.327-2006 және 2006 жылғы 22 маусымынан РОӘК бекітілген Экологиялық биотехнология типтік бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «26 » 05. № 10 Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________ Омаров М.С.
Агротехнологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2012 ж. «07 » 06. № 6 Хаттама
ОӘК төрағасы ______________ К.К. Сейтханова 2012 ж. «07 » 06.
КЕЛІСІЛДІ
АТФ деканы ________________ Т.К. Бексеитов. 2012 ж07 » 06.

МАҚҰЛДАНДЫ

ОӘБ бастығы ___________А.А. Варакута. 2012 ж. «____» _______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. « ___ ».____. № ___ Хаттама



1 Пәннің мақсаты – студенттерді өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды сулардың ластануларымен; атом және сутекті бомбалардың жарылыстары, уранды және әр-түрлі металдарды шығару сияқты техногенді факторлардың әсерінің салдарынан ҚР топырақтарында, су қоймаларында және ауада ауыр металдардың және радионуклеидтердің жоғарылатылған шоғырлануымен; мұнайды шығару мен қайта өңдеу аудандарына жанасатын топырақтарда органикалық ластайтындардың жоғарылатылған шоғырлануымен; шешу үшін биотехнологияларды қолдану талап етілетін гербицидтерді, пестицидтерді, инсектицидтерді және т.б. қолданумен байланысты топырақтың ластануымен байланысты қоршаған ортаның негізгі экологиялық проблемаларымен таныстыру.

Пәннің міндеттері:

  • әр-түрлі ағынды сулардың негізгі сипаттамаларымен таныстыру;

  • табиғатта заттардың алмасуына белсенді қатысуының салдарында табиғи тепе-теңдікті сақтауда микроағзалардың мәнін көрсету;

  • биотехнологиялардың негізгі принциптерімен, сыртқы ортаның объекттерін тазарту үшін қолданылатын биореакторлардың типтерімен таныстыру;

  • жаңа буынды биокатализаторларды – иммобилизацияланған ферменттер мен бүтін микробты жасушаларды – пайдалануға негізделген биотазартудың жаңа технологиялармен таныстыру;

  • экологиялық проблемаларды шешу үшін жаңа қасиеттерге ие микроағзаларды құруда гендік инженерияның мүмкіндіктерін көрсету;

  • ағынды сулар мен топырақты тазарту бойынша шараларды жүргізу мен сипаттау үшін әр-түрлі әдістерді пайдалану бойынша тәжірибелік машықтарды беру;

Пәнді зертттеу нәтижесінде студент білу керек:

  • микроағзалардың мүмкіндіктері мен оларды ағынды суларды тазарту, биогазды алу мен қоршаған ортаны сауықтыру үшін биотехнологияларда пайдалану мүмкіндіктері туралы көріністерді білу;

  • спецификалық қасиеттер мен өсімдіктер мен топырақты микроағзалардың өзара қатынастарына негізделген органикалық ластайтындармен, ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластанған топырақты тазарту үшін биоремедиацияны пайдалану принциптері туралы көріністі білу;

Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білу керек:

  • тәжірибелік сабақтарда теориялық білімдерді бекіту;

- нақты экологиялық проблемаларды шешу бойынша стратегияларды құрастыру үшін алынған білімдерді қолдануды білу.

2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Микробиология», «Генетика», «Биохимия», «Микроағзалардың биотехнологиясы», «Өсімдіктер биотехнологиясы», «Жасушалық биотехнология».



3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: «Мектеп бағдарламасында биотехнология сұрақтары», «Фармацевтикалық өнеркәсіптегі биотехнология», «Биоинженерияның жасушалық және молекулярлық аспектілері».


4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәрістер

практикалық

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Экологиялық биотехнологияның пәні және міндеттері, қазіргі қоғамдағы оның мәні. Биогеохимиялық циклдер. Заттардың айналымындағы микроағзалардың рөлі.

1

2

9

2

Ағынды сулардың негізгі сипаттамалары. Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар, олардың құрамы және сапасын бағалау критерийлері.

1

2

9

3

Микроағзаларды қолданумен тазарту құрылыстарындағы операциялардың түрлері. Ағынды суларды тазартудың экстенсивті және қарқынды жүйелері.

2

4

9

4

Ағынды суларды тазартудың аэробты және анаэробты үрдістері, олардың сипаттамасы. Ағынды суларды аэробты тазарту үшін қолданылатын реакторлар.

2

4

9

5

Тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың анаэробты әдістері.

2

4

9

6

Метантенкалар, сипаттамасы, метантенкаларда өтетін ашу үрдістері.

2

4

9

7

Металлургиялық кәсіпорындардың ағынды суларын тазарту мен олардан металдарды шығару үшін белсенді балшықтың микроағзаларын пайдалану.

2

2

9

8

Әр-түрлі өндірістердің өнеркәсіптік қалдықтарын биологиялық қайта өңдеу.

1

4

9

9

Ауыр металдармен, радионуклеидтермен, органикалық заттармен және басқа токсиканттармен ластанған топырақтардың биоремедиациялау технологиясы.

1

2

9

10

Экологиялық проблемаларды шешу үшін жаңа биотехнологиялар. Экологиялық биотехнологияның келешектері.

1

2

9




Барлығы:

15

30

90

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны




№ п/п

Дәрістің нөмірі және тақырыбы

Дәрістің курсының мазмұны

1

2

3

1

Экологиялық биотехнологияның пәні және міндеттері, қазіргі қоғамдағы оның мәні. Биогеохимиялық циклдер.

Көміртектің, оттегінің, азот пен күкірттің айналымының сызбалары. Табиғи экожүйелерде – топырақ пен су қоймаларында - микроағзалардың өзара байланысы. Түр аралық қатынастар және микроағза-өсімдік өзара қатынас. Синтрофизм.

2

Ағынды сулардың негізгі сипаттамалары. Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар, олардың құрамы және сапасын бағалау критерийлері.

ОКТ (оттегіні химиялық тұтыну) және ОБТ (оттегіні биохимиялық тұтыну) анықтау әдістері, олардың сипаттамалық және жобалық мәні. Әр-түрлі кәсіпорындардың ОКТ және ОБТ мәліметтері бойынша мысалдар.

Ағынды суларды тазарту әдістерінің сипаттамасы, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Ағынды суларды тазартудың биохимиялық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.



3

Микроағзаларды қолданумен тазарту құрылыстарындағы операциялардың түрлері. Ағынды суларды тазартудың экстенсивті және қарқынды жүйелері.

Тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды қайта өңдеудің қарқынды әдістерін биотехнологиялық жетілдіру әдістерінің жолдары. Әр-түрлі микробты консорциумдерді кеңістік бөлу әдісімен тазарту үрдістерінің қарқындылығы, осы әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері. Күрделі тотығатын, жоғары улы немесе хош иісті заттарды жою үшін рекомбинантты штаммдарды пайдалану.

4

Ағынды суларды тазартудың аэробты және анаэробты үрдістері, олардың сипаттамасы. Ағынды суларды аэробты тазарту үшін қолданылатын реакторлар.

Ағынды суларды аэробты тазарту үшін қолданылатын реакторлар. Гомогенді реакторлардың жұмысының сызбасы. «Белсенді балшықтың» популяциялық проблемалары. «Белсенді балшықтың» ценоздарының қалыптасуы. «Белсенді балшықтың» микроағзалары, олардың қатынасы мен жеке консорциумдардың мәні. Зоогльдердің қалыптасуы – жалпы шырышты қабықпен жабылған микроағзалардың популяцияларының симбиозы. «Белсенді балшықтың» жұмысының тиімділігінде қарапайымдылардың рөлі. НОВ көрсеткіші (органикалық зат бойынша балшыққа түсетін салмақ – аэрациялау станцияларын жобалау кезіндегі маңызды параметр).

5

Тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың анаэробты әдістері.

Тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың анаэробты әдістері. Ағынды суларды тазартудың анаэробты үрдістерінің аэробты үрдістердің алдындағы артықшылықтары, тазарту жылдамдығы.


6

Метантенкалар, сипаттамасы, метантенкаларда өтетін ашу үрдістері.

Метантенктің микрофлорасының қалыптасуы, оның құрамы, симбиотикалық қауымдастықта компоненттердің өзара қатынастарының сипаты. Метантенктердің жұмысының тиімділігінде метантүзетін бактериялардың мәні. Ластайтындардың шекті шоғырланулары туралы ұғым. Газтүзу мен деградациялау жылдамдығының қарқындылығын ұлғайтуда араластыру мен температуралық режимнің рөлі.

7

Металлургиялық кәсіпорындардың ағынды суларын тазарту мен олардан металдарды шығару үшін белсенді балшықтың микроағзаларын пайдалану.

Металдардың тотығу/қалпына келу үрдістері немесе оларды гетеротрофты микроағзалармен тұндыру. Ағынды сулардан металдарды жою үшін пайдаланылатын «белсенді балшықтың» сипаттамасы, жасанды биофлоктардың мәні.

Металдарды тұндыруда сульфатредукциялайтын бактерияларды пайдалану, олардың жұмысының шарттары.



8

Әр-түрлі өндірістердің өнеркәсіптік қалдықтарын биологиялық қайта өңдеу.

Сүт өңдейтін, ашытатын және басқа тағамдық өндірістердің ағынды суларын қайта өңдеу үшін микроағзалардың иммобилизацияланған жасушаларын пайдалану.

Химиялық кәсіпорындардың ағынды суларын биологиялық қайта өңдеудің проблемалары.

Целлюлозалық-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын биологиялық қайта өңдеу.


9

Ауыр металдармен, радионуклеидтермен, органикалық заттармен және басқа токсиканттармен ластанған топырақтардың биоремедиациялау технологиясы.

Негізгі кезеңдер – биообъекттерді таңдау – гипераккумуляторлар поллютантттарды, оларды өсіру, бөліп алу мен токсикантты шығару әдістері. Токсиканттарды шығару тиімділігінде өсімдіктер мен топырақты микроағзалардың өзара қатынастарының рөлі.


10

Экологиялық проблемаларды шешу үшін жаңа биотехнологиялар. Экологиялық биотехнологияның келешектері.

Биотехнологияда пайдадану үшін микроағзалардың штаммдарының өнімділігін ұлғайту әдістері. Гендік-инженерлік әдістермен алынған микроағзалар мен микробты синтездің кейбір өнімдерін пайдалану қауіпсіздігінің проблемалары.

4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны




№ п/п

Тақырыптардың атауы

Мазмұны

Сағат саны

1 2 3 4

1

Биогеохимиялық циклдер. Заттардың айналымындағы микроағзалардың рөлі.

Көміртектің, оттегінің, азоттың және күкірттің айналымының сызбалары. Табиғи экожүйелерде микроағзалардың өзара байланысы – топырақтар мен су қоймаларында. Түраралық қатынастар мен микроағза-өсімдік өзара қатынасы.

2

2

Ағынды сулардың негізгі сипаттамалары

Микроағзаларды пайдаланумен тазарту құрылыстарындағы операциялардың түрлері. Ағынды суларды тазартудың экстенсивті және қарқынды жүйелері.

2

3

Ағынды суларды тазартудың аэробты және анаэробты үрдістері, олардың сипаттамасы.


Ағынды суларды аэробты тазарту үшін қолданылатын реакторлар. Гомогенді реакторлардың жұмысының сызбасы. Қозғалмайтын биоқабықшамен реакторлар – биосүзгіштер, оларда өтетін үрдістер. Биосүзгіштерді пайдаланумен өтетін үрдістердің технологиялық сызбасы. Тазарту әдісіне, салатын материалдың түріне және сұйықтықты беру режиміне байланысты биосүзгіштердің классификациясы. Биосүзгіштерді балшықтандыру.

4

4


Тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың анаэробты әдістері.

Метантенктің микрофлорасының қалыптасуы, оның құрамы, симбиотикалық қауымдастықта компоненттердің өзара қатынастарының сипаты. Метантенктердің жұмысының тиімділігінде метантүзетін бактериялардың мәні. Ластайтындардың шекті шоғырланулары туралы ұғым. Газтүзілудің қарқындылығы мен ластайтындардың деградациясының жылдамдығының ұлғаюында араластыру мен температуралық режимнің рөлі.

4

5

Күшәннан өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту.

Пластмассада немесе ағаш жоңқаларында иммобилизацияланған Pseudomonas putida жасушаларының көмегімен өнеркәсіптік ағынды суларды күшәннан тазарту

4

6

Құрамында хром бар ағындыларды хромнан тазарту.


Құрамында Pseudomonas dechromaticans бактериялары бар «белсенді балшықтың» көмегімен құрамында хром бар ағынды суларды тазарту.

4

7

Металдарды биосорбциялау үшін микроағзаларды пайдалану.

Тас көмірдің бөлшектерінде иммобилизацияланған денитрификациялайтын бактериялардың биомассасымен уран мен нитраттардың биосорбциялау. Металдарды микробты экзополисахаридтермен биосорбциялау

2

8

Микроағзалар-деструкторларды пайдалану.

Мұнай өңдеу кәсіпорындарының ағынды сулары мен мұнаймен ластанған топырақты тазарту үшін микроағзалар-көмірсутегілердің деструкторларын пайдалану.

4

9

Топырақтың биоремедиациясының технологиясы.

Ауыр металдармен, радионуклеидтермен, органикалық заттармен және басқа токсиканттармен ластанған топырақтардың биоремедиациялау технологиясы. Негізгі кезеңдер –биообъекттерді таңдау – гипераккумуляторлар поллютанттарды, оларды өсіру әдістерін, токсикантты бөліп алу мен шығаруды.


2

10

Биотехнологияда пайдалану үшін микроағзалардың штаммдарының өнімділігін ұлғайту әдістері.

Гендік-инженерлік әдістермен алынған микроағзаларды және микробты синтездің кейбір өнімдерін пайдалану қауіпсіздігінің проблемалары.

2




30

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

10

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық (сабақтың тақырыбы бойынша материалды зерттеу), есептің үлгісін дайындау.

Жұмыс дәптері. Есептің үлгісі

Сабаққа қатысу.

ТЖ жіберу



10

3

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына енбеген материалды зерттеу

Конспект

(және басқалары)



Коллоквиум

(және басқалары)



10

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар және т.б.)

Реферат

СТ қорғау

40

5

Бақылау шараларына дайындық




РБ 1, РБ 2, коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

20

Барлығы:

90

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1. Табиғи орталарда табиғи экожүйелердің, биоценоздардың жұмысының негізгі ерекшеліктері.

2. Ластанудың антропогендік факторлары және олардың экожүйелерге әсері.

3. Қоршаған ортада ластануларды тасымалдау және абиотикалық трансформациялау.

4. Органикалық ксенобиотиктердің биотрансформациясы, биодеструкциясы және био қол жетімділігі.

5. Жансыз табиғаттың ластануларының биотрансформациясы.

6. Табиғи және синтетикалық полимерлі материалдардың биодеструкциясы.

7. Өнеркәсіптік және табиғи ластанған су орталарын биологиялық тазарту.

8. Топырақтардың биоремедиациясы.

9. Газ-ауалы лақтырындыларды биологиялық тазарту және дезодорациялау.

10. Органикалық қалдықтарды микробиологиялық қайта өңдеу.

11.Табиғи орталарды тазарту үшін микроағзалардың негізінде биопрепараттарды алудың технологиялық негіздері.

12. Ауыл шаруашылығы үшін биопрепараттарды микробиологиялық өндіру. Биотыңайтқыштар. Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдары


5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1. Алмагамбетов К.Х. Основы биотехнологии. Астана, 2006.-

2. Алмагамбетов К.Х . Биотехнология микроорганизмов. Астана, 2008.

3. ЕговроваТ.А., Клунова С.М., Живухина Е.А. Основы биотехнологии. Москва, 2003.

4. Алмагамбетов К.Х. Биотехнология. Учеб. пособие. Астана, 2010.

5. Б.Глик., Дж.Пастернак. Молекулярная биотехнология. Принципы и применение.

–М, 2002.

6. Антипова Л.В., Жаринов А.И. Прикладная биотехнология. ВГТА, 2001.

7.Кузнецов А.Е., Градова Н.Б. Научные основы экологической биотехнологии. - М. Мир, 2003.

Дополнительная

7. Тасекеев, М. С. Биотехнология и экология . Алматы: НЦ НТИ РК, 2008.

8. Плакунов В. К. Основы энзимологии. М., Логос, 2002.

9. Комов В.П. Биохимия. Учебник для студ. вузов по направлению Биотехнология. М., Дрофа, 2004.

10. Валиханова Г.Ж. Биотехнология растений. Алматы, Тонжик, 2005.




Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме






ПМУ ҰС Н 7.18.3/32













050701 «Биотехнология»

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы «Экологиялық биотехнология»


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кредиттер

академиялық сағат

кредиттер

аудиториялық сабақ (ак. сағат)

СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ-а

КЖ-с

барлығы

дәр

пр.

зертх

барлығы

СОӨЖ

ЖОБ негізіндегі күндізгі

3

135

45

90

7

-

-


-

7

3

135

15

30

-

30

22,5
















































Кафедра меңгерушісі ______ Омаров М.С. 20__ж. «___» ________



(қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет