Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қр мжмбс. 03. 08. 256-2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген



Дата08.07.2016
өлшемі236.7 Kb.
#185850
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Орындаушылық өнер кафедрасы
Хор жүргізу

пәні бойынша 050106 «Музыкалық білім»

мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31








БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»____________



Құрастырушы: _________ аға окутышысы У.К.Негманова

«Орындаушылық өнер» кафедрасы


Хор жүргізу пәні бойынша

050106 «Музыкалық білім» мамандық (тарының) студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР МЖМБС. 03.08.256-2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген
200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ Н.С.Дукенбай 20__ж. «____» ________


(А.Ж.Т.)


Филология журналистикажәне өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 200_ж. «_____»____________ №____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жуманкулова 200_ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ________________ Ж.Т.Сарбалаев 200_ж. «_____»________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А.Варакута 200_ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама



1 Пәннің мақсаты:

-музыкалық білім беру жолында хормен орындаушылық өнері, мектеп оқушыларын музыкаға тәрбиелеудегі бөлінбейтін бір сала болып табылады.


Пәннің міндеті:

-студенттердің теориялық білімін терендету және толықтыру практикалық сабақтың мақсаты болып табылады.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:

– арнайы хорға арналған әдебиеттерді оқу және талдау;

– вокалды-хор техникасы жөнінде түсінік болу;

– хор партитурасын жатқа білу және класта көрсету ;


  • вокалды-хор жаттығуларын тандай білу;

  • ансамбль туралы түсінік;

  • музыкалық шығармаға анализ жасау;

  • формасымен мазмұның білу;

  • дауысты дыбыстардың қалыптасуы;

  • әншілік дұрыс артикуляцияны білу;

  • дауыстардың түрлеріне қарай ерекшелеу /талдау/.

  • балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесінүйрету;

  • балалар хорына үлесін қоскан композиторлар;

  • вокалды-хор жаттығуларын фортепианода ойнап көрсету;

  • хордағы тізбекті дем алу ерекшеліктері;

– хор коллективтерінің дайындық жүмыстарын қамтып,талдау жасау осының бәрі практикалық (іс-тәжірибелік) жұмыстарының формалары болып табылады.
2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

–хор класы;

–хорды дирижерлау;

–музыкалық сауат;

–сольфеджио;

–хорды аранжировкалау;

–хорды дирижерлауды жүргізу әдістемесі;



–хор әдебиеті.
3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:


–хор шеберлігі


4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

СӨЖ



СӨЖЖ

1.

Хор жұргізу

7,5

-

15(7,5)

30

15

БАРЛЫҒЫ :

7,5

-

15(7,5)

30

15

4.2 Пән тақырыптарының мазмұны


ПӘНШҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптар

Сағат саны (күндізгі оқу бәлімі СПО)

7 - семестр

Дәр

Зерт.

Сөж

1,2

Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы

1

-

-

3,4

Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие берудегі хордын алатын орны


1

-

-

5,6

Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор дирижерлары, композиторлары


1

-

-

7,8

Көрнекті хор дирижерлары.Халық әндерін хорға лайықтаушылар, өндеушілер. Балалар хорына үлесін қоскан композиторлар.


-

2

-

9,10

Хор жанрлары

1

-

-

11,12

Мәдени-ағарту салалары: театр, оқушылар сарайы, мектеп, әртүрлі қоғамдық ұйымдар.

Дәстүрлі жиындар: конкурс, фестиваль, олимпиада,т.с.с.




-

2

-

13,14

Вокалды-хор ұйым

1

-

-

15,16

Хорлардың түрлері. Капелланың репетуар ерекшеліктері. Оқушылар хорын ұйымдастыру.

-

2

-

17,18

Вокалды-хор техникасының элементтері

1

-

2

19,20

Интонация, интервалдың орындалу ерекшеліктері.Строймен жұмыс жасауда дирижердің ролі.

-

2

2

21,22,23

Ансамбль және хордағы строй

1

-

2

24,25,26

Хор партитураларын құрау, дауысқа бөлу. Резонаторлар және регистрлер.

-

2

-

27,28

Хордағы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдары

0,5

-

-

29,30

Көп дауысты шығармалар. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топтастыру.

Мутациялық кезең. Есту қабілеті.




-

2

-

31

Камертонмен жұмыс істеу. Дем алу ерекшеліктері. Жаттығу жасаудың мақсаты.

Дауысты, дауыссыз дыбыстар.Дикция, артикуляция.




-

2

2

32

Ансамбль туралы түсінік.Балалар хорындағы ансамбльдің ерекшеліктері. Хордағы музыкалық тіл элементтері.

Поэтикалық текст. Нюанстер.Музыкалық темптер.




-

1

2

33

Хор шығармаларын талдау

-




2

34

Хор партияларымен жұмыс

-




2

35

Хор жаттығулары.



-




2

36

Хор партияларының диапазондары

-

-

2

37

Музыкалық терминдер

-

-

2

38

Шығармалардың қөркемдік идеясын ашу

-

-

2

39

Хор әдебиеттерін оқу: П.Чесноков, В.Соколов және т.б.


-

-

2

40

К.Әсембекова «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері», А., Жалын,1979ж.


-

-

2

41

Н.Кетегенова «Композиторы и музыковеды Казахстана»,А.,1973ж.



-

-

2

42

Ж.Рсалдин «Әннен-операға»,А., Жазушы,1971ж.



-

-

2




Барлыгы:

7,5

15

30


1,2 тақырып.Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы.

Қазақстандағы хор мәдениетін өркендетушілер, ұйымдастырушылар. Орта Азиялықтардың ән салу дағдылары. Ән жанры мен хор мәдениетінің тұтастығы. Халықтық стиль. Қөркем өнерпаздар коллективінің пайда болуы. Профессионалды, академиялық хорлар, балалар хор мәдениетінің өсуіне туысқан мектептердің әсері.

Коллективпен жұмыс жүргізудегі хор мәдениетін ұйымдастыру.

3,4 тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие берудегі хордын алатын орны


Музыкалық өнердің тәрбиелік мәні. Өнердің бір саласы хор. Халықтық

Дәстүрдегі жұмыстары,оның мақсаты,мазмұны. Бесік жыры, айтыс, жар-жар

т.б.

5,6 тақырып.Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор дирижерлары, композиторлары

Көрнекті дирижерлар: А.А.Юрлов, К.Б.Птица, В.Н.Минин, Г.Струве, В. Соколов, т.б. Қазақстанның хор өнеріне үлесін қосқан хор дирижерлары және

Басқарушылары. Хорға арналған шығармалар жазушы композиторлар: Қ.Қуатпаев, И. Нүсіпбаев, Б. Байқадамов т. б. Халық әндерін хорға лайықтаушы және өндеуші композиторлар.

Мәдени-ағарту салалары: мәдениет сарайы, театр,оқушылар сарайы, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындары, мектеп, әртүрлі қоғамдық ұйымдар,т.б. Дәстүрлі жиындар, республика аралық байқаулар, конкурс,концерт, фестиваль, олимпиада,оқу бағдарламасы, тематикалық конкурстар т.б.


9-10 тақырып.Хор жанрлары


Академиялық хорлар, халық хорлары .Халықтық хорлардағы ұлттық формалар. Қазақ халқының әдет-ғұрпына байланысты хор коллективтерінің құрылу ерекшеліктері. Көркем өнерпаздар ұйымы. Оқу саласындағы хор үжымының жұмыстары. Опера хорының ерекшеліктері. Филармониядағы хор капелласы. Капелланың репертуар ерекшеліктері. Балалар хор коллективіне шолу. Ән-би ансамбілдері. Көркем-өнерпаздар үйымы.
13-14 тақырып.Вокалды-хор ұйым. Хор партитураларының қалыптасуы. Дауыс аппаратының қызметі туралы негізгі түсінік.(тыныс алу, дыбыстың пайда болуы, резонаторлар).

Регистр. Әншінің дауыс ерекшелігіне байланысты регистрдің шығу өлшемі.Примарлық зона. Диапазон (дауыс көлемі жалпы және жұмыс кезіндегі).Тесситура. Дауыстың тесситурасына байланысты кездесетін қиындықтар (төмен, жоғары).

Хор партитураларын құру.Дауыстардың түрлеріне қарай ерекшелеу /талдау/. Балалар дауысының түрлері: сопрано,дискант,альттер; әйелдер дауысының түрлері: сопрано, меццо-сопрано, контральт және олардың ерекшеліктері. Ерлер дауысы: тенор, баритон, бас және олардың түрлері. Хор пратияларын қалыптастыру. Әншілерді топтау немесе жеке дауысқа бөлу, олардың дауыстарын анықтау.

Хорлардың түрлері мен құрамы. Дауыстар. Хор партиялары және оларды құрайтын дауыстар.

Воқалды-хор, техникалық жәнекөркем-мәнерлік мүмкіндігіне сай партияларына сипаттама.

Хордың құрылымы. Біртектес хорлар: балалар, әйелдер,ерлер. Әрбір хордың көркемдік және орындаушылық ерекшеліктері. Олардың тембрлік бояуы. Хор туралы әдебиеттерден мысал. Хордың түрлері. Жекеше құралған хор топтары мен санына байланысты құралған хор партияларына сипаттама. Бір дауысты хорлар.

Унисонды және октава-унисондық хор шығармалары.

Хор партиясындағы divizi. Divizi-ді қолдану тәртібі мен әдістері және әртүрлі құрымдағы хор партияларының қайталануы.

Көп дауысты шығармалар. Операдағы көп сценалы хорлар.

Хор партитуралары. Партиялардағы хор дауыстарының орналасуы. Хор артистерінің вокалдық қабілеті. Олардың саны.

Нота кілті мен парнтиялардың жазылуы.Хор партитураларға бөлініп жазылу ерекшеліктері

Көркем мәнерлікті шындау жолында композиторлардың әртүрлі хор түрлерін хор түрлерін пайдалануы. Хор әдебиеттерінен мысал.

Сан жағына байланысты жоғарыдағы айтылған хордың құрылымы мен түрлері: кіші хор (12-16 адам), орта хор (24-23 адам),үлкен хор. Ән мерекесіне қатысушы мындаған хор коллективтері.

Шығарманың көркемдік мазмұны сай хор партияларының орналасудағы әртүрлі әдістері.

Балалар хор коллективіне қатысушылардың аз және көптігі, балалар хорының саны. Балалар вокалды ансамблін ұймдастыру.

17-18 тақырып. Вокалды-хор техникасының элементтері

Ән салу – күрделі, тұтас процесс. Есту мен дауыстың байланысы

Дауыс аппаратының құрылу ерекшеліктері және оның негізгі бөліктері: дем алу, жұтқыншақ, артикуляциялық аппарат және олардың қызметі.

Дауыс аппаратының регистрі. Примарлы зона.

Вокалды хор тәсілдері. Ән салу қалпы. Демді алу. Демді ұстап тұру және шығару (жіберу). Хордағы тізбекті дем алу ерекшеліктері. Шығармаларды орындауға бағытталған көркемдеу жолы және тыныс алу.

Атака, оның түрлері. Дыбыстын пайда болудағы атаканың мақсаты және оның тигізетін әсері. Орындалатын шығарманың характеріне байланысты атака.

Дыбыс алудың негізгі амалдары: легато, нон легато, стаккато, маркато.

Дауысты дыбыстардың қалыптасуы. Дауысты дыбыстардың біркелкі болуы. Дауыссыз дыбыстар және оны орындау кезінде топтастырып жіктеу. Шығарманың характеріне, динамикасына, темпіне, тембр, және т.б. ерекшеліктеріне байланысты дикцияның нақтылығы.

Тесситура мен дикция. Хормен орындаудағы негізгі мақсатының бірі тындаушыларға сөз текстін мәнерлеп жеткізу.

Жаттығу жасау, декламация, вокализация, скороговорка,(тез сөйлеу).

Орындаушының шеберлігі, сөз текстінің оймен ұштасып келуі.

Хор жаттығуларын тандай білу, принциптері: жай және күрделі жаттығулар.

Тембрлік бояуына сәйкес әрбір хор тортарымен жеке жұмыс жасау.

Хор жаттығуларының түрлері мен тәсілдері. Хор партияларын жаттықтыру: жабық дауыспен буын немесе дауысты сөз белгісімен айтқызу.

Мелодиялық және гармониялы әдіс: әртүрлі диапазонда немесе регистрді, әртүрлі штрихта, техникалық ерекшелігін ескеру, жаттығу кезінде аспапта сүйемелдену немесе жаттығуға қазақтың халық нақыштарынаң үзінді пайдалану. Вокалды –хор тәсілдерін қалыптастыруда репертуардың ролі.

Ән салу тәжірибесінің өсуіне әрекет ететін шығармалар тандай білу. Ән текстінің дыбысталу ерекшеліктеріне сай шығармалар үйрету.

Балалар хорындағы вокалды –хор ерекшеліктері.

Балалар дауыс құрылысының және физиологиялық, анатомия ерекшеліктері. Әр топтағы балалар: мектепке дейінгі, төменгі класс оқушылары, жас жеткіншектер (төменгі және жоғарғы клас оқушыларына) балалар дауысына сипаттама.Әрбір топтағы дауыс қурылысы. Примарлық зона, фальцет, балалар дауысындағы кеуде регистрі.

Мутация, алдынғы және мутациялық, мутациядан кейінгі кезең.

Қыздардың мутациялық кезендегі ерекшеліктері.

Балалармен вокалды-хор жұмыстарын жүргізудегі педагогикалық багыттар: түсіну мен эмоция бірлігі, оқушылардың қызығуы, үнатуы, жан-жақты есту қабілетін қалыптастыру.

Вокалды-хор техникасының элементтері:

А) ән салу;

Б) тыныс ала білу;

В) дыбыстың пайда болуы;

Г) дикция.

Дыбыстың бірқалыпты болуына, жоғарғы позицияда дыбысталудың қалыптасуына, әрбірхор топтарың дауыс диапазонының кеңсюіне, және дауысты дыбыстар тегістігіне, принциптері.

Балалар хорына жаттығулар тандай білу принциптері.



21,22,23 тақырып. Ансамбль және хордағы строй

Ансамбль туралы түсінік. Хормен орындаудағы көркем-мәнерліктің негізгі амалы-ансамбль екенін дәлелдеу.Сыртқы және ішкі жағдайдағы ансамбльдің шығуы (орны, акустика,әншілер).

Көркем образдың дәл шығуына ансамбльдің әсері.

Жеке ансамбль- партиялардың ансамблі: ритмикалық, динамикалық, темптік, тембрлік ансамбльдер. Жалпы ансамбль-тутас хордың ансамблі. Жеке ансамбль мен жалпы ансамбльдің байланысы.

Хор партияларының тесситуралық жағдайына байланысты ансамбльдер (нақты және жасанды). Аккордтар. Шығарманың фактуралық құрылмына байланысты хордағы ансамбль. Гармониялық және гомофонно-гармониялық құрылымдағы ансамбль.

Полифониялық шығармадағы ансамбль.

Мелодиялық желісіне сай қолданылатын тәсілдер. Жеке дауыс пен хор ансамблі. Хор мен оркестр арасындағы ансамбль.

Шығармадағы әртүрлі топтар: хор негізгі дауыс, хор мен оркестр, хор мен аспаппен қатар болғандағы, хордың негізгі музыкалық желісін атқаратын кезеңіндегі ансамбль ерекшеліктері.

Хордағы хор әншілерінің ролі. Ансамбль құраудағы дирижердың ролі.

Ансамбль туралы әдебиеттер мен методикалық нұсқаулар. Балалар хорындағы ансамбльмен жұмыс жасау ерекшіліктері.

Балалар хорындағы ансамбльдің қөркемдік ерекшіліктері.

Хормен ән салу ережесі және орындау шығармашылығы саласындағы хор мен ансамбль туралы түсінік.

Строй туралы музыкалық ұғым. Ән салудағы ладтық строй зандылықтары. Строй-ән салудағы дыбыс тазалығы. Хордағы стройдың мәні. Тындаушыларға көркем образ жеткізудің негізгі амалы строй екендігін дәлелдеу. Хордағы строй ерекшеліктері.

Гармониялық және мелодиялық строй.

Строй – ол жақсы вокалдық тәрбие беру кепілі. Сыртқы және ішкі жағдайдағы строй. Ладогармониялық фактор мен строй байланысы. Ладтың функционалды ерекшелігіне байланысты мажор мен минордың әртүрлі басқыштарын (ступендердің) таза айту принциптері. Интервалды таза айту принциптері. Көп пайдаланатын доминантсептаккорд пен кішірейтілген септаккордты таза айту (интонациялау), және олардың мажор мен минордағы айналымы. Диатоникалық және хроматикалық жарты тондарды таза орындау (интонациялау).

Строй және есту қабілеті. Хор әншілерінің гармониялық және мелодиялық есту қабілеті жетілдіру. Алдын ала аккордтарды есту тәсілдерін үйрету. Стройдың вокалдық элементтерімен байланысы.

Строймен жұмыс жасауда дирижердің ролі. Строймен жұмыс жасау кезінде фортепиано (аспапты) пайдалану.

Балалар хорындағы строймен жұмыс. Ладты негізінде балалардың естуін жетілдіру. Жұмыс кезіндегі хор жетекшісінуң таза айтуды көрсетіп баулуы. Хор коллективінің белсенділігі арттыру. Хорда строй жасауда ән салу ережесін пайдалану.



27,28 тақырып. Хордағы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдары

Хордағы музыкалық тіл элементі: әуен, гармония құрылысы, метрі, ритмі, нюанс, тембр, т.с.с.

Әуен (мотив), фразалар, сөйлемдер, бөліктер, (период), олардың композициялық бір – бірімен байланысы.

Көркем-мәнерліктің амалы: ритм, хор музыкасындағы ритмнің қызметі.

Поэтикалық текст және ритм. Хор шығармалындағы өлшемдер мен метро-ритмикалық қүрылыс.

Жай және күрделі өлшемдер. Хорға арналған әдебиеттерден мыслдар (шумақты өлең жолдары). Хордағы ритмді бірқалыпты сезіну қабілетін қалыптастыру.

Хордағы әртүрлі белгілердің: пунктирлік ритм, триольдар, синкопалар, фермата т. б. Орындалу ерекшеліктері.

Көркемдеудің бір амалы-нюанс. Нюанс туралы музыкалық ұғым. Шығармалардың қүрылысы мен мазмұнына байланысты нюанс ерекшеліктері. Нюанс түрлері. Дауыс күшінің амалдары.

Хор шығармаларының композициялық құрылымы мен музыкалық фразалардың мелодиялық және ритмикалық ерекшеліктеріне байланысты нюанс жасау жолдары.

Шығармалардағы фактура мен хор партияларының тесситуралық жағдайына байланысты нюанстар. Жалпы, шығармаларындағы динамикалық белгілерді пайдаланып,нюанстар жасау жолдары.

Музыкалық темптер. Музыкалық темп туралы жалпы ұғым. Тұрақты және жылдам өзгеретін темптер.

Хордағы темптік белгілеріне байланысты орындалу ерекшеліктері. Хордағы тыныс алу мен хор партияларының тесситуралық жағдайына және хор фактурасына сай темптердің жасалуы.

Шығарманың көркемдік бейнесін ашудағы темптің атқаратын ролі.

4.3 Семинар сабақтардың мазмұны және тізімі


7,8 тақырып Семинар сабақтардың сүрақтары

1) Көрнекті хор дирижерлары.

2) Халық әндерін хорға лайықтаушылар, өндеушілер.

3) Балалар хорына үлесін қоскан композиторлар.

4) Мәдени-ағарту салалары: театр, оқушылар сарайы, мектеп, әртүрлі қоғамдық ұйымдар.

5) Дәстүрлі жиындар: конкурс, фестиваль, олимпиада,т.с.с.



11,12 такырып. Семинар сабақтардың сүрақтары

1) Хорлардың түрлері.

2) капелланың репетуар ерекшеліктері

3) Оқушылар хорын ұйымдастыру.



15,16 такырып. Семинар сабақтардың сүрақтары

1) Хор партитураларын құрау, дауысқа бөлу.

2) Резонаторлар және регистрлер.

3) Көп дауысты шығармалар.

4) Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топтастыру

5) Мутациялық кезең.



19,20 такырып. Семинар сабақтардың сүрақтары

1) Есту қабілеті.

2) Камертонмен жұмыс істеу

3) Дем алу ерекшеліктері

4) Дауысты, дауыссыз дыбыстар

5) Жаттығу жасаудың мақсаты.

6) Дикция,артикуляция.

24,25,26 такырып. Семинар сабақтардың сүрақтары

1) Ансамбль туралы түсінік.

2) Балалар хорындағы ансамбльдің ерекшеліктері.

3) Музыкалық «строй», хордағы строй.

4) Интонация, интервалдың орындалу ерекшеліктері.

5) Строймен жұмыс жасауда дирижердің ролі.



29,30 такырып. Семинар сабақтардың сүрақтары

1) Хордағы музыкалық тіл элементтері.

2) Дикция және артикуляция

3) Поэтикалық текст.

4) Нюанстер.

5) Музыкалық темптер.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шыққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарға дайындык

Сабақта қатысуы

семинар

7,5

2

Зертханалық сабаққа дайындық

Шығармаларды талдау

Бақылау сабағы

7,5

3

Межелік бақылауна дайындық

Сабақта қатысуы

МБ1,МБ2

-

4

СӨЖ-ге бөлінген тақырыптар

Сабақта қатысуы

емтихан

30




Барлығы:







45


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1) Ансамбль туралы.

2) Музыкалық строй және интонация.

3) Дауысты және дауыссыз дыбыстардың хорда орындалуы.

4) Нюанстер.

5) Вокалды хор техникалары.

6) Хор шығармаларын талдау.

7) Хор партияларымен жұмыс.

8) Хор жаттығулары.

9) Хор партияларының диапазондары.

10) Музыкалық терминдер.

11) Шығармалардың қөркемдік идеясын ашу.

12) Хор әдебиеттерін оқу: П.Чесноков, В.Соколов және т.б.

13) К.Әсембекова «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері», А., Жалын,1979ж.

14) Н.Кетегенова «Композиторы и музыковеды Казахстана»,А.,1973ж.

15) Ж.Рсалдин «Әннен-операға»,А., Жазушы,1971ж.



5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1.Асафьев Б.А. Хоровая литература. В сб.Русская музыка XIX и начала XX в. Л.,1968г

2.Вопросы хороведения на музыкально-педагогическом факультете.1981

3.Дмитревская К.Н. Русская советская музыка. М.,1974

4.Ерзакович Б.Г., Қоспаков З.Қ. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Ғылым басп.1986

5.Қазақстанның музыка мәдениеті. Құр.Аравин И.В.,Ерзакович Б.Г.,Алматы,Мектеп басп.1957

6.Ерзакович Б.Г. Народная музыка Казахстана.Алматы.,Жазушы.,1975

7.Соколов В. Работа с хором.1967

8.ЖубановА.К. Ән сапары. А.,1975

9.Струве Г. Музыкальное воспитание.М.,1978

10.Дмитревская А.Г.,Черноиваненко Н.М. Методика музыкального воспитания в школе., М.,1989

11.Жаңғырған салт-дәстүрлер. Қүр.Қазбеков м.,Алматы.1991

12.Табылдиев Ә. Халық педагогикасы және тәрбие. Журнал «Бастау мектеп»ғ.12.,Алматы .1991

13.Жакеева Б.К. Хор үйермесінен жұмыс. Алматы. Өнер.1988

14.Әбуова К. Хор жүргізу.Алматы.1993., Респ. Баспа кабинеті

Қосымша әдебиет:

1.Краснощеков В.И. Вопросы хороведения.М., 1969

2.Попов С.В. организационные и методические основы работы самодеятельного хора.М.,1961

3.Полтавцев И.,Светозарова М.Курс чтения хоровых партитур.чI,II., 1962,1693

4.Хрестоматия по дирижированию.Сост.БарановБ.Б.,М.,1967

5.Безбородова Л.А.Дирижирование. М.,1960

6.Қазақ халкының музыкалық творчествасы. Мет.нұсқау.А.,1989

7.Төлебаев М. Әндер,хорлар. Мектеп.А.,1960

8.Омаргазиева Б.Т.Өнер тәрбиелейді.Алматы.Білім.,1988

9.Нұғыманова Ә.Қазақтың әншілік дәстүрі.Алматы.,1975

10.Балаларға арналған хрестоматия.НұрымбетовТ.,

МамизеровВ.,А.,1999




Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32


Хор жүргізу пәні бойынша

050106 «Музыкалық білім» мамандық (тарының) студенттеріне арналған
мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Хор жүргізу пән атауы


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. САғат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

СПО база-сындағы іштей

1

45

15

30

7

-

-


-

7

1

15

7,5

-

7,5

30

15


















































Кафедра меңгерушісі ______ Н.С.Дукенбай 20__ж. «___» ________


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет