Жұмыс бағдарламасы «Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі»



Дата15.06.2016
өлшемі191.5 Kb.
#136844
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласынын ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042-18-8.1. 110/01- 2014

ПОӘК

Пәннің жұмыс бағдарламасы

«Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі»

оқытушыға арналған


№1 басылым

1 1.09.2014


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі» пәнінен

5В012000 – «Кәсіптік оқыту»

мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2014


1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы Жайлаубаев Д.Т.

«Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының профессоры, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.





2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

2.1. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының отырысында
« 02 » 09 2014 жылғы № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі т. ғ. к., Токаев С.Д.



    1. Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің отырысында

«_ 05_» 09 2014 жылғы № 1 хаттама
Төрайымы Төлеубекова С.С.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды

« 1 1» 09 2014 жылғы № 1 хаттама
ОӘК кеңесінің төрайымы Искакова Г.К
4.Бірінші рет енгізілді





М А З М Ұ Н Ы




1.

Қолданылу саласы




2.

Нормативтік сілтемелер




3.

Жалпы ережелер




4.

Пәннің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы




5.

Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптар тізімі




6.

Пән бойынша оқу-әдістемелік карта




7.

Оқу- әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы




8.

Әдебиеттер





1. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
« Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі » пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені



5В012000 «Кәсіптік оқыту»мамандығы студенттеріне арналған. Ол студенттерді курстың мазмұны, оның маңыздылығы мен қажеттілігі және курс саясатымен таныстырып, оқу процесінде іскерлік пен дағдыны қалыптастырады. Оқу-әдістемелік кешені пәнді оқып-үйрену барысында негізгі жетекші құжат болып табылады.
2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
« Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені төменде келтірілген құжаттың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес жасалды және пәннің оқу процесін ұйымдастыру тәртібін осы негізде белгілейді:

5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығына арналған жалпы білім беру стандарты, ҚР МЖМБС 3.08. 346 – 2006, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 23-желтоқсандағы № 779 бұйрығымен бекітіліп, іске асырылуға енгізілген.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1. Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер


  • Жайлаубаев Д.Т., профессор, д.т.н.

  • «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасы

  • Ақпараттық байланыс – № 10 оқу корпусы, № 3 кабинет

  • Сабақ өткізу орны – № 10 оқу корпусы, № 3 аудитория

  • Пәннің атауы – «Материалтану және машина жасау»

  • Кредиттер саны – 2.


3.2. Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме (3.1-кесте)
Кесте 3.1 – Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Кредиттер

ДС

МС

СМС

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Қортынды бақылау формасы

2

3

2

15

15

0

30

30

90

емтихан


3.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаты
«Металды өңдеу технологиясының тәжерибесі» – қазіргі заманғы конструкциялық және аспаптық материалдардың құрлысын, құрылымын, қасиеттерін және олардың беріктендірілу тәсілдерін; сонымен бірге машина бөлшектері мен бұйымдар жасаудың өндірістегі прогрессивті технологиялық тәсілдерін оқытады. Олар: әртүрлі құю тәсілдері және қысыммен өңдеу, пісіру, механикалық кесу сияқты дайындамалардың пішінін қалыптастыру технологиясы.

Болашақ маман технологиялық машиналар мен қондырғылардың эксплуатациялық техникалық сипаттамаларын және машиналар мен олардың тораптарының жұмыс сенімділігін қамтамасыз етуді, сонымен бірге оларды жасап шығарудың экономикалық тиімділігін білуі керек.
3.4. Курстың мақсаты
Аталған курстың мақсаты – студенттерге, келешекте арнаулы пәндерді оқып-үйренуге және мамандық бойынша практикалық қызметіне қажетті, материалдардың құрлысы мен қасиеттері, машина бөлшектері мен дайындамалар жасаудың негізгі технологиялық әдістері туралы білім беру; қазіргі заманғы өндірістің мүмкіншіліктерімен, өңдеудің әртүрлі технологиялық әдістерінің даму және жетілдірілу перспективаларымен, сондай-ақ конструкциялық материалдарды өңдеу және беріктендіру тәсілдерімен таныстыру.
3.5. Курстың негізгі міндеті
Курсты оқытудың негізгі міндеті – студенттерге:

 конструкциялық материалдардың құрлысы мен қасиеттерінің негізгі заңдылықтарын;

 термиялық және химия-термиялық өндеу режимдерін белгілеуді;

 көміртекті және қосындылы болаттар мен шойындар, түсті металл қорытпаларын топтастыру мен маркалауды;



 металл және металл емес материалдарды дұрыс таңдап, қолдана білуді және сонымен бірге, аталған курстың негізгі міндеті студенттерге белгілі мәліметтер (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді шешу тәсілдері) қорын ғана беру емес, оларды қолдана білуді үйрету.

3.6. Пәнді оқыту нәтижесінде студент:

мамандығының бакалаврі жоғары базалы білімнің (бакалавриат) мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес:



  • технологиялық машиналар мен қондырғылардың қажетті эксплуатациялық қасиеттерін қамтамасыз ететін материал, оның құрлысы, қасиеттері сонымен бірге бастапқы және соңғы термиялық өңдеу режимдері туралы түсінігі болуы керек;

  • өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін машина бөлшектері мен дайындамаларын алу мен өңдеудің технологиялық тәсілдерін білуі керек;

  • конструкциялық материалды дұрыс таңдап, қажетті қасиет мен құрылым алу мақсатында өңдеу тәсілдерін белгілеуді меңгеруі керек;

  • материал құрылымын металлографиялық талдауды; әртүрлі өңдеу тәсілдерінен кейінгі дайындаманың механикалық қасиеттерін; қалып, өзекше, поковка және пісірілген конструкциялар жасауға практика жүзінде дағдылану керек;

  • конструкциялық және аспаптық материалдар, олардың құрлысы мен қасиеттері, металл және металл емес материалдардан машина бөлшектері мен бұйымдар жасау технологиясына, термиялық өңдеудің әртүрлі тәсілдерінің технологиясына компетентті болу керек.


3.7. Курстың басты деректемелері:


  • Физика;

  • Химия;


3.8. Курстың деректемелері:


  • Машина жасау технологиясы;

  • Машина бөлшектері және құрастырмалау негіздері.



4. ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәннің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасында дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны, машықтану жұмыстардың тізімі бойынша ұсынылатын әдебиеттер және оларға бөлінген сағаттар саны келтірілген (4.1-кесте).
Кесте 4.1 – Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу


Тақырыптар атауы және олардың мазмұны

Сағаттар саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1 Металдардың атомдық-кристалдық құрлысы

1-тақырып. Металдардың атомдық-кристалдық құрлысы

Металдарды зерттеудің физикалық және структуралық тәсілдері. Кристалдық тордың түрлері. Кристалды тордың негізгі сипаттамалары. Металдар анизотропиясы. Металдардың нақты құрлысы. Металдардағы ақаулар түрлері және олардың металл қасиеттеріне әсері.

2

2-тақырып. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы

Кристалданудың энергетикалық шарттары. Кристалдану процесінің механизмі. Кристалл өскіндерінің түзілуі мен өсуі. Кристалдану кезіндегі суынудың термиялық қисықтары. Сұйық металды модификациялау. Металл кесегінің құрлысы. Металдардағы полиморфты және магнитті түрленулер.

2

Модуль 2 Қорытпалар теориясы

3-тақырып. Қорытпалар теориясы

Қорытпа. Металл қорытпасы. Жүйе. Компонент. Фаза. Қатты ерітінділер және оның түрлері. Механикалық қоспа. Химиялық қосылыс. Қорытпалар күйі диаграммасының түрлері. Гиббс заңы немесе фазалар ережесі мен кесінділер ережесін қолдану. Еркіндік дәрежесі саны немесе жүйе варианттылығы. Темір көміртекті қорытпалардың фазалары мен компоненттері. Темір-цементит жүйесі күй диаграммасы. Темір-графит жүйесі күй диаграммасы. Көміртегілі болаттар мен шойындар, олардың топтастырылуы, қасиеттері мен қолданылуы және маркалануы.

2

4-тақырып. Түсті металдар мен қорытпалар

Түсті металдар мен қорытпаларды маркалау. Мыс пен оның қорытпалары, олардың топтастырылуы, маркалануы және қолданылу облысы. Алюминий мен оның қорытпалары, олардың топтастырылуы, маркалануы, қолданылу облысы. Магний және оның қорытпалары. Титан және оның қорытпалары

2

Модуль 3 Термиялық өңдеу теориясының негіздері




5-тақырып. Термиялық өңдеу теориясының негіздері

Болатты қыздыру кезінде болатын өзгерістер. Аустенит түйіршігінің өсуі. Түйіршік өлшемінің болаттың механикалық және технологиялық қасиеттеріне әсері. Асыра суыту және асыра күйдіру. Аустенит түйіршігінің өсуі. Асыра суытылған аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасы. Перлитті түрлену. Мартенсит, оның құрлысы мен қасиеті. Мартенситтік түрлену және оның ерекшеліктері. Аралық түрлену. Асыра суытылған аустениттің термокинетикалық өзгеру диаграммасы. Шынықтырылған болатты қыздыру кезіндегі болатын өзгерістер (болаттарды жұмсарту). Шынықтыру тәсілдері. Болаттардың шынықтырылғыштығы және оған әсер ететін факторлар. Болаттардың шынықтырылғыштық тереңдігі. Болаттарды жұмсарту. Химия-термиялық өңдеу. Цементациялау. Нитроцементациялау. Азоттау және циандау. Диффузиялық металдау.

2

6-тақырып. Металдарды кесу арқылы өңдеуді топтастыру

Механикалық өңдеу. Кесіп өңдеудің технологиялық мүмкіндіктері. Кесіп өңдеудің жалпы сипаттамалары. Кесу режимдері, бет кедір-бұдырлығы. Кесіп өңдеуге арналған станоктар.

2

Модуль 4 Конструкциялық және аспаптық болаттар мен қорытпалар

7-тақырып. Конструкциялық және аспаптық болаттар мен қорытпалар

Көміртекті және легірленген болаттарды классифи-кациялау және маркалау. Конструкциялық болаттар, олардың топтастырылуы, маркалануы және қолданылу облысы. Көміртегілі конструкциялық болаттар. Төмен легірленген құрлыс болаттары. Жақсартылатын және цементтелетін легірленген болаттар. Конструкциялық шарикподшипниктік болаттар.

2

8-тақырып. Түсті металдар мен қорытпалар

Түсті металдар мен қорытпаларды маркалау. Мыс пен оның қорытпалары, олардың топтастырылуы, маркалануы және қолданылу облысы. Алюминий мен оның қорытпалары, олардың топтастырылуы, маркалануы және қолданылу облысы. Магний және оның қорытпалары. Титан және оның қорытпалары.

1

9- тақырып. Металдарды токарь және бұрғылау станоктарында өңдеу

Метал кесу станоктарының классификациясы. Токарь станоктары туралы жалпы мәлімет. Токарь кескіштерінің түрлері. Бұрғылып өңдеу тәсілінің сипаттамасы. Кесу асппаптарының түрлері. Спиральді бұрғының элементері мен геометриясы.

1

10-тақырып. Фрезерлеу, сүргілеу, протяждау және соғу.

Фрезер станоктарында өңдеу. Фрезер станоктарының түрлері. Фрезалардың түрлері, олардың геометирясы мен элементтері. Сүргілеп өңдеу түрлері. Протяждау станоктарында өңдеу. Соғу станоктарында өңдеудің ерекшеліктері.

2

11-тақырып. Машина бөлшектерінің беттерін әрлеп өңдеу тәсілдері

Дайындамаларды ажарлау және әрлеу станоктарында өңдеу. Ажарлау станоктарының типтері. Машина бөлшектерінің беттерін әрлеп өңдеу тәсілдері. Хонингтеу. Суперфиништеу. Жылтырату. Абразивті-сұйықты өңдеу.

1

12-тақырып. Дайындаманы токарлық винт кесу станоктарында өңдеу

Токарь станогының дәлдігін, берілген деңгейге жеткізуді анықтау. Кесу кезіндегі токарьлық винт кесу станоктарында өңдеу.

1

13- тақырып. Технологиялық процестің келтіру деңгейін статикалық тәсілмен реттеу

Кедір-бұдырлықтың параметрін зерттеу. Шойынның микроқұрылымы және қасиеттерімен танысу.

1

14- тақырып. Кесу кезіндегі жылулық құбылыстар

Көлденең фрезерлік станогының құрылыс және дайындама өңдеу. Жазық беттердің ажарлаудағы өңдеу ауытқуларын есептеу.

1

15- тақырып. Кедір-бұдырлықтың параметрін зерттеу

Токарь станогының дәлдігін, берілген деңгейге жеткізуді анықтау. Кесу кезіндегі токарьлық винт кесу станоктарында өңдеу. Жазық беттердің ажарлаудағы өңдеу ауытқуларын есептеу.

30

Тәжірибелік жұмыстар




1.Қорытпаларды микроскоптық талдау




2. Қорытпалардың қаттылығын Бринель тәсілімен анықтау




3. Қорытпалардың қаттылығын Роквелл және Виккерс тәсілдерімен анықтау




4. Суық пластикалық деформацияның болат қасиеттеріне әсері




5. Деформацияланған металл қасиеттеріне қыздырудың әсері




6. Көміртекті болаттардың құрылымы мен қасиеттері




7. Шойындардың құрылымы мен қасиеттері.




8. Көміртекті болаттарды жасыту




9. Көміртекті болаттарды шынықтыру және жұмсарту




10. Мыс және оның қорытпалары.




11. Алюминий және оның қорытпалары.




12. Кесу кезіндегі жылулық құбылыстар




13. Технологиялық процестің келтіру деңгейін статикалық тәсілмен реттеу




14. Кедір-бұдырлықтың параметрін зерттеу




15. Дайындаманы токарлық винт кесу станоктарында өңдеу




Барлығы

30

5. СУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ
Курста екі реферат қарастырылған. Бірінші реферат 2,5 баллмен бағаланады. Тапсыру мерзімі бірінші межелік бақылау. Екінші реферат 2,5 баллмен бағаланады. Тапсыру мерзімі екінші межелік бақылау. Мезгілінде тапсырылмаған рефераттар 0,5 баллмен бағаланады.
5.1. Рефераттар тақырыптары

1. Төмен қосындылы құрлыс болаттары.

2. Арматуралық болаттар.

3. Суық штамптауға арналған болаттар.

4. Конструкциялық цементтелетін қосындылы болаттар.

5. Конструкциялық жақсартылатын қосындылы болаттар.

6. Мартенситті-ескіруші беріктігі жоғары болаттар.

7. Берік жоғары созымтал болаттар (ТРИП немесе ПНП болаттар).

8. Жалпы мақсаттағы рессор-серіппелік болаттар.

9. Шарикоподшипниктік болаттар.

10. Криогенді болаттар.

11. Ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалар.

12. Кесу аспабына арналған болаттар.

13. Өлшеу аспабына арналған болаттар.

14. Суық деформациялау штамптарына арналған болаттар.

15. Ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар.

16. Қатты қорытпалар.

17. Магнитті болаттар мен қорытпалар.

18. Формасын еске сақтау  қасиеті бар қорытпалар.

19. Титан және оның қорытпалары.

20. Магний және оның қорытпалары.

21. Конструкциялық порошокты материалдар.

22. Композициялық материалдар.

23. Алюминий және оның қорытпалары.

11.

12.

13.

14.

15.


24. Кесу кезіндегі жылулық құбылыстар

25. Технологиялық процестің келтіру деңгейін статикалық тәсілмен реттеу

26. Кедір-бұдырлықтың параметрін зерттеу

27. Дайындаманы токарлық винт кесу станоктарында өңдеу

28. Органовлокниттер.

29. Жалпы мақсатқа арналған резиналар.

30. Арнайы мақсатқа арналған резиналар.
6. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
«Материалтану» пәнінің оқу-әдістемелік картасында дәріс сабақтары мен зертханалық жұмыстардың тақырыптары бойынша көрнекілік құралдар, ТСО, плакаттар, лабораторялық стендтер мен студенттердің өз беттерімен дербес оқуына арналған сұрақтардың тізімі және бақылау формасы көрсетіліп, 6.1-кестеге енгізілген.
Кесте 6.1 – Пән бойынша оқу-әдістемелік картасы


Тақырып

Көрнекілік құрал, ТСО, плакаттар, лабораторялық стенд

Дербес оқуға арналған сұрақтар

Бақылау формасы

дәріс сабақтары

Практикалық (зертханалық) сабақтар

1

3

4

5

6

Металдардың атомдық-кристалдық құрлысы

-

Плакат «Атомно-кристаллическое строение металлов»

Металдарды зерттеудің физикалық және структуралық тәсілдері

Тест, блиц сұрақтар

-

Қорытпаларды микроскоптық талдау

Микроскоп МИМ-7, ажарлау-жылтырату станогы, қорытпалар үлгілері

Әдістемелік нұсқау

Жұмысты қорғау

Кристалдану кезіндегі металл құрылымының қалыптасуы

-

Плакат «Кристализация металлов»

Металл кесегінің құрлысы. Полиморфты түрленулер

Тест, блиц сұрақтар

Қорытпалар теориясы

-

Плакаттар «Связь между свойствами сплавов и типом диаграммы состояния»; «Компоненты и фазы в системе железо – углерод»;

Қорытпалар күйі диаграммасының түрлері. Қосындылы болаттардың структуралық кластары

Тест, блиц сұрақтар

-

Темір – цементит күй диаграммасы

Микроскоп МИМ-7, шойын және көміртегілі болат микрошлифтері ; плакат «Диаграмма железо – цементит»

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау

-

Көміртегілі болаттардың құрылымы мен қасиеттері

Микроскоп, көміртегілі болат микрошлифтері

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау

-

Шойындардың құрылымы мен қасиеттері.

Микроскоп МИМ-7, шойындардың әртүрлі микрошлифтері

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау

Металдардың пластикалық деформациясы мен механикалық қасиеттері

-

Плакаттар «Механические испытания металлов»; «Виды напряжений»; «Упругая и пластическая деформация»

Полигонизация және қайту. Суық және ыстық деформациялар. Рекристализация. Тозуға сынау тәсілдері

Тест, блиц сұрақтар

-

Қорытпалардың қаттылығын Роквелл, Виккерс және Бринель тәсілдерімен анықтау

Бринель, Роквелл приборы, ажарлау-жылтырату станогы, санағыш микроскоп, болаттан, түсті металдан және олардың қорытпаларының үлгілері

Әдістемелік нұсқау

Жұмысты қорғау

Термиялық өңдеу теориясының негіздері

-

Плакаттар «Фазовые превращения в сплавах железа»; «Диаграмма изотермического превращения аустенита»

Қосындылы болаттардағы аутениттің изотермиялық түрленуі

Тест, блиц сұрақтар

-

Көміртегілі болаттарды жасыту

Муфельдік пештер, Роквелл приборы, микроскоп МИМ-7, ажарлау- жылтырату станогы, көміртегілі болат микрошлифтері

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау

Термиялық өңдеу технологиясы

-

Плакаттар «Схема полного отжига и изотермическая диаграмма распада аустенита»; «Схема закалки и термомеханической обработки стали»

Беттік шынықтыру, оның түрлері мен қолданылу аймағы

Тест, блиц сұрақтар

-

Көміртегілі болаттарды шынықтыру және жұмсарту

Муфельдік пештер, Роквелл приборы, микроскоп МИМ-7, ажарлау- жылт. станогы, суыту багы, көміртегілі болат микрошлифтері

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау

Конструкциялық болаттар мен қорытпалар

-

Плакат «Классификация и маркировка углеродистых и легированных сталей»

Криогенді болаттар. Ыстыққа берік болаттар мен қорытпалар

Тест, блиц сұрақтар

Түсті металдар мен олардың қорытпалары

-

Плакат «Классификация и термическая обработка алюминиевых медных сплавов»

Магний және оның қорытпалары. Титан және оның қорытпалары.

Тест, блиц сұрақтар

-

Мыс және оның қорытпалары

Микроскоп МИМ-7, ажарлау- жылт. станогы, мыс қорытпа- ларының микрошлифтері, микроқұрылым фотосуреттері

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау

-

Алюминий және оның қорытпалары

Микроскоп МИМ-7, ажарлау- жылт. станогы, алюминий қорытпаларының микрошлифтері, микроқұрылым фотосуреттері

Методикалық нұсқау

Жұмысты қорғау


7. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 7.1 – Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Экземплярлар саны

Студенттер саны

Қамтылу проценті








3











Материаловедение/ Под ред. Б.Н. Арзамаева. – М., 1986

100

10

100%

Гуляев А.П. Материаловедение. – М., 1986

90

10

100%

Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. – М., 1990

40

10

100%

Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. – М., 1980

140

10

100%

Никифоров В.М. Технология металлов и конструкционные материалы. – М., 1980

150

10

100%

Технология конструкционных материалов/Под ред. А.М. Дальского. – М., 2005

60

10

100%

Технология металлов и материаловедение / Под ред. Л.Усовой. – М., 2007

20

10

100%

Казаков Н.Ф., др. Технология металлов и других конструкционных материалов. – М., 2005

55

10

100%

Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение. – М., 1990

100

10

100%



8. ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.1 Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение: Учебник для ВУЗов. – М.: Машиностроение, 1990. – 528с.: ил.

8.1.2. Сулейменов Е.Б. Материалтану пәнінен лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған методикалық нұсқау.

8.2. Қосымша әдебиеттер:

8.2.1. Технология металлов и материаловедение. Кнорозов Б.В., Усова Л.Ф., Третьяков А.В. и др. М.: Металлургия.

8.2.2. Гуляев А.П. Металловедение. Учебник для вузов. М.: Металлургия, 1986. 544 с.

8.2.3. Гринберг Б.Г., Иващенко Т.М. Лабораторный практикум по металловедению и термической обработке.-М.: Высшая школа,1978

8.2.4. Б. Н. Арзамасов и др. Материаловедение. Учебник для втузов.- М.: Машиностроение,1986.-384с., ил.

8.2.5. Омаров А.К. Металдармен конструкциялық материалдар технологиясы- Алматы: Мектеп, 1972.-307 б.

8.2.6. Никифоров В.М. Технология металлов и конструкционных материалов.- М.: Высшая школа, 1980. 360с.

8.2.7. Феоктистов Г.П., Гарифуллин Ф.А. Материаловедение и технология металлов.- М.: Высшая школа, 1980. 360с.

8.2.8. Материаловедение и технология металлов: Учеб. для вузов /Под ред. П.Фетисова. -4-е изд., испр. –М., 2006. – 862

8.2.9. Сыздықов О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.-290 б.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет