Жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы»



бет1/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124844
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.1.72/03-2013

ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «өсімдіктер және микроағзалар экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

басылым №__ ______20__ж





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«өсімдіктер және микроағзалар экологиясы» пәнінен экология

мамандығының студенттеріне арналған

ОҚЫТУШЫНЫҢ ПӘН БОЙЫНША

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013

ГЛОССАРИЙ


Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

Абиогенді- тірі организмдердің қатысуынсыз жүретін процесс.

Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.

Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.

Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше үрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.

Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.

Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.

Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.

Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.

Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.

Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.

Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.

Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.

Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері

Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.

Азотфиксация - топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.

Аффинаж- рафинадтталған металл түрі.

Алюминийді - “Қанатты” металл деп атайды. Ол – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді.Алюминий қалаиы, темір, никель, марганецпен қорытпасы қола деп аталады.

Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.

Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос).

Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады.

Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.

Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.

Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.

Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, багалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.

Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.

Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).

Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.

Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.

Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық; емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.

Биом - Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).

Биоценоз - кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын орга-низмдердің қауымдастығы.

Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.

Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Алюминийді - “Қанатты” металл деп атайды. Ол – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді.Алюминий қалаиы, темір, никель, марганецпен қорытпасы қола деп аталады.

Берилий мен Ниобийді“ атом өнеркәсібінің металдары” деп атайды. Берилій – ядролық реакторлардағы нейтронды баяулатқыш әрі қайтарғыш болса, ниобимен оның жылу бөлетін (ЖБЭЛ) қаптайды.

Бериллий қоласы- мыстың берилиймен (1,5-3%) қорытпасы жемірілуге төзімді және өте берік. Одан сағаттың, басқада дәл механиздердің, электрониканың, байланыс құралдарының, автомобильдердің бөлшектерін жасайды.

Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

Ванадий -өндірістіккүкірт қышқылын, селен-фотоэлементтер, теллур-инфрақызыл сәулелерін қабылдағыштар, скандий-ЭВМ есте сақтау элементтерін, рений- мұнай өндеуге қажет платина катализаторларын шығаруда қолданылады.

Вольфрам- балқу температурасы өте жоғары (3 370 ºС). Жоғары температуралы пештердің қыздыратын элементтері мен қәдімгі эелктр шамдарының қызатын жәпшелері вольфрамнан жасалады.

Висмут – қызғылт дақтары бар күміс түсті сынғыш металл. Висмут тұздары айна жасауда, медицинада кең қолданылады. Балқу температурасы төмен болғандықта, жылуды жақсы өткізгендіктен оны онай балқитын құймалар,өткізгіштер даярлауда және атомдық реакторларда тоңазытқыш ретінде пайдаланады.

Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.

Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.

Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.

Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.

Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.

Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.

"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.

Гетеротрофтар- организмдер жасап шығарған дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер.Бұған: адам, жануарлар, кейбір өсімдіктер, көптеген бактериялар, саңырауқулақтар жатады.

Глобалды ластану- жер шарының кез келген нүктесіндегі ластану. Мысалы, атмосферанынын көміртегі оксидтерімен, күкірт, азот, пестицидтермен, әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.

Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.

Дендрарий - ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.

Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.

Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).

Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.

Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.

Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.

Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).

Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.

Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.

Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.

Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін орга-низмдер.

Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.

Қызыл кітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.

Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Қоректік (трофикалык) тізбектер - биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.

Конкуренция- бәсекелестік, белсенділік, бірдей ресурстарды қажет ететін организмдер.

Қоршаған ортаны қорғау- табиғат ресурстары мен космос кекістігін қайта өндіру мен тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми, құқықтық, техникалыќ шараларды жиынтыѓы.

Қоршаған орта- тіршілік ету ортасы, табиғаттың барлың материалдық денелері,күштері мен құбылыстарының, заттары мен кеңістігінің жиынтығы, тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның қызметі.

қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай жауын- шашынның түсуі атмосфераның күкірт диоксидімен, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты.

Қорғасын- бұл аккумуляторлар, подшипниктер, радияциядан қорғану құрал-жабдырқтары (рентген кабинеттерінің жабдықтары, радиактивті калдықтар сақтайтын контейнерлер), электр кабелінің қорғаныс қабаты, хрусталь жасайтын қоспалар.

Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.

Ил - сулардағы минералдық және органикалық косылыстардан күралған түнба.

Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.

Ирригация - егістікті жасанды суару - мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.

Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.

Ластану-табиғи немесе тікелей антропогендік ортға бұл тән емес физикалық, химиялық, биологиялық агенттердің әкелінуі.

Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.

Мелиорация - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.

Метаболизм - организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.

Мониторинг - белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.

Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.

Мутуализм - бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.

Мырыш- 2/5 бөлегі болатын қорғаныс қабатын жасауға және 1/4 –і жез шцғарыға қолданылады.

Мыс- әлемдегі мыстың 1/2 бөлігі электротехникада (сым, тоңазытқыштардың жылу алмастырушылары, вакуумдық апараттар) және 40%-ы қорытпа құюда қолданылады. Мыс электр тоғын жақсы өткізеді. Оны көп жағдайда басқа металдармен қорытпа түрінде қолданады. Мыстың мырышпен қорытпасын жез деп атайды.Мыстың никельмен қорытпасын мельхиор деп атайды.

Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.

Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (герби-цидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.

Пирамида (экологиялык) - биоценоздардың қоректік деңгейлері - продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энер-гиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.

Поллютанттар - ортаның техногенді ластаушылары: ауада - аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.

Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.

Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).

Рекультивация - бүзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.

Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.

Нейстон - судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.

Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадс-кийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.

Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).

Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.

Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.

Симбиоз - екі немесе одан кµп түрлерге жататын организмдердің бірігіп тіршілік етуі.

Смог- улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің қосылуымен сипатталатын атмосфераның қауіпті ластануы.

Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.

Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі

Тірі зат- биосфераның тірі организмдерінің жиынтығы.

Тантал - медицинада таптырмайтын металл. Оның ерекшелігі – адам организімінің дұрыс қабылдауында. Сондықтан, танталдан хирургиялық қысқыштар мен импланттар жасалады. Әрбір ұялы телефонна 6-дан 12-ге дейін (сандық камераларда 30-дан астам) конденсаторлары бар. Сонымен қатар, электр зарядын өзіне жинақтайды.

Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.

Озондық ойық - атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.

Ойық не қуыс (экологиялык) - түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.

Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы

Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.

Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.

Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.

Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.

Фильтраторлар - суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.

Фотосинтез - Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.

Цунами - жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар кезінде мүхит түбі бөліктерінің ауысуына байланысты туатын теңіз толқындары.

Цитология - тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттейтін биологияның саласы.

Хемосинтез - кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.

Хромит кені-металлургия, химия және отқа төзімді материалдар өнеркәсібі үшін аса бағалы шикізат. Хромит кенінен маркасы жоғары, өте сапалы болат дайындауға пайдалынатын хром қорытпалары алынады. Хром негізінде алынған отқа төзімді материалдар көп уақыт бойы жоғары температураның әсерінен бұзылмайды.

Экологиялың жүйе - бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.

Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен үшып бүзылуы.

Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.

Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.

Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.

Этология - жануарлардың мінез - қылықтарының биологиялық непзі жөншдеп ғылым.

Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.

Экожүйе- жүйе ішіндегі түрлердің көптүрлілігі мен зат айналымын түзетін энергия ағымымен қамтамасыз ететін, берілген учаскедегі белгілеу үшін қолданылады.

Экологиялық пирамида- биотоптың кері пирамидасы, 1966 ж. Ч. Элтон тұжырымдаған концепция.

Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.

Церконий- уран ядросы бөлінген кезде шығатын нейтрондарды өзіне ілестірімейді. Сондықтан оны атом реакторларын жасаған кезде қолданады.

Мико- (гр.myces – саңырауқұлақ) – саңырауқұлақтарға қатыс бар күрделі сөздердің бөлшегі.

Микобактериялар (гр.bacterion – таяқша) – таяқша пішінді микроағзалар, ұз. 1-10 кмк, сирек бұтақтанады, кейде қисайған, өзінде бактериялар мен саңырауқұлақтардың қасиетін жинаған: қозғалмайтын клеткалар бактериялар сияқты бөліну арқылы және саңырауқұлақтар сияқты бүршіктену арқылы көбейеді. Олардың көбі сапротрофтар, органикалық заттардың минерализациясын қатысады, алайда птогенді формалар да бар, мысалы туберкулездің, саптың проказаның, дифтериянің қоздырғыштары. Топырақта, ауада, суда, қоректік, жемдік өнімдерде және басқа да табиғи субстраттарда кеңінен таралған. Бір түр – микобактериум (Mycobacterium) белгілі.

Микобионт – қына қабатындағы саңырауқұлақтық симбионт

Микобиота – белгілі бір територияны мекен ететін немесе кез-келген ортада (топырақта, ауада, суда) тіршілік ететін саңырауқұлақтардың тарихи қалыптасқан популяциясы.

Микогенді сенсибилизация (лат.sensus – сезім) – саңырауқұлақтарға және олардың тіршілік әрекеті өнімдеріне ерекше сезімталдық және аллергия.

Микогоноз, ақ шірік – шампиньондар мен вешенканың ең кең таралған және ең қауіпті ауруы. Қоздырғышы – микогон саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ әрекетінен шампиньоннің жеміс денесі өзгеріп, ақ үлпілдек мицелиймен қапталған пішінсіз массаға өседі. Кейбір экземплярлардың табандары қатты ісініп, қалпақтары дамымай, кішкентай болып қалады. Кейін, жеміс денесінен қоңыр тамшылар бөлініп, жұмсарады, еті күңгірттеніп, жағымсыз иіс жығарып ыдырайды. Аурудың таралуына нашар вентиляция, жоғары температура мен басқа да қолайсыз факторлар жағдай жасайды. Күресу шаралары: ауру жеміс денелерін дереу жинау және жою (өрттеу), орындарын жаңа топырақпен толтыру, субстратты дезинфекциялау. Микогоноз, сондай-ақ ормандарда, жабайы қалпақты сңырауқұлақтарда да кездеседі.

Микодерма (гр.derma – тері) – 1) сұйықтықтың бетінде түрлі саңырауқұлақтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде қалыптастын қабықша; 2) саңырауқұлақтардың өсуімен себептелген, терідегі қотыр мен экзема тәріздес ауырсынатын түзілімдер.

Микодермит – саңырауқұлақтардың кейбір түрлерімен қоздырылатын тері ауруы. (дерматомикоздар)

Микоза – қанттарға жақын көмірсу. Саңырауқұлақтарда, негізінен базидийлілерде бар.

Микозин – саңырауқұлқтардың қабырғаларында табылған зат, химиялық құрамы бойынша хитинге жақын.

Микоздар – қоздырғыштары саңырауұлақтар болып табылатын адам мен жануарлар терісінің аурулары. Теріні, шаш жамылғысын, сондай-ақ ішкі мүшелерді зақымдайды. Зақымдалған мүшеге сәйкес дерт дерматомикоз, трахеомикоз, бронхомикоз, т.б. аталады. Басқа жағдайларда «микоз» атауына патогеннің атауы қосылады, мысалы, кандидомикоз, балстомикоз, ал кейде жай ғана аспергиллез және т.б. Микоздың қоздырғыштары әртүрлі жүйелі топтарға жатады: гифальді (қат. Hyphomycetales), мукорлы (Mucorales), мофторлы (Entomophtorales), ашытқы тәрізділер (Endomycetales) және т.б. Микоздар клиникалық және патологоанатомдық анықталады. Анық диагноз қою үшін материалдың жасанды қоректік орталарға отырғызу жүргізіледі.

Микологиялық гербарий – кептірілген макро- және микромицеттердің өңделген және микологияда қабылданған стандарттар бойынша іс-қағаздық бекітілген коллекциясы. Қазақстанда 50жыл бойы жиналған және ішінде 80 000-нан астам үлгі бар гербарий бар.

Микология (гр.logos – ғылым) – саңырауқұлақтарды, олардың анатомиясын, физиологиясын, биохимиясын, систематикасын, географиясын, филогениясын зерттейтін ғылым. Одан бөлініп, жеке ғылымдар ретінде медициналық, техникалық, ауылшаруашылық, ветеринарлы фитопатология қалыптасты:

1.Ветеринарлы микология – жануарлар мен құстардың ауруларын туғызатын саңырауқұлақтарды, олардың биологиясын, емдеу тәсілдерін зерттейді.

2.Медициналық микология – тек адам ауруларының қоздырғыштарын ғана емес, сонымен қатар, көптеген ауруларды саңырауқұлақтары метаболизмінің өнімдерімен емдеу тәсілдерін зерттейді Оның терең тамырлары бар, өйткені ертеде адамдар саңырауқұлақтардың емдік қасиеттерін білген.

3.Ауылшаруашылық микология – кәдімгі ауылшаруашылық мәдениеттер сияқты өсіруге және қолдануға болатын саңырауқұлақтарды зерттейді (мысалы, шампиньондер, вешенкалар, т.б.).

4.Техникалық микология – саңырауқұлақтарды өндірістің түрлі салаларында: нан пісіру, шарап жасау, сыра жасау және т.б., қолданылатын ағзалар ретінде қарастырады.

Микопаразиттер – басқа саңырауқұлақтарда паразиттік тіршілік ететін саңырауқұлақтар. Қоректену сипаты бойынша олар иботрофты және некротрофты микопаразиттерге жіктеледі. Біріншілері иесінің тірі клеткаларының құрамымен, ал екіншілері – фермент пен антибиотиктер арқылы өлтірген клеткалардың құрамымен қоректенеді. Өтпелі түрлер де бар, мұнда патоген енгеннен кейін тірі клетканың арқасында тіршілік етіп, кейін оны өлтіреді де некротроф тәрізді тіршілігін жалғастырады. Микопаразиттер фузарий (Fusarium), альтернария (Alternaria), вертицилий (Verticillium), дарлюка (Darliuca), цицинноболюс (Cicinobolus) сияқты тұқымдастардың арасында бар.

Микоплазма, микоплазмалылар, микоплазматәрізді ағзалар (МПА) (кл.Mollecutes) – табиғаты анықталмаған микроскопиялық тірі ағзалар. Ядролық аппараты оларды бактериялар мен вирустер арасындағы прокариоттарға жатқызуға мүмкіндік береді. Клеткалық қабықшаның жоқтығы оларды бактериялармен, ал аурудың ұқсас симптомдары (бұйралану, сарыауру, ергежейлік, гүлдердің жасылдануы) вирустармен жақындастырады. МПА-ң мөлшері өте кіші (120-250нм), қозғалыссыз. Үшқабатты алзмалық мембрананың болуы олардың пішінінің өзгергіштігін түсіндіреді. Құрамында рибосомдар, ДНҚ, РНҚ бар. Көбеюі өте күрделі. Негізінен клетка аралықтарда дамиды. Сапротрофтар, топырақта кеңінен таралған, бірақ көбінесе өсімдік, жануарлар мен жәндіктердің паразиті. Микоплазмоздарды анықтау үшін электронды микроскопия әдістерін қолданады. Негізгі тұқымдастар – микоплазма (Mycoplasma), ахолеплазма (Acholeplasma).

Микориза (гр.rhiza – тамыр) – саңырауқұлақтың жоғарғы өсімдіктермен селбесіп тіршілік етуі. Селбесудің негізі саңырауқұлақтың өсімдіктен дайын органикалық заттар, ал өсімдіктің саңырауқұлақтан су мен минералды заттарды алуында. Микориза түзушілер – негізінен қалпақты саңырауқұлақтар, сирек зигомицеттер, қалталылар және жетілмеген саңырауқұлақтар, микоризаның түрлі типтерін түзеді:

1.Перитрофты – саңырауқұлақ гифалары өсімдік тамырының ішіне енбей, тек оны шырмай орайды. Ризосферада дамып, саңырауқұлақ онда өсімдіктің өсуі мен дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.

2. Экотрофты – мицелий тамырды шырмай орап, топыраққа тарайтын көптеген гифалары бар ерекше жабын түзеді.

3. Эндотрофты – саңырауқұлақ гифалары тамырды сыртынан тығыз орап, қабықтық паренхимаға енеді.

4. Эндоэктотрофты – саңырауқұлақ гифалары иесінің ұлпаларының ішінде тарап, сирек сыртқа шығады.

Микоризаның биологиялық маңызын не мутуалистік симбиоз, не саңырауқұлақтың шектелген паразитизмі ретінде қарастырады.



Микотоксикоздар – өнімдер мен жем-шөпте болатын саңырауқұлақ токсиндерімен туғызылатын тірі ағзалардың улануы. Фузарий (Fusarium, қат. Hypomycetales) тұқымдасының саңырауқұлақ токсинімен уланған ұннан жасалған нанды пайдалану асептикалық ангинаны, балалардың сүйек қалыптасуының бұзылуын, лейкопенияны, аграгулоцитозды, т.б. туғызады. Қатты жем-шөпте мекендеп, стахиботрис (Stachybotris, қат. Hypomycetales) саңырауқұлағы даму үрдісінде улы заттар түзеді. Олар жануарларға (жылқы, қой, шашқа) түскенде күрделі улану – стахиботриотоксикоздар туғызады. Мұнда оған тән ауыз, тамақтың кілегей қабаттарының некроздары, қан түзуші мүшелердің өзгеруі, сондай-ақ ішек-асқазан тракті жұмысының бұзылуы пайда болады. Мұндай жем-шөппен жұмыс істейтін адамдарда да ауру пайда болуы мүмкін. Аспергилл тұқымдасы саңырауқұлақтарының токсиндері паралич, парез, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістерін туғызады. Микотоксикоздар нашар жем-шөпте токсинді саңырауқұлақтарды табу арқылы анықталады, мұнда клиникалық және патологиялық белгілер еске алынады.

Микотоксикология – саңырауқұлақтармен бөлінетін улы заттар мен олар туғызатын ауруларды зерттейтін медицинаның саласы.

Микотоксиндер – токсинді (улы) заттар, саңырауқұлақтар метаболизмінің өнімі. Олар шартты екі топқа бөлінеді: бауыр мен бүйректі зақымдайтындар және басқа мүшелерді зақымдайтындар.

Микофильді саңырауқұлақтар, микомицеттер – басқа саңырауқұлақтарды мекен ететін саңырауқұлақтардың ерекше тобы. Паразиттік немесе сапротрофты тіршілік етеді. Мысалы, дарлюка (Darluca, қат. Sphaeropsidales) тат саңырауқұлағының эциялары мен урединияларында, ал цицноболюс (Cicinobolus, қат. Sphaeropsidales)– ақұнтақ саңырауқұлағының мицелиінде паразиттік етеді.

Микофлора – белгілі бір ерриторияны мекен ететін саңырауқұлақтардың түрлік құрамы. Терминнің тарихи маңызы бар, өйткені, қазіргі пікірлер бойынша саңырауқұлақтар өсімдіктерге жатпай, өзіндік бөлек дүние болып табылады.

Микромицеттер (гр.micros – кіші) – микроскоппен ғана көрінетін, мөлшері микронмен өлшенетін, микроскопиялық саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар ішінде мөлшерінен ең көбі.

Микрон – микроскопиялық ұсақ ағзалардың мөлшерінің өлшем бірлігі. 1/1000 м-ге тең, белгіленуі – μ (гр. «мю») немесе мкм.

Микроспория – адам (негізінен 6-12 жасар балалар) терісі мен шашын зақымдайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – микроспорум (Microsporum) тұқ-ң саңырауқұлағы және оның қалталы сатысы – наннизия (Nannizia, қат. Eurotiales). Ауру әлемде кең таралған, дерматомикоздардың ішінде екінші орында. Жануарлар сирек ауырады.

Микротүтіктер – цитоплазманың субклеткалы, жіңішке, мембрансы жоқ ақуыздық құрылымдары. Клетканың бөліну үрдістеріне, органоидтардың клеткаішілік қозғалысына, секрецияға қатысады.

Микрофибриллдер – клетка қабығының клетка пішінін (цитоқаңқаны) сақтап тұратын компоненттері.

Микрофлора – микроағзалар флорасының жалпы атауы немесе олардың түрлерінің ұштасуы.

Микроциста – миксомицеттің өмірлік цикліндегі құрылым. Миксамебалар және зооспораларға қолайсыз жағдайларды өткеруге қызмет етеді.

Митохондрия (гр. chondrion – дән) – клетканың ультрақұрылымдың элементі – домалақ, созыңқы, таяқша тәрізді немесе бұрыс пішінді, ішкі және сыртқы мембрана мен мембраналық кеңістік – матрикстен тұрады. Клеткадағы митохондриялар саны 1-ден 100 000-ға дейін. Құрамында Кребс циклі мен электрондық-тасымалдаушы тізбектің ферменттері бар. Фотосинтезге қабілетсіз клеткалардағы АТФ-ң негізгі көзі. Митохондрияларда түзілетін АТФ ферменттер әсерінен ыдырап, ағза пайдаланатын энергияның үлкен мөлшері босап шығады.

Митохондрия кристалары (лат.crista – айдар) – митохондрияның ішкі мембранасының қыртыстары, митохондрияның ішіне айдарлар сияқты еніп, оны қатпар тәрізді бөліп тұрады., қалыңдығы 160Å-ға жуық. Кристаларда тыныс алу ферменттері шоғырланған.
Мицелийлі қабықша, тері – гифалардың 2-3мм және одан да жоғары қалыңдықты тығыз байланысы. Оның үстінде кейін жеміс денелері түзіледі. Ағаш ыдыратушы саңырауқұлақтарда кездеседі.

Мицелийлі тяждар, жіптер – бір-біріне параллельді өсетін гифалар, өзара кілегейлі затпен немесе көптеген қысқа анастомоздар арқылы жабысқан. Көп жағдайда тяждар бірегей, алайда кейде сыртқы және ішкіге бөлінген. Тяждар саңырауқұлақтың вегетативті таралуына, сондай-ақ қоректік заттар тасымалына көмектеседі.

Мицетофаг (гр.myces – саңырауқұлақ, fagos – жегіш) – саңырауқұлақтармен қоректенетін ағзалар.

Моно- (гр. monos – бір) – күрделі сөз бөлшегі, жалғыздықты, даралықты, аздықты көрсетеді.

Монофагтар – тар маманданған облигатты паразиттер (тат, күйе, т.б.), ие-өсімдіктің бір түрі немесе, тіпті бір сортында ғана дамуға қабілетті.

Мукорлы ашытқылар – мукорлы саңырауқұлақтардың клеткалары, қатпарлар бойымен ыдырауда пайда болып, бүршіктену арқылы көбейеді.

Мүше – ағзаның тек өзіне тән морфологиялық құрылымы бар, және тек өзіне ғана тән қызмет атқаратын кез-келген бөлігі.

Мукоромикоз – адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарының, өкпесінің және ішкі мүшелерінің ауруы (жалған туберкулез, инфаркттер, язва, ішек-асқазан трактінің некротикалық зақымдануы), мукор т. (Mucor) саңырауқұлақтарымен тудырылады.
1. Дәрістік сабақтар жоспары
Дәріс № 1.Кіріспе. Микроағзалар экологиясы: пәні, мазмұны, есебі.

Жоспар:

  1. Пәнге кіріспе, мақсаты, міндеті.

  2. Микроағзалар экологиясына жалпы экологиялық заңы және концепциясы.

  3. Микроағзалар жіктеулері

  4. Микроағзалар құрамы

Микроорганизмдер, микробтартек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды. Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әр түрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын Микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай Микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғаттатопырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әр түрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар Микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шауашылығын өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.

Дәріс № 2.Қоршаған орта мен абиотикалық фактордың микроағзаларға әсері.

Жоспар:

1. Температура

2. Ылғал

3. Күн сәулесі

4. Қысым


  1. рН маңызы

Француз ғалымы Ф. Рамад ластануға былайша кеңірек анықтама береді: «Ластану– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Яғни, ол адам іс әрекеті салдарынан болатын құбылыс. Бұл жағдаяттар адам денсаулығына тікелей немесе жанама түрде, ауылшаруашығы өнімдерін тұтыну немесе су басқа да биологиялық заттар арқылы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі бұл жер шарына және ғарыш кеңестігіне қатысты ластанулар.

Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады Антропеогендік латанудың қайнар көзі кез келген ағзаға зиян келтіретін өндіріс кәсіпорындарының ( химиялық, металлургиялық, құрылыс заттарын өңдеуден) әрекеттен пайда болады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады.

Табиғи ластануға вулакндық атқылаулар,сел жүруі,шаңды дауылдар, сел жүру т.с.с жатады.

Ластану химиялық, физикалық, биологиялық болып бөлінеді. Жалпы ластану өз кезегінде өңірлік, аудандық және де ғаламдық деп те қарастырылады.

Қазіргі даму барысына қарай жаңа технология жетістіктері табиғаттқа орсан зиян келтіруде. Осыған байланыс ты ғалымдар өңірлік және ғаламдық масштабта ластану себептеріне төмендегілерді жатқызады.

Күкірт диоксиді ( бұл процесте яғни күкірт диоксидін алу барысында атмосфераға күкірт қышқылы және сульфаты салдарынан топырақ пен бөгендерге орасан зиян келеді);

Ауыр метал өңдеуде , әсіресе қорғасын, кадми, сынап балқыту;

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіргенде теңіз және мұхиттарда;

Көміртегі оксиді мен азот окидін алуда.

Көрсетілген тізімде радионуклеин және радиоактивті заттар араласқан, яғни бұлар адам ағзасына өте зиян, өзіміз білетіндей Хиросима, Нагосаки, Чернобыль атом сынақтары адам өмірі мен экожүйеге айтарлықтай салдарын тигізді. Диоксиндер өте қауіпті ластану түрі.













2001 жылдың 23 мамырында Стокгольмде конвенция қабылданды. Яғни басты мақсат 12 тұрақты концерогенді және уландырғыш заттарды пайданалу барысына шек қою. Нарықтық тоқталатын болсақ: алдрин, гептохлор, ДДТ, диэлдрин, хлордан, мирекс, токсафен, гекахлор-бензол, полихлорирование, бифенол, хлор, және фурандар. Конвенцияға әлемнің 100 мемлекеті қол қойған.

Сондай-ақ, ластану түрлеріне кез келген анторпогендік экожүйеге әсер ететін өзгерістер жатады:

Ингредиенттік ластану (минерладық және органикалық)

Параметрлік ластану (радиациялық және электормагниттік)

Биоценотикалды ластану (тірі ағзалардың қалыпты жағдайына нұқсан келтіру) Стациалды- деструкционалдық ластану ( табиғатты пайдалану барысындағы экожүйенің ланшафты ластануы)

Адам әрекеті салдарынан биосфераның жекелеген компонеттері

(атмосфера, гидросфера, литосфера және биологиялық қоғамдастық) өлшеусіз ластану деңгейінде. Қазіргі таңда жер ғаламшарының жағдайы әлемдік деңгейде экологиялық тқырау үстінде. Әсіресе, ингредиенттік және параметрлік ластанудың тек сандық көрсеткіші ғана емес сонымен қатар сапалық көрсеткіші де күн санап өсуде. Осы әсерлердің негативті тенденцияларынан адам және биосфераға төменде өңірлік және ғаламдық сипаттама көрсетілген.


Қоршаған ортаның ластануы

Параметрлік

Стациалды- деструкционалдық

органикалық

Басқалары

Улы химикаттар мен тыңайтқыштар

Қауымдастық балансының бұзылуы

Топырақтың құрғауы

Жер эрозиясы

Тынышсыздықтың кешенді факторы

Әр түрлі тұрмыстық қалдықтар

Шахталық қайырмалар мен террикондар

миниралдық

Биоценотикалық

Ингредиенттік

Химиялық өндіріс қалдықтары

Мұнай өңдеужәне мұнай өнімдері

















  1. Азық-түлік өндірісі қалдықтары

    Металлургиялық қалдықтар



Урбандалу

Орманның және даланың өртенуі

Жол құрылысы

Микробиологиялық препараттар


ҚР қоршаған ортасы ластануының негізгі проблемалары

Экологиялық ахуал дамудың негізгі факторына айналып, мемлекеттің саясат және экономика секторларының игі әсерлері үшін негізгі рол атқаруда . Үшінші мыңжылдықта әлем барынша жылдам өзгеріп,, мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау барысына аса мән беруде.

ТМД құрамындағы елдердің экономикасына дамыған мемлекеттердің экологиялық стандарттары кіріктірілуде.

Қазба байлықтарына толы мемлекетіміздің табиғи ресурстарын пайдалану арқылы ел экономикасын шапшаң қарқынмен дамытуда қоршаған ортаның мәселелелрін шешетін білікті де білімді мамандарды дарялау қажеттігі туындайды.

Қазіргі таңдағы Қазақстан экологиялық проблемасы күрделі және алуан түрлі сондай ақ, аумақтық дифференциялды. Атмосфераға тұрақты қайнар көздердің зиянды заттары жайлы сұрақтар бойынша мемлекетіміз көшбасшы 3 те тұр , яғни Ресей және Украин мемлекеттерінен кейін. Ағын судың ластануының көлемі бойынша да сол 3 тік қатарында , бірақ 2005 жылдан бері Әзербайжандықтарға жол берді.
Дәріс № 3.Қоршаған ортаның биотикалық факторы және микроағзалары.

Жоспар:

1. Микроағзалармен жануарлардың қарым -қатынасы

2. Микроағзалармен өсімдіктердің байланысы

3.Микроағзалар арасындағы қарым-қатынас



МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУДА ҚОЛДАНУ
Эпифит микроорганизмдер. Жасыл өсімдіктердің органдарының сыртында орналасқан микроорганизмдерді – эпифит микроорганизмдер деп атайды. Эпифит микроорганзмдер өсімдіктер өсетін ортада, оның ішінде топырақта тіршілік етеді. Өсімдіктердің тамырында мекендеген бірқатар бактериялар мен саңырауқұлақтар бірте-бірте өсімдіктердің жапырағы мен сабағына ауысып, сонда тіршілік етіп, өсіп-дами алады. Эпифит микроорганизмдердің саны тұрақты болмайды. Олар жыл маусымның ылғалды және жылы кезеңдерінде көбірек болады. Сонымен қатар, эпифит микроорганизмдер кейбір өсімдіктерде көп кездеседі. Эпифит микроорганизмдердің ішіндегі ең көп тарағандары – спора түзбейтін таяқша бактериялар. Олар өсімдіктердің вегетативтік органдарынан бөлінетін заттармен қоректенеді. Эпифит микроорганизмдердің ішінде сүт қышқылы бактериялары, ішек таяқшасы, зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтардың мөлшері аз болады.
әдетте бұл микроорганиззмдер тек қана белгілі бір мехникалық әсерден бүлінген өсімдіктердің клеткаларында тіршілік етеді. Жасыл өсімдіктермен қатар эпифит микроорганизмдер пішенде, басқа азықтарда, дәндерде кездеседі. Бірақ микроорганизмдердің дұрыс тіршілік етуі үшін ылғал қажет. Сондықтан көптеген ылғалды азықтарды сақтау үшін арнаулы әдістер қолданылады. Оларға жемшөпті кептіру, сүрлеу, химиялық жолдармен консервілеу т.б.жатады.
Мал азығын кептіру арқылы сақтау. Көк шөпті және басқа да азықтарды кептіргенде ылғалы азаяды, соның әсерінен микроорганизмдер тіршілігі тежеледі. Егер жаңа шабылған шөпте 70-80% ылғал болса, одан даярланған пішенде небәрі 12-16 проценттей ылғал қалады. Ылғалдың мұндай мөлшері микроорганизмдер тіршілігіне жеткіліксіз. Әдетте шөптегі микробтар тек ылғал жеткілікті болғанда ғана әрекет ете алады.
Алдымен шабылған шөпті далада кептіріп, шөмелеп, содан кейін маяға салады. Соның нәтижесінде ондағы қанттар, белок заттары және витаминдер біршама тәуір сақталады.
Түрлі дәндерді сақтауға түрліше жағдай керек. Әсіресе температура мен ылғалдың маңызы зор. Мәселен, ылғалы 14 проценттен төмен дән температура – 30 градустан аспаса ұзақ уақыт сақталады. Егер ылғал 17 проценттей болса дән қызып, бүлінеді. Дән ылғалы 19 проценттен артқанда, температура +100 болса да, бактериялар мен зең саңырауқұлақтар өсіп-дами алады.
Эпифит микроорганизмдердің әсерінен ылғал шөп пен дәнде температура +70-80 градусқа дейін көтеріледі. Мұны өздігінен қызу немесе термогенез деп атайды. Әдетте термогенез құбылысы шөпке немесе дәнге ауа енгенде күшейе түседі. Өсімдіктер өздігінен қызғанда микроорганизмдердің топтары алмасады. Алғашында мезофиль микроорганизмдер тіршілік етеді. Оларға көбінесе сапрофит, шіріту бактериялары және басқа ауру қоздырушы (патоген) микроорганизмдер жатады. Температура көтеріліп, +70-80 градусқа жеткенде тіршілік ететін термофиль микроорганизмдер жанданады. Оған актиномицеттердің де бірқатар түрлері жатады.
Жақсылап нығыздалған маядағы шөптің өздігінен қызуы кейде оның қарайып, үгілуіне, тіпті жанып та кетуіне әкеліп соқтырады. Әрине қарайын,үгілгенде температура +90 градусқа көтеріледі. Мұндай жағдайда микроорганизмдер тіршілігі тоқталады да, тек химиялық процестер жүреді.
Мал азығын сүрлеу. Сүрлеу дегеніміз – микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және сақтау.
Әдетте жемшөпті сүрлеудің шаруашылықта зор маңызы бар. Біріншіден, шырынды балғын шөпті ауа райының кез-келген жағдайында жинап алуға мүмкіндік береді. Пішенге арнап жинаған шөпке қарағанда (40%), сүрлеу процесі шөптегі қоректік заттардың шығынын көп кемітеді (5-10%). Сүрленген шөптегі қоректік заттар бастапқы мөлшерінен кемімейді. Сонымен қатар оның ұнамды исі малдардың сүйсініп жеуіне себепші болады. Соның нәтижесінде мал өнімдері молайып, салмағы артады.
Сүрлемнің қышқылды келуі онда органикалық қышқылдың болуымен байланысты. Әдетте сүрлемде 1,0-2,5 проценттей қышқыл болады. Кейде онда спирт те кездеседі. Сапалы сүрлемде сүт қышқылы, сірке қышқылына қарағанда, екі-үш еседей көп болады.
Азықтың ұзақ уақыт бұзылмай сақталуы, көбінесе сүт қышқылының болуына байланысты. Сүрлемдегі сүт қышқылы, сүт қышқылы бактерияларының әрекетінен пайда болады. Сондықтан сүрленетін жемшөпте сүт қышқылы бактерияларының тіршілігіне қолайлы жағдай туғызу жемшөпті сүрлеу технологиясына байланысты. Ол үшін жемшөпті сүрлеу барысында ауаның оған келуін тоқтатып жабу қажет. Сонда ғана өсімдік шырынындағы сүт қышқыл бактериялары сүт қышқылын тез арада және жеткілікті мөлшерде түзе алады.
Сүрлем даярлаудың екі әдісі бар: салқын және ыстық әдіспен сүрлеу. Салқын жемшөпті сүрлегенде, сүрлем температурасы +90-35 градустан аспайды. Ол үшін өсімдікті шауып, ұсақтап турап, сүрлем траншеяға салып, әбден нығыздайды. Үстінен ауа енбейтіндей етіп, оны жабады. Осындай жағдайда өсімдіктер шырынынан бөлінген қантпен көбінесе сүт қышқылы бактериялары қоректеніп, органикалық қышқылдар түзеді. Технологиялық ережелер дұрыс сақталып даярланған сүрлемде сүт қышқылы мен қатар сірке қышқылы да жиналатыны анықталған. Бұл қышқыл да азықты консервілеуге қатысады. Әдетте сапалы сүрлеме сірке қышқылы бактериялары тіршілік ете алмайды. Олар аэробты организмдер. Ал сүрлемді сірке қышқылы сүт қышқылы бактерияларының гетероферментативті топтарының тіршілік әрекетінен пайда болады. Салқын әдіспен даярланған сүрлем 8-10 күн ішінде даяр болады. Оның түсі жасыл сары, иісі тұздалған овощ немесе жемістің иісіндей болады. Мал оны аса сүйсініп жейді.
Жемшөпті ыстық әдіспен сүрлегенде сүрлем траншеяға бірден толтырылмайды. Алдымен жемшөпті қылыңдығын 1,5 метр етіп салады да, бір-екі күндей нығыздамай сол күйінде қалдырады. Ішінде ауа қалғандықтан мұндай шөпте күрделі микробиологиялық және ферментативтік процестер жүреді, соның нәтижесінде оның температурасы +45-50 градусқа дейін жоғарылайды. Бұдан кейін сол шөптің үстіне тағы да сондай қалыңдықта жас шөп салады. Сол кезде салынған шөп салмағынан төменгі қабаттағы ауа жоғары көтеріледі де соңғы салған шөпті қыздыра бастайды. Міне, осылай қабат-қабат етіп жемшөппен сүрлем құрлысын толтырады. Сүрлемнің беткі қабатын жақсылап нығыздаған соң ауа бармайтындай етіп, оны жабады. Ыстық әдіспен даярланған сүрлемнің иісі ұнамды болғанымен жұғымдылығы айтарлықтай емес. Өте жоғары температурада азықтағы амин қышқылдары мен қанттар қосылап меланоид деп аталатын, мал организіміне жұқпайтын зат түзіледі. Сондықтан қазір бұл әдісті шаруашылықта қолданбайды. Бірақ осы әдіспен сабағы жуан өсімдіктерді сүрлеуге болады, өйткені олар қызып, жақсы жұмсарады.
Қанта минимумы теориясы жөнінде мәлімет. Сүт қышқылы бактерияларныңы тіршілік әрекеті нәтижесінде өсімдік қантынан сүт қышқылы түзіледі. Сондықтан сүрленетін шөп шырынды қажетті мөлшерде қант болуы тиіс. Сүт қышқылы ашу процесі барысында сүрлемде едәуір мөлшерде (1,5-2 процент) органикалық қышқылдар пайда болады және олардың көмегімен сүрлем ашиды, ұзақ бұзылмай сақталады. Мұнда сутегі ионы концентрациясының көрсеткіші – рН-тың маңызы зор.

рН-7-ге тең болса орта нейтральды, ал одан артық болса сілтті, аз болса қышқылды болады. Сапалы сүрлемдегі рН көрсеткіші 4,0-4,2 тең болады.


Кейбір өсімдіктерден даярланған сүрлемде қышқыл мөлшері аз болады. Мәселен, бедеден даярланған сүрлемдегі сүт қышқылының мөлшері небәрі 0,57 процент, ал бұған керісінше қантақа бай жүгері сүрлемінде оның мөлшері 0,9-1,0 процентке жетеді. Сүт қышқылы аз түзілетін беде, жоңышқа, мия тағы басқа өсімдіктердің құрамында қант мөлшері аз болады да түзілген сүт қышқылын байланыстырып, оны нейтрльдайтын заттар көп болады. Бұларға белок және минерал тұздар жатады. Олдарды буфер заттары деп атайды. Сүрленетін өсімдіктер құрамында осы заттар неғұрлым көп болса, өсімдіктерді консервілеуге керекті сүт қышқылын соғұрлым көп қажет етеді. Ал сүт қышқылы негізінен қанттан түзілетіндіктен оның өсімдіктердегі мөлшері де мол болуы шарт. Сүрлем теориясы жөніндегі отанымыздың көрнекті маманы проф. А. А. Зубрилин осы мәселені дәйекті түрде зерттей отырып, өзінің «қант минимумы» теориясын ұсынды. Ғалымның анықтауы бойынша сүрленетін жемшөпте рН-ты 4,2-ге жеткізуді қамтамасыз ететін сүт қышқылының түзілуіне қажетті қанттың проценттік мөлшерін «қант минимумы» деп атады. Бұл теория өсімдіктер сүрленгіштігін алдын ала анықтаудың негізі бр құралы болып табылады. Осы теория бойынша, құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты (сүрленгіштік дәрежесіне қарай) өсімдіктер үш топқа бөлінеді.
Оңай сүрленетін өсімдіктер. Бұл өсімдіктердегі қант мөлшері, сүрлемге қажетті қышқыл түзуге керекті қант мөлшерінен әлдеқайда көп болады. Екінші сөзбен айтқанда, бұл азықтардағы қант мөлшері «қант минимумынан» артық. Оларға: жүгері, сорго, судан шөбі, күнбағыс, капуста, қарбыз, сұлы т.б. жатады.
Сүрленуі қиын өсімдіктер. Мұнда сүрлемге қажетті сүт қышқылы түзілетін қант мөлшері өсімдіктердің сүрленуіне жеткілікті ғана болады. Оларға: сиыржоңышқа,
 Дәріс № 4. Микроб процессі қоршаған орта биотехнологиясында

Жоспар:

1. Биобұзылуы.

2.Органикалық қалдықтың биологиялық өнделуі.

3.Ластанған топырақ және грунтбиоремедиациясы



Вирус, биологияда – нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен белоктық қабықтан тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қабілеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты (латынша vіrus – у деген ұғымды білдіреді) 1892 ж. орыс ғалымы Дмитрий Ивановский ашты. Вирус терминін 1899 ж. ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 ж. америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 ж. америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, т.б.). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы «іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады. 

Дәріс № 5. Адам және микроағзалар

Жоспар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет