Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет15/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137
geront sd kz

Жара ауруының жіктемесі
I. Аурудың түрі бойынша
а) алғаш анықталған;
б) рецидивтеуші.
II. Жараның орналасуы бойынша
а) асқазанда:

  • медиогастральдік (денесінің, кіші және үлкен иіннің);

  • антральдік;

  • пилорикалық каналдың.

б) ұлтабардың (бульбарлық, постбульбарлық).
III. Үдерістің фазасы:
а) өршу (жаралы ойықтық және асқазанда немесе ұлтабарда қабыну белгілерінің болу кезі);
б) басыла келген өршу жара жазылып бітелген, бірақ қабыну белгілері жойылмаған кез);
в) ремиссия (жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған кез).
IV. Аурудың ағымына қарай:
а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);
б) жеңіл (өршуі жылына 2 рет);
в) жеңіл (өршуі 1-2 жылда 1 рет немесе одан да сирек);
г) латентті (клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе эндоскопия жасағанда анықталатын жара).
V. Секрециялық функциясына қарай:
а) жоғары;
б) қалыпты;
в) төмен;
г) ахлогидрия.
VI. Асқынулары:
а) қан кету;
б) пенетрация;
в) перфорация;
г) тыртықтық деформация;
д) пилородуоденальдік бөліктің стенозы:

  • компенсацияланған;

  • субкомпенсацияланған;

  • декомпенсацияланған;

е) малигнизация (ойық жара обырға айналуы).


Клиникалық көрінісі.
Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу ерекшелігіне және асқынуларының болу-болмауына тәуелді. Жара ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:

  • ауырсынулық (жараның орналасуына байланысты ерекшеліктерімен);

  • асқазандық диспепсия;

  • ішектік диспепсия;

  • астеновегетативтік;

  • жаралы кемістік синдромы;

  • асқынулар синдромы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет