ЖҰмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет22/22
Дата20.06.2016
өлшемі1.86 Mb.
#150793
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

1. 25 Тақырып: Аралық бақылау (коллоквиум) 15- апта « Науқасқа үй жағдайында күтім жасау ерекшелігі».

2. Мақсаты: Геронтология, гериатрия пәні бойынша студенттердің білім деңгейін тексеру. Қорытынды кеңес беру.
3. Тапсырма:

  1. Қартаю критетийлері.

  2. Қартаю үдерістің кезеңдері.

  3. Қартаю кезінде қзгерістер.

  4. Жасушалардың қартаю түрлері.

  5. Патологияға байланысты өзгешеліктері.

  6. Ер және әйел адамдардағы қартаюдың ерекшеліктері.

  7. Қарттарға үйде және стационарда медициналық көмек көрсетуді машықтандыру.

  8. Гериатрияда кәсіптік этика және деонтология принциптерін үйрету.

  9. Атрофиланған және қантамыр ауруларындағы психикалық өзгерістер.



4. Орындау түрі:

- Тәжірибелік дағдылау, тесттер



5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):
Орындау критерилері:

  1. Жазылған реферат сабақ тақырыбы бойынша өзіндік мәліметпен қамтылған;

  2. Тақырыптың презентациясы және мазмұны толық және көркем болуы керек;

  3. Әдістемелік нұсқаулардағы шешілген тесттер мен ситуациялық есептердің дұрыстығы;

  4. Өзіндік тесттер мен ситуациялық есептердің сауатты түрде құрастырылуы;

  5. СӨЖ- дің сауатты жазылғанын рецензиясы;

  6. Студенттердің, дәрігердің пациентпен және бейне, бейне- аудио басылымдары;

  7. Меңгерген коммуникативті дағдылар жазылған күнделік арнау;

  8. Әр тақырыпқа қатысты индивидуалды өз ойын жазуы;

  9. Рольдік ойындар қойылымы;

Студентпен өзіндік жұмыстың орындалу сипаты: 1-3 пуектегі 1- пункт, 4-9 пунктен – 1.


Бағалау критерилері: Терапия бакавриат кафедрасында «Мейірбике ісі» 051101 ГОСО ҚР 5.03.006-2006 кезінде өңделген баллдық- рейтингтен әріптік жүйе бойынша анықталады.



1.

Рефератты дайындау және қорғау

Өте жақсы

Реферат тиянақты дайындалған және белгіленген уақытта тапсырылды, өздігінен 10 беттен кем емес, 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданып жазылған. Рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқымай, мәтінін айтып берді. Берілген барлық сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап берді.




Жақсы

Реферат тиянақты дайындалған және белгіленген уақытта тапсырылды, өздігінен 10 беттен кем емес, 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданып жазылған. Рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқымай, мәтінін айтып берді. Сұрақтарға жауап беруде принципті емес қателіктер жіберілді.




Қанағаттанарлық

Реферат тиянақты дайындалған және белгіленген уақытта тапсырылды, өздігінен 10 беттен кем емес, 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданып жазылған.Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқиды. Сұрақтарға сенімсіз жауап береді, принципті қателіктер жіберді.




Қанағаттанарлықсыз

Реферат тиянақты емес және белгіленген уақытта тапсырылмады, өздігінен 10 беттен кем, 5-тен төмен әдебиет көздерін қолданып жазылған. Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқиды. Сұрақтарға жауап беруде дөрекі қателіктер жіберілді.

2.

Тақырыптың презентациясы

Өте жақсы

Презентация белгіленген уақытта, өз бетінше дайындалған, көлемі 20 слайдтан тұрады. 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданылған. Слайдтар құрамды және мәнді.Автор қорғау барысында тақырыб бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарға жауап беруде қателіктер жіберілмеді.







Жақсы


Презентация белгіленген уақытта, өз бетінше дайындалған, көлемі 20 слайдтан тұрады. 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданылған. Слайдтар құрамды және мәнді.Автор қорғау барысында тақырыб бойынша жақсы білімін көрсете білді. Сұрақтарға жауап беруде өзі түзету жүргізген принципті емес қателіктер жіберілді.







Қанағаттанарлық

Презентация белгіленген уақытта, өз бетінше дайындалған, көлемі 20 слайдтан тұрады. 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданылған. Слайдтар құрамды емес. Автор сұраққа жауап беру барысында принципті қателіктер жіберілді.







Қанағаттанарлықсыз




3.

Тестілік тапсырмалар дайындау

Өте жақсы

Тест сұрақтары 10 сұрақтан тұрады. Белгіленген уақытта тапсырылды. Тесттің мазмұны негізсіз,сұрақ анық қойылған.Жауаптың нұсқалары біртекті және адекватты. Жауаптардың алгоритмдері бар. Жауаптары дұрыс белгіленген.







Жақсы


Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытта тапсырылды. Тесттің мазмұны негізді, сұрақтар айқын қойылған. Жауаптардың нұсқалары біртекті емес. Жауаптардың алгоритмдері енгізілген. Дұрыс жауаптары белгіленген.







Қанағаттанарлық

Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытта тапсырылды. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақтар айқын қойылмаған. Жауаптардың нұсқалары біртекті емес. Жауаптардың алгоритмдері енгізілмеген. Дұрыс жауаптары белгіленбеген.







Қанағаттанарлықсыз

Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақтар айқын қойылмаған. Жауаптардың нұсқалары біртекті емес. Жауаптардың алгоритмдері енгізілмеген. Дұрыс жауаптардың 50% -нан көбі белгіленбеген.

-«өте жақсы» бағасы 1,5 балға сәйкес, яғни ол студенттің СӨЖ тақырыбын толық меңгергенін, еш қателік жібермегенін, СӨЖ уақытылы тапсырғанын, сонымен қатар тапсырмаларды орындап, өз уақытымен , қателіксіз тапсырғанын, өз бетінше қосымша әдебиеттер қолданғанын, бағдарлама материалдарын өз бетінше жүйелей алғанын көрсетеді.

- «жақсы» бағасы 1,2 балға сәйкес, яғни ол студенттің СӨЖ тақырыбын 75%- дан кем емес меңгеріп, соған қарамастан қатаң қателіктер жібергенін, СӨЖ уақытылы еш ескертусіз орындап тапсырғанын, тапсырманы уақытылы ескертусіз орындағанын, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиеттерді қолданғанын, студенттің өздігімен түзетілген принципиалды емес қателіктердің жібергенін, бадарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйеленгенін көрсетеді.

- «қанағаттанарлық» баға 0,8 балға сәйкес, яғни ол, студент СӨЖ тақырыбын 50%- дан төмен емес меңгергенін, жұмысты орындау барысында оқытушының көмегін қажет еткенін, жұмысын уақытылы орындап тапсырғанын, жұмысты тапсыру кезінде принципиалды емес қателіктердің жібергенін, жұмысқа белсенділік танытпағанын, материалды жүйелеуде қиындықтар сезінгенін көрсетеді.

- «қанағаттанарлықсыз» баға 0- сәйкес, ол яғни, студент СӨЖ тақырыбын 50%- дан төмен меңгергенін, СӨЖ тақырыбы бойынша білімінің нашарлағанын, жұмыста және жауаптарында принципиалды қателіктердің жібергенін, тапсврманы орындамағаны, жұмысты мерзімінен кейін тапсырғанын, әдістемелік нұсқауларда барлық негізгі әдебиеттерді қолданбағанын көрсетеді.

6. Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспар бойынша 15 сабақтан кешікпеу керек.
7. Әдебиетер:

Негізгі


  1. С. А. Филатова «Геронтология» Ростов на Дону, Феникс, 2005 .

  2. Ж.Е. Турчина «Сестринское дело в гериатрии»

  3. А.Б Погодина., А.Х. Газимов «Основы геронтологии и гериатрии» Ростов на Дону, Феникс, 2007.

  4. Актуальные вопросы геронтологии и гериатрии /Под редакцией Л.И. Кательницкой. – Ростов н/Д, 2007.

  5. Р.С. Яцемирской «Социальная геронтология» под ред., М., Владос., 1999

6. Е.Н. Хрисофанова «Основы геронтологии». М., Владос., 1999
Қосымша

1. Л.И. Дворецкий Пожилой больной. – М.: Русский врач, 2001.

2. Л.М. Анциферова «Психология старости: особенности развития личности в период поздней

взрослости», Психологический журнал,2001 № 3, стр. 86-89

3. В.Альперович «Социальная геронтология», Ростов на Дону Феникс, 1997.

4. В.И. Западнюк «Гериатрическая фармакология». – Киев: Здоровье,1977



5. Н. Ярошенко «Советы американских врачей. Как оставаться молодым. СПБ., 2001.
8. Бақылау:
Қорытынды бақылау сұрақтары


  • Геронтология және гериатрия, анықтама, геронтологияның бөлімдері.

  • Қартаю, анықтама, қартаю уақыты.

  • Физиологиялық жүйелердің жасқа қарай өзгерістері.

  • Табиғи және алдын ала қартаюдың сипаттамасы. Өмір сүру ұзақтығы.

  • Қартаюдың жалпы қағидалары мен теориялары.

  • Қартаюдың молекулярлы және жасушалық механизмдері.

  • Дәрілік заттардың организмдегі үлестірілуі.

  • Дәрмектік терапияның негізгі қағидалары.

  • Қартаю кезінде тыныс алу жүйесінде дамитын өзгерістер.

  • Сыртқы тыныс алу функциясының жасқа қарай өзгерістері.

  • Егде жастағы жіті бронхиттің негізгі клиникалық белгілері.

  • Созылмалы бронхиттің жіктемесі.

  • Жіті және созылмалы бронхиттің емдеу қағидалары.

  • Өкпе эмфиземасының анықтамасы.

  • Өкпе эмфиземасының негізгі патогенетикалық механизмдері.

  • Өкпе эмфиземасының негізгі қауіп факторлары.

  • Өкпе эмфиземасы кезіндегі қарау, пальпация, перкуссия, аускультациия нәтижелері.

  • Өкпе эмфиземасының емі.

  • Өкпе эмфиземасын алдын алу шаралары.

  • Өкпе эмфиземасы кезіндегі күтім.

  • Тыныс жетіспеушілігінің анықтамасы.

  • Егде жастағы жүрек қан тамыр жүйесіндегі өзгерістер.

  • Тамырлардың морфологиялық өзгерістері.

  • Гемодинамиканың ерекшеліктері.

  • Қарт адамдарда миокардтың жиырылу қабылетінің ерекшеліктері.

  • Қарт адамдарда миокардтың биоэлектрлы белсенділігінің ерекшеліктері.

  • Қарт адамдардың физикалық жүктемеге реакция ерекшеліктері.

  • Қарт адамдардың жүрек қан тамыр жүйесі аурулары кезіндегі шағымдары.

  • Жүрек маңының пальпациясы.

  • Қарт адамдарда пульсті анықтау.

  • Қарт адамдарда артериялық қан қысымын анықтау.

  • Қарт адамдардағы артериалды гипертензия ерекшеліктері.

  • Қарт адамдардағы артериалды гипертензияның даму механизмдері.

  • Қарт адамдардағы артериалды гипертензияның диагностикасы мен клиникасы.

  • Қарт адамдардағы гипотензивті терапияның ерекшеліктері.

  • Атеросклероздың қауіп факторлары.

  • Атеросклероздың анықтамасы.

  • Тамырлардағы атеросклероздық зақымдалулардың негізгі орналасу аймақтары.

  • Статиндердің негізгі топтары.

  • Атеросклерозды негізгі анықтау әдістері.

  • Атеросклероздың клиникалық ерекшеліктері.

  • Қарт адамдардың атеросклероз кезіндегі шағымдары.

  • Ас қорыту жүйесі ауруларының себептері.

  • Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі өзгерістер.

  • Асқазан функциясының бұзылыстары.

  • Асқазан секрециясының бұзылыстар түрлері.

  • Гиперкинезия анықтамасы.

  • Гипокинезия анықтамасы.

  • Ішектер қызметінің бұзылыстары.

  • Өңештің жасқа қарай өзгерістері.

  • Асқазан шырышты қабатының жасқа қарай өзгерістері.

  • Ішектің жасқа қарай өзгерістері.

  • Гастриттің анықтамасы.

  • Гастриттің себептері.

  • Гастрит кезінде шағымдары.

  • Гастриттің асқынулары.

  • Гастритті алдын алу шаралары.

  • Созылмалы колиттің анықтамасы.

  • Созылмалы колиттің патогенезі.

  • Колиттің клиникалық ағымы.

  • Созылмалы пиелонефриттің себептері.

  • Жіті және созылмалы пиелонефриттің даму механизмдері.

  • Пиелонефриттің жіктемесі.

  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің даму механизмі.

  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне алып келетін аурулар.

  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің себептері.

  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің емі.

  • Пиелонефриттің ажыратпалы диагностикасы.

  • Пиелонефриттің емі.

  • Пиелонефриттің негізгі диагностикалық критерийлері.

  • Психикалық статусты зерттеудің экспресс-әдістері.

  • Стрессті жою әдістері.

  • Альцгеймер ауруының анықтамасы.

  • Инсульт кезіндегі күту ерекшеліктері.

  • Реабилитация анықтамасы.

  • Реабилитация түрлері.

  • Ұзақ өмір сүрудің анықтамасы.

  • Өмірді ұзарту жолдары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет