Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет21/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
med is neg 2k kz (1)

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;
- жеке ЕПҰ бағыттары;
- ЕПҰ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;
- медбикенің күкығы мен міндеттері;


10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:

Мейірбике процесі бұл қазіргі кездегі мейірбикелер ісінің модельдер негізінің түсінігі. Мейірбикелер ісі бойынша оқыту стандартының талабына сәйкес, мейірбике процесі- бұл науқасты күтуді ұйымдастыру әдісі және науқасты мейірбикелік күтуді орындауға және адамның , отбасының, қоғамның, физикалық, психологиялық және әлеуметтік талабын қанағаттандыруға бағытталған шара.


Мейірбикелердің қызметі науқасты дұрыс қарауға және денсаулығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған. Ол үшін мейірбике науқасты жеке жан-жақты қарап, өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана науқас уақытына сәйкес сырқатынан жазылады, ал ол мейірбикелердің әлеуметтік мәртебесін және қоғамдағы абыройын жоғарылатады. Мейірбикелер науқастың алып жатқан әр түрлі ем – шараларына ағзаның беретін жауап реакциясын бақылауы керек және жасалып жатқан шаралар туралы науқастың да пікірін тыңдағаны дұрыс. Мейірбике процесін жүргізуде ең әуелі өзін-өзі бақылауы тиісті және алға қойған мақсатына жеткенін мейірбикенің өзі анықтайды. Мысалы, мейірбике науқасқа ауыратын жерін басатын дәрі салды делік, арада шамалы уақыт өткен соң мейірбике міндетті түрде, оның нәтижесін бақылауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет