Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері»



бет23/54
Дата28.05.2022
өлшемі267.34 Kb.
#458751
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Основы-сестринского-дела-силлабус-рабочая-программа-каз-рус 2

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Кафедраның мекен – жайы: 1 мамыр көшесі, Травматологиялық бөлімше №1 бас ғимараты, 2 қабат. Электрондық пошта sestrinskoe_delo@mail.ru Телефон: 408222, 23-01.


ПӘННІҢ САЯСАТЫ:
Кафедраның қызметі: сапалы білімді арттыру үшін жағдай жасауға, оптимальді шығындану кезінде сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз етудің арқасында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыздандыру, білім қызмет сапасын жақсарту процессіне қызметкерлердің барлығын қатыстыру, студенттердің шығармашылық белсенділігін мотивациялау, білім алу үшін қажетті жағдайды жасау, білім беру процессіне инновациялы технологияларды ендіруге бағытталған.
Ішкі тәртіп ережелері:
Пәндә өту кезінде студент:

  • Медициналық халат, қалпақ, хирургиялық форма, маска, алмастыратын аяқ киім және санитарлық кітапша (ОҚМФА медициналық пунктте санитарлық кітапшаны алу жайлы кеңесіңіз) алып келуі керек;

  • Оқу бағдарламасына сәйкес барлық тапсырмаларды уақтылы орындау және сабаққа қатысуы қажет;

  • СҒЗЖ қатысу және басылымға материалдар жинауы қажет;

  • Конференцияларда баяндамамен белсенді қатысуы қажет;

  • Академия иелігіндегі заттарын ұқыптылық пен және абайлықпен қолдануы (оқу құралдары, кітаптар, жихаз, приборлар) қажет;

  • Академия иелігіндегі заттарға зиян келтірген студенттер материалдық жауапкершілікке тартылады;

  • Академияда және клиникаларда тәртіпті және таза жүруі қажет.

Оқытушы аудиторияға кіргенде студенттер орнынан тұрып амандасуы қажет. Оқытушы аудиторияға кіргенде кешіккен студенттер үзіліске дейін аудиторияға кірмейді .Белгілі себепке байланысты сабаққа келмеген студент келесі күннен кешіктірмей старостаға немесе деканатқа хабарлауы қажет.
Егер студент бірден 2 сабақ қалып қойса, кафедра меңгерушісінің рұқсатынсыз, ал 3 сабақты жіберсе, деканаттың рұқсатынсыз келесі сабаққа жіберілмейді; студент сабаққа 10 минуттан астам уақыт кешіксе сабаққа қатысуына рұқсат берілмейді және педагогикалық журналға «болған жоқ» деп тіркеледі. Себепсіз қалған сабақтарын өтегеннен кейін шыққан баллды 0,8 коэффициентіне көбейтеді. Бағалау балдық – рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес орындалады.
ЕСКЕРТУЛЕР:

  1. СҒЗЖ жүргізу және мақалаларды дайындау жұмыстарының нәтижесі бойынша – жиналған баллға 2 балл қосылады.

  2. Баяндама мен конференцияда белсенді қатысқаны үшін - 3 балл қосылады.

  3. Үш сабаққа қатар кешіккенінде – 1 балл кемітіледі.

  4. Себепсіз үш сабақты жібергені үшін – 1 балл кемітіледі.

  5. Себепсіз қалған сабақтарын өтегеннен кейін шыққан баллды 0,8 коэффициенттіне көбейтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет