Жабындық және гидроизоляциялық материалдар



бет1/10
Дата10.01.2023
өлшемі3.87 Mb.
#468251
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
lektsia 13 - 25 04 13

Жабындық және гидроизоляциялық материалдар

Ғимараттың ұзақ мерзімділігі көп жағдайда шатырдың сапасына байланысты.

  • Ғимараттың ұзақ мерзімділігі көп жағдайда шатырдың сапасына байланысты.
  • Эстакадалар, көпірлер, құбырлар сияқты инженерлік жүйелерден басқа барлық тұрмыстық, өндірістік, ауыл-шаруашылық және т.б. ғимараттар шатырды, яғни шатырлық жұмыстарды қажет етеді
  • Шатыр температура, күн сәулесі, жауын-шашындар, жел және өндірістік кәсіпорындардан шығатын зиянды заттардың әсерлеріне шыдауы керек
  • Шатыр үшін әртүрлі табиғи және жасанды минералды және органикалық материалдар қолданылады

Шатырлық материалдарды шартты түрде қолданылатын шикі зат түріне, байланыстырғыш заттың түріне, құрылымына, пішініне және сыртқы көрінісіне байланысты жіктейді

  • Шатырлық материалдарды шартты түрде қолданылатын шикі зат түріне, байланыстырғыш заттың түріне, құрылымына, пішініне және сыртқы көрінісіне байланысты жіктейді
  • Шикі зат түріне байланысты шатырлық материалдар келесі түрлерге бөлінеді:
  • органикалық (мысалы, рубероид, ағаш тақташалар);
  • минералдық (асбестцемент парақтары мен тақташалары, сазды черепица).
  • Байланыстырғыш заттың түріне байланысты шатырлық материалдар төмендегі түрлерге бөлінеді:
  • - битумды орамалы материалдар (пергамин, рубероид);
  • - қарамайлық (шатырлық және гидрооқшаулағыш толь);
  • - битум-полимерлік (эмульсия);
  • - гудрокамдық (орама материалдар РГМ-420 и РГМ-350);
  • - қарамай-битумдық.

Құрылымы бойынша :

  • Құрылымы бойынша :
  • - жабынды (ірі түйіршекті және ұсақ түйіршекті себілмелері бар шатырлық рубероид және т.б.);
  • - жабынсыз (гидроизол, фольгоизол).
  • Негізі бойынша:
  • - негізі бар (картон және шыныталшықты негізбен);
  • - негізі жоқ (мыс., изол, бризол).
  • Пішініне және сыртқы көрінісіне байланысты:
  • - даналық (парақшалы) – асбестоцемент парақтары мен тақташалы, парақша болат, сазды черепица, ағаш материалдар (тақтайлар, тақташалар, жырындылар);
  • - орамалы (шатырлық пергамин, рубероид, шатырлық толь, гидроизол);
  • - мастикалық (жапсарсыз шатыр жасау үшін қолданылатын полимерлермен түрлендірілген битумды және қарамайлы материалдар)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет